140-1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының талдау және әлеуметтік зерттеулерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрі айқындайтын тәртіппен халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулерінің бірыңғай дерекқорын жүргізу;
140-2) Министрлiк қабылдаған және (немесе) әзірлеушi болған не өздерінің құзыретiне жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң мониторингiн жүргізу және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау;
140-3), 140-4), 140-5), 140-6), 140-7), 140-8) және 140-9) тармақшалары 2019 ж. 11 сәуірде қолданысқа енгізілді
140-3) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесін бекітеді;
140-4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;
140-5) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;
140-6) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;
140-7) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
140-8) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
140-9) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
140-10) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімдер жобаларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан құқықтық сараптама жүргізу;
141) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2016.27.02. № 122 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Құқықтар мен міндеттері:
Министрліктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) өзінің құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2018.23.07. № 454 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-тарау. Министрлiктің қызметiн ұйымдастыру
18. Министрлікке басшылық етуді жүзеге асыратын және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2017.08.06. № 350 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19. Бірінші басшыны Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.
20. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтен босатылатын және тағайындалатын бірінші басшының орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
ҚР Үкіметінің 2018.23.07. № 454 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21. Министрліктің бірінші басшының өкілеттігі:
1) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Министрлік қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және босатады;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады және көтермелеу бойынша шаралар қолданады, өзінің құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастарын шешеді;
3) бұйрықтарға қол қояды;
4) барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
5) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
6) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар үшін дербес жауапты болады.
Бірінші басшы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2018.23.07. № 454 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының (вице-министрлерінің) өкілеттіктерін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 145 Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 145 Қаулысымен 23-1-тармақпен толықтырылды
23-1. Аппарат басшысы аумақтық органдар басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
ҚР Үкіметінің 2018.23.07. № 454 Қаулысымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-тарау. Министрліктің мүлкі
ҚР Үкіметінің 2018.23.07. № 454 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
24. Заңнамада көзделген жағдайларда Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге көздерден және жеке қызметі нәтижесінде иеленген мүліктен (ақшалай табысты қоса алғанда) құрылады.
25. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
ҚР Үкіметінің 2018.23.07. № 454 Қаулысымен 26-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
26. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен иеленген мүлікті, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
ҚР Үкіметінің 2018.23.07. № 454 Қаулысымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
27. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.04.02. № 84 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.23.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.26.12. № 1384 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.03.02. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.23.07. № 454 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.28.03. № 149 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
2. ҚР Үкіметінің 2018.23.07. № 454 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
4. ҚР Үкіметінің 2016.29.01. № 39 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
17. ҚР Үкіметінің 2017.03.02. № 34 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2014.11.03. № 208 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.23.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.16.03. № 141 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.13.07. № 425 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.19.08. № 608 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2019.31.12. № 1048 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың
тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақмола облысының әдiлет департаментi.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысының әдiлет департаментi.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы облысының әдiлет департаментi.
4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Атырау облысының әдiлет департаментi.
5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi.
6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысының әдiлет департаментi.
7. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi.
8. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қарағанды облысының әдiлет департаментi.
9. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қызылорда облысының әдiлет департаментi.
10. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының әдiлет департаментi.
11. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Маңғыстау облысының әдiлет департаментi.
12. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Павлодар облысының әдiлет департаментi.
13. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әдiлет департаментi.
14. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әділет департаменті.
15. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті.
16. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы қаласының әдiлет департаментi.
17. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шымкент қаласының әділет департаменті.
18. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақмола облысының әдiлет департаментi Ақкөл ауданаралық әділет басқармасы.
19. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақмола облысының әдiлет департаментi Есіл ауданаралық әділет басқармасы.
20. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақмола облысының әдiлет департаментi Целиноград ауданаралық әділет басқармасы.
21. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақмола облысының әдiлет департаментi Бурабай ауданаралық әділет басқармасы.
22. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы облысының әдiлет департаментi Ақсу ауданаралық әділет басқармасы.
23. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы облысының әдiлет департаментi Еңбекшіқазақ ауданаралық әділет басқармасы.
24. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы облысының әдiлет департаментi Қарасай ауданаралық әділет басқармасы.
25. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы облысының әдiлет департаментi Панфилов ауданаралық әділет басқармасы.
26. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы облысының әдiлет департаментi Қапшағай қаласының ауданаралық әділет басқармасы.
27. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы облысының әдiлет департаментi Текелі қаласының ауданаралық әділет басқармасы.
28. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысының әдiлет департаментi Мұғалжар ауданаралық әділет басқармасы.
29. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысының әдiлет департаментi Ойыл ауданаралық әділет басқармасы.
30. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысының әдiлет департаментi Хромтау ауданаралық әділет басқармасы.
31. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысының әдiлет департаментi Шалқар ауданаралық әділет басқармасы.
32. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Атырау облысының әдiлет департаментi Жылыой ауданаралық әділет басқармасы.
33. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Атырау облысының әдiлет департаментi Махамбет ауданаралық әділет басқармасы.
34. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Атырау облысының әдiлет департаментi Құрманғазы ауданаралық әділет басқармасы.
35. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Алтай ауданаралық әділет басқармасы.
36. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Семей қаласының ауданаралық әділет басқармасы.
37. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Тарбағатай ауданаралық әділет басқармасы.
38. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Үржар ауданаралық әділет басқармасы.
39. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Шемонаиха ауданаралық әділет басқармасы.
40. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысының әдiлет департаментi Жамбыл ауданаралық әділет басқармасы.
41. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысының әдiлет департаментi Т. Рысқұлов ауданаралық әділет басқармасы.
42. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысының әдiлет департаментi Талас ауданаралық әділет басқармасы.
43. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысының әдiлет департаментi Шу ауданаралық әділет басқармасы.
44. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Ақжайық ауданаралық әділет басқармасы.
45. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Бөрлі ауданаралық әділет басқармасы.
46. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi «Бәйтерек» ауданаралық әділет басқармасы.
47. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi Казталов ауданаралық әділет басқармасы.
48. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қарағанды облысының әдiлет департаментi Теміртау қаласының ауданаралық әділет басқармасы.
49. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қарағанды облысының әдiлет департаментi Қарқаралы ауданаралық әділет басқармасы.
50. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қарағанды облысының әдiлет департаментi Балқаш қаласының ауданаралық әділет басқармасы.
51. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қарағанды облысының әдiлет департаментi Жаңаарқа ауданаралық әділет басқармасы.
52. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қарағанды облысының әдiлет департаментi Жезқазған қаласының ауданаралық әділет басқармасы.
53. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының әдiлет департаментi Әулиекөл ауданаралық әділет басқармасы.
54. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының әдiлет департаментi Жiтiқара ауданаралық әділет басқармасы.
55. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының әдiлет департаментi Меңдiқара ауданаралық әділет басқармасы.
56. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының әдiлет департаментi Таран ауданаралық әділет басқармасы.
57. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының әдiлет департаментi Арқалық қаласының ауданаралық әділет басқармасы.
58. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қызылорда облысының әдiлет департаментi Арал ауданаралық әділет басқармасы.
59. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қызылорда облысының әдiлет департаментi Қармақшы ауданаралық әділет басқармасы.
60. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қызылорда облысының әдiлет департаментi Жаңақорған ауданаралық әділет басқармасы.
61. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Маңғыстау облысының әдiлет департаментi Жаңаөзен қаласының ауданаралық әділет басқармасы.
62. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Маңғыстау облысының әдiлет департаменті Бейнеу ауданының әдiлет басқармасы.
63. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Маңғыстау облысының әдiлет департаментi Маңғыстау ауданаралық әділет басқармасы.
64. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Павлодар облысының әдiлет департаментi Ақсу қаласының ауданаралық әділет басқармасы.
65. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Павлодар облысының әдiлет департаментi Ақтоғай ауданаралық әділет басқармасы.
66. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Павлодар облысының әдiлет департаментi Тереңкөл ауданаралық әділет басқармасы.
67. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Павлодар облысының әдiлет департаментi Екібастұз қаласының ауданаралық әділет басқармасы.
68. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әдiлет департаментi Қызылжар ауданаралық әділет басқармасы.
69. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әдiлет департаментi Шал ақын атындағы ауданаралық әділет басқармасы.
70. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әдiлет департаментi Тайынша ауданаралық әділет басқармасы.
71. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әдiлет департаментi Ғабит Мүсірепов атындағы ауданаралық әділет басқармасы.
72. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әдiлет департаментi Кентау қаласының ауданаралық әділет басқармасы.
73. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әдiлет департаментi Жетісай ауданаралық әділет басқармасы.
74. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әдiлет департаментi Ордабасы ауданаралық әділет басқармасы.
75. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әдiлет департаментi Сайрам ауданаралық әділет басқармасы.
76. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әдiлет департаментi Сарыағаш ауданаралық әділет басқармасы.
ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1009 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің
тізбесі
«Министрлік» бөлімі ҚР Үкіметінің 2019.28.03. № 149 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Тізбелер. ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1802 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiне
енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2012.22.05. № 653 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2007.02.06. № 454 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1120 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 8, 63-құжат).
2. «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 487 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 15, 159-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 және 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 14 маусымдағы № 733 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 27, 250-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетінiң мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 маусымдағы № 771 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 27, 260-құжат).
5. «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметі комитетiнiң Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 906 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасы.
6. «Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының 2) және 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 40, 343-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1301 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердiң 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYKЖ-ы, 1999 ж., № 45, 403-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1695 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 490-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 ақпандағы № 163 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 66-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 ақпандағы № 314 қаулысының 4-тармағы.
11. «Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 5 маусымдағы № 852 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 25, 295-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Бiлiктiлiктi арттыру институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 18 тамыздағы № 1278 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 36-37, 435-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 23 тамыздағы № 1295 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 36-37, 439-құжат).
14. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 151 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 45-құжат).
15. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөніндегі комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 наурыздағы № 411 қаулысының 2-тармағы және 7-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001ж., № 12, 139-құжат).
16. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитетiн таратудың кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 14 сәуірдегі № 494 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 14, 174-құжат).
17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 15 маусымдағы № 824 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 23, 284-құжат).
18. «Мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi лицензиялаудың мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 2 қарашадағы № 1389 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне енгiзілетін өзгерістердiң 4 және 5-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 39, 490-құжат).