72-25) шет мемлекеттердің атқарушылық іс жүргізу қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы ынтымақтастық;
73) заңнамада белгіленген тәртіппен зияткерлік меншік құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындауға және жасасуға, мұндай шарттарға қол қоюға қатысу;
74) зияткерлік меншік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық шарттардың және келісімдердің нормалары мен ережелерін іске асыру;
75) зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстарына қатысу;
76) топологияларды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, автор куәліктерін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
76-1) Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде селекциялық жетiстiктерді тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттердің күшін жою және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын әзірлеу және бекіту;
76-2) өнеркәсіптік меншік объектілерін Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімінде, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімінде, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттерді жарамсыз деп тану және олардың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын әзірлеу және бекіту;
76-3) тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде және Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
77) топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқық табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
78) ҚР Үкіметінің 2018.17.10. № 655 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
79) селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
79-1) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
79-2) тауар белгісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға құқықты табыстауды тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
79-3) Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінен, тиісті мемлекеттік тізілімдерден, Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінен, Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен және Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінділер беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
80) ҚР Үкіметінің 2018.17.10. № 655 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
81) тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;
81-1) селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;
82) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, тауар белгілеріне арналған өтінімдерді қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
83) топологияларды тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
83-1) селекциялық жетiстiктерге арналған өтінімдерге алдын ала сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
83-2) өнеркәсіптік меншік объектілеріне, тауар белгілеріне және тауар шығарылған жерлердiң атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
84) ҚР Үкіметінің 2018.17.10. № 655 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
85) авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру;
86) ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдарды аккредиттеу;
87) патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу және оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу;
88) ҚР Үкіметінің 2018.17.10. № 655 Қаулысымен 2018 ж. 27 қыркүйектен бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)
89) аттестаттау комиссиясы, апелляциялық кеңес, апелляциялық комиссия, тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережелерді әзірлеу және бекіту;
89-1) аттестаттау комиссиясының, апелляциялық кеңестің, апелляциялық комиссияның және тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру;
90) апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
91) ҚР Үкіметінің 2018.17.10. № 655 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
92) тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
93) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін, сондай-ақ тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылау;
94) патенттiк iс саласындағы сараптаманы және авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымның қызметiн бақылауды жүзеге асыру;
94-1) зияткерлiк меншiкті сақтау мен қорғау саласындағы қызметті ведомствоаралық үйлестіру және осы саладағы уәкілетті органдарға, сондай-ақ мүдделі ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыру;
9-2) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
94-3) уәкілетті органдар мен ұйымдардың осы саладағы заңнаманы сақтауын және халықаралық шарттарды орындауын қоса алғанда, олардың зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруының мониторингі;
94-4) қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдерге сараптама жүргiзудi ұйымдастыру, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң, селекциялық жетiстiктердiң, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшiнде ұстау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
94-5) «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда сыйақы мөлшерi мен оны төлеу шарттарын белгiлеу;
95) ҚР Үкіметінің 2016.27.02. № 122 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
96) аумақтық әділет органдарының қызметін қамтамасыз ету және оларға коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу мәселелері бойынша әдістемелік басшылық ету;
96-1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
97) ҚР Үкіметінің 2016.27.02. № 122 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
98) азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша аумақтық әділет бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету;
99) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету;
100) азаматтық хал актілерін тіркеуге бақылауды жүзеге асыру және тиісті дерекқорлардының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
100-1) Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның агенттікті аккредиттеу туралы шешімін келісу;
100-2) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібін айқындау;
100-3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту;
100-4) некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініштер, некеге құқық қабілеттілігі туралы, қайтыс болу туралы анықтамалар нысандарын белгілеу;
101) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу;
101-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
101-2) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғаны анықталған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жіберу;
101-3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы іске асыратын коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша көрсетілетін қызметтердiң бағаларын келiсу;
101-4) шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлеріне жататын заңды тұлғалардың үлгілік жарғыларының мазмұнын айқындау;
101-5) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгені (қайта тіркелгені), филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркелгені (қайта тiркелгені) туралы анықтамалар нысанын белгiлеу;
101-6) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу), филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштер нысанын белгілеу;
101-7) жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру туралы өтініш нысанын белгілеу;
101-8) заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу, филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiн тоқтату туралы өтiнiштер нысанын белгілеу;
102) өз құзыреті шегінде бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету;
103) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды орталықтан жүзеге асыру және тiркеушi органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелер өтiнiш жасаған кезден бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, оларға ақпарат беру;
104) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу;
105) - 107) тармақшалар 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
105) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзу саласында мемлекеттiк реттеуді жүзеге асыру;
105-1) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
106) тіркеуші органның қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
107) ҚР Үкіметінің 2018.28.08. № 533 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
107-1) - 107-6) тармақшалар 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
107-1) құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
107-2) ҚР Үкіметінің 2018.28.08. № 533 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
107-3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты ұсыну қағидаларын әзiрлеу және бекiту;
107-4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды, оның ішінде жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркегені және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарағаны үшін тіркеуші орган өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын келісу;
107-5) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
107-6) заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау тәртібін келісу;
107-7) тармақша 2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
107-7) аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) келісу;
107-8) жылжымайтын объектілерді мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау бойынша нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
107-9) құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;
107-10) құқықтық кадастрдан ақпарат беру тәртібін айқындау;
107-11) ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібі мен мерзімін, бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беру тәртібін, сондай-ақ құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу үшін міндетті мәліметтердің нысандарын, техникалық паспорттың нысандарын айқындау;
107-12) екінші деңгейдегі банктермен жасалатын банктік қарыз шартын қамтамасыз етуге берілген кепілді электрондық тіркеу тәртібін айқындау;
107-13) құқықтық кадастрда жүйелі тіркеуді жүргізу мерзімдері мен тәртібін айқындау;
108) аумақтық әділет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсетуі саласында заңдылықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша қызметіне басшылықты, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;
108-1) мемлекеттiк нотариат кадрларын iрiктеу, аттестаттау және орналастыру;
108-2) мемлекеттiк нотариат кеңселерiнiң қызметiне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалған нотариаттық әрекеттердiң заңдылығы мен мемлекеттiк және жекеше нотариустардың iс жүргiзу қағидаларын сақтауын бақылау;
109) өз құзыреті шегінде нотариат қызметін реттеуді жүзеге асыру;
109-1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
109-2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
109-3) Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе тізілімдерінің жұмыс істеуі туралы есептілікті ұсыну нысанын әзірлеу және бекіту;
109-4) Қазақстан Республикасының архивтер және құжаттаманы басқарушы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
109-5) Нотариустардың нотариаттық iс-әрекеттердi жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
109-6) Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ережені әзірлеу және бекіту;
109-7) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ереженi әзірлеу және бекіту;
109-8) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссияларының дербес құрамын және олардың жұмыс регламентін әзірлеу және бекіту;
109-9) тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды тестілеуден өткізу тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
109-10) тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекiту;
109-11) нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені келісу;
109-12) нотариустардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені келісу;
109-13) нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
109-14) нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктер мен қаулылардың, мәмілелердегі және куәландырылатын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысанын әзірлеу және бекіту;
110) нотариат мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқамалық және түсіндірме материалдармен қамтамасыз ету;
111) аумақтық әділет органдарының аумақтық нотариаттық палатамен бірлесе отырып берген ұсынымдарының негізінде әрбір нотариаттық округ бойынша нотариустардың ең аз санын бекіту;
112) нотариустың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өтуі үшін ақы төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
113) нотариустардың қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;
114) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру, күшiн тоқтату және қайта бастау туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ нотариустарды лицензияларынан айыру туралы талаптарға бастама жасау;
114-1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешiмді лицензиардың интернет-ресурсына орналастыру;
115) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, сондай-ақ ведомстволық баспа басылымында лицензиялар берілген адамдар туралы мәліметтерді жариялау;
116) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиялар тізілімін жүргізу, интернет-ресурста тізілім мәліметтерінің, сондай-ақ адвокаттық қызметпен айналысатын лицензиаттар тізімдерінің және адвокаттар лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру, одан айыру және оны тоқтату туралы мәліметтердің орналастырылуын қамтамасыз ету;
117) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиялар беру;
118) адвокаттардың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, заң консультанттарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заңды көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
118-1) адвокат көрсететін, мемлекеттік кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
118-2) адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тәртібін әзірлеу және бекіту;
118-3) заң консультанттары палаталарының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
118-4) заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын әзірлеу және бекіту;
118-5) заң консультанттары палаталарының тізілімін жүргізу;
118-6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
118-7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
119) - 122) ҚР Үкіметінің 2018.29.06. № 399 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
123) заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
123-1) мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету;
123-2) мемлекет кепілдік берген көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
123-3) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
123-4) заң көмегін көрсету стандарттарын келісу;
123-5) заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын келісу;
124) заң көмегін көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
125) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін адамдардың қызметін үйлестіру;
126) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасына, заң көмегін көрсету көлемінің толықтығы мен сапасына мониторинг жүргізу;
127) халыққа заң көмегін көрсететін адамдар, заң көмегін көрсету тетіктері, негіздемелері мен шарттары туралы құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз ету;
128) Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жылына кемінде бір рет жариялануын және өзінің интернет-ресурсында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетудің жүйесі және негізгі қорытындылары туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ету;
129) әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
130) сот-сараптама қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;
131) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік емтихандарын қабылдау және сот сарапшысының біліктілік куәлігін беру;
132) сот сараптамасы органы көрсететін сот-сараптамалық қызметтерге бағаларды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
133) сот сараптамасы органының құрылымын, оның қызметі туралы ережелерді, үлгілік штаттар мен штаттық нормативтерді, сот сараптамасы органы қызметкерлерінің біліктілік мінездемелерін әзірлеу және бекіту;
134) сот-сараптама қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, сондай-ақ сот сарапшыларын кәсіби дайындау және біліктіліктерін арттыру;
135) мемлекеттік сот-сараптамалық ұйымдарды материалдық техникалық қамтамасыз ету;
136) сот сараптамасы саласында электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерін жасау және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қолжетімділігін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
136-1) сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі біліктілік беретін сарапшылық мамандықтарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
136-2) сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-3) сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-4) сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін әзірлеу және бекіту;
136-5) сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтерін әзірлеу және бекіту;
136-6) сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-7) сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері мен әдістемелері валидациясының қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-8) сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-9) Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-10) Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;
136-11) сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайлардың стандарттары мен оларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
136-12) сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-13) сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-14) сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту;
136-15) сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-16) сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту;
136-17) сот сарапшыларын аттестаттау;
136-18) сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-19) Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-20) Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
136-21) сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту;
136-22) Сот сарапшысының әдеп кодексін әзірлеу және бекіту;
136-23) сот сарапшылары кадрларын iрiктеу және орналастыру;
136-24) сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;
137) лицензиялық талаптарды сақтау бойынша лицензиаттардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
138) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және хаттамалар жасау, әкімшілік жазалау;
139) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
140) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы жоспарын және тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсетудің тиісті кезеңіне сәйкес жоспарын әзірлеуге қатысу;