Қаржы жылының соңына есептелетін ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, келесі қаржы жылында өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге жұмсалады;
2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 10-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-1) өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес, сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға қызметтер көрсетеді;
2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 10-2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-2) өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес, сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері қабылдайтын қарсы міндеттемелерді мониторингілеуді жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де сервистік қолдау шараларын ұсынады.
6. Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг:
1) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру және инновацияларды қолдау салаларындағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруға қатысады;
2) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді.
14-бап. Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия
1. Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеті:
1) стратегиялық басымдықтары мен негізгі индикаторларын айқындау бөлігінде өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру;
2) өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру;
3) өңдеу өнеркәсібі саласындағы өнеркәсіптік саясатты, оның ішінде кластерлік бастаманы іске асыруға қатысты тұжырымдамалық тәсілдер;
4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын енгізу, күшін жою және қайта қарау;
5) өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерін енгізу;
6) елдегі индустриялық ахуалды жақсарту;
7) өнеркәсіптегі инновациялық және технологиялық дамуға жәрдемдесу бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау болып табылады.
2. Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады және алады;
2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдарын өз отырыстарына шақырады, сондай-ақ тыңдайды;
3) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жанынан жұмыс және сараптама топтарын құрады, оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
4) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, жұмыс және сараптама топтарының жұмыс жоспарларын бекітеді;
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) өнеркәсіптік саясат мәселелерін қозғайтын реттеушілік саясаттың консультациялық құжаттарын, заң жобаларын, өзге нормативтік құқықтық актілердің және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларын қарайды;
6) мемлекеттік органдар арасындағы өнеркәсіптік саясат мәселелері жөніндегі қайшылықтар бойынша шешімдер қабылдайды;
7) өнеркәсіптік саясатты іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы, стандарттау саласындағы және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын іске асыру туралы ақпаратты тыңдайды;
8) өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық ұйымдардағы келіссөз ұстанымын дайындауды жүзеге асырады;
9) жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша есептерін тыңдайды;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15-бап. Өнеркәсіпті дамыту қоры
1. Өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі - қор) акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі акционерлік қоғам болып табылады.
2. Қор қызметінің мақсаттары өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарына қаржылық қолдау көрсету және оларды ынталандыру, Қазақстан Республикасының экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.
3. Мыналар қордың міндеттері болып табылады:
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мыналарға:
өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын және өндірістік инфрақұрылымды құруға, жаңғыртуға және кеңейтуге;
өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын, орындалатын жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ілгерілетуге жәрдемдесуге;
қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, ластағыш заттардың шығарындылары мен төгінділерін азайтуға, парниктік газдардың шығарындыларын қысқартуға, энергия үнемдеу мен табиғи және қайталама ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде «жасыл» технологияларды дамытуға;
елішілік құндылықты дамытуға жәрдемдесуге;
өндірістік, энергетикалық және көлік инфрақұрылымын құруға, жаңғыртуға және көлік құралдарын жаңартуға бағытталған жобаларды қаржыландыру;
2) заңды тұлғаларға, лизингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға кредиттер беру арқылы Қазақстан Республикасының экономикасын ынталандыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына және қордың жарғысына сәйкес өзге де міндеттер.
4. Қор өз міндеттерін орындау үшін тиісті лицензиясыз мыналарды жүзеге асырады:
лизингтік қызмет;
резидент немесе бейрезидент заңды тұлғаларға ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ұлттық валютамен ақшалай нысанда кредиттер беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызмет.
5. Қорды қорландыру мыналардың есебінен жүзеге асырылады:
бюджет қаражаты;
Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы түрінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы алған қаражат;
коммерциялық, меншікті және өзге де қаражат.
6. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және шарттармен қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін қорға қарыз түріндегі қаржыландыруды ұсынады.
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес жүзеге асыратын қаржыландыру банк және микроқаржы қызметіне жатпайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат беру құжаттарының болуын талап етпейді.
7. Қор:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына және (немесе) қордың ішкі актілеріне сәйкес меншікті және бюджеттен тыс қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру саясатын айқындауға;
2) өңдеу өнеркәсібі жобаларының сараптамасын жүзеге асыру үшін сарапшылар мен консультанттарды тартуға;
3) мемлекеттік бюджеттен алынған қаражатты қоспағанда, бос қаражатты қордың ішкі актілеріне сәйкес қаржы құралдарының ішкі және сыртқы нарықтарына орналастыруға құқылы.
16-бап. Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесі
1. Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесі (бұдан әрі осы баптың мақсатында - жүйе) өнеркәсіп дамуының жай-күйі туралы ақпаратты көздейтін ақпараттық жүйе болып табылады.
2. Жүйені жүргізу мақсаттары бизнес жүргізу процесін оңайлату мақсатында өнеркәсіптің жай-күйі туралы ақпаратты қалыптастыру және онымен алмасу тиімділігін арттыру, өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілеріне өзекті ақпарат беру, сондай-ақ өнеркәсіптік саясат бойынша болжамдау және шешімдер қабылдау үшін мемлекеттік органдарды толық және анық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
3. Жүйе:
1) өнеркәсіптік саясатты іске асыру туралы;
2) өнеркәсіп салаларының дамуы туралы статистикалық деректер туралы;
3) өндірістік қызметке байланысты бағыттарды дамыту нәтижелері туралы;
4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың іске асырылатын шаралары туралы;
5) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру туралы ақпаратты;
6) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесіне кіретін функционалдық және ақпараттық сервистердің тізбесіне сәйкес өзге де ақпаратты қамтиды.
4. Жүйені құру, қолдап отыру және оның жұмыс істеуі Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2-параграф. Өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым
17-бап. Өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым
Өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым мынадай элементтерден тұрады:
1) «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен рет телетін арнайы экономикалық аймақтар;
2) «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін индустриялық аймақтар;
3) технологиялық парктер (бұдан әрі - технопарктер);
4) «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорлар;
5) «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін венчурлік қорлар;
6) технологияларды коммерцияландыру орталықтары;
7) конструкторлық бюролар;
8) технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтары;
9) инновациялық кластерлер;
10) аумақтық кластерлер;
11) технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары;
12) осы Заңға сәйкес өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де элементтер.
18-бап 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
18-бап. Технопарктер
1. Дербес білім беру ұйымы немесе дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және (немесе) өзге де заңды тұлғалар құрған не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын бірыңғай материалдық-техникалық және (немесе) мүліктік кешені бар аумақты меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін заңды тұлға технопарк болып табылады.
2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Инновациялық қызмет субъектілеріне жұмыс істеудің бастапқы кезеңінде оларға үй-жайлар, жабдық беру, бухгалтерлік есепке алуды жүргізу, заңдық, ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу, инвестициялар тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтердің, сондай-ақ инновациялық жобаларды іске асыру үшін кажетті өзге де қызметтердің көрсетілуін білдіретін бизнес-инкубациялау технопарктер қызметінің негізгі түрі болып табылады.
19-бап. Технологияларды коммерцияландыру орталықтары
1. Жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, технологияларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикалық тұрғыдан қолдануға байланысты, оң экономикалық әсер алуға бағытталған қызметті (технологияларды коммерцияландыру) жүзеге асыратын заңды тұлғалар, ғылыми ұйымның, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының немесе дербес білім беру ұйымының құрылымдық немесе оқшауланған бөлімшесі технологияларды коммерцияландыру орталықтары болып табылады.
2. Технологияларды коммерцияландыру орталықтары қызметінің негізгі бағыты коммерцияландыру үшін технологияларды іздестіруді және бағалауды, маркетингтік зерттеулерді, зияткерлік меншікті қорғау саласында консультациялық қызметтер көрсетуді, технологияларды коммерцияландыру стратегиясын әзірлеуді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің технологияларды коммерцияландыру саласында шарттар жасасуы мақсатында олардың өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыруды қоса алғанда, технологияларды коммерцияландыру жөніндегі қызметтер кешенін көрсету болып табылады.
Технологияларды коммерцияландыру орталықтарын әдіснамалық, консультациялық және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қолдауды инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады.
3. Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу, оның ішінде өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің қажеттіліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
20-бап. Конструкторлық бюролар
1. Материалдық-техникалық кешенді иеленетін және өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне жаңа немесе жетілдірілген тауарлар өндірісін ұйымдастыруға жәрдемдесу үшін құрылған заңды тұлға конструкторлық бюро болып табылады.
2. Конструкторлық бюролардың негізгі міндеті өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне жаңа немесе жетілдірілген тауарларды жасауға, оның ішінде технологиялар трансферті, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы сатып алу, бейімдеу, әзірлеу, оны кейіннен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне өтеулі негізде беру және соның негізінде тауарлар өндірісін ұйымдастыру үшін қажетті қызметтер көрсету арқылы жәрдем көрсету болып табылады.
21-бап. Технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтары
Технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шетелдік әріптестермен бірлесіп іске асыратын жобаларды іске асыруға жәрдем көрсету мақсатында инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрады.
22-бап. Инновациялық кластерлер
Өзара іс-қимыл жасау және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану, білім және тәжірибе алмасу, зерттеулер жүргізу, технологияларды тиімді беру, орнықты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы өнеркәсіпті ынталандыруға және инновацияларды қолдауға арналған, инновациялық кластерге қатысушылардың, оның ішінде ғылыми ұйымдардың, білім беру ұйымдарының, тәуекелмен инвестициялайтын акционерлік инвестициялық қорлардың, венчурлік қорлардың, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі инновациялық кластер болып табылады.
23-бап. Аумақтық кластерлер
1. Аумақтық кластерге қатысушылар болып табылатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оларды ілгерілету және өндірістерді технологиялық қайта жарақтандыру мақсатында бір-бірімен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
2. Аумақтық кластерлерді мемлекеттік ынталандыру мыналарға:
1) аумақтық кластерлердің дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға;
2) аумақтық кластерлерге қатысушылар болып табылатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;
3) өңірлерді экономикалық дамытуға бағытталған.
3. Мемлекет осы Заңның 40-бабында көзделген өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну арқылы аумақтық кластерлердің дамуын қамтамасыз етеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілгеннен бөлек, аумақтық кластерлерді дамыту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында мыналар көзделеді:
1) кластерлік саясаттың бағыттары мен құралдарын қалыптастыру;
2) аумақтық кластерлерге қатысушылар болып табылатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне ақпараттық-консультациялық, талдамалық және өзге де қызметтер көрсету;
3) кластерлік бастамаларды диагностикалау және ілгерілету.
4. Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты кластерлердің даму деңгейін және олардың алдағы перспективаларын айқындай отырып, аумақтық кластерлердің өңірлердің, салалардың, тұтастай алғанда, елдің экономикасына әсерін бағалай отырып, аумақтық кластерлердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес өңірлердегі кластерлік бастамалардың диагностикасын жүзеге асырады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24-бап өзгертілді
24-бап. Технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары
Тиісті саланы технологиялық дамыту мақсаттары үшін мемлекеттік органдар айқындайтын, салалық және салааралық сипаттағы тиісті құзыреттерге ие сарапшылары бар заңды тұлғалар технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары болып табылады.
Тиісті саланы технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, нысаналы технологиялық бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу, әлемдік технологиялық трендтерді мониторингтеу, жеделдетілген технологиялық даму үшін ағымдағы жағдайлар мен бәсекелестік артықшылықтарды, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттіліктері мен мүдделілігін айқындау, тиісті саланың кәсіпкерлік субъектілері арасында инновациялық қызметтің үздік практикалары мен тәжірибесін таратуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының негізгі міндеттері болып табылады.
Технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары мемлекеттік технологиялық саясаттың сабақтастығы мен саланың технологиялық дамуының институционалдық жадын да қамтамасыз етеді.
3-параграф. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру
25-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарттары
1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары осы Заңға сәйкес айқындалады.
Қазақстан Республикасының заңдарында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру мен өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерін қолдаудың өзге де шаралары көзделуі мүмкін.
2. Қызметін Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінде жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік ынталандыру «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті және инновациялық қызметті қолдау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен реттеледі.
4. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган, өзге де мемлекеттік органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын әзірлеу, қарау және келісу кезінде мынадай өлшемшарттарды көздейді:
1) инновациялылық - жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өнімдерді (тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді), технологияларды немесе процестерді одан әрі енгізуді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, оларды жасау арқылы қызметтің экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталу;
2) бәсекеге қабілеттілік - шығарылатын өнімнің, көрсетілетін жұмыстардың және (немесе) ұсынылатын қызметтердің төмен өзіндік құнынан, жоғары сапасынан, өсіп келе жатқан сұранысынан және өзге де қасиеттерінен көрініс табатын ұқсас өнеркәсіптік-инновациялық жобалармен салыстырғандағы бәсекелік артықшылықтар;
3) ауқымдылық - Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік дамуы үшін өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру маңыздылығы;
4) экспортқа бағдарлану - шығарылатын өнімнің, көрсетілетін жұмыстардың және (немесе) ұсынылатын қызметтердің кемінде бір шет елге орнықты экспортында әлеуеттің болуы;
5) еңбек өнімділігі - өндіріс көлемі мен өндіріске жұмсалған еңбек ресурстарының, жұмыс уақытының арақатынасы.
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне мынадай шарттармен ұсынылады:
өңдеу өнеркәсібі кәсіпорнының басым тауарлар тізбесіне кіретін тауарлар өндіруге бағдарлануы;
өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алушының қарсы міндеттемелерді қабылдауы;
өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алу үшін ұсынылған құжаттардың өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келуі;
қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде қазақстандық тауар өндірушінің болуы.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеу өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
7. Мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну мәселелері бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның жалпы үйлестіруі кезінде жүзеге асырылады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілеріне өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «бір терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шеңберінде жүзеге асырылады.
26-бап. Басым тауарлар тізбесі
1. Басым тауарлар тізбесіне өндірісі ұлттық экономиканың ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын орташа және жоғары деңгейде өңдеп жасау тауарлары енгізіледі.