Мемлекеттік мекеменің атауында мемлекеттік меншік түріне (республикалық немесе коммуналдық) тиесілілігі, ұйымдық-құқықтық нысаны және ведомстволық бағыныстылығы көрсетілуге тиіс. Мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелердің атауы Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе оларды құру жөніндегі жеке актіде айқындалады.
2. Мемлекеттік заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және заңды тұлғаның атауы жазылған мөрі болады.
126-бап. Мемлекеттік заңды тұлға қызметінің нысанасы мен мақсаттары
1. Мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсаттарын тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) айқындайды және мемлекеттік мекеменің жарғысында (ережесінде) бекітіледі.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын түрінің (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) анықтамасын - осы Заңның 134-бабының талаптарына сәйкес тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын түрінің анықтамасын жергілікті атқарушы орган айқындайды.
2. Мемлекеттік заңды тұлғаларға (мемлекеттік органдардан басқа) мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын беруге жол берілмейді.
3. Егер осы Заңның 135-бабының 3-тармағында және Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік заңды тұлға басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
4. Мемлекеттік заңды тұлғаларға жарғыда (ережеде) бекітілген өз қызметінің нысанасы мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
5. Мемлекеттік заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Мемлекеттік заңды тұлға басшысының заңды тұлғаның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.
127-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкі
1. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, оның құны өзінің балансында көрсетіледі.
2. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкі бөлінбейтін мүлік болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаның қызметкерлері арасында бөлінбейді.
3. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкі:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі нәтижесінде ие болған мүлік (ақшалай табыстарды қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
128-бап. Шаруашылық жүргізу құқығына және жедел басқару құқығына ие болу және оны тоқтату
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, шаруашылық жүргізу құқығына және жедел басқару құқығына ие болу және оны тоқтату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығына және өзге де заттық құқыққа ие болу және оны тоқтату үшін көзделген талаптармен және тәртіппен жүзеге асырылады.
2 Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше көзделмесе, меншік иесі бұрын құрылып қойған мемлекеттік заңды тұлғаға бекітіп беру туралы шешім қабылдаған мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы немесе оны жедел басқару құқығы осы мемлекеттік заңды тұлғада мүлік оның балансына бекітіп берілген кезде пайда болады.
3. Шаруашылық жүргiзудегi (жедел басқарудағы) мүлiктi пайдаланудан алынған жемiстер, өнiм мен табыстар, сондай-ақ шарттар немесе өзге де негiздер бойынша мемлекеттік заңды тұлға сатып алған мүлiк Қазақстан Республикасының заңнамасында меншiк құқығына ие болу үшін белгiленген тәртiппен мемлекеттік заңды тұлғаның шаруашылық жүргiзуiне (жедел басқаруына) түседi.
4. Мүлiкке шаруашылық жүргiзу (жедел басқару) құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында меншiк құқығын тоқтату үшін көзделген негiздер бойынша және тәртiппен, сондай-ақ осы Заңның 144, 154, 162-баптарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
129-бап. Мемлекеттік меншік не ведомстволық бағыныстылық түрінің өзгеруі кезінде мемлекеттік заңды тұлғаның мүлікке құқықтарды сақтауы
Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін республикалық меншіктен коммуналдық меншікке немесе керісінше, не тиісті саланың бір уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) бағынысынан екіншісінің бағынысына берген кезде мұндай мемлекеттік заңды тұлға өзіне тиесілі мүлікке құқықтарды сақтайды.
130-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату
2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, ал коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік заңды тұлға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңның 97-бабының 5-тармағында, 98-бабының 4-тармағында көзделген басқа негіздер бойынша да таратылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімімен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
Коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
2. Таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) қайта бөледі.
Таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
131-бап. Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) мемлекеттік заңды тұлғаның шағымдануы
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның және тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органның мүлікті қайта бөлуге байланысты әрекеттерін (әрекетсіздігін) қоса алғанда, мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғаның құқықтарын бұзатын басқа да әрекеттерге (әрекетсіздікке) мемлекеттік заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
2-параграф. Мемлекеттік кәсіпорын туралы жалпы ережелер
132-бап. Мемлекеттік кәсіпорындар түрлері
Мемлекеттік кәсіпорындарға:
1) шаруашылық жүргізу;
2) жедел басқару (қазыналық кәсіпорындар) құқықтарына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар жатады.
133-бап. Мемлекеттік кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату
1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорынды -Қазақстан Республикасының Үкіметі, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды жергілікті атқарушы орган құрады.
2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекет мынадай:
1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін немесе қоғамның мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмаған;
2) мемлекетке тиесілі стратегиялық объектілер пайдаланылған және күтіп-ұсталған;
3) мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызмет жүзеге асырылған;
4) тиісті тауар нарығында ұқсас не өзара алмастырылатын тауарды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі (субъектілері) болмаған;
5) мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында тікелей көзделген жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындар құрады.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындарды Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрады.
Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген жағдайларда, мемлекеттiк кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының Үкiметi не Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрады.
Қалған жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындарды Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (республикалық кәсіпорындарды) немесе жергілікті атқарушы органдар (коммуналдық кәсіпорындарды) құрады.
Мемлекеттік кәсіпорындарды құру осы Заңның 134-бабында белгіленген шектеулер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату осы бапта белгіленген ерекшеліктерімен қоса, осы Заңның 130-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қазыналық кәсіпорын етіп қайта құру - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды қазыналық кәсіпорын етіп қайта құру жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.
6. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды қазыналық кәсіпорын етіп қайта құру бойынша барлық шығыстар, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорынның өзінде жеткілікті қаражат болмаған кезде қайта құрылатын мемлекеттік кәсіпорынның өз кредиторларымен есеп айырысулары тиісті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның негізінде құрылатын қазыналық кәсіпорын оған бұрын бөлінген мемлекеттік мүлік және ақша бойынша, сондай-ақ жер пайдалану, табиғат пайдалану, жер қойнауын пайдалану, квоталар, лицензиялар беру және бұрын жасалған шарттар бөлігінде, егер осылар жаңадан құрылған қазыналық кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарына сәйкес келетін болса, қайта құрылатын мемлекеттік кәсіпорынның құқықтық мирасқоры болып табылады.
8. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды қазыналық кәсіпорын етіп қайта құру кезінде оған бекітіліп берілген мүліктің құқықтық режимі мемлекеттік кәсіпорынды қайта құру туралы шешім қабылданған кезден бастап шаруашылық жүргізу құқығынан жедел басқару құқығына ауысады.
134-бап. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің мақсаты
1. Осы Заңның 133-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындар құрылуы мүмкін, ал бұрын құрылғандары осы бапта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін ғана жұмыс істеуі мүмкін.
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар өз қызметін:
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) елді мекендердің тіршілігін (энергиямен, газбен, сумен, жылумен жабдықтау, су бұру және коммуналдық қалдықтарды көму, қалдықтар полигондарын құру және пайдалану) қамтамасыз ету;
2) табиғат пайдаланудың және орман өсірудің шектеулі режимі бар орман саябақтары, жасыл және қорғаныш аймақтарын құру;
2015.27.10. № 362-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы мен оның ведомстволарының және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының өздеріне жүктелген функцияларын, сондай-ақ астананың жергілікті атқарушы органының мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды үйлерден (құрылыстардан, ғимараттардан) босатуды қамтамасыз ету саласындағы функцияларын жүзеге асыруына ықпал ету;
4) мемлекеттік автомобиль жолдарын күтіп ұстау;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) денсаулық сақтау; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
5-1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) үшін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
5-2) протездік-ортопедиялық және есту протездік көмек көрсету;
6) спорттық-сауықтыру объектілерін, мәдениет және демалыс саябақтарын пайдалану;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) ғылыми зерттеулер, ғылыми қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) мемлекеттік жер кадастры үшін жерге орналастыру жұмыстарын, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы ақпараттық дерекқорды, экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын және Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларын, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргізу;
9) мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы жүйелерін және құрылыстарды күтіп ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині, карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық сараптамасы;
11) тарих және мәдениет ескерткіштерін ғылыми зерттеу, консервациялау, реставрациялау, қайта жасау, жөндеу және бейімдеу жөніндегі жұмыстарды орындау;
12) теңіз портының қызметі;
13) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушыларға аэронавигациялық қызметтер ұсыну;
14) мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау;
15) техникалық реттеу және метрология саласында өндірістік- шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды
15-1) экономика, құрылыстағы баға белгілеу және басқару саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;
16) қылмыстық-атқару жүйесі саласында өндірістік қызметті жүзеге асыру және сотталғандардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
17) 2013.29.01. № 74-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18) тармақша жаңа редакцияда
18) мынадай функцияларды:
жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функцияны;
эпизоотиялық мониторингті;
Сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының ұлттық коллекциясын жүргізуді;
ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан, байқаудан өткізуді, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылауды;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті, референцияны;
ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін;
жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар өткізуді;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;
жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізуді, ұсынуды;
ветеринариялық анықтама беруді;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
19) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды
20-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін қаруды, әскери техниканы және өзге де пайдаланылмайтын әскери мүлікті жою (құрту, кәдеге жарату, көму), қорғаныс объектілерін жалға беру, қаруды, әскери техниканы, оқ-дәріні, оларға қосалқы және жинақтауыш бұйымдарды, өнімдерді, жабдықты және қосарлас қолданылатын тиісті технологияларды өткізу (оның ішінде экспорттау) және сатып алу (оның ішінде импорттау);
21) 2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.21.01. № 167-V ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды; 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
23) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды; 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
24) төтенше және авариялық жағдайларда жүргізілетін тау-кен құтқару, бұрқаққа қарсы, газдан құтқару, профилактикалық жұмыстарды, сондай-ақ өртті сөндіруге және алғашқы медициналық көмек көрсетуге байланысты жұмыстарды және басқа да авариялық-құтқару жұмыстарын орындау;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25) тармақша өзертілді
25) метрополитенді пайдалану (күтіп-ұстау, дамыту), сондай-ақ метрополитенмен жолаушылар мен багаж тасымалын іске асыру;
26) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды
27) азаматтық қорғаныстың арнаулы инженерлік іс-шараларын орындау саласында жүзеге асырады.
3. Қазыналық кәсіпорындар өз қызметін:
1) 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) денсаулық сақтау;
3) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) егер олар Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдары болса, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, мәдениет және спорт;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4-1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) үшін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4-2) протездік-ортопедиялық және есту протездік көмек көрсету;
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) ғылыми зерттеулер;
6) биологиялық әртүрлілікті және тектік қорды сақтау мақсатында жануарлар, өсімдіктер дүниесі объектілерін қорғауды, тұрақты пайдалануды, молайтуды және жасанды түрде өсіруді, сондай-ақ табиғатты (зоологиялық саябақтарды, ботаникалық бақтарды, дендрологиялық саябақтарды) қорғауды, орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
7) топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу;
8) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) үшін арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету;
9) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) кемелерді сыныптау және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік кәсіпорындарға - табиғи және мемлекеттік монополия субъектілеріне осы Заңда және «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады.
135-бап. Мемлекеттік кәсiпорынның мүлкiне билік ету
1. Мемлекеттік кәсіпорын өзі өндірген өнімді дербес өткізеді.
2. Мемлекеттік кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорын заңды тұлғаларды құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
136-бап. Мүлiктiк кешен ретіндегі мемлекеттік кәсiпорын
1. Мүлiктiк меншiк ретiнде мемлекеттік кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуіне арналған мүліктің барлық түрлері, оның ішінде ғимараттар, құрылыстар, жабдық, құрал-сайман, шикiзат, өнiм, жер учаскесiне құқық, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлеулерге (фирмалық атауы, тауар таңбалары) құқықтар және басқа да ерекше құқықтар кіреді.
2. Республикалық мемлекеттік кәсiпорынға қатысты, онда осы кәсіпорын бірыңғай мүлiктiк кешен ретiнде қатысатын мәмiлелер (кепiлге беру, жалға алу және басқалары) жасау - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша, ал коммуналдық мемлекеттік кәсiпорынға қатысты - жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жүргізіледі.
137-бап. Мемлекеттік кәсiпорынның заңсыз алған табыстарын алып қою
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында көзделмеген, қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.
138-бап. Мемлекеттік кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын тиісті саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындікін - жергілікті атқарушы орган белгілейді.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Еңбекке ақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде дербес айқындайды.