5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.».
13. «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар, № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17, 22-құжаттар; № 14, 54-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
4-баптың 1-тармағының 9-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1) порттардағы көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелестік болмаған кезде порттардың;».
14. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):
7-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) шығыс өлшемдері ұлттық стандарттарда белгіленген шамадан асатын өзін-өзі қорғаудың ұңғысыз атыс қаруының, электрошок құрылғыларының және ұшқынды разрядтауыштардың;».
15. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 22-І, 141-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 24, 115-құжат):
1) 8-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау құралдарын сертификаттау және сертификаттар беру тәртібін әзірлейді;»;
2) 12-баптың 8) тармақшасындағы «қару-жарақ пен әскери техника саласындағы стандарттардың» деген сөздер «әскери ұлттық стандарттардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 7, 165-құжат; 2004 ж., № 11-12, 62-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат):
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, оның мақсаттарын, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.»;
2) 1-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік метрологиялық бақылау - уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау жөніндегі қызметі;»;
4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) метрологиялық бақылап тексеру - өлшем нәтижесінің қасиеті, оған сәйкес нәтиже салыстырып тексеру мен калибрлеудің құжатталған үздіксіз тізбегі арқылы шама бірлігінің мемлекеттік эталонымен сәйкестендірілуі мүмкін;»;
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) метрологиялық сараптама - метрологиялық талаптарды, өлшем бірлігімен байланысты қағидалар мен нормаларды қолдану дұрыстығын және толықтығын талдау және бағалау;
5-2) метрологиялық сипаттама (өлшем құралдары) - өлшем нәтижесіне әсер ететін, өлшем құралы қасиеттерінің бірінің сипаттамасы;»;
5-3) метрологиялық талаптар - өлшемдердің, шама бірліктері эталондарының, стандартты үлгілердің, өлшем құралдарының өлшем дәлдігінің нәтижесі мен көрсеткіштеріне әсер ететін сипаттамаларына (өлшемдеріне), сондай-ақ осы сипаттамалар (өлшемдер) қамтамасыз етілуге тиіс жағдайларға қойылатын талаптар;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өлшем - шамаға негізделіп жазылуы мүмкін шаманың бір немесе одан көп сандық мәндерін эксперименттік алу процесі;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) өлшем белгісіздігі - өлшем нәтижесімен байланысты және өлшенетін шамаға негізделіп жазылуы мүмкін мәндердің шашырап кетуін сипаттайтын параметр;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) өлшем бірлігі - өлшемнің жай-күйі, бұл ретте осы өлшемнің нәтижелері қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерінде көрсетіледі, ал өлшем дәлдігінің көрсеткіштері белгіленген шекаралардан шықпайды;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) өлшемдерді орындаудың референттік әдістемесі - сол біртекті шама өлшемдерін орындаудың басқа әдістемелерінің көмегімен алынған өлшенген шама мәндерінің дұрыстығын бағалау үшін қолданылуы мүмкін өлшем нәтижелерін алу үшін, сондай-ақ өлшем құралдарын калибрлеу үшін немесе стандартты үлгілердің сипаттамаларын айқындау үшін пайдаланылатын өлшемдерді орындау әдістемесі;
9-2) өлшем құралдарын калибрлеу әдістемесі - шама бірлігінің эталонына немесе өлшем құралына калибрлеуді жүргізу тәртібін және рәсімін белгілейтін құжат;»;
10) және 11) тармақшалар алып тасталсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау - айналымға санаулы данада шығарылатын өлшем құралдарының Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін белгілеу (растау);»;
мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) өлшем құралдарын салыстырып тексеру - өлшем құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестігін растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы;
12-2) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесі - орындалуы өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларға белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындауға және растауға мүмкіндік беретін операциялар жиынтығының сипаты;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) өлшем құралдарын салыстырып тексеруші - өлшем құралдарын салыстырып тексеруді жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлға;»;
15) тармақша алып тасталсын;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) өлшем құралы - өлшемге арналған және метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) өлшем құралының типін бекіту - уәкілетті органның сынақтардың оң нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бекітілген типтегі өлшем құралын қолдануға рұқсат ету туралы шешімі;»;
17), 18), 20-1) және 21) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
«21-1) стандартты үлгі - өлшем дәлдігінің және метрологиялық бақылап тексерудің белгіленген көрсеткіштері бар, болжанатын мақсатына сәйкес сапалық қасиеттерді өлшеу кезінде немесе бағалау кезінде пайдалану үшін белгілі бір қасиеттерге қатысты жеткілікті біртекті және тұрақты материал (зат);»;
23) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«23) шама бірлігі - бірлікке тең сандық мән шартты түрде берілген тіркелген мөлшердің шамасы және өзімен біртекті шамаларды сандық жағынан білдіру үшін қолданылатын шама;
24) шама бірлігінің мемлекеттік эталоны - шама бірлігінің уәкілетті органның шешімімен танылған және мемлекеттік меншіктегі эталоны;»;
мынадай мазмұндағы 24-1), 26) және 27) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-1) шама бірлігінің мөлшерін беру - өлшем құралымен сақталатын шама мөлшерін осы шама бірлігінің эталонымен немесе дәлдік көрсеткіштері анағұрлым жоғары стандартты үлгімен жаңғыртылатын немесе сақталатын шама бірлігіне келтіру;»;
«26) шама бірлігінің эталонын немесе өлшем құралын калибрлеу - шама бірлігі эталонының немесе өлшем құралының метрологиялық сипаттамаларының шынайы мәндерін айқындау мақсатында осы шама бірлігі эталонының немесе өлшем құралының көмегімен алынған шаманың мәні мен анағұрлым жоғары дәлдіктегі шама бірлігі эталонының көмегімен айқындалған тиісті шама мәні арасындағы арақатынасты белгілейтін операциялар жиынтығы;
27) шама бірліктерінің эталондарын салғастыру - бір дәлдік деңгейіндегі шама бірліктерінің эталондарымен өлшем бірлігін жаңғыртқан және берген кезде өлшем нәтижелері арасындағы арақатынастарды белгілеу.»;
3) 3 және 4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
Осы Заң барлық мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
4-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақсаттары
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының мүдделерін өлшемнің анық емес нәтижелерінен қорғау;
2) іргелі зерттеулер мен ғылыми әзірлемелер кезінде өлшемнің анық нәтижелерін алу;
3) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің халықаралық жүйесіне интеграциялау.»;
4) 5-бап алып тасталсын;
5) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің құрылымы
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің құрылымына:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар;
4) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық;
5) жеке және заңды тұлғалар кіреді.»;
6) мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2, 6-3, 6-4 және 6-5-баптармен толықтырылсын:
«6-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыретіне:
1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықты айқындау;
3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
6-2-бап. Уәкілетті органның өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті
Уәкілетті органның құзыретіне:
1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықты айқындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну беру;
3) мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
4) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын бекіту;
5) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру тәртібін айқындау;
6) шама бірліктері эталондарының сыныптамасын бекіту;
7) мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
8) метрология жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
9) өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өткізу және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын айқындау;
10) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау тәртібін айқындау;
11) өлшем құралдарының типін бекіту туралы және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың нысандарын бекіту;
12) салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану тәртібін айқындау;
13) өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу тәртібін айқындау;
14) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге, сондай-ақ мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға метрологиялық сараптама жүргізу тәртібін айқындау;
15) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану тәртібін айқындау;
16) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;
17) өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;
18) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін қалыптастыру тәртібін және оларға қойылатын метрологиялық талаптарды айқындау;
19) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдерге метрологиялық талаптарды мемлекеттік органдармен бірлесіп белгілеу;
20) өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу және өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу тәртібін айқындау;
21) өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және типті бекіту белгісінің нысанын белгілеу тәртібін айқындау;
22) аккредиттеу кезінде аккредиттеу субъектілері мен заңды тұлғалар үшін өлшемді метрологиялық бақылап тексеруді қамтамасыз ету тәртібін айқындау;
23) стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу тәртібін айқындау;
24) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
25) уақыт пен жиіліктің өлшем бірлігін қамтамасыз етуге және Жердің айналу параметрлерін айқындауға бағытталған жұмыстарды өңіраралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және орындау;
26) стандартты үлгілерді әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмыстарды өңіраралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және орындау;
27) заттар мен материалдардың физикалық константтары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалық деректерді әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмыстарды өңіраралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және орындау;
28) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
6-3-бап. Мемлекеттік органдардың өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті
Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында:
1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуды;
2) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін уәкілетті органмен бірлесіп бекітуді;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-4-бап. Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың құзыреті
Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың құзыретіне:
1) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
2) өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және зертханааралық салыстырмалы сынақтардың нәтижелеріне салғастыруды жүргізу;
3) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
4) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, жетілдіру, сақтау және қолдану;
5) шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құру;
6) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды, өлшемдерді орындау әдістемелерін, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу әдістемелерін әзірлеу;
7) өлшем құралдарын шығару және жөндеу;
8) стандартты үлгілерді, аттестатталған қоспаларды, салыстырып тексерілетін газ қоспаларын шығару;
9) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшем құралдарына салыстырып тексеруді және калибрлеуді жүргізу;
10) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшемдерді орындау әдістемелеріне метрологиялық аттестаттауды жүргізу;
11) метрологиялық сараптама жүргізу;
12) шама бірліктерінің эталондарын салғастыруды жүргізу және оған қатысу;
13) өлшем құралдарына типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау, сынақ жабдықтарына аттестаттау жүргізу;
14) өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу;
15) өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттау, қайта аттестаттау және олардың сертификаттарын кері қайтарып алу;
16) салыстырып тексеру таңбаларын дайындауды ұйымдастыру;
17) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін байқаудан өткізу;
18) уақыт пен жиіліктің өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау, Жердің айналу параметрлерін айқындау;
19) заттар мен материалдардың физикалық константтары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалық деректерді әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмыстарды орындау;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді орындау жатады.
6-5-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жеке және заңды тұлғалар
Жеке және заңды тұлғалардың:
1) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысуға;
2) қажет болған кезде өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша тиісті бөлімшелер мен қызметтер құруға;
3) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшем құралдарына салыстырып тексеру және калибрлеу жүргізуге;
4) осы Заңның 18-бабына сәйкес өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу және метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмысты жүргізуге;
5) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге;
6) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі жұмысты жүргізуге құқығы бар.»;
7) 7, 8, 10, 10-1, 11 және 11-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің объектілері
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің объектілері мыналар болып табылады:
1) шама бірліктері;
2) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
3) шама бірліктерінің эталондары;
4) өлшем құралдары;
5) стандартты үлгілер;
6) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері;
7) өлшемдерді орындау әдістемелері;
8) өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелері;
9) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілер, техникалық регламенттер, стандарттау жөніндегі құжаттар.
8-бап. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттар
1. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттар «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленеді және қолданылады.
2. Нормативтік құқықтық актілердің талаптарын іске асыру үшін:
салыстырып тексеру схемалары мен метрологиялық бақылап тексеру схемаларын белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды;
өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда - өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын;
аттестатталған және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген, өлшемдерді орындау әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда - өлшемдерді орындау әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын;
Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жарамдылығы бағалаудан өткен, өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда - өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін белгілейтін ұйымдардың стандарттарын қолдануға рұқсат етіледі.»;
«10-бап. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары
Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің техникалық негізін шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары құрайды, олардың құрылуын және ұстап-тұруын мемлекет жүзеге асырады.
Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары шама бірліктерін (шама бірліктерінің еселік не үлестік мәндерін) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналады және олардың мөлшерлерін Қазақстан Республикасының аумағындағы шама бірліктерінің эталондарына, осы шамалардың өлшем құралдарына беру мақсатында пайдаланылады.
Шама бірліктерінің мөлшерлерін беру - шама бірліктерінің эталондарын калибрлеу, өлшем құралдарын салыстырып тексеру немесе калибрлеу арқылы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан, ал Қазақстан Республикасында шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған, басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарынан жүзеге асырылады.
Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары Халықаралық өлшем және салмақ бюросы шама бірліктерінің эталондарымен және басқа мемлекеттер шама бірліктерінің ұлттық эталондарымен салғастыруға жатады.
10-1-бап. Шама бірліктерінің эталондары
Шама бірліктерінің эталондары олардың мөлшерлерін осы шамалардың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында шама бірліктерін (шама бірліктерінің еселік не үлестік мәндерін) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналады.
Шама бірліктерінің эталондары - Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына, ал олар болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған, басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарына метрологиялық бақылап тексерілуге тиіс.
11-бап. Өлшем құралдары
Өлшем құралдары бірліктері белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шамаларды айқындау үшін пайдаланылады.
Өлшем құралдары Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына, ал олар болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған, басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарына метрологиялық бақылап тексерілуге тиіс.
Өлшем құралдарына стандартты үлгілер де, өлшеуіш жүйелер де жатқызылады.
Техникалық құралдардың өлшем құралдарына жататындығын белгілеуді оларды дайындаушылар, берушілер немесе пайдаланушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
11-1-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері осы Заңның 8-бабына сәйкес әзірленеді және өлшем құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін растау үшін пайдаланылады.