2. Тауарды өңдеп жасау деңгейі өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін басым тауарлар тізбесіне енгізу үшін тауарды өңдеп жасау деңгейін бағалау әдістемесіне сәйкес айқындалады, ол мынадай өлшемшарттарды көздейді:
өндірілетін тауардың технологиялық күрделілігі;
экспорттық әлеует;
ішкі нарықта тұтыну әлеуеті.
3. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнім өндіруге бағдарланған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне ғана ұсынылады.
4. Өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында басым тауарлар тізбесіне сәйкес инвестицияларды тарту бойынша жұмыс жүргізіледі.
27-бап. Қарсы міндеттемелер
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде тараптар арасындағы келісімде мемлекеттің - өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну жөніндегі, ал алушының қарсы міндеттемелерді орындау жөніндегі міндеттемелері көзделеді.
2. Қарсы міндеттемелерді қолдану заңдылық, транспаренттілік, теңдік, адалдық және мемлекет пен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өзара жауапкершілігі және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу негізінде жүзеге асырылады.
3. Қарсы міндеттемелер өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың алынатын шарасының түрі мен көлемі ескеріле отырып, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезіндегі қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларға сәйкес айқындалады және мынадай бағыттар бойынша жиынтығында немесе жеке-жеке қолданылады:
еңбек өнімділігін арттыру;
экспортқа бағдарланған тауарлар өндірісін ұлғайту;
ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету.
4. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері қарсы міндеттемелерді орындамаған жағдайда, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде олар алған ақша өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезіндегі қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларға сәйкес қарсы міндеттемелерді орындаудың қол жеткізілген деңгейі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі ескеріле отырып қайтарылуға жатады.
28-бап. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім
1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі арасында жасалатын, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары кешенінің түрлері мен ұсыну шарттарын және өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі қабылдайтын қарсы міндеттемелерді көрсететін шарт бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім болып табылады.
2. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімді жасасу және бұзу тәртібі, шарттары, сондай-ақ өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының кешенін қабылдау шарттары бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді жасасу және бұзу қағидаларында белгіленеді.
3. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы жасалған келісімнің орындалу мониторингін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
4. Бұрын бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім жасалған және, қарсы міндеттемелерді орындамау өзіне байланысты емес мән-жайлар болған жағдайларды қоспағанда, мұндай орындамауға жол берген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісімен осындай келісім жасасуға жол берілмейді.
29-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларына мыналар жатады:
1) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру;
2) қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілгерліктерді ұсыну;
3) қаржы институттары арқылы кредит беру;
4) қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау;
5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру;
6) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
29-баптың 7) тармақшасының қолданысы 2023 ж. 29 маусымға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 68-баптың 1) тармақшасының редакциясында қолданылды
7) жер учаскелерін беру;
8) ішкі нарықта ынталандыру;
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларының жəне көрсетілетін қызметтерінің экспортын дамыту және ілгерілету, оларды өткізуге жәрдем көрсету;
10) еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру;
11) аумақтық кластерлерді дамытуды ынталандыру;
12) берешекті қайта құрылымдау;
13) өнеркәсіптік гранттар беру;
14) осы Заңға сәйкес өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де шаралар.
30-бап. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге қаржыландыруды, лизингтік қаржыландыруды Қазақстанның Даму Банкі, сондай-ақ өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын басқа да ұлттық даму институттары жүзеге асырады.
2. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру басым тауарлар тізбесіне сәйкес жаңа өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға, оның ішінде өнеркәсіптің цифрлық трансформациясына, Индустрия 4.0 мен цифрлық технологияларды енгізуге) және кеңейтуге бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды жасау үшін жүзеге асырылады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, мемлекеттік бюджеттен берілетін қаражат шеңберінде қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру шарттары мен тетіктерін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
31-бап. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілгерліктерді ұсыну
1. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілгерліктерді ұсынуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне берілетін екінші деңгейдегі банктердің қарыздары бойынша жүзеге асырады.
2. Қаржы агентінің қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілгерліктерді ұсыну шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
32-бап. Қаржы институттары арқылы кредит беру
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агентінің қаржы институттарында қаражатты шартты түрде орналастыруы арқылы жүзеге асырылады.
2. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру олар өздерінің жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкін, оның ішінде ақшасын ұсыну арқылы қатысқан жағдайда жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және (немесе) тоқтап тұрған өндірістерді қаржылық-экономикалық сауықтыру, олардың инвестициялық тартымдылығын жақсарту және (немесе) қалпына келтіру үшін жүзеге асырылады.
3. Қаржы институттары арқылы кредит беру шарттарымен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
33-бап. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің қаржы институттары беретін кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау олар меншікті жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкін, оның ішінде ақшасын ұсыну арқылы қатысқан жағдайда жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және (немесе) тоқтап тұрған өндірістерді қаржылық-экономикалық сауықтыру, олардың инвестициялық тартымдылығын жақсарту және (немесе) қалпына келтіру үшін жүзеге асырылады.
Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны айналым қаражатын толықтыруға субсидиялау жүзеге асырылмайды.
2. Қаржы институттары өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері эмиссиялайтын облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті жүзеге асырады.
3. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
34-бап. Жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына инвестицияларды өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруды жүзеге асыратын ұлттық даму институттары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабында көзделген талаптар сақталған және өнеркәсіптік-инновациялық жоба мынадай:
1) еңбек өнімділігін арттыру және экономиканың басым секторларының дамуын ынталандыруды қамтамасыз ету;
2) мәндері өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруды жүзеге асыратын ұлттық даму институттарының инвестициялық саясатын регламенттейтін ішкі құжаттарда айқындалатын болжамдық экономикалық және қаржылық параметрлер бойынша тартымдылық;
3) технологиялық әлеуетті ұлғайтуға бағытталу, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және оларды өндіру көлемін өсіру, шикізат пен материалдарды қайта өңдеуді тереңдету, жоғары технологиялық өнім шығару шарттарына сәйкес келген кезде жүзеге асырады.
2. Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруды жүзеге асыратын ұлттық даму институттарының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының инвестициялық қызметінің нәтижелері барлық өнеркәсіптік-инновациялық жобалар бөлінісінде инвестициялық кіріс негізінде айқындалады.
3. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін ынталандыру саласындағы ұлттық даму институты өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына инвестицияларды:
1) өнеркәсіптік-инновациялық жобалар капиталды көп қажет еткен және (немесе) олардың өзін-өзі ақтау мерзімдері ұзақ және (немесе) рентабельділігі төмен болған;
2) экономиканың басым секторларындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобалар әлеуметтік маңызды болған жағдайларда жүзеге асыра алады.
35-бап. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мыналар үшін жүзеге асырылады:
1) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру;
2) жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және кеңейту.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес келетін өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады.
3. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
36-баптың қолданысы 2023 ж. 29 маусымға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап 68-баптың 2) тармақшасының редакциясында қолданылды
36-бап. Жер учаскелерін беру
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскелерін бөлу арқылы жүзеге асырылады.
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37-бап. Ішкі нарықта ынталандыру
1. Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
2. Елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институты өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
Қаржы жылының соңына есепте болатын ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, келесі қаржы жылында Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге жұмсалады.
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 38-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38-бап. Өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларының жəне көрсетілетін қызметтерінің экспортын дамыту мен ілгерілету, оларды өткізуге жәрдем көрсету
2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, мыналар арқылы жүзеге асырады:
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;
2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын жəне көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардың берілетін кредиттер және жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауы;
3) экспорттық саудалық қаржыландыру, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәмілелерді кредиттеу және сақтандыру, қайта сақтандыру және кепілдік беру тетіктерін пайдалану.
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын жəне көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардың берілетін кредиттер және жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті жүзеге асырады.
39-бап. Еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып жүзеге асырады.
2. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну мынадай шығындар бойынша жүзеге асырылады:
1) жұмыскерлердің құзыретін арттыру;
2) цифрлық технологияларды ендіру;
3) технологиялық процестерді жетілдіру;
4) өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру.
3. Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
40-бап. Аумақтық кластерлерді дамытуды ынталандыру
1. Аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып жүзеге асырады.
Аумақтық кластерлерді мемлекеттік ынталандыру аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша және (немесе) аумақтық кластерлердің тізіліміне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кластерлік ұйымның жұмыс істеуін қолдау үшін және аумақтық кластерлердің жобаларын іске асыруға шығындарды өтеу және (немесе) шығындарды қаржыландыру және (немесе) қоса қаржыландыру және аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың өзге де шаралары арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, аумақтық кластердің дамуын әдістемелік, ұйымдастырушылық, сараптамалық-талдамалық және ақпараттық қолдап отыруды жүзеге асыратын кластерлік ұйым аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу және іске асыруды қолдап отыру, аумақтық кластерге қатысушылар, сондай-ақ білім және ғылым мекемелерін, қаржы ұйымдарын және мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды, даму институттарын және мемлекеттік органдарды қоса алғанда, мүдделі ұйымдар арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі қызметті қамтамасыз етеді.
3. Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
41-бап. Берешекті қайта құрылымдау
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру мақсатында үшінші тұлғалардан қосымша қаржыландыруды тартқан және (немесе) меншікті жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүлкі, оның ішінде ақшасы түріндегі тиісінше қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда берешекті қайта құрылымдау оларды қаржылық-экономикалық сауықтыру, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және (немесе) тоқтап тұрған өндірістердің инвестициялық тартымдылығын жақсарту және (немесе) қалпына келтіру, өндірістерді іске қосу үшін пайдаланылатын құралдардың спектрін кеңейту мақсатында жүзеге асырылады.
2. Берешекті қайта құрылымдау төлемдер кестесін өзгерту, құқықтарды (талаптарды) толық немесе ішінара тоқтату, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды), сыйақыны, оның ішінде негізгі борышқа капиталдандырылған сыйақыны, инвестициялық өсімді, негізгі борышты және өзге де дебиторлық берешекті кешіру, инвестициялау және (немесе) кредит беру, және (немесе) қаржыландыру мерзімдері мен шарттарын өзгерту, берешекті жарғылық капиталдарға айырбастау және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер арқылы мүмкін болады.
42-бап. Өнеркәсіптік гранттар беру
1. Өнеркәсіптік грант деп өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне олардың өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін және қарсы міндеттемелер орындалған жағдайда қайтарымсыз болып табылатын бюджет қаражаты түсініледі. Өнеркәсіптік гранттар беруді өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып жүзеге асырады.
2. Өнеркәсіптік гранттар өңдеу өнеркәсібінің жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне басым тауарлар тізбесіне енгізілген бәсекеге қабілетті өнім жасауға бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін қарсы міндеттемелердің шарттарымен қоса қаржыландыру арқылы беріледі.
3. Өнеркәсіптік гранттар беру кезінде алынған өтінімдерге өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларына сәйкес сараптама жүргізіледі.
Өнеркәсіптік гранттар беру өлшемшарттары өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларында белгіленеді.
4. Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты гранттар берілген өнеркәсіптік-инновациялық жобалар бойынша жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуді талдау мақсатында берілген өнеркәсіптік гранттардың мониторингін жүзеге асырады.
5. Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде өнеркәсіптік гранттар беруге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
Қаржы жылының соңына есепте болатын ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, келесі қаржы жылында өнеркәсіптік гранттар беруге жұмсалады.
3-тарау. ӨТКІЗУ НАРЫҚТАРЫНА ІЛГЕРІЛЕТУ
43-бап. Өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын сыртқы нарықтарға ілгерілету
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен шет елдердегі мекемелер өз құзыреті шегінде өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін шетелде қорғауды жүзеге асырады, оның ішінде сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілетуге жәрдем көрсетеді.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын жəне көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін сервистік қолдауды сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, мыналар арқылы жүзеге асырады: