«36) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 36-1), 36-2), 38-1) тармақшалармен және 39) тармақшадағы «ұйымдастыру жатады.» деген сөздер «ұйымдастыру;» деген сөзбен ауыстырылып, 40), 41), 42) және 43) тармақшалармен толықтырылсын:
«36-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
36-2) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«38-1) автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтер көрсету құнын айқындау, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жол активтерін басқару әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;
40) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын және ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
41) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
42) жол дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
43) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жатады.»;
21-тармақтың 5) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
5) 13-баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру;
5-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстары мен қызметтер көрсетуін қаржыландыру;»;
6) 19-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері
Автомобиль жолдары, жол-құрылыс материалдары, автомобиль жолдарын жобалау, салу (реконструкциялау, жөндеу) мен пайдалану процестері техникалық реттеу және стандарттау объектілері болып табылады.»;
7) 19-4-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпараттық нұсқағыштар мен белгілер жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс.».
22. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 34-31) тармақшамен толықтырылсын:
«34-31) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;»;
2) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұлттық инфрақұрылым операторы Техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу, денсаулық сақтау саласындағы, стандарттау саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін жылжымалы құрамды магистральдық теміржол желісіне жібермеуге міндетті.
Тасымалдаушы пайдаланылатын жылжымалы құрамның Техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу, денсаулық сақтау саласындағы, стандарттау саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті.»;
3) 31-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Теміржол көлігінің инфрақұрылым объектілерін, құрылысжайларын жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, пайдалану, тасу, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату процестері Техникалық пайдалану қағидаларына, техникалық регламенттерге, стандарттау жөніндегі құжаттарға, пайдалану құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.»;
4) 88-4-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өз құзыреті шегінде тексерулердің нәтижелері бойынша актілер жасауға және Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасының, теміржол көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын стандарттау жөніндегі құжаттардың және нормалардың анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқама енгізуге;».
23. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 4-баптың 3-тармағында:
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«40) өз құзыреті шегінде тексерулердің нәтижелері бойынша актілер жасау және Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының, су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын стандарттау жөніндегі құжаттардың және нормалардың анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгізу;»;
мынадай мазмұндағы 40-1) тармақшамен толықтырылсын:
«40-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;»;
2) 8-1-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілері:».
24. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;».
25. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;»;
2) 9-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «заңдарына» деген сөз «өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «және қадағалау» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шет мемлекет берген, топографиялық-геодезиялық және картографиялық мақсаттағы өлшем құралының типін бекіту (метрологиялық аттестаттау) туралы сертификат Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес танылған жағдайда, ол Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледі.».
26. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат):
8-бап мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;».
27. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 1-бапта:
12) тармақша алып тасталсын;
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«31) тұқым сараптамасы - тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларының тұқым шаруашылығы саласындағы техникалық регламенттердің және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкестігін анықтау жөніндегі іс-шаралар кешені;»;
2) 6-баптың 1-тармағының 12) және 13-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«12) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарайды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізеді;»;
«13-1) табиғи-климаттық жағдайлар бойынша қолайсыз жылдарда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері негізінде тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де құжаттарда белгіленген тұқым сапасының көрсеткіштерін бір жылдан аспайтын мерзімге төмендетуді келіседі;»;
3) 9-баптың 3-тармағында:
2) тармақшаның бірінші абзацындағы «стандарттарды» деген сөз «стандарттау жөніндегі құжаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тұқым шаруашылығы субъектілерінің тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, стандарттау жөніндегі құжаттарды және өзге де нормативтік құжаттарды сақтауын бақылауды қамтиды.»;
4) 13-баптың 2-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 13-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де құжаттарда белгіленген көрсеткіштерге қарағанда сапа көрсеткіштері төмендетілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өткізуге және егу (отырғызу) үшін пайдалануға жол беріледі.»;
5) 19-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасына әкелінетін және Қазақстан Республикасынан әкетілетін тұқым партияларымен олардың сұрыптық және егістік сапаларын куәландыратын құжаттар бірге жүруге және ол тұқым шаруашылығы саласындағы техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.»;
6) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сұрыптық сапаларын анықтау нормативтік құқықтық актілерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес егістерді байқаудан өткізу, жерге егіп бағалау және зертханалық сұрыптық сынақтар арқылы жүргізіледі және аттестатталған тұқым өндірушілер үшін міндетті болып табылады.».
28. «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат):
1) 1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) темекі өнімдерінің өндірісі - стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес келетін темекі өнімдерін дайындауды қамтамасыз ететін технологиялық процестер жиынтығы;»;
2) 6-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетін жабдықта;».
29-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
29. 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат):
1) 22-1-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары және (немесе) осы бағалы қағаздар базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздар «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында бір мезгілде шығарылған және (немесе) орналастырылған жағдайда, шығарылатын және орналастырылатын осы эмиссиялық бағалы қағаздардың және (немесе) шығарылатын және орналастырылатын осы туынды бағалы қағаздардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында сатып алуға ұсынылатын кезде ғана осы баптың 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарының ережелері қолданылмайды.»;
2) 57-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар орталық дипозитарий, кастодиан және брокер және (немесе) дилер, «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйым және мемлекетке тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды жүзеге асыру бөлігінде бірыңғай оператор нақтылы ұстау қызметтерін көрсетуге құқылы.»;
3) 59-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы «кастодиандарды қоспағанда, басқа нақтылы ұстаушыға өзіне нақтылы ұстауға берілген бағалы қағаздарға қатысты нақтылы ұстау қызметін көрсетуге құқығы жоқ.» деген сөздер «кастодиандарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйымды қоспағанда, басқа нақтылы ұстаушыға өзіне нақтылы ұстауға берілген бағалы қағаздарға қатысты нақтылы ұстау қызметін көрсетуге құқығы жоқ.»;
4) 78-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйым;».
30. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100, 101-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат, № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, стандарттау, Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады.»;
2) 13-бап мынадай мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын:
«17-2) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарайды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізеді;»;
3) 19-12-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автомобиль көлігі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілері:».
31. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
32-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қауіпсіздік талаптарына сай келетін және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы мен стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келетін тиісті сападағы тауарлар Қазақстан Республикасының ішкі нарығында айналымға жатады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі «мәліметтер» деген сөзден кейін «мынадай ақпаратпен расталады» деген сөздермен толықтырылып, 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) стандарттау жөніндегі құжаттың көрсетілуі;
8) стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес өзге де мәліметтер.».
32. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 2-баптың 46) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«46) радиобақылау - радиосәуле таратуды техникалық бақылауды орындау, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларға инспекция жасау, радиобөгеуіл көздерінің әсерін, радиожиіліктерді пайдалану тәртібінің, стандарттау жөніндегі құжаттардың және радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың сәуле тарату өлшемдеріне арналған нормалардың бұзушылықтарын анықтау және олардың жолын кесу арқылы бөгеуілдері жол берілетін деңгейдегі радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың пайдаланылуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;»;