4. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның рұқсаты және кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу актісі болған кезде ғана жол беріледі.
5. Осы баптың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.
9-бап. Рұқсат алу үшін қажетті құжаттар және оларды қарау мерзімдері
1. Өтініш беруші рұқсатты алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) рұқсат беру туралы өтінішті;
2) кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарды;
3) белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен құрылтай құжаттарының көшірмелерін ұсынуға міндетті.
2. Уәкілетті орган рұқсат беру туралы өтінішті осы баптың 1-тармағында көзделген соңғы құжатты алған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
3. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарда:
1) кредиттік бюро қызметінің сипаттамасы;
2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процестерді ұйымдастыру тәртібі және мерзімдері;
3) баға саясаты мен кредиттік есептерге арналған тарифтерді есептеу тәртібі;
4) кірістер мен шығыстар туралы таяудағы үш жылға арналған болжам;
5) кредиттік бюроның қызметін дамытудың перспективалық жоспарлары қамтылуға тиіс.
4. Кредиттік бюро рұқсат алуға берілген өтініште көрсетілген мекенжайы өзгерген, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органға олар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде табыс етеді.
5. Осы баптың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.
10-бап. Рұқсат беруден бас тарту
Рұқсат беруден бас тарту:
1) субъектілердің осы санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған белгілі бір қызмет түрі жүзеге асырылған;
2) осы Заңның 8-бабында, 9-бабының 1-тармағында көзделген және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптар сақталмаған;
3) егер өтініш берушіге қатысты оның осы қызмет түрімен айналысуына тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайларда жүргізіледі.»;
7) 11-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру шараларын қолдануға құқылы;»;
8) 12, 13 және 15-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру
1. Рұқсаттың қолданылуы мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) осы Заңның 8-бабында белгіленген талаптар сақталмаса;
2) рұқсат беруге негіз болған құжаттардың шындыққа сәйкес келмеуі анықталса;
3) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихтарды қалыптастыру туралы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамасы орындалмаса, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттар бойынша ақпарат алу жөніндегі қызметті қоспағанда, оның қызметін жүзеге асыруға тыйым салуға алып келеді.
3. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімде рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру негіздері мен мерзімі көрсетілуге тиіс.
Мұндай шешім кредиттік бюроның атқарушы органының назарына жеткізілген күннен бастап рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұрады деп есептеледі.
13-бап. Рұқсаттан айыру
Уәкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) уәкілетті орган рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрған себеп жойылмаса;
2) рұқсаттың қолданылуы соңғы он екі ай ішінде бірнеше мәрте (екі және одан да көп рет) тоқтатыла тұрса;
3) кредиттік бюроға жүзеге асыруға рұқсаты бар қызмет түрiмен айналысуына сот тыйым салса;
4) кредиттік бюроның кәсіпкерлік қызметі тоқтатылса;
5) рұқсат алған кезде кредиттік бюро көрінеу жалған ақпарат берсе, кредиттік бюроны рұқсаттан айыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
Соттың рұқсаттан айыру туралы шешім қабылдауы кредиттік бюроны таратуға алып келеді.»;
«15-бап. Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату
Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Кредиттік бюроны қайта ұйымдастыру кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы қосылу, бірігу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу нәтижесінде құрылған құқық мирасқорына не тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге жатады. Кредиттік бюро бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы рұқсаты болған құқық мирасқорына немесе тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге жатады.
Кредиттік бюроны тарату кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы басқа кредиттік бюроға өтеулі негізде берілуге тиіс.
Кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасында қамтылған ақпараттың құпиялылығын сақтауға қайта ұйымдастыру кезінде - кредиттік бюро мен оның құқық мирасқоры, тарату кезінде - сот немесе мүліктің меншік иесі тағайындаған тарату комиссиясы жауаптылықта болады.
Қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасын алуға құқық мирасқорының немесе басқа кредиттік бюролардың мүдделілігі болмаған жағдайда, ол мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өтеусіз негізде берілуге жатады.».
34. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; №13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., №13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; №11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., №3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-II, 131-құжат; № 23-I, 169-құжат):
1) 5-бапта:
мынадай мазмұндағы 47-1) тармақшамен толықтырылсын:
«47-1) электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«59) энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;»;
60) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 70-23), 70-24), 70-25), 70-26), 70-27) және 70-28) тармақшалармен толықтырылсын:
«70-23) есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту тәртібін әзірлейді және бекітеді;
70-24) үлгілік инвестициялық шартты әзірлейді және бекітеді;
70-25) шекті тарифтерді бекітеді;
70-26) энергия өндіруші ұйымдардың топтарын қалыптастырады;
70-27) энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерде көзделген инвестициялық міндеттемелерінің және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізеді;
70-28) энергия өндіруші ұйымдармен инвестициялық шарттар жасасады;»;
2) 6-баптың 10-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және жаңартып отырады;»;
3) 7-3-бап алып тасталсын;
4) 12-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Энергия беруші ұйымдар электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің уәкілетті орган бекіткен нормативтік мәндерін асырмауға міндетті.».
35. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., №23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; №14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; № 20-IV, 113-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«42) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;»;
2) 14-баптың 3-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды қолдана отырып (дала кемiргiштерiн жою кезiнде, сондай-ақ жануарлардың құтыру iндетi мен басқа да аурулары жағдайларында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда) жануарлар дүниесi объектiлерiн аулауға;»;
3) 19-бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция жөніндегі әкімшілік органды Конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру туралы қызметтің басталғандығы туралы хабардар ету кезінде:
1) жануарларды импорттау жағдайында - әкімшілік органның әкелуге берілген рұқсатының нөмірі мен күні;
2) жануарлардың отандық шығу тегі болған жағдайда - балықтың қайда ауланғаны туралы анықтаманың нөмірі мен күні көрсетіледі не сатып алу-сату шарты әкімшілік органда тіркелу нөмірі мен күні көрсетіле отырып қоса беріледі.».
4) 38-баптың 5-тармағының 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«23) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды қолданып тышқан тектес кемiргiштердi (сарышұнақтарды, сұр егеуқұйрықтарды, аламандарды) жойған кезде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа аурулары жағдайларында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда;».
36. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; №24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., №17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; №14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; №14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат):
16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1-бап. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сараптама ұйымы және сарапшы-аудиторлар
1. Сараптама ұйымы тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар жасаған тауардың шығарылуы туралы, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн куәландырады және бередi.
2. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн бiр сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады.
3. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттауды уәкiлеттi орган құратын, тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссия жүзеге асырады.
Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар, уәкiлеттi органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де ұйымдардың өкiлдерi енгізіледі.
Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
4. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
5. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға, егер тауар туралы ұсынылған деректер бұрмаланған және (немесе) анық емес болса, тауардың шығарылуы туралы, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн жасауға тыйым салынады.».
37. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., №7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; №6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; №16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22- II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат):
23-бапта:
1-тармақтағы «бес» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-1-тармақтағы «келіп түскен күннен кейiнгi күннен» деген сөздер «келіп түскен күннен кейiнгi бір жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын.
38. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):
1-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар - аккредиттеу жөніндегі орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар;»;
11) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар - уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар;».
39. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; №11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 52, 57-құжаттар; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат):
1) 20-баптың 26) тармақшасы алып тасталсын;
2) 85-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен әдiстеме бойынша есептелген нормативтер мен көлемдер шегiнде жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарын сақтаған жағдайда, мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жол берiледi.
Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру тәртібін мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді.»;
3) 95-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қат ішіндегі қысымды ұстап тұру үшін ілеспе және табиғи газды айдау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мұндай айдауды сипаттайтын жоба бойынша мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.».
40. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 6-құжат; № 11, 57-құжат; №20-IV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
5-1) және 12-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) оқу орталығы - энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
«12-1) энергия-аудиторлық ұйым - энергия аудитін жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
15) тармақша алып тасталсын;
2) 5-бапта:
6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесін бекітеді;»;
12) тармақша алып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;»;
3) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы хабарлама
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы хабарламаға мына қызмет түрлері жатады:
1) энергия аудиті;
2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) біліктілігін арттыру.
2. Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабардар етеді.
3. Уәкілетті органды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында энергия аудитін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар еткен заңды тұлғалар мынадай талаптарға сай болуға:
1) штатында уәкілетті орган аттестаттаған кемінде төрт энергия аудиторы болуға;
2) Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесіне сәйкес сенім білдірілген ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарға меншік құқығы немесе өзге заңды негізде иелік етуге тиіс.
4. Уәкілетті органды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында энергия аудитi және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) біліктілігін арттыру қызметін жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар еткен заңды тұлғалар мынадай талаптарға сай болуға:
1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген оқу бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес бекітілген оқу бағдарламалары мен жоспарлары болуға;
2) штатында жоғары білімі бар кемінде екі оқытушысы, оның ішінде техника ғылымдарының кандидатынан (магистрінен) төмен емес ғылыми дәрежесі бар кемінде бір оқытушысы болуға;
3) уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесіне сәйкес оқу кабинетіне, компьютерлерге және ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарға меншік құқығында немесе өзге заңды негізде иелік етуге тиіс.»;
4) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлғалар уәкілетті органға Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама жібереді.»;
5) 20-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнен және энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардан, сондай-ақ энергия-сервистік компаниялардан Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты сұратады және алады;».
41. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; №11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат):
1) 3-баптың 2-1-тармағы алып тасталсын;
2) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымы пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзған, микроқаржы ұйымының лауазымды адамдары мен жұмыскерлерінің заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған, осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары сақталмаған кезде, осы бапта белгіленген ықпал ету шараларын қолданады.
Ықпал ету шаралары деп шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар түсініледі.»;
3) 31-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-1-бап. Микрокредит беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекіту туралы хабарлама
Микроқаржы ұйымы уәкілетті органды микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекітуге уәкілетті микроқаржы ұйымының органы микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекіткені туралы олар бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
Микроқаржы ұйымдары хабарламаға мынадай құжаттарды қоса береді:
микроқаржы ұйымы бекіткен микрокредит беру туралы шарттың үлгілік нысанын;
микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы шешімінен үзінді көшірмені.».
42. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; №15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; №21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат):
1) 12-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырған және осы Заңда белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы хабарлама берген адам әкімші болып тағайындалады.»;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әкімші ретінде қызметті жүзеге асыру үшін адамдарға қойылатын талаптар мыналар:»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімін қоса бере отырып, өтініш берушінің уәкілетті органға қызметінің басталғаны туралы хабарлама беруі өтініш берушінің хабарламасын әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізу үшін негіз болып табылады.
Әкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімі біліктілік емтиханын тапсырған күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады.
6. Әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне өтініш берушінің хабарламасын енгізуді уәкілетті орган өтініш беруші хабарлама жіберген күнінен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей жүргізеді.
Өтініш беруші хабарламада көрсеткен деректер өзгерген кезде, өтініш беруші деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Қызметін тоқтатқан кезде әкімші уәкілетті органға хабарлама жіберуге міндетті.
Әкімші оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушылар ретінде қатысқан жағдайда, өз қалауымен қызметін тоқтату туралы хабарламаға өзін оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушылар қызметін жүзеге асырудан шеттету және жаңа кандидатураны таңдау туралы әрбір борышкер бойынша кредиторлар жиналысы хаттамасының көшірмесі қоса беріледі.
Қызметті бастау, қызметті тоқтату, өтініш берушінің деректеріне өзгерістер енгізу туралы хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган бекітеді.»;
7-тармақ алып тасталсын;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Уәкілетті орган әкімші хабарламасын әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен мынадай:
1) хабарлама беру кезінде анық емес мәлiметтерді ұсыну фактiсi анықталған;
2) кредитордың немесе борышкердің мүдделеріне нұқсан келтіруге алып келген, осы Заңда белгіленген талаптар бірнеше мәрте (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзылған;