4) шығарылымы шет мемлекеттiң заңнамасына сәйкес тiркелген облигацияларды орналастыру кезiнде осы облигациялар бойынша қор биржасының оларды уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген қор биржасы тiзiмiнiң санаттарына енгiзуге келiсiмi алынуға тиiс;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы акцияларын, сондай-ақ базалық активі Қазақстан Республикасының осы резидент ұйымының акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарын бастапқы орналастырған кезде:
Қазақстан Республикасы резидент ұйымының акцияларын не шығарылымын уәкілетті орган тіркеген Қазақстан Республикасының осы резидент ұйымының акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды орналастырған кезде, осы акциялар немесе депозитарлық қолхаттар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілуге тиіс;
Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акцияларын не шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген Қазақстан Республикасының осы резидент ұйымының акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды орналастырған кезде, осы акциялар немесе депозитарлық қолхаттар бойынша оларды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізуге қор биржасының келісімі алынуға тиіс;
Қазақстан Республикасының резидент ұйымы болып табылатын акциялар эмитенті уәкілетті органының не осы Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акциялары базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруды жүзеге асыратын осындай эмитенттің тиісті сатушы акционерінің акцияларды немесе осы Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акциялары базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешімінде осы акциялардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы арқылы иеленуге ұсынылуға тиіс деген шарт қамтылуға тиіс. Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы арқылы иеленуге ұсынылуға тиіс акциялардың немесе осы акциялар базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарының саны, егер осындай сан осы акцияларды басымдықпен иелену құқығын іске асырудың нәтижесі болып табылса, орналастырылатын акциялардың жалпы санының жиырма пайызынан кем болуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары:
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оларды Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің тиісті санаттарына енгізуге қор биржасының келісімі алынған;
2) шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруға осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарды сақтаған кезде уәкiлеттi органның тиiстi рұқсаты болғанда шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында сауда-саттығы жүргізілетін бағалы қағаздар тізіміне енгізілуі және (немесе) онда болуы мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және (немесе) активтерiнiң кемiнде үштен екiсі Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған заңды тұлғалар және (немесе) тиiмдi басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан өзге де заңды тұлғалар осы Заңның мақсатында Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары болып танылады.
Заңды тұлғаның негiзгi басқару және кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу үшiн қажеттi стратегиялық коммерциялық шешiмдер қабылдау жүзеге асырылатын орын тиiмдi басқару орны (нақты басқару органы) болып танылады.
4. Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға уәкiлеттi органның рұқсат беруiнiң шарттары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ұйым міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүргізген кезде оған;
2) төлемі осы ұйым бұрын орналастырған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жүзеге асырылатын, айналым мерзiмi өткен облигацияларды ұйым орналастырған кезде оған;
3) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген облигациялар бойынша Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымының міндеттемелерін қабылдаған жағдайда оған;
4) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде оған қолданылмайды.
6. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасы резидент ұйымының осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, 5) тармақшасының үшінші абзацында көзделген шарттарды орындауын растайтын ақпаратты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беруден бас тартуды уәкілетті орган мынадай кез келген негіздер:
1) Заңның осы бабының 4-тармағында көзделген шарттарды орындамау;
2) уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген құжаттар топтамасын толық ұсынбау;
3) ұсынылған құжаттардың уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бойынша жүргізеді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Осы баптың талаптары мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) орналастыруға, сондай-ақ мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздар тізіміне енгізуге қолданылмайды.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары және (немесе) осы бағалы қағаздар базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздар «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында бір мезгілде шығарылған және (немесе) орналастырылған жағдайда, шығарылатын және орналастырылатын осы эмиссиялық бағалы қағаздардың және (немесе) шығарылатын және орналастырылатын осы туынды бағалы қағаздардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында сатып алуға ұсынылатын кезде ғана осы баптың 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарының ережелері қолданылмайды.
23-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарға ақы төлеу
1. Акцияларға ақы төлеудiң тәртібі мен ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Облигацияларды төлеу:
1) айналым мерзімі өткен, осы эмитент бұрын орналастырған (эмитент сатып алған облигацияларды шегере отырып) облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен облигацияларды;
2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу бойынша шараларды уәкілетті орган қолданған жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен банк облигацияларын төлеген жағдайларды қоспағанда, ақшамен ғана жүзеге асырылады.
Орналастырылатын облигация толық төленгенге дейін эмитент облигацияларды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі (номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі) оны сатып алушының жеке шотына осы облигацияны есепке жатқызу туралы бұйрық беруге құқылы емес.
Бұрын талап ету құқықтарымен төленген облигациялар бойынша талап құқықтарымен облигацияларды төлеуге жол берілмейді.
2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен бап 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Ислам бағалы қағаздарына төлем жасау тек қана ақшалай жүзеге асырылады. Эмитенттің орналастырылатын ислам бағалы қағаздарына толық төлем жасалғанға дейін осы ислам бағалы қағазын ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімі жүйесіндегі (номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі) оны сатып алушының жеке шотына есепке жатқызу туралы бұйрық беруге құқығы жоқ.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Облигацияларды жазылым жүргiзу арқылы орналастыру облигацияларды шығару проспектiсiнде белгiленген талаптар мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға ол міндеттемелерін қайта құрылымдауды жүргізген кезде қайта құрылымдау жоспарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-бап. Акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп және акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есеп
1. Акционерлік қоғам акционерлік қоғамның акцияларын толық орналастырғанға дейін акцияларды орналастырудың әрбір есепті кезеңінің қорытындылары бойынша акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептерді акционерлік қоғамның акцияларын орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күннен кейін немесе оларды толық орналастырған күннен кейін күнтізбелік қырық бес күн ішінде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Андеррайтер акционерлік қоғамның акцияларын одан әрі орналастыру мақсатында оларды қатаң міндеттемелер әдісімен сатып алған жағдайда, акционерлік қоғам акцияларды орналастырудың есепті кезеңінің қорытындылары бойынша акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Егер есепті кезеңде акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру жүзеге асырылмаған жағдайда, есепті кезеңнің қорытындылары бойынша акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп уәкілетті органға ұсынылмайды.
