1) олардың экспорттық әлеуетін диагностикалау;
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сауда миссияларын ұйымдастыру және өткізу, көрме-жәрмеңке қызметін жүзеге асыру, қазақстандық өндірушілердің тауар белгілерін шетелде ілгерілету және қазақстандық өндірушілердің шетелде ұлттық стендтерін ұйымдастыру;
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қазақстандық тауар өндірушілер, қызметтерді көрсетушілер және олардың тауарлары, көрсетілетін қызметтері туралы ақпаратты шетелде тұрақты негізде орналастыру арқылы әлеуетті шетелдік сатып алушылардың хабардар болуын арттыру;
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларының жəне көрсетілетін қызметтерінің экспортын дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету;
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне көрсетілетін қызметтерін гуманитарлық көмектің халықаралық нарығына ілгерілетуге жәрдемдесу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де шаралар.
44-бап. Қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру
1. Қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру трансұлттық корпорациялармен, инвесторлармен және олардың өнім берушілерімен ынтымақтастық жасау жолымен, сондай-ақ қосылған құны жоғары тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету арқылы жүзеге асырылады.
2. Сыртқы сауда қызметін реттеу, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы және инвестициялық саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру бойынша, оның ішінде тауарлардың жаңа түрлерін өндіруге арналған техникалық құжаттаманы және нақты тауарлар бойынша көш бастап тұрған жетекші әлемдік өндірушілердің әлемдік өндірістік франшизаларын қолдану арқылы жәрдем көрсетеді.
45-бап. Өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің өзара іс-қимылына жәрдемдесу
Мемлекет өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің өзара іс-қимылына мынадай нысанда жәрдем көрсетеді:
1) өнеркәсіпті дамыту жөніндегі проблемаларды зерделеу және ұсыныстар әзірлеу бойынша өнеркәсіпті дамыту институттарын дамытуды білдіретін институционалдық қолдау;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өнеркəсіп саласындағы қызмет субъектілерін қаржылық емес қолдау.
Өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің өзара іс-қимылына мемлекеттік жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де қолдау түрлерін көздейді.
46-бап. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар
1. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар осы Заңға сәйкес мыналар арқылы жасалады:
1) өндірісін өнім беруші ұйымдастыратын және өндірісі бұрын болмаған өңдеу өнеркәсібінің тауарларын, оның ішінде жүзеге асырылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер шеңберінде сатып алынатын тауарларын ұзақ мерзімді кепілдендірілген сатып алуды көздейтін офтейк-келісімшарттар;
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) қолда бар өндірістік қуаттарда өндірілген тауарларды сатып алудың ұзақ мерзімді кепілдік берілген көлемін көздейтін кепілдендірілген сатып алу шарттары;
2) өңдеу өнеркәсібінің тауарларын, оның ішінде жүзеге асырылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер шеңберінде сатып алынатын тауарларын сатып алудан бөлек, осы Заңның 49-бабына сәйкес сатып алу талаптарында көзделген, шарт сомасынан қаражаттың бір бөлігін Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау бойынша елеулі талаптарды көздейтін келісімшарттық сатып алу шарттары.
Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларында үлгілік талаптар көзделеді.
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Ірі тапсырыс берушілер өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттар бойынша тапсырыс берушілер болып табылады.
Осы баптың ережелері Ұлттық әл-ауқат қорына және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі заңды тұлғаларға қолданылмайды.
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 47-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
47-бап. Өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау жəне жасасу тəртібі
1. Өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган жыл сайын 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде:
1) квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес əзірленетін жəне бекітілетін сатып алу жоспарларын (алдын ала, жылдық, ұзақ мерзімді);
2) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге құқығы бар жер қойнауын пайдаланушылардан «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сəйкес қалыптастырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) жəне орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларын;
3) табиғи монополиялар субъектілерінен «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларына сəйкес жасалатын алдағы қаржы жылына немесе ұзақ мерзімді кезеңге сатып алуға жоспарланатын тауарлар тізбелерін;
4) жүйе құраушы кəсіпорындардан алдағы қаржы жылына немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған тауарлар ды сатып алу жоспарларын алады.
2. Ірі тапсырыс берушілердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген сатып алу жоспарлары (бағдарламалары, тауарлар тізбелері) сатып алуды жүзеге асырудың бірінші жылының алдындағы жылы ұсынылады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сатып алу жоспарларында (бағдарламаларында, тауарлар тізбелерінде) ішкі нарықта сатып алынатын тауарларды немесе кепілдік міндеттемелері қолданылатын шетелде шығарылған тауарларды қоспағанда, сатып алуға жоспарланатын тауарлардың тізбесі көзделеді.
4. Өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, күнтізбелік отыз күн ішінде ірі тапсырыс берушілердің сатып алу жоспарларын (бағдарламаларын, тауарлар тізбелерін) осы баптың 3-тармағында көрсетілген ерекшеліктерге сəйкестігін қарайды.
Өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сəйкессіздіктер анықталған жағдайда ірі тапсырыс берушілерге сатып алу жоспарларына (бағдарламаларына, тауарлар тізбелеріне) ескертулерді көрсете отырып хабарлама жібереді.
Ірі тапсырыс берушілер өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген өзінің сатып алу жоспарларына (бағдарламаларына, тауарлар тізбелеріне) өзгерістер енгізеді жəне өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органға қайта жібереді.
Бұл ретте өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органның ірі тапсырыс берушілердің сатып алу жоспарларын (бағдарламаларын, тауарлар тізбелерін) келісу мерзімі он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
5. Сатып алуға жоспарланатын тауарлардың келісілген тізбесі 1 ақпанға дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, оларды өндірушілер тізілімінде орналастырылады.
6. Өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттар жасасуға мүдделі өңдеу өнеркəсібі кəсіпорындары жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, оларды өндірушілер тізілімінде осы Заңның 48-бабына сəйкес офтейк-келісімшарттар жəне осы Заңның 48-1-бабына сəйкес кепілдендірілген сатып алу шарттарын жасасу үшін өтінімді жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, оларды өндірушілер тізілімінде сатып алуға жоспарланатын тауарлар тізбесі жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде береді.
7. Ірі тапсырыс берушілер өңдеу өнеркəсібі кəсіпорындарының өтінімдерін қарайды жəне өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау жəне жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларына сəйкес өтінімдерді беру аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде офтейк-келісімшарттар немесе кепілдендірілген сатып алу шарттарын жасасады.
8. Өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттар жасалғаннан кейін ірі тапсырыс берушінің өңдеу өнеркəсібі кəсіпорны тауарының тəжірибелік-өнеркəсіптік топтамасына зертханалық жəне (немесе) индустриялық сынақтар жүргізуге құқығы бар.
Өңдеу өнеркəсібі кəсіпорны тауарының тəжірибелік-өнеркəсіптік топтамасына зертханалық жəне (немесе) индустриялық сынақтар өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарт жасалғанға дейін ірі тапсырыс беруші ұсынатын тауардың техникалық сипаттамалары, физикалық жəне (немесе) химиялық қасиеттері, жиынтықталуы негізінде жүргізіледі.
Өңдеу өнеркəсібі кəсіпорны тауарының тəжірибелік-өнеркəсіптік топтамасының зертханалық жəне (немесе) индустриялық сынақтарының оң нəтижелері алынған жағдайда осы тауар топтамасын беру жүргізіледі. Өңдеу өнеркəсібі кəсіпорны тауарының тəжірибелік-өнеркəсіптік топтамасының зертханалық жəне (немесе) индустриялық сынақтарының теріс нəтижелері алынған кезде өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарт өңдеу өнеркəсібі кəсіпорнының кінəсінан орындалмаған болып есептеледі жəне бұзуға жатады.
Өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шарттар шеңберінде тауар берілген кезге дейін ірі тапсырыс берушілер тауарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сатып ала алады.
Өнеркəсіпті дамытуға бағытталған шартқа қол қойылғаннан кейін тауардың қосымша техникалық сипаттамаларын, физикалық жəне (немесе) химиялық қасиеттерін, жиынтықталуына қойылатын талаптарды көрсетуге тыйым салынады.
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 47-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
47-1-бап. Жүйе құраушы кəсіпорындардың сатып алуы
1. Өндіріс көлемі тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жиынтық өндіріс көлемінің үш пайызынан астамын құрайтын өңдеу өнеркəсібі кəсіпорындары жүйе құраушы кəсіпорындар болып табылады.
2. Жүйе құраушы кəсіпорындар тізбесін өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган бекітеді.
3. Жүйе құраушы кəсіпорындардың тауарларды сатып алуы өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органның елішілік құндылықты мониторингтеуіне жатады.
4. Жүйе құраушы кəсіпорындардың тауарларды сатып алуы осы Заңның 47, 48, 48-1 жəне 49-баптарында айқындалған талаптар сақталған жағдайда алдағы қаржы жылына немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған тауарларды сатып алу жоспарларына сəйкес жүзеге асырылады.
48-бап. Офтейк-келісімшарттар
1. Офтейк-келісімшарттар бойынша өнім беруші тиісті тауардың өндірісін, оның ішінде шартқа сәйкес тапсырыс берушіден алынған қаражат есебінен ұйымдастыруға міндеттенеді.
Жасалған офтейк-келісімшарттар қаржы ұйымдарында, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерде және Қазақстанның Даму Банкінде кепіл нысанасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
2. Жасалған офтейк-келісімшартқа сатып алу көлемін азайту және тауардың бағасын төмендету бойынша біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарт бойынша тапсырыс беруші өнім беруші осындай шартта белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындаған жағдайда, осындай шартта көзделген көлемдерде тауарларды қабылдауды және олардың ақысын:
шарт қолданылатын бірінші жылда - жүз пайыз мөлшерінде;
шарт қолданылатын екінші және одан кейінгі жылдарда кемінде елу пайыз мөлшерінде төлеуді қамтамасыз етуге міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген міндеттемелер тиісті күнтізбелік жылға арналған шартта көзделген тауарды беру көлемін негізге ала отырып есептеледі.
3. Офтейк-келісімшарттың қолданылу мерзімі шартта айқындалады.
4. Тапсырыс берушінің өндірілген тауардың ескерілген көлемін сатып алудан өнім берушінің кінәсі болмай бас тартуы мөлшері өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларына сәйкес айқындалатын тұрақсыздық айыбын көздейді.
5. Офтейк-келісімшарттарда тауарлардың егжей-тегжейлі техникалық сипаттамалары, физикалық және (немесе) химиялық қасиеттері, жиынтықталуы, шарт қолданылатын бүкіл мерзімге беру көлемдері, тауарды бірмәнді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін басқа да ақпарат көрсетіле отырып, олардың нақты атаулары, сондай-ақ елішілік құндылықтың ең төмен деңгейі бойынша талаптар, елішілік құндылықтың көрсеткішін арттыру бағдарламасын әзірлеу жөніндегі міндеттемелер көрсетіледі.
2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Офтейк-келісімшарттар, оларды орындаушылар, мерзімдері және өңдеу өнеркәсібінің өндірілетін тауарлары туралы мәліметтерді өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган офтейк-келісімшарттар тізіліміне енгізеді.
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 48-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
48-1-бап. Кепілдендірілген сатып алу шарттары
1. Кепілдендірілген сатып алу шарттары бойынша өңдеу өнеркəсібі кəсіпорны тауарлардың кепілдік берілген көлемін жасалған кепілдендірілген сатып алу шартының талаптарына сəйкес ұзақ мерзімді негізде беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Жасалған кепілдендірілген сатып алу шарттары қаржы ұйымдарында, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерде жəне Қазақстанның Даму Банкінде кепіл нысанасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
2. Жасалған кепілдендірілген сатып алу шартына өзгерістер енгізу ірі тапсырыс берушінің жəне өңдеу өнеркəсібі кəсіпорнының келісуі бойынша жүзеге асырылады.
3. Кепілдендірілген сатып алу шартының қолданылу мерзімі шартта айқындалады, бірақ бір жылдан кем болмайды. Кепілдендірілген сатып алу шартының ең ұзақ қолданылу мерзімі он жылдан аспайды.
4. Кепілдендірілген сатып алу шартында: тауарлардың егжей-тегжейлі техникалық сипаттамалары, физикалық жəне (немесе) химиялық қасиеттері, жиынтықталуы көрсетіле отырып, олардың атаулары;
шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне өнім беру көлемі;
шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны жəне тиісінше орындамағаны үшін шарт тараптарының жауапкершілігі;
тараптардың келісуі бойынша өзге де талаптар қамтылуға тиіс.
49-бап. Келісімшарттық сатып алу шарттары
1. Келісімшарттық сатып алу тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу сомасы жылына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз мың еселенген мөлшерінен асқан жағдайда офсеттік саясат қағидаттарымен жүзеге асырылады.
2. Келісімшарттық сатып алуға сәйкес өнім беруші тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беруден бөлек, шартта көзделетін қосымша талаптарды, оның ішінде бірлескен өндірісті құру арқылы орындауға міндеттенеді, олар мыналар сияқты сатып алынатын өнімнің түріне байланысты болады:
1) тікелей инвестициялар (оның ішінде өнім берушіге тікелей байланысты емес инвестициялық жобаларға салымдар);
2) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға инвестициялар;
3) өндірістерді құру;
4) мамандандырылған оқу орталықтарын салу, Қазақстан Республикасы үшін әртүрлі бағыттағы мамандарды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын іске асыру;
5) сатып алынатын тауарға қызмет көрсету жөніндегі инфрақұрылымды дамыту;
6) елге технологиялар трансфертін қамтамасыз ететін техникалық құжаттаманы, лицензияларды және өзге де құжаттарды беру;
7) өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларына сәйкес өзге де талаптар.
Жоғарыда көрсетілген талаптар жеке-жеке де, үйлесімде де қолданылуы мүмкін, ақшалай мәнде шарт сомасының кемінде бес пайызын құрауға тиіс.
3. Өнім берушінің осы баптың 2-тармағында көзделген өз міндеттемелерін орындамауы шартқа сәйкес тұрақсыздық айыбын өндіріп алуға және басқа да құқықтық салдарға алып келеді.
50-бап. Өнеркәсіптік өнімнің реттелетін сатып алуы
1. Өнеркәсіптік өнімнің сатып алуын реттеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, ақпараттандыру туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Өнеркәсіптік өнімнің реттелетін сатып алуы Қазақстан Республикасы ұлттық стандарттарының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс.
51-бап 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
51-бап. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқоры
1. Ұлттық экономиканың өзіне жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді.
2. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқоры өнеркәсіптік өнімді сатып алуда пайдалану үшін қазақстандық болып табылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер мен берушілердің тізбесін көздейді.
3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқоры тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.
4. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқорын жүргізу мыналарды көздейді:
1) дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқорында өтеусіз тіркеу;
2) елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтының интернет-ресурсында отандық тауар өндірушілер және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер туралы ақпарат орналастыру.
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 51-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
51-1-бап. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін қалыптастыру тəртібі
1. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін (бұдан əрі - тізілім) қалыптастыру қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларына сəйкес жүзеге асырылады жəне мынадай кезеңдерден тұрады:
1) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинеті арқылы өтінім беру;
2) цифрлық верификация;
3) өндірісті бағалау;
4) өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органның тізілімге енгізу не енгізбеу туралы шешім қабылдауы.
2. Өтінім беру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасына сəйкес ақпаратты жинауға жəне өңдеуге келісім;
2) өндірісті бағалау жəне мониторингті жүзеге асыру үшін өндірістік объектіге қолжетімділік беруге келісім;
3) өндірістік объектіде бейнебақылау жүйесін орнату жөніндегі міндеттемелерді қабылдауға, мониторингті жүзеге асыру үшін өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органға бейнеақпаратты қарауға қашықтан қолжетімділік беруге келісім;
4) тауар өндірудің мəлімделген технологиялық процесін көрсететін (растайтын) бейнематериалды қоса алғанда, өндірістің мəлімделген шарттарының, өндірістік жəне технологиялық операциялардың орындалғанын растайтын мəліметтер ұсынылады.
3. Өтінім берілгеннен кейін өндірістік қызметті растайтын қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларында айқындалған өлшемшарттар бойынша цифрлық верификация жүзеге асырылады.
Тізілімге енгізу үшін қажетті мəліметтерді «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі қалыптастырады.
Цифрлық верификация нəтижелері өтінім берушіге «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Цифрлық верификация нəтижесі теріс болған жағдайда шешімде негіздемелері бар уəжді жауап қамтылуға тиіс.
4. Өндірісті бағалау кезінде өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган салалық мемлекеттік органдарды, салалық қауымдастықтарды (одақтарды) тарта отырып, өндірістің мəлімделген шарттарының, өндірістік жəне технологиялық операциялардың орындалуын тексеруді, тауар өндірудің мəлімделген технологиялық процесін көрсететін (растайтын) бейнематериалды қоса алғанда, өндірістің мəлімделген шарттарының, өндірістік жəне технологиялық операциялардың орындалғанын растайтын мəліметтер негізінде жүзеге асырады.
Бұл ретте өтінім беруші мəлімдеген өндірістік жəне технологиялық операциялар өндірістік жəне технологиялық операциялардың ең төмен шегіне сай келуге тиіс.
5. Осы баптың 2-тармағына сəйкес өтінім беруші мəлімдеген мəліметтер негізінде өндірісті бағалау мүмкін болмаған кезде өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган салалық мемлекеттік органдарды, салалық қауымдастықтарды (одақтарды) тарта отырып, көшпелі инспекцияны жүзеге асырады.
Салалық қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдерін көшпелі инспекцияға қатысуға тарту ерікті сипатта болады жəне өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Көшпелі инспекцияның қорытындысы бойынша өндірісті бағалау актісі жасалады.
6. Өндірісті бағалау нəтижесі оң болған кезде өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган өтінім берушіні тізілімге енгізеді.
Өндірісті бағалау нəтижесі теріс болған кезде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне негіздемелері бар уəжді жауап автоматты түрде жіберіледі.
Кəсіпкерлік субъектісі анықталған сəйкессіздіктерді жойғаннан кейін тізілімге енгізу үшін өтінімді қайта беруге құқылы.
7. Өтінім беруші өтінімде көрсетілген, берілген мəліметтердің анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
8. Қазақстандық тауар өндіруші, тауар жəне елішілік құндылық үлесі туралы мəліметтерді көрсете отырып, өзі өндіретін тауар туралы мəліметтер қамтылуға тиіс тізілімнен үзінді-көшірме қазақстандық тауар өндірушінің тізілімде болуын растау болып табылады.
9. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларды өндіретін қазақстандық тауар өндірушілерді тізілімге енгізу кезінде өндірісті бағалау талап етілмейді.
10. Осы баптың талаптары бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілерге қолданылмайды жəне осы Заңның 51-2-бабымен регламенттеледі.
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 51-2-баппен толықтырылды (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
51-2-бап. Бағдарламалық қамтылымды өндірушілерді тізілімге енгізу жəне одан шығару тəртібі
1. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сенімді бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркəсіп өнімдерінің тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтылым Қазақстанда шығарылған тауарларға теңестіріледі.
2. Тізілімге енгізу үшін бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушіні растау тəртібін ақпараттандыру саласындағы уəкілетті орган айқындайды.
3. Ақпараттандыру саласындағы уəкілетті орган тоқсан сайын тізілімдегі бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілерге мониторинг жүргізеді жəне оның нəтижелері туралы өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті органды хабардар етеді.
4. Бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілерді тізілімге енгізуді жəне одан шығаруды ақпараттандыру саласындағы уəкілетті органның хабарламасы негізінде өнеркəсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уəкілетті орган жүзеге асырады.
5. Бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілер тізілімнен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде хабарламаға ақпараттандыру саласындағы уəкілетті органға шағым жасауға құқылы.
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 51-3-баппен толықтырылды (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
51-3-бап. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар
1. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар: