«
9. | Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия | 1. Қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндiру. 2. Қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық және жерасты тәсiлдерiмен ашу және әзірлеу. 3. Кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу. 4. Пайдалы қазбаларды өндіру үшін жару жұмыстарын жүргізу. 5. Кенiштер мен шахталарды жабу жөніндегі жою жұмыстары 6. Ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу, жабдықты және агрегаттарды бөлшектеу, ұңғымалар көтергішін орнату. 7. Ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау. 8. Ұңғымаларды шаю, цементтеу, сынаудан өткізу және игеру. 9. Химиялық өндірістерді пайдалану. | Иеліктен шығарылмайтын; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабының 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
»;
10 және 14-жолдар алып тасталсын;
46-тармақтың 6) тармақшасының алтыншы абзацының қолданысы 2016 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, осы абзац тоқтата тұру кезеңінде осы Заңның 2-бабының 3-тармағының редакциясында қолданылады
15-жолдың 3-бағанындағы «5. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және (немесе) сот-наркологиялық сараптама.» деген сөздер алып тасталсын;
31 және 34-жолдар алып тасталсын;
35-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
35. | 1. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия | 1. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу. 2. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) өндіру. 3. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) сатып алу. 4. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) өзінің өндірістік қажеттілігі үшін сатып алу. 5. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) сақтау. | Иеліктен шығарылмайтын; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
»;
мынадай мазмұндағы 49-1-жолмен толықтырылсын:
«
49-1. | Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына арналған лицензия | | Иеліктен шығарылмайтын; 3-сынып |
»;
55-жол алып тасталсын;
57 және 72-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
57. | Ислам банктері жүзеге асыратын банктік және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензия | 1. Жеке және заңды тұлғалардың талап етілгенге дейін пайызсыз депозиттерін қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу. 2. Жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау. 3. Банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық шарттары мен сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі. 4. Коммерциялық кредитті: 1) тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шарттарсыз; 2) тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру. 5. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу арқылы және (немесе) әріптестік шарттарымен өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру. 6. Лизинг (жалдау) шарттарындағы инвестициялық қызмет. 7. Ислам банкінің банктік операцияларын жүргізу кезіндегі агенттік қызмет. | Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рәсімі қолданылмайды; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
»;
46-тармақтың 6) тармақшасының он бесінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«
72. | Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия | 1. Жануарлар ауруларын емдеу және олардың профилактикасы үшін препараттар шығару. 2. Жануарлардың ауруларын диагностикалау үшін препараттар шығару. 3. Фармакологиялық белсенділігі бар препараттар шығару. 4. Жануарлардың өнімділігін арттыруға арналған препараттар шығару. 5. Дезинфекциялауға, дератизациялауға, дезинсекциялауға арналған препараттар шығару. | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
»;
73-жолдың 4-бағанындағы «Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып» деген сөздер «Иеліктен шығарылмайтын; 2-сынып» деген сөздермен ауыстырылсын;
77-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
46-тармақтың 6) тармақшасының он сегізінші абзацының қолданысы 2016 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, осы абзац тоқтата тұру кезеңінде осы Заңның 2-бабының 3-тармағының редакциясында қолданылады
«Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия»;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2016 ж. 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) 2-қосымшада:
1, 2, 3, 9, 10 және 11-жолдар алып тасталсын;
46-тармақтың 7) тармақшаның үшінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15-жол алып тасталсын;
18, 22, 23, 35, 39, 54 және 58-жолдар алып тасталсын;
46-тармақтың 7) тармақшаның бесінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
60-жол алып тасталсын;
61-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
61. | Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына арналған аттестат | |
»;
62, 63, 64 және 65-жолдар алып тасталсын;
46-тармақтың 7) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
70-жол алып тасталсын;
71, 72,73, 74, 75, 76, 77 және 84-жолдар алып тасталсын;
1-сынып - «қызметке берілетін рұқсаттар» мынадай мазмұндағы 87-6, 87-7, 87-8 және 87-9-жолдармен толықтырылсын:
«
87-6. | Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат беру | Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қаруды және оның патрондарын сатып алуға арналған рұқсат | Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі 12 ай; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды |
87-7. | Заңды тұлғаларға азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат беру | Заңды тұлғаларға азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға арналған рұқсат | Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі 12 ай; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды |
87-8. | Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру | Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік бюроның кредиттік тарихтар деректер базасының, пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің және үй-жайлардың қорғалуы мен сақталуы бойынша кредиттік бюроға қойылатын талаптарға сәйкестілігі туралы акт | Иеліктен шығарылмайтын |
87-9. | Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның өнеркәсіптік пайдалануына енгізу актісін беру | Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның өнеркәсіптік пайдалануына енгізу актісі | Конкурс рәсімі қолданылмайды; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды |
»;
88, 90, 94, 97, 98, 99 және 100-жолдар алып тасталсын;
101-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
101. | Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу | Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу | |
»;
114, 123, 124, 137, 138 және 139-жолдар алып тасталсын;
140-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
140. | Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру және эскиздік жобаны келісу | Сәулет-жоспарлау тапсырмасы және эскиздік жобаны келісу | |
»;
141, 142, 143, 148, 149, 152, 153, 155, 156, 160, 161, 162, 167, 169, 171, 172, 174, 177, 178, 179, 180, 181, 182, 185, 190, 194, 203, 204, 211, 218, 219, 220, 222, 224, 225, 226, 237, 238, 240 және 241-жолдар алып тасталсын;
242-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
242. | Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына және (немесе) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына және (немесе) Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы қаулысы | Мерзімсіз рұқсат; конкурс рәсімі қолданылмайды; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды |
»;
243 және 253-жолдар алып тасталсын;
3-сынып - «біржолғы рұқсаттар» бөлімі мынадай мазмұндағы 257-1-жолмен толықтырылсын:
«
257-1. | Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру | Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 және 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжаты) | |
»;
259, 262, 264, 272 және 273-жолдар алып тасталсын;
274-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
274. | Жол бойы белдеулерінде жол бойы сервисі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардан тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беруді қоспағанда, жер учаскесіне құқық беру | Жер учаскесін беру туралы қаулы | |
»;
275, 276, 277, 278, 280, 281, 282, 284 және 288-жолдар алып тасталсын;
289-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
289. | Кен орнын сынау үшін пайдалануда, технологиялық жабдықты іске қосу, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағуда ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру | Кен орнын сынау үшін пайдалануда, технологиялық жабдықты іске қосу, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағуда ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат | |
»;
290, 292, 293, 294, 295, 296, 297, 298, 299, 300, 301, 302, 303, 304, 305, 306, 307, 308, 313, 317, 318, 319, 320, 321, 322, 324, 325 және 326-жолдар алып тасталсын;
327-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
327. | Арнайы су пайдалануға арналған рұқсат | Арнайы су пайдалануға арналған рұқсат | |
»;
333, 334, 334-1, 335, 336, 337 және 349-жолдар алып тасталсын;
46-тармақтың 7) тармақшаның отыз бесінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
350-жол алып тасталсын;
354, 355 және 356-жолдар алып тасталсын;
357-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
357. | Техникалық реттеу саласындағы (тауардың сәйкестігін растау, шығарылған елін анықтау жөніндегі) сарапшы-аудиторға аттестат беру | Техникалық реттеу саласындағы (тауардың сәйкестігін растау, шығарылған елін анықтау жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестаты | |
»;
358, 361, 367, 374, 376, 381, 382, 383, 393 және 394-жолдар алып тасталсын;
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2016 ж. 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 39, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54 және 55-тармақтармен толықтырылсын:
46-тармақтың 8) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«39. Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама;»;
40. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама
42. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
43. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
44. Биологиялық белсенді заттарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
45. Заңды тұлғалардың түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
46. Автовокзалдар, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
47. Техникалық тексеріп қарау операторлары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
48. Энергетикалық сараптама жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
49. Энергия аудиті мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
50. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама
51. Табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама
52. Әкімші (уақытша әкімші, оңалту, уақытша және банкроттық басқарушылар) қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
53. Қаржы ұйымының қаржылық өнімдерін бекітуі туралы хабарлама
54. Микроқаржы ұйымының микрокредиттер беруі жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бекітілгені туралы хабарлама
55. Нотариат қызметін жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.».
47. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 68-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 21-III, 137-құжат):
3-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «13» деген цифрлар «5» деген цифрмен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
2016.30.11. № 26-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 9), 11) және 12) тармақшаларын, 6-тармағының 1) тармақшасын; 2) тармақшасының екінші абзацын, 6), 7), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларын, 8-тармағының 3) және 4) тармақшаларын, 9-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын, 2) және 3) тармақшаларын, 46-тармағының 2) тармақшасын, 7) тармақшасының үшінші, бесінші және отыз бесінші абзацтарын және 8) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын;
2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 25 және 26-тармақтарын, 46-тармағы 6) тармақшасының он бесінші абзацын және 7) тармақшасының тоғызыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 4) тармақшасы үшінші абзацының қолданысы 2016 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрып, осы абзац тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«11) сот-медициналық, сот-наркологиялық сараптамаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес фармацевтикалық қызметтi, денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрлерін, сондай-ақ медициналық қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады;».
3. Осы Заңның 1-бабы 46-тармағының 6) тармақшасы алтыншы және он сегізінші абзацтарының қолданысы 2016 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрып, осы абзацтар тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«15-жолдың 3-бағанындағы «5. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және (немесе) сот-наркологиялық сараптама.» деген сөздер «5. Сот-психиатриялық сараптама.» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық және сот-наркологиялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы наурыздың 29-ы. №
479-V