2. Қатарынан күнтізбелік он екі ай акцияларды орналастырудың есепті кезеңі болып табылады.
Акционерлік қоғамның жарияланған акцияларының шығарылымы мемлекеттік тіркелген күн акционерлік қоғамның акцияларын орналастырудың бірінші есепті кезеңі басталған күн болып табылады.
Өткен он екі айлық есепті кезеңнің аяқталған күнінен кейінгі күн акционерлік қоғамның акцияларын орналастырудың келесі есепті кезеңі басталған күн болып табылады.
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын есептен шығару бойынша соңғы операция күні акционерлік қоғамның жарияланған акциялары толық орналастырылған күн болып табылады, осы операция жүргізілгеннен кейін эмитенттің осы жеке шотында акционерлік қоғамның жарияланған акциялары қалмайды.
3. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау және бекіту үшін акционерлік қоғам уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) еркін нысанда жасалған ілеспе хатты;
2) акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті;
3) акционерлік қоғамның акцияларына ақы төлеуді растайтын құжаттардың көшірмелерін;
4) акцияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталған айдың немесе акционерлік қоғамның барлық жарияланған акциялары орналастырылған кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалған шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті ұсынады.
4. Акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастаған жағдайда, акционерлік қоғам уәкілетті органға акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті осындай айырбастау күнінен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынуға міндетті.
5. Акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті қарау және бекіту үшін акционерлік қоғам уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) еркін нысанда жасалған ілеспе хатты;
2) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті;
3) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастауға негіз болған шешімнің (хаттаманың) көшірмесін ұсынады.
6. Акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті уәкілетті орган сегіз жұмыс күні ішінде қарайды.
Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекітеді.
7. Егер осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілері анықталатын болса, уәкілетті орган акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекітуден бас тартады.
Акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекітуден бас тартылған жағдайда, акционерлік қоғам бас тарту алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде пысықталған есепті уәкілетті органға қайта ұсынуға міндетті.
8. Акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту тәртібі, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту үшін құжаттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті жасау және ресімдеу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
25-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұpу
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Уәкiлеттi орган:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) эмитент акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептi табыс етпеген;
2) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау процесiнде есепте көрсетiлген мәлiметтердiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттарға сәйкес еместiгi анықталған;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және өтеу шарттары бұзылған;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) сыйақы төлеу немесе бұрын шығарылған облигацияларды өтеу жөніндегі міндеттемелерді уақтылы орындамау немесе орындамау фактілері болған жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмдi уәкiлеттi орган эмитентке және орталық депозитарийге жiбередi.
Орталық депозитарий уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған кезден бастап осы бағалы қағаздарды орналастыру жөніндегі мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұруға мiндетті.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Эмитент уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған күннен кейін күнтiзбелiк үш күн iшiнде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарлама жариялауға және анықталған бұзушылықтарды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жоюға жәрдемдесетiн барлық iс-әрекеттi қолдануға мiндеттi. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қайта жаңарту, анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейiн, уәкiлеттi органның жазбаша хабарламасы негiзiнде жүзеге асырылады.
26-бап. Инвесторларға эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарлау
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Инвесторларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың тоқтатыла тұратыны туралы хабарлауды эмитент ақпаратты қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастыру арқылы жүргізеді.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарда:
1) эмитенттiң толық атауы мен орналасқан жерi;
2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу күнi;
3) уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру жөніндегі шешiмi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
27-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп тану
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп тануға:
1) эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы;
2) эмитенттi заңды тұлға ретінде мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыруға негiз болған құжаттардан дәйектемесiз ақпараттың табылуы;
3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу жүргiзуге негiз болған құжаттардан дәйектемесiз ақпараттың табылуы негiз болып табылады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Соттың эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп тануы уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жоюы үшiн негiз болып табылады.
Акционерлік қоғам акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап үш айдың iшiнде акциялардың жаңа шығарылымын тiркеу немесе қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешiм қабылдайды.
5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы
28-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының тәртібі
1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың қайталама бағалы қағаздар рыногындағы айналысы бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында осы бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасуы арқылы жүзеге асырылады.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасудың және оларды бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiнде немесе бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркеудiң талаптары мен тәртібі осы Заңға және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес белгiленедi.
29-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру
1. Уәкiлеттi орган осы Заңда және Қазақстан Республикасының:
1) инвесторлардың эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуы процесiнде олардың құқықтары мен мүдделерiн;
2) эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасудың талаптары мен тәртібін белгiлейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген талаптар бұзылған жағдайда, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiнде және (немесе) бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде барлық немесе жекелеген жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың бәрiн немесе бiр бөлiгiн оқшаулау арқылы эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер бойынша эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган эмитентке және мәмiле жасасуға қатысатын (қатысқан) тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқама жiбередi. Аталған тұлғалар анықталған тәртiп бұзушылықтарды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жоюға және нұсқаманың орындалғаны туралы не анықталған бұзушылықтарды жою мүмкiн еместiгi туралы уәкiлеттi органға жазбаша есеп беруге мiндеттi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру туралы шешiмдi эмитентке және орталық депозитарийге жiбередi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Орталық депозитарