1) осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 142, 143, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390, 394 (бірінші бөлігінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) осы Кодекстің 138, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 387, 388-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары;
3) осы Кодекстiң 138, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 388-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - облыстық атқарушы органдардың орман және аңшылық шаруашылығы құрылымдық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары;
4) осы Кодекстiң 138, 143, 337, 339, 366, 367 (үшінші бөлігінде), 368 (екінші бөлігінде), 369 (екінші бөлігінде), 370 (төртінші бөлігінде), 371, 372 (төртінші бөлігінде), 373 (екінші бөлігінде), 374 (екінші бөлігінде), 377 (екінші бөлігінде), 379, 380, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 387, 388-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар күзет қызметiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 710-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
710-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.04.05. № 151-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 137, 341, 342, 342-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердi пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкiлеттi органы осы Кодекстiң 136, 137, 138 (бірінші бөлігінде), 337, 339, 340-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң - жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
711-бап. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 148-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 712-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
712-бап. Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 343-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары құқылы.
713-бап. Монополияға қарсы орган
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстің 160 (бірінші бөлігінде), 161, 162, 163, 163-1, 201-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 714-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
714-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган
1. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 164, 165, 166, 167, 168, 250, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 715-баптың тақырыбы өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
715-бап. Техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 193 (бірінші бөлігінде) 203, 415 (бірінші бөлігінде), 415-1 (бірінші бөлігінде), 417 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418 (бірінші және екінші бөліктерінде), 419 (бірінші бөлігінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 638 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк жазаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары қолдануға құқылы.
2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен Кодекс 715-1-баппен толықтырылды
715-1-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстiң 193 (бiрiншi бөлiгiнде), 415 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
716-бап. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 590 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде) (тракторлардың, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарының жүргiзушiлерi жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), ауыл шаруашылығы техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықты тiркеу жөнiндегi қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 612, 617, 619, 627-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары құқылы.
717-бап. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
718-бап. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
1. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 309, 312 (бiрiншi бөлiгiнде), 315, 316 (бiрiншi бөлiгiнде), 317 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және 3-1-бөлiктерiнде), 317-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 317-2 (екiншi бөлiгiнде), 318, 321, 322, 323, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды
1-1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 323-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары құқылы.
719-бап. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган
1. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 497, 499, 500, 501, 502, 503-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 720-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
720-бап. Мемлекеттік кіріс органдары
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.16.11. № 406-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Мемлекеттік кірістер органдары осы Кодекстiң 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 92-1, 151 (бірінші бөлігінде), 152, 155, 157, 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 177, 178, 179, 180, 181, 194, 195, 196, 203, 205, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 246-1 (осы бұзушылықтар салық бойынша аудит жүргізілген кезде жасалған болса), 266, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2 және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2, бесінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 283-1 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 284, 285, 285-1, 286, 287, 288, 460-1 (бірінші бөлігінде), 460-2, 464 (бірінші бөлігінде), 471, 472, 473, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 532 (бірінші бөлігінде), 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (екінші бөлігінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551, 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558, 571 (бірінші, екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде) және 571-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Мемлекеттік кіріс органдары осы бөлікте санамаланған әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль, теңіздегі өткізу пункттерінде және тауарларды өткізудің өзге де орындарында жасалған кезде, осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде), 297, 334, 377 (бірінші бөлігінде), 425 (бірінші бөлігінде), 571 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 571-1, 572 (бірінші бөлігінде), 573, 589 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 612 (бірінші, үшінші және 4-1-бөліктерінде) және 621 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi де қарайды.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік кіріс органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
мемлекеттік кіріс органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған, осы Кодекстің барлық баптары бойынша - мемлекеттік кіріс органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары;
осы Кодекстің 91 (алтыншы бөлігінде), 92 (екінші бөлігінде), 195 (бірінші бөлігінде), 269 (бірінші бөлігінде), 270 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 271 (бірінші бөлігінде), 272 (бірінші бөлігінде), 276 (бірінші бөлігінде), 284 (бірінші, үшінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы, он бірінші, он үшінші, он бесінші және он жетінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ескерту түрінде, сондай-ақ 897-бабында көзделген тәртіппен айыппұл түрінде әкімшілік жаза, сондай-ақ кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша - мемлекеттік кіріс органдарының басшысы уәкілеттік берген лауазымды адамдары құқылы.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 721-бап жаңа редакцияда
721-бап. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган
1. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 274, 473, 475-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы мен оның орынбасарлары, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
722-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 184, 207, 207-1, 209, 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 233 (екінші бөлігінде), 234, 238, 239 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 240, 241, 246-1 (бұл бұзушылықтарға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде жол берілген кезде), 247 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, жетінші және оныншы бөліктерінде), 248, 249, 250, 267, 464 (бiрiншi бөлiгiнде (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары;
2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) аудиторлық қызмет және бағалау қызметі саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.
723-бап. 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
724-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Кодекстiң 206, 210, 210-1, 212, 213 (бесінші бөлігінде), 217, 218, 220 (жетінші және сегізінші (төлем ұйымдарына қатысты) бөліктерінде), 227 (бірінші (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты) және үшінші (төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты) бөліктерінде), 239 (үшінші және төртінші (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты) бөліктерінде), 243, 244, 252 (бірінші және 1-1-бөліктерінде), 253, 464 (бірінші бөлігінде), 497 (өзінің құзыретiне алғашқы статистикалық деректерді жинау кіретін бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 724-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
724-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган
1-бөліктің қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2019.03.07. № 262-VІ Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылады
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 186, 208, 211 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 211-1, 211-2, 213 (төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 220 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, жетінші және сегізінші бөліктерінде (банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), 222, 223, 224, 225, 226, 227 (бірінші (банктерге, банктердің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Даму Банкіне, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) қатысты), екінші, үшінші (эмитенттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), төртінші және бесінші бөліктерінде), 228 (бесінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он алтыншы, он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде), 229, 230 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші (қаржы ұйымдарына (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты) бөліктерінде), 247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 255, 256, 257, 259, 260, 261, 262, 264, 265, 286, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы, оның орынбасарлары және уәкілетті жұмыскерлері құқылы.
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасауға құқығы бар жұмыскерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
725-бап. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары
1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары осы Кодекстiң 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтардан басқа), 84, 91 (төртінші бөлігінде), 92 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұлдар салуға Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшылары, олардың орынбасарлары құқылы.
726-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары осы Кодекстiң 192, 504, 518, 519-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстiң 192, 464 (бірінші бөлігі), 504, 518, 519-баптары бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жазаларды қолдануға Ұлттық қауiпсiздiк комитетi департаментiнiң бастығы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.