2) 14-6-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтар) және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) негізінде тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін әкелінетін тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ тіркелмеген пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге арналған бастапқы компоненттерді өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады. Тіркеу, (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтар және (немесе) ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтердің (улы химикаттардың) санын уәкілетті орган айқындайды.».
25-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
25. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат):
1) 8-баптың 21) тармақшасы алып тасталсын;
2) 13-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
3) 13-1-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттарды шығару;»;
5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу, жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттарды шығару жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:»;
4) 18-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацы алып тасталсын.
26-тармақ 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
26. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-II, 172-құжат):
1) 1-баптың 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«30) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхана - тұқымдардың сорттық және егу сапасының тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiне зерттеулер жүргiзу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;»;
2) 4-баптың 1) тармақшасының сегізінші абзацы алып тасталсын;
3) 6-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
4) 6-1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тұқым шаруашылығы субъектілеріне уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізеді;»;
5) 9-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалардың тұқымдардың сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзуiн, олардың тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттарды сақтауын:
тұқым сапасын сараптау кезеңiнде жылына екi рет, сондай-ақ бақылау тәртiбiмен тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде;
тұқым өндiрушiлерге шағым жасалған, сондай-ақ тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар берген тұқымдардың сорттық және егу сапасына зерттеулердің нәтижелерiмен келiспеген жағдайлардағы бақылауды;»;
6) 10-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
7) 11-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар кіреді.»;
8) 22-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өткізуге және егу үшін пайдаланылуға жататын тұқымдардың егу сапасын айқындау «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларда тұқымдардың сынамаларын іріктеп алу және оларға кейіннен талдау жасау арқылы жүргізіледі.»;
«3. Тек қана егуге арналған тұқымдар топтарынан сынамаларды iрiктеп алуды тұқым өндiрушілердiң өтiнiмi бойынша тұқым сарапшылары және (немесе) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларда тиiстi даярлықтан өткен тұқым өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi.»;
9) 23-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар берген, олардың сорттық және егу сапасын растайтын құжаттар (сорттық егiстердi байқаудан өткiзу актiсi, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлiк, тұқымдарға талдау жасау нәтижелерi) негiзiнде тұқым өндірушілер тұқым аттестатын немесе тұқым куәлiгін бередi.».
27. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., №14, 58-құжат; 2006 ж., №10, 52-құжат; №16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; №11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-I, 101-құжат; 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат):
1) 14-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленген кезде, осы Заңға сәйкес директорлар кеңесіне акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізуге;»;
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген талаптарды жалпы жиналысты шақыратын орган немесе тұлға орындауға міндетті.»;
2) 23-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Дивидендтерді төлеу акционердің тиісті деректемелері туралы мәліметтер болған жағдайда, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылданған кезден бастап 90 күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс.
Акционердің тиісті деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу акционер қоғамға өтініш берген кезден бастап 90 күн ішінде жүзеге асырылуы тиіс.»;
3) 36-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) нәтижесінде елу және одан да көп пайызы иеліктен шығарылатын (иелiктен шығарылуы мүмкiн) мәміле туралы шешімді қабылдау күніне құны акционерлік қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті иеліктен шығаратын (иелiктен шығаруы мүмкiн) ірі мәмілені акционерлік қоғамның жасасуын мақұлдау туралы шешім қабылдауы;»;
4) 41-баптың 3-тармағының 7) тармақшасындағы «нөмірі болуға тиіс.» деген сөздер «нөмірі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) жиналысты өткізу тәртібі;
9) сырттай дауыс беруді өткізу тәртібі мен сырттай дауыс беруге арналған рәсімі;
10) оларға сәйкес жиналыс өткізілетін Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормалары болуға тиіс.»;
5) 43-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін, мұндай толықтырулар туралы қоғам акционерлеріне жалпы жиналыс өткізілетін күнге дейін он бес күннен кешіктірілмей немесе осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен хабарланған жағдайда, қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленген акционер немесе директорлар кеңесі толықтыруы мүмкін.»;
6) 70-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоғам нәтижесінде құны жиырма бестен елу пайызға дейін құрайтын мүлікті иеліктен шығаратын, оның iрi мәмiлені жасасуы туралы шешiмдi директорлар кеңесi қабылдайды.»;
7) 79-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Нәтижесінде қоғам активтері мөлшерінің он және одан да көп пайызы сомасына мүлік сатып алынатын не иеліктен шығарылатын мәмілені жасасу туралы ақпарат мәміленің тараптары, сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын активтер, мәміленің мерзімдері мен талаптары, тартылған адамдардың қатысу үлестерінің сипаты мен көлемі туралы мәліметтерді, сондай-ақ мәміле туралы өзге де мәліметтерді қамтуы тиіс;».
28. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 20-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат):
1) 31-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-1-бап. Лицензиаттың қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар етуі
Лицензиат уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекітуге уәкілетті лицензиат органының қаржы өнімдерін бекітуі туралы олар бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Бекітілуі туралы лицензиат уәкілетті органды хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі, лицензиат қаржы өнімдерін бекіткені туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»;
2) 43-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер өзi эмиссиялайтын бағалы қағаздарға қатысты - эмитентке, эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оның құқықтарына қатысты - бағалы қағазды ұстаушыға не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделген сенiмхат негiзiнде олардың өкiлдерiне, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген бағалы қағаздарды ұстаушылардың жазбаша келісімі негізінде нақты көрсетілген үшінші адамдарға берiлуі мүмкiн.»;
3) 45-баптың 4-1-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын;
4) 64-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағын директорлар кеңесі бекітеді.
Бірыңғай тіркеуші қағидалар жинағы бекітілген не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды растатйтын құжаттарды қоса бере отырып хабардар етеді.»;
5) 77-1-бапта:
6-тармақтағы «ішкі» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Клирингтік ұйым қағидалар бекітілген не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды растайтын құжаттарды қоса бере отырып хабардар етеді.»;
6) 78-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қор биржасын қоспағанда, бағалы қағаздар нарығына әрбір кәсіби қатысушының және әрбір халықаралық қаржы ұйымының орталық депозитарийінің акцияларын иелену үлесі орталық депозитарийдің орналастырылған акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайды.».
29. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; 2009 ж., №17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; №15, 78-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-VI, 159-құжат):
9-баптың 1-тармағының 12-1) және 12-2) тармақшалары алып тасталсын.
30. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; №16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат; № 19-I, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; №23-II, 170-құжат):
14-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;».
31. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., №12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., №5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
1) 11-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне жеке тұлғалар (оның ішінде дара кәсіпкерлер) және заңды тұлғалар орналастыратын мынадай жарнама объектілері:
маңдайша;
жұмыс режимі туралы ақпарат;
мәдениет мекемелерінің, орындаушылардың және спорттық-ойын-сауық іс-шаралардың репертуары бар арнайы бөлінген жерлерде орналастырылған афишалар;
қызмет көрсетудің техникалық құралдары мен көлік құралдарын дараландыру;
жайма сөрелер мен терезелерді сырттан көзбен көру үшін мынадай:
тауарлық өнімнің үлгілері;
жеке дараландыру құралдары;
декоративтік және мерекелік безендіру сипатындағы сыртқы немесе ішкі безендіру;
автожанармай құю станцияларына кіреберісте орнатылған мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағалары, атауы мен сатушының логотипі көрсетілген ақпараттық табло;
қолма-қол шетел валютасын теңгемен сатып алу және сату бағамы туралы мәліметтері бар ақпараттық стенд жатпайды.»;
2-тармақтың 1-2) және 1-6) тармақшалары алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, селолар, кенттер аумағы арқылы өтетіндерді қоспағанда, республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерінде, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртiппен және мөлшерлерде төлемақы алынады.
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, селолар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, селолардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерлерде төлемақы есептеледі және төленеді.»;
2) 13-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сәйкестікті растаудан өтпеген, сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді);»;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Қазақстан Республикасының аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті бағалау саласында аккредиттелмеген, сәйкестікті растау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдардың жарнама жасауына тыйым салынады.».
32. «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат):
17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру жағдайы туристің зиянды өтеу туралы талаптарын сақтанушы негізді деп мойындаған және сақтандырушы сақтанушының талаптарды мойындауымен келіскен кезден бастап басталған деп есептеледі.
Сақтанушы туристің зиянды өтеу туралы талабын негізді деп мойындамаған жағдайда, сақтандыру жағдайы сақтандырушы келтірген зиянды өтеу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген кезден бастап басталған деп есептеледі.».
33. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; №18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; №20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат):
1) 1-баптың 16-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1) өтініш беруші - кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні (бұдан әрі - рұқсат) алу мақсатында уәкілетті органға құжаттар ұсынған заңды тұлға;»;
2) 4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда, рұқсаттар беру;»;
3) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Мемлекеттiк органдардың кредиттік бюролар, ақпарат берушілер қызметі, кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оны пайдалану мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау жөнiндегi өкiлеттiктерi
Уәкiлеттi орган кредиттік бюролардың қызметi, кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану мәселелерi бойынша мынадай:
1) ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптары туралы (осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат берушiлер үшiн);
2) кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу тәртiбi туралы;
3) кредиттiк есептi берудiң шарттары мен тәртiбi туралы;
4) осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда, рұқсат беру шарттары мен тәртiбi туралы;
5) кредиттік бюроның уәкілетті органға ақпараттар мен мәліметтерді ұсыну тәртіптері, мерзімдері және көлемдері туралы;
6) кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.»;
4) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Рұқсатты уәкілетті орган осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен береді.
Мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметі уәкілетті органның рұқсат беру рәсіміне жатпайды.»;
5) 8-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде кредиттiк бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптар»;
6) 8-1, 9 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1-бап. Кредиттік бюроны құру тәртібі
1. Кредиттік бюроны құру тәртібі мынадай кезеңдерден:
1) рұқсат алудан;
2) кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізуден тұрады.
2. Рұқсат алу осы Заңның 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу үшін кредиттік бюро мынадай іс-шараларды жүзеге асыруы:
1) осы Заңның 18-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат берушілердің біреуімен ақпарат беру туралы шарт жасасу;
2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процесті ұйымдастыруы;
3) өзімен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат берушілермен осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеуден өткізуі қажет.
Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу жөніндегі қажетті іс-шараларды кредиттік бюроның орындауын тексеруді уәкілетті органның комиссиясы жүзеге асырады, оның нәтижелері уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу актісінде көрсетіледі.
Кредиттік бюроның осы тармақтың талаптарын, сондай-ақ кредиттік тарихтар деректер базасын және көрсетілген ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды орындамауы кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу актісін беруден бас тартуға негіз болып табылады.