2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыруға;
3) байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың қызметтік ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарға және тәртіпке сәйкес жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз етуге;
5) байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес жасалатын байланыс қызметтерін көрсету туралы тиісті шарт жасалған кезде ғана байланыс қызметтерін көрсетуді, сол сияқты байланыс операторы өкілінің абоненттік нөмірлерді таратуын қамтамасыз етуге міндетті.
2. Ұялы байланыс операторлары өз желілерінде жұмыс істейтін жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының тізілімін жүргізуге міндетті.
Желіде сәйкестендіру кодтары бірдей бірнеше жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары байқалған жағдайда, ұялы байланыс операторы бұл туралы жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен хабардар етуге міндетті.
3. Абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы мәліметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
4. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының бірыңғай дерекқорының операторы байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының бірыңғай дерекқорына қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
5. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының, жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының бірыңғай дерекқоры операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара қарым-қатынастары «Жедел-iздестiру қызметi туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына және осы Заңға сәйкес реттеледі.
6. Ұялы байланыс операторлары жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларына сәйкес абоненттік құрылғыны иеленушінің өтініші бойынша өз желісіндегі абоненттік құрылғының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұруға не қайта бастауға міндетті.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. Байланыс операторларының радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтауға және (немесе) оның жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты пайдаланатын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы
1. Ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзетуді қамтамасыз ету мақсатында олардың аумақтарының шегінде радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтауға және (немесе) оның жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты қолданады.
2. Байланыс операторлары:
1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтауға және (немесе) оның жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты орнату кезінде ішкі істер органдарына консултациялық-техникалық жәрдемдесуді;
2) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналдың таралуын азайту мақсатында уақтылы ден қоюды және шаралар қолдануды қоса алғанда, өзінің байланыс желілерін оңтайландыруды қамтамасыз етуге міндетті.
3. Радиосигналды бұғаттауға арналған арнайы техникалық жабдық Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес болуға тиіс.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Техникалық байланыс құралдарының сәйкестігін растау
Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісінде пайдаланылатын техникалық байланыс құралдары электромагниттік сәулелену көздері болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар, пошта байланысының техникалық құралдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сәйкестігі расталуға тиіс.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды
16-1-бап. Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
1. Байланыс операторы байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті бастаған кезден бастап уәкілетті органға қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында хабарлама жіберуге міндетті.
Хабарламада:
байланыс операторының атауы;
байланыс операторының бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
байланыс қызметтерінің атауы;
байланыс қызметтерін көрсету аумағы көрсетіледі.
2. Байланыс операторының атауы, оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, байланыс қызметтерінің атауы және байланыс қызметтерін көрсету аумағы өзгерген жағдайда, байланыс операторы осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен хабарлама жіберуге міндетті.
3. Байланыс операторы байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті тоқтатқан кезден бастап уәкілетті органға қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында хабарлама жіберуге міндетті.
Хабарламада байланыс операторының атауы және оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап жаңа редакцияда
17-бап. Байланыс саласындағы қызметті лицензиялау
Байланыс саласындағы қызметті лицензиялауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әкелу тәртібі
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шектеулі, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған тауарлардың сыртқы саудасын лицензиялау саласындағы халықаралық шарттар мен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
2. Егер, импорттан өзгеше жағдайларда, алты айдан аспайтын мерзімге әкелінетін азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар:
1) шетелдік ресми делегациялардың Қазақстан Республикасының аумағында болуын қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін спорттық жарыстар мен өзге де мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге;
3) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін көрмелерде көрсетуге;
4) Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстарды жүргізуге;
5) сәйкестікті растау (сертификаттау немесе сәйкестікті декларациялау) мақсаттарында сынақтар жүргізуге арналған болса, олар уәкілетті органның қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінеді.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды конкурстық негiзде бөлу
1. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды пайдалану құқығы мынадай жағдайда, егер:
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) радиожиiлiк спектрi көлемiнiң жеткілiксiз болуы себепті байланыс қызметi Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы белгiлi бiр аумақта жұмыс iстейтiн байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеу ұсынылған ауқымдағы радиожиiлiктi пайдалана отырып көрсетiлетiн болса, конкурстық негiзде берiледi. Бұл ретте, байланыс операторына радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілетін аумақтарды не елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер жүктеледі;
2) белгiлi бiр географиялық аумақта ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінiң желiлiк қол жеткізу ресурстары шектеулi болып, соған байланысты уәкiлеттi орган осы аумақта жұмыс iстейтiн байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеулер белгiлейтiн болса, конкурстық негiзде берiледi.
2. Конкурс (немесе аукцион) өткізу туралы шешiмдi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қабылдайды.
Конкурс (немесе аукцион) осындай шешiм қабылданғаннан кейiн алты айдан кешiктiрiлмейтiн мерзімде өткiзiледi.
3. Радиожиiлiктердi пайдалану құқығын конкурстың қорытындысы бойынша алған кезде жеңiмпаз мемлекеттік бюджетке Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде бiржолғы төлемақы енгiзедi.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға, конкурс (немесе аукцион) өткізу ережелерiне сай келетiн жеке және заңды тұлғалар конкурстарға (немесе аукциондарға) қатысуға жiберiледi.
19-бап. 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-бап. Байланыс қызметтеріне арналған тарифтер
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, байланыс операторлары байланыс қызметтеріне арналған тарифтерді негізделген шығындарды негізге ала отырып дербес белгілейді.
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган:
1) байланыс саласындағы табиғи монополия аясындағы көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, сондай-ақ байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды;
2) ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттейді.
Осы тармақта аталған көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді реттеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен байланыс операторлары байланыс қызметтерін пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес шұғыл шақыру жүйесінің операторымен, шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық, анықтамалық және басқа да қызметтермен тегін жалғанымдар ұсынуды қамтамасыз етеді.
3-тарау. Байланыс желілері
21-бап. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісі
1. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникация желісі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және мынадай санаттардағы телекоммуникация желілерінен:
1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiнен;
2) телекоммуникацияның ведомстволық желiлерiнен;
3) телекоммуникацияның, бөлектелген желiлерiнен;
4) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желiлерiнен;
5) корпорациялық және ақпаратты электромагниттiк сигналдар арқылы беретін басқа да желiлерден тұратын телекоммуникация желісі болып табылады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желiлерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желiсiн құрайтын желiлер үшiн уәкілетті орган:
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мыналарды:
халықаралық түйісу нүктелерін ұйымдастыруды, тіркеу мен пайдалануды;
ұйымдастырушылық-техникалық iс-шаралар кешенiн, басқарушы өлшемдерді қалыптастыруды;
қолданылатын байланыс құралдарына және оларды басқаруға қойылатын талаптарды, байланыс желілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, байланыс желілерін пайдалануға беруді және олардың орындалуын бақылауды қамтитын Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желiлерiн орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртiбiн айқындайды;
2) телекоммуникация желiсiнің санатына байланысты телекоммуникация желiлерiн құру, басқару, нөмiрленудi пайдалану, олардың жұмыс iстеуiн, тұрақтылығын және ақпараттық қауіпсіздігін ұйымдастыру-техникалық тұрғыдан қамтамасыз eту, радиожиілік спектрiн пайдалану, трафиктi өткiзу тәртiбi, желiлердің өзара іс-қимыл шарттары, телекоммуникация қызметтерiн көрсету жөнiндегi талаптарды белгілейді;
3) арналарды коммутациялау технологиясын хабар беру және коммутациялаудың пакеттік технологиясымен ауыстыруға негізделген ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін жаңғыртуды аяқтағанға дейін техникалық қажеттілік туындаса, қызметтер көрсетуді ұйымдастырудың өздері таңдаған тәсіліне қарай тіркелген телефон байланысы қызметтерін көрсететін байланыс операторлары желілерінің қосылуы және өзара іс-қимылы шарттарына қойылатын талаптарды белгілейді.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникациялар желiсiне кiретін барлық санаттардағы желiлердің байланыс операторлары өз желiлерiн басқару орталықтарын құруға мiндеттi, олар Қазақстан Республикасының аумағында орналасуға тиіс.
Оператордың техникалық қызметінің басшысы Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс.
Телекоммуникациялар желiлерiн құру кезiнде байланыс операторлары желiлер жабдығының жедел-iздестiру, қарсы барлау iс-шараларын жүргiзуді қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн ұлттық стандарттарға технологиялық тұрғыдан сәйкес болуын қамтамасыз етедi.
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық пайдаланушыларға телекоммуникация қызметтерiн көрсетуге арналған телекоммуникацияның өзара байланысты желiлерiнің кешенi болып табылады.
Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі:
1) қызмет көрсетiлетiн аумақ пен нөмiрлеу ресурсы аясында географиялық тұрғыда (телекоммуникацияның жергiлiкті желiлерi);
2) Қазақстан Республикасының шегiнде белгiлi бiр географиялық аумақпен және нөмiрлеу ресурсымен байланыспаған, географиялық емес тұрғыда;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) пайдаланушыға ұсынылатын байланыс қызметтерін іске асыру тәсілі бойынша айқындалатын, тіркелген желінің қосылған абоненттік құрылғысына не жылжымалы желінің абоненттік құрылғысына қарай тіркелген және жылжымалы телекоммуникация желiлерi болып бөлiнедi.
Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi шет мемлекеттердің ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiмен әрекеттестік жасайды.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Телекоммуникацияның ведомстволық желiлерi мемлекеттік органдар мен жергiлiкті өзiн-өзi басқару органдарының басқарушылық және ұйымдастырушылық мақсаттарын өз өкілеттіліктеріне сәйкес iске асыруын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң өндiрiстік және басқарушылық мақсаттарды қамтамасыз етуiн iске асыруға арналған.
Ведомстволық телекоммуникациялар желiлері бір-бірімен мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланылатын мемлекеттік шифрлау құралдарын және ақпаратты қорғаудың басқа да құралдарын пайдалана отырып өзара іс-қимыл жасайды.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Телекоммуникацияның бөлектелген желiлерi телекоммуникация желiлерiнің дербес санаты болып табылады және пайдаланушылардың шектеулi тобына телекоммуникация (электрлi байланыс) қызметтерiн көрсетуге арналған және:
1) әрекеттесе алады, бiрақ Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне немесе ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосылған кез келген басқа желiлерге, сондай-ақ шет мемлекеттердiң ортақ пайдаланылатын телекоммуникация (электрлi байланыс) желiлерiне қосылмайды;
2) егер ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің жұмыс iстеуiн регламенттейтiн талаптарға сәйкес келсе, оларды ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсінің санатына ауыстыра отырып, ортақ танылатын телекоммуникация желiлерiне қосуға болады. Бұл ретте осы бөлектелген желiге бұрын берiлген географиялық емес код алып тасталады;
3) осы телекоммуникация желілері операторларының байланыс қызметін көрсетуі лицензияның негізінде жүзеге асырылады.
Бөлектелген желілерді ұйымдастыру үшін қолданылатын байланыс технологиялары мен құралдарын, сондай-ақ құру принциптері мен нөмірлеу жүйесін осы желілердің иелері белгілейді. Желілердің осы санатына ұлттық ресурстан нөмірлер (географиялық емес код) бөлінбейді.
2012.23.04. № 14-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникациялар желілері Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге арналған, олар ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желілерін негіз ретінде пайдалана алады.
Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілері өтеулі байланыс қызметтерін көрсету үшін пайдаланылмайды.
Шифрланған, құпияландырылған, кодталған байланыс желілерін және арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерін құру, басқару, пайдалану, нөмірлеуді бөлу, жұмыс істеуін, ақпараттық қауіпсіздігін, трафик өткізуді, өзара іс-қимыл жасау және пайдалануға қабылдау (пайдаланудан шығару) шарттарын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету тәртібін осы желілер қажеттіліктерін өтеуге арналған Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары айқындайды.
8. Телекомммукацияның корпорациялық желiлерi заңды тұлғалардың басқару және ішкі өндiрiстiк мақсаттарын iске асыруды қамтамасыз етуге арналған.
Телекоммуникацияның корпорациялық желiлерi:
1) егер олар тиiстi нөмiрлеу ресурсын бөлектей отырып, желінің түрлі әкімшілік аумақтар бойынша бөлiнген учаскелерiн бiрiктiретiн болса, әкiмшілік аумақ шеңберiнде мекемелiк коммутациялық станция арқылы корпорациялық клиент ретiнде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық коммутация орталығының транзиттік торабы деңгейiнде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосылуы;
2) осы Заңның 17-бабына cәйкес кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыруға лицензия алған жағдайда байланыс қызметтерiн өтеулі көрсету үшiн (егер олардың қолданылу аймағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерi операторларының желiлерi болмаса) пайдаланылуы мүмкін.
9. Телевизия және радио хабарларын тарату желiлерi бiрыңғай телекоммуникация желісінің құрамдас бөлiгi болып табылады және Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердiң аумағына телевизия және радио бағдарламаларын тарату әрi трансляциялау үшiн пайдаланылатын, жердегi және жерсеріктік хабар тарату жүйелерiнiң бiртұтас өндiрiстік-технологиялық кешенiн құрайды. Жердегi жүйелерге мемлекеттік және коммерциялық бағдарламаларды трансляциялауға арналған радиорелелi және кәбiлдi байланыс желiлерi, қуаты әртүрлі радиотаратқыштар мен басқа да құралдар кiредi. Жерсеріктік жүйелерге халықаралық жерсерiктік ұйымдарға, жекелеген мемлекеттерге тиесiлі орбиталық байланыс жерсерiктерi мен жердегi таратушы және қабылдаушы станциялар кiредi.
10. 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
11. 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлік қызметi (бұдан әрі - фельдъегерлік қызмет) мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкiметтiк курьерлік байланысты жүзеге асыратын қызмет болып табылады. Фельдъегерлiк қызмет қызметкерлері Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының кадрларында тұрады, жауынгерлік атыс қол қаруымен және суық қарумен, арнаулы қорғану және байланыс құралдарымен, сондай-ақ нысанды киiм-кешекпен қамтамасыз етiледi.
2. Фельдъегерлiк қызметті ұйымдастыру қызметін, сондай-ақ фельдъегерлiк байланыс қызметін көрсету тәртiбi мен оларды пайдаланушылардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, фельдъегерлiк қызмет қызметкерлерi тасымалдайтын хат-хабар мен арнаулы жөнелтiмдер тексеріп қарауға және кідіртiлуге жатпайды.
4. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбек қатынастары ішкі істер органдары қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде реттеледі.
5. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу ішкі істер органдары қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 22-1-баппен толықтырылды
22-1-бап. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері
1. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік органдардың хат-хабарлары мен арнаулы жөнелтімдерін, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жеткізу жөніндегі өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді орындау кезінде мыналарға:
1) мемлекеттік органдарға, олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға, әуе кемелерінің, теміржол составтарының, автомобиль, теңіз және өзен көлігі тұрақтарының орындарына кедергісіз (бірінші кезекте және ақысыз) кіруге;
2) халықаралық және республикаішілік қатынастар үшін белгіленген жүру маршруттары бойынша тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын көлік ұйымдарында кезексіз билет алуға;
3) халықаралық және республикаішілік қатынастар үшін белгіленген жүру маршруттары бойынша тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын көлік ұйымдарына тиесілі барлық көлік құралдарына жалпы отырғызу басталғанша жарақталған жауынгерлік атыс қол қаруымен және суық қарумен кедергісіз мінуге;
4) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында фельдъегерлік қызмет қызметкерлері үшін көзделген өзге де құқықтарға құқығы бар.
2. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің қызмет өткеруге байланысты міндеттері «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 22-2-баппен толықтырылды; 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 22-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-2-бап. Арнаулы пошта байланысы қызметі
1. Арнаулы пошта байланысы қызметi арнаулы пошта байланысы арналары бойынша арнаулы жөнелтiмдердi жiберген кезде мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтердi қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi ерекше жарғылық міндеттердi орындайды.
2. Арнаулы пошта байланысы қызметi Қазақстан Республикасы Ұлттық пошта операторының бiрыңғай құрылымдық бөлiмшесi болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы пошта байланысы қызметiн көрсетедi.
3. Арнаулы пошта байланысы қызметінің жеке құрамы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес нысанды киiммен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтiк қарумен, арнаулы қорғаныс және байланыс құралдарымен қамтамасыз етiледi.