Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жатады.»;
8) мынадай мазмұндағы 11-2 және 11-3-баптармен толықтырылсын:
«11-2-бап. Стандартты үлгілер
1. Стандартты үлгілер Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерінің мәндерінде көрсетілген заттар (материалдар) құрамының немесе қасиеттерінің сипаттамаларын жаңғыртуға, сақтауға және беруге арналады.
Стандартты үлгілер өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу, градуирлеу, өлшемдерді орындау әдістемелерін бағалау, шығарылатын өнімнің сапасын бақылау үшін қолданылады.
2. Осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын стандартты үлгілер типін бекітуге және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жатады.
11-3-бап. Өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелері
1. Өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелері шама бірліктері эталондарының және өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларының шынайы мәндерін белгілеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін пайдаланылады.
2. Өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеуді орындайтын заңды тұлғалар, жасаушылар және (немесе) олардың иелері әзірлейді және бекітеді.»;
9) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Өлшемдерді орындау әдістемелері
Өлшемдерді орындау әдістемелері осы Заңның 8-бабына сәйкес әзірленеді және олардың параметрлерін белгіленген дәлдікпен бағалау мақсатында, сондай-ақ есепке алу операцияларын жүргізу үшін зерттеу объектілерін сынау кезінде қолданылады.
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын өлшемдерді орындау әдістемелері өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жатады.»;
10) 3-тарау алып тасталсын;
11) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Өлшем құралдарының типін бекіту, оларды метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру, калибрлеу және метрологиялық сараптама»;
12) 17-бапта:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары айналымға шығарылу алдында типін бекітуге жатады.
Уәкілетті орган өлшем құралдарының типін бекіту туралы шешімді өлшем құралдарының типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтардың оң нәтижелері негізінде қабылдайды және ол өлшем құралдарының типін бекіту туралы белгіленген үлгідегі сертификатпен куәландырылады, оның қолданылу мерзімі берілген кезде белгіленеді.
2. Айналымға санаулы данада шығарылатын, осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары үшін метрологиялық аттестаттау жүргізуге рұқсат етіледі.
Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы шешім өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы белгіленген үлгідегі сертификатпен куәландырылады, оның қолданылу мерзімі берілген кезде белгіленеді.
3. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынақтарды және метрологиялық аттестаттауды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық, оның ішінде үшінші елдердің сынақ зертханаларының материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып жүргізеді.
Өлшем құралдарының бекітілген типі және метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізіледі.»;
4-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін пайдаланудағы және сақтауда тұрған өлшем құралдары осы Заңның 19-бабының талаптары сақтала отырып, толық физикалық тозғанға дейін қолданылады.»;
13) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеу
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу құқығына аккредиттеу, өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аккредиттеу және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау міндетті болып табылады.
Өлшем құралдарын калибрлеу құқығына аккредиттеу ерікті болып табылады.»;
14) 19-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары айналымға шығарылу алдында олардың типі бекітілгеннен кейін немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін, жөндеуден кейін пайдаланылу кезеңінде салыстырылып тексеріледі.
2. Аккредиттеу субъектілері қолданатын шама бірліктерінің эталондары мен өлшем құралдары салыстырып тексеруге жатпайды.»;
3-тармақ алып тасталсын;
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді аккредиттелген заңды тұлғалардың аккредиттелген салыстырып тексерушілері өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес жүзеге асырады. Салыстырып тексерушілерді аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
6. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудің оң нәтижелері өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінде белгіленген талаптарға сәйкес салыстырып тексеру таңбасының бедерімен және салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.
7. Физикалық шамалардың өзгерістерін олардың мәндерін нормаланған дәлдікпен шамалар бірліктерінде бағалаусыз байқау үшін қолданылатын өлшем құралдары салыстырып тексеруге жатпайды.
Мұндай техникалық құралдардың жарамдылығын бақылауды оларды пайдаланушылар жүзеге асырады.»;
15) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеу
Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына және шама бірліктерінің эталондарына калибрлеу жүргізіледі.
Типі бекітуге және салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдарына ерікті түрде калибрлеу жүргізілуі мүмкін.
Өлшем құралдарын калибрлеу осы өлшем құралдарын жасаушы, иесі немесе пайдаланушы айқындайтын тәртіппен орындалады.
Шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелері өлшем құралына басылатын калибрлеу белгісімен және (немесе) калибрлеу туралы сертификатпен куәландырылады. Калибрлеу туралы сертификатта өлшемдердің метрологиялық сипаттамаларының шынайы мәндері, метрологиялық бақылап тексерілуі, өлшем белгісіздігі және белгілі бір метрологиялық сипаттамаларға сәйкестігі туралы мәлімдеме көрсетіледі.»;
16) 5-тарау мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
«20-1-бап. Метрологиялық сараптама
1. Өлшемдерге, өлшем құралдарына, оның ішінде нормативтік құқықтық актілердің, техникалық регламенттердің, мемлекетаралық және ұлттық стандарттардың жобаларындағы стандартты үлгілерге қойылатын талаптар мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық жүргізетін міндетті метрологиялық сараптамаға жатады.
2. Өлшемдерге, өлшем құралдарына, оның ішінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі және техникалық регламенттердегі стандартты үлгілерге қойылатын талаптар мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық жүргізетін міндетті метрологиялық сараптамаға жатады.»;
17) 21, 22, 23 және 24-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың мақсаты
Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік метрологиялық бақылауды Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында жүзеге асырады.
22-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері
1. Мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері мыналар болып табылады:
1) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
2) аккредиттеу субъектілерінің шама бірліктерінің эталондары мен өлшем құралдары;
3) өлшем құралдары;
4) стандартты үлгілер;
5) нормативтік құқықтық актілер, техникалық регламенттер;
6) өлшемдерді орындау әдістемелері.
2. Мемлекеттік метрологиялық бақылау осы баптың 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын объектілерге қолданылады.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген объектілерді мемлекеттік метрологиялық бақылау «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.
23-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау саласы
Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді мемлекеттік метрологиялық бақылау:
1) азаматтардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыру;
3) мемлекеттік есепке алу операциялары, сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнім беруші, өндіруші, орындаушы) арасындағы, оның ішінде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметтерін көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар;
4) еңбек және көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;
5) қару-жарақ, әскери техника өндірісі;
6) өлшем құралдарын салыстырып тексеру кезінде нәтижелері пайдаланылатын өлшемдерге қолданылады.
24-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау
1. Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді мемлекеттік метрологиялық бақылау мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген метрологиялық талаптардың нақты орындалуын айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
2. Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді мемлекеттік метрологиялық бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
18) 25, 26 және 27-баптар алып тасталсын;
19) 28-баптың 3-тармағында:
1) тармақшадағы «тексеруге тапсырмасын (жолдамасын)» деген сөздер «тексеру тағайындау туралы актіні» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «пайдалануға беруге,» деген сөздер алып тасталсын;
5-1) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану дұрыстығына тексеру жүргізуге;
6) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының бұзушылықтарын жою, қолдануға жарамсыз өлшем құралдарын және стандартты үлгілерді пайдаланудан алып тастау туралы орындалуы міндетті нұсқамалар беруге;»;
7) тармақша алып тасталсын;
20) 31-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджет қаражаты есебінен:
1) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуы және мүшелік жарналар төлеу;
2) Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын, мемлекеттік меншіктегі шама бірліктерінің эталондарын жасауға және күтіп-ұстауға арналған шығыстар;
3) нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге және олардың жобаларына міндетті метрологиялық сараптама жүргізуге арналған шығыстар қаржыландырылады.».
17-тармақ ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
17. «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 247-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 2-бапта:
екінші абзацтағы «кәсіпкерлік мақсаттар үшін кемінде үш жыл мерзімге» деген сөздер «бір жылдан асатын мерзімге» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы «кәсіпкерлік мақсаттар үшін» деген сөздер алып тасталсын;
2) 3-баптың 2-тармағының 3-1) тармақшасындағы, 15-баптың 1-тармағындағы «кәсіпкерлік мақсаттар үшін» деген сөздер алып тасталсын.
18. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 1-баптың 13-2) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«13-2) астық сапасының паспорты - астық сапасының нақты көрсеткіштерін және олардың стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына және (немесе) келісімшарт талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;»;
«17) астықтың сапасы - астықтың стандарттау жөніндегі құжаттардың, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық қағидалар мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігін анықтайтын тұтыну қасиеттерінің жиынтығы;»;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекет аралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;»;
3) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағындағы астық және оның өмірлік циклінің процестері осы Заңның талаптарына, техникалық регламенттерге, санитариялық және фитосанитариялық қағидалар мен нормаларға және қолданылып жүрген стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес келуге тиіс.»;
4) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кез келген көлік түрімен тасымалдауға жататын астық партиясымен осы көлік түрімен жүк тасу қағидаларына сәйкес оның техникалық регламенттердің және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар бірге жүреді.».
19. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат):
1) 9-баптың 3-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес туристік қызмет аясындағы стандарттау;»;
2) 11-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, туристік қызмет аясындағы стандарттау саласындағы қызметті реттейді;»;
3) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Туристік қызмет аясындағы стандарттау
Туристік қызмет аясындағы стандарттау Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
20. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 20-бап мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;»;
2) 27-1-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«27-1-бап. Техникалық реттеу және стандарттау объектілері
Ғимараттар, құрылысжайлар, оларды жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, кеңейту, күрделі жөндеу және пайдалану процестері, сондай-ақ құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы техникалық реттеу және стандарттау объектілері болып табылады.»;
3) 28-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, өнеркәсіп саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды;»;
4) 31-баптың 2-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құрылыс өнімін сертификаттау бөлігінде - техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органды;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) құрылыс өнімін стандарттау бөлігінде - стандарттау саласындағы уәкілетті органды;»;
5) 31-1-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы «құрылыс материалдарының (бұйымдарының, конструкцияларының)» деген сөздер «құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкцияларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 70-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құрылыс өніміне арналған техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтау;».
21. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 14, 49-құжат):
21-тармақтың 1) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3), 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) жол активтері - нақты көліктік-пайдалану жай-күйі мен құн бағасы ескерілген автомобиль жолдары мен ондағы құрылысжайлар;
13-2) жол активтерін басқару - автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп-ұстауға бюджет шығыстарын тиімді жоспарлауға бағытталған, жол активтерінің диагностикасы және аспаптық зерттеп-қарау, сондай-ақ жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі жөніндегі қызмет;
13-3) Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы - автомобиль жолдарын, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, жол активтерін басқару, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру жөніндегі функциялар, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу, жаңа технологияларды енгізу және тәжірибелік учаскелерді қолдау жөніндегі функциялар жүктелген, автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарамағындағы заңды тұлға;»;
«15-1) жол дерекқоры - автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның автомобиль жолдарын пайдаланушылар үшін ашық, автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану жай-күйі туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйесі;
15-2) жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қолданыстағы жол инфрақұрылымының қауіпсіз жұмыс істеуін, оларды ұстап-тұру және жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) жол қызметі - автомобиль жолдары мен олардағы құрылысжайларды жобалау, салу, реконструкциялау мен жөндеу, күтіп-ұстау және пайдалану, жол активтерін басқару, сондай-ақ ақылы жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі қызмет;»;
22) тармақша алып тасталсын;
2) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жол қызметі мен жол сервисі объектілерін қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының бойындағы белдеуде ғимараттар мен құрылысжайлар салуға тыйым салынады. Жол сервисі объектілерін салу ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
21-тармақтың 3) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
3) 11-баптың 8-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-2) Ұлттық операторды және Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығын құру;»;
21-тармақтың 4) тармақшасының бірінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
4) 12-баптың 2-тармағында:
7) тармақшадағы «ұлттық стандарттардың жобаларын» деген сөздер «ұлттық стандарттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
«7-2) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;»;
21-тармақтың 4) тармақшасының бесінші - тоғызыншы абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
14-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14-1) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру;»;
мынадай мазмұндағы 14-2) тармақшамен толықтырылсын:
«14-2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының жұмыстары мен қызметтер көрсетуін қаржыландыру;»;
15), 25), 31) және 36) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«15) жобалау саласында қабылданған нормалар мен ұлттық стандарттардың, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде талап етілетін сапаның сақталуын қамтамасыз ету;»;
21-тармақтың 4) тармақшасының он бірінші - жиырма бірінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
«25) автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу және жол активтерін басқару кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің сыныптамасын бекіту;»;
«31) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтерін әзірлеу және бекіту;»;