4) клиенттердiң нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарын растау тәртібі;
5) нақтылы ұстаушының көрсеткен қызметiне ақы төлеудiң мөлшерi мен тәртібі;
6) нақтылы ұстаушының клиент алдындағы есептілік нысаны және кезеңдiлiгi;
7) тараптардың шарттың талаптарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi;
8) бағалы қағаздар бойынша кiрiс алу талаптары мен тәртібі болуға тиiс.
Жоғарыда тiзiлiп көрсетiлген ережелерден бөлек шартта Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де талаптар болуы мүмкiн.
61-бап. Нақтылы ұстаудағы бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеу
1. Нақтылы ұстаудағы бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi нақтылы ұстаушы клиенттiң нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі шоты және клиенттiң орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесіндегі қосалқы шоты бойынша жүзеге асырады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Депоненттiң клиентi орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесіндегі өзiнiң қосалқы шотының жай-күйi туралы үзiндi алуға құқылы.
Нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттан үзiндiде көрсетiлген бағалы қағаздардың саны, түрi туралы мәлiметтер орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесіндегі қосалқы шоты бойынша сондай мәлiметтерге сәйкес келмеген жағдайда орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде көрсетiлген мәлiметтер басымдыққа ие болады.
Орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесіндегі қосалқы шоттан үзiндiнi табыс ету тәртібі оның iшкi құжаттарымен белгiленедi.
3. 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Номиналды ұстаушы болып табылатын брокердің клиенті кастодианға өтініш жасауға және кастодиандық қызмет көрсетуге берілген өзіне тиесілі бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары туралы үзінді көшірмені алуға құқылы.
Үзінді көшірмені берудің шарттары мен тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде, кастодианның ішкі құжаттарында белгіленеді.
62-бап. Нақтылы ұстаушының ақпаратты ашуы
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Нақтылы ұстаушы орталық депозитарийдiң және эмитенттiң талап етуi бойынша, өзiнiң нақтылы ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған ақпаратты табыс ету тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
2. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызмет
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 63-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
63-бап. Брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi жүзеге асыру тәртібі
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк қызмет және дилерлiк қызмет брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
Брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен немесе клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз болуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларда уәкiлеттi орган дилерлік қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия беруге құқылы.
Брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы негізінде мынадай банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы:
1) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
2) жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
3) аударым операциялары: төлемдер мен ақша аударымдары бойынша жеке және заңды тұлғалардың тапсырмаларын орындау;
4) ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен банктік қарыз операциялары;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операциялары.
Брокердің және (немесе) дилердің осы тармақта көзделген банк операцияларын жүргізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Брокер және (немесе) дилер осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу тәртiбiне және шарттарына қойылатын талаптарды сақтауға мiндеттi.
Эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасаудың осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртібін және (немесе) шарттарын бұзғаны үшін брокер және (немесе) дилер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
3. Брокер мен оның клиенттерiнiң арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тапсырма немесе комиссия шартының нормалары қолданылатын брокерлiк қызмет көрсету туралы шарт негiзiнде туындайды.
Тапсырма шартының нормалары - номиналды ұстау қызметтерін ұсыну бөлігінде, ал комиссия шартының нормалары ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында брокерлік қызметтер көрсету бөлігінде қолданылады. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында брокерлік қызметтер көрсету брокерлік шарт тараптарының келісімі бойынша тапсырма шартының немесе комиссия шартының негізінде ұсынылады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Номиналды ұстаушы болып табылатын брокер және (немесе) дилер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шарттар бойынша өзінің клиенттеріне электрондық қызметтер көрсетуге құқылы.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
4. Нақтылы ұстаушы ретіндегі клиенттердiң шотын жүргiзу құқығы бар брокердiң және (немесе) дилердiң ұйымдық құрылымына мынадай құрылымдық бөлiмшелер:
1) қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасуды жүзеге асыратын сауда бөлiмшесi;
2) қаржы құралдарымен мәмiлелердiң орындалуын, қаржы құралдарын және сол брокер және (немесе) дилер мен оның клиенттерiнiң ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлiмшесi;
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне және номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердiң ішкі құжаттарына сәйкес өзге де құрылымдық бөлімшелері енуге тиiс.
5. Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокердiң және (немесе) дилердiң сауда бөлiмшесi басшы қызметкерлерiнiң сол брокердiң және (немесе) дилердiң есеп айырысу бөлiмшесiнiң басшы қызметкерiнiң мiндеттерiн орындауға және керiсiнше жасауға құқығы жоқ.
2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 6 тармақ толықтырылды
6. 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
64-бап. Брокердiң және (немесе) дилердiң мәмiлелер жасауы
1. Брокер және (немесе) дилер клиенттiң бұйрығына сәйкес қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайды. Клиенттердiң бұйрықтарының түрлерi, олардың мазмұны және ресiмделуi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен және брокердiң және (немесе) дилердiң iшкi құжаттарымен белгiленедi.
2. Клиенттiң бұйрығын орындауды брокер және (немесе) дилер сол бұйрықта көрсетiлген мәмiле жacaу талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады. Егер мәмiле жасау кезiнде мәмiленiң талаптарын өзгерту қажет болса, брокер және (немесе) дилер өз iс-әрекетiн клиентпен келісіп алуға мiндеттi.
Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда брокер және (немесе) дилер мәмiленi өз мүддесiнен клиенттiң мүддесi басым екендiгiн негiзге ала отырып жасауға мiндеттi.
2-1. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-2. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет шеңберінде брокер және (немесе) дилер брокердің шоттарындағы өз клиенттерінің ақшасын қарыз түрінде не өз мүдделерінде немесе үшiншi бір адамдардың мүдделерiнде міндеттемелерді орындау ретінде пайдалануға құқылы емес.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
3. Брокер және (немесе) дилер эмитентке:
1) андеррайтер ретiнде немесе эмиссиялық консорциум құрамында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру;
2) қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қаржы құралдары бойынша баға белгілеуді жариялау және ұстау;
3) бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге құқылы.
Брокер және (немесе) дилер эмитентке осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында аталған қызметтерді көрсеткен кезде осы эмитенттің облигацияларын ұстаушылар өкілі болуға құқылы емес.
4. Эмиссиялық консорциумға қатысушылардың эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөніндегі бiрлескен қызметiн жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі эмиссиялық консорциумға қатысушылар болып табылатын андеррайтерлердiң бiрлескен қызметi туралы шартта белгiленедi, онда мынадай мәлiметтер:
1) эмиссиялық консорциумға қатысушылардың функциялары;
2) эмиссиялық консорциумға қатысушылар арасындағы құқықтарды, мiндеттердi және жауапкершiлiктi бөлiсу;
3) бiрлескен қызмет туралы шарттың қолданылу мерзiмi болуға тиiс.
5. Эмитент пен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы қатынастар жазбаша нысанда жасалған шартпен реттеледi.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды мынадай тәсiлдермен:
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен кейiннен басқа инвесторларға сату мақсатында бағалы барлық орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алатын «қатаң мiндеттемелер» тәсiлiмен;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторларға ұсыну арқылы оларды орналастыру жөнiнде қолынан келгенше күш-жiгерiн жұмсауға мiндеттенетiн «ең үздiк күш салу» тәсiлiмен;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) эмитент пен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасында жасалған шарт талаптарына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың өзге де тәсiлдерiмен жүзеге асыруға құқылы.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 64-1-баппен толықтырылды
64-1-бап. Бірыңғай тіркеушінің құқықтық жағдайы және оның қызметін ұйымдастыру
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі бірыңғай тіркеушінің қызметі уәкілетті органның лицензиялауына жатпайды.
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі бірыңғай тіркеуші қызметінің тәртібі осы Заңның 65-бабының талаптарына сәйкес белгіленеді.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Уәкілетті орган, қор биржасы және орталық депозитарий ғана бірыңғай тіркеушінің құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
3. Бірыңғай тіркеушінің органдары, олардың функциялары мен өкілеттіктері, олардың құрылу және шешімдер қабылдау тәртібі осы Заңмен, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен, бірыңғай тіркеушінің жарғысымен және ішкі құжаттарымен айқындалады.
Бірыңғай тіркеушінің директорлар кеңесінің құрамына тұрақты негізде дауыс беру құқығымен уәкілетті органның өкілі кіреді.
Осы заңның 54-бабының талаптары бірыңғай тіркеушінің басшы қызметкерлеріне қолданылады.
4. Бірыңғай тіркеуші:
1) ақпараттық жүйелерді, деректер базаларын қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін техникалық және өзге де үй-жайларының болуына;
2) өз қызметінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға;
3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келетін, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын ақпаратты сақтау үшін резервтік орталығының болуына;
4) бірыңғай тіркеуші өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғанда, бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге жыл сайын аудит өткізуге міндетті.
5. Бірыңғай тіркеуші:
1) қаржы рыногындағы қызметке жатпайтын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуға құқылы емес.
6-тармақ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6. Бірыңғай тіркеуші бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады. Бұл талап осы Заңның 80-бабының 3-1-тармағында көзделген қызметті жүзеге асыру кезінде орталық депозитарийге қолданылмайды.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 64-2-баппен толықтырылды
64-2-бап. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы
1. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы бірыңғай тіркеушінің бағалы қағаздар рыногы субъектілерімен өзара қатынастарын айқындайтын оның ішкі құжаты болып табылады.
Тіркеуші қағидаларының жинағын сақтау тіркеушінің қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағын директорлар кеңесі бекітеді.
Бірыңғай тіркеуші қағидалар жинағы бекітілген не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды растатйтын құжаттарды қоса бере отырып хабардар етеді.
3. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы:
1) эмиссиялық бағалы қағаздармен, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерімен, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарымен жасалатын мәмілелерді тіркеу қағидаларын;
2) эмиссиялық бағалы қағаздарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарын есепке алу қағидаларын;
3) эмиссиялық бағалы қағаздарды сақтау және материалсыздандыру қағидаларын;
4) бірыңғай тіркеушінің клиенттеріне есептілік табыс ету қағидаларын;
5) бағалы қағаздар рыногы субъектілерімен өзара іс-қимыл тәртібін;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелерді қамтуға тиіс.
12-тарау. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 69-бап тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 69-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
69-бап. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және (немесе) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
Өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын және бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымының инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушылардың қызметі «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет қызметтің мынадай кіші түрлерін:
1) ерікті зейнетақы жарналарын (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті;
2) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті қамтиды.
3. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызмет клиенттiң мүдделерiн көздеп табыс табу мақсатында жүзеге асырылады.
4. Инвестициялық портфельдi басқарушылардың басқаруындағы қаржы құралдарына қатысты құқықтарын номиналды ұстаушылар өздерiнiң iшкi құжаттарына сәйкес ескереді.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 70-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
70-бап. Инвестициялық портфельдi басқарушылардың функциялары
1. Инвестициялық портфельдi басқарушылардың функциялары:
1) уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актiсiнің талаптарына сәйкес ақшаны эмиссиялық бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестициялау туралы шешiмдер қабылдау;
2) қабылданған инвестициялық шешiмдердi орындау мақсаттарында инвестициялық портфельдi басқару процесiнде бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiмен өзара iс-қимыл жасау;
3) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде және өздерінің iшкi құжаттарында белгiленген тәртiппен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын мәмiлелердi есепке алуды жүргiзу;
4) инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi шарттың талаптарын орындау болып табылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығы бар инвестициялық портфельді басқарушы осы баптың 1-тармағында көзделген функциялардан басқа, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген функцияларды жүзеге асырады.
«Өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы осы баптың 1-тармағында көзделген функциялардан басқа, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген функцияларды жүзеге асырады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, инвестициялық портфельдi басқарушылар басқаруындағы эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына қатысты пайдалану және билiк ету жөнiндегi құқықтарын жүзеге асыруға құқылы.
71-бап. 07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 72-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 72-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
72-бап. Инвестициялық комитеттің қызметі. Инвестициялық комитет мүшелеріне қойылатын талаптар
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының меншікті активтеріне және (немесе) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы (инвестициялық портфельді басқарушы) инвестициялық басқаруға қабылдаған активтерге қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды құрамында кемінде үш адам болуға тиіс инвестициялық комитет жүзеге асырады. Инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы өздерін кәсіби қатысушының басшы қызметкерлеріне тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкерлері болуға тиіс.
Осы тармақтың талаптары трансфер-агентке және бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар екінші деңгейдегі банкке қолданылмайды.
2. Инвестициялық комитеттің мүшелерін сайлауды бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының атқарушы органы жүзеге асырады.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық комитетінің құрамына осы инвестициялық портфельді басқарушының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар кірмеуге тиіс.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалған шартқа сәйкес зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық комитетінің құрамына қойылатын қосымша талаптар белгіленеді.
4. Инвестициялық комитеттің отырысы инвестициялық комитеттің сайланған мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы, бірақ инвестициялық комитеттің кемінде үш мүшесі қатысқан жағдайда өткізіледі.
Инвестициялық комитеттiң шешiмдерi оның отырысына қатысатын мүшелердің көпшiлiк дауысымен қабылданады және жазбаша түрде ресiмделедi.
5. Инвестициялық комитет мүшесі инвестициялық шешімдерді қабылдау бөлігінде өзіне жүктелген функцияларды орындауды өзге тұлғаларға беруге құқылы емес.
6. Инвестициялық комитет мүшелері осы инвестициялық комитет мүшесінің мүдделері мен бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының және (немесе) оған активтері инвестициялық басқаруға берілген клиенттердің мүдделері бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты мән-жайлардың болуы туралы ақпаратты бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының атқарушы органының назарына жеткізуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар басталған кезде инвестициялық комитет мүшесі инвестициялық комитеттің отырысына қатысуға және инвестициялық комитет қабылдайтын шешімдерге қандай да бір ықпал етуге құқылы емес.
7. Инвестициялық комитет отырысының қорытындылары бойынша хаттама жасалады, оған инвестициялық комитеттің төрағасы мен инвестициялық комитеттің отырысына қатысушы барлық мүшелері қол қояды және онда инвестициялық комитеттің әрбір мүшесінің пікірі мен қабылданған шешімнің негіздемесі қамтылады.
8. Инвестициялық комитет бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының өз активтері не клиенттерінің бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының инвестициялық басқаруына берілген активтері есебінен мәмілелер жасау туралы, осы активтерді мақсатқа сай емес пайдалану, Қазақстан Республикасы заңнамасының, инвестициялық декларацияның талаптарын бұзу көзделетін шешімдерді жүйелі түрде (соңғы он екі ай ішінде үш және одан көп рет) қабылдаған жағдайда уәкілетті орган осындай шешімдердің қабылдануы үшін дауыс берген адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.
Уәкілетті органның адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттету туралы хабарламасы бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының атқарушы органының назарына жеткізіледі, ол мұны уәкілетті органның хабарламасын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей уәкілетті орган инвестициялық комитет мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттеткен адамдардың назарына жеткізуге міндетті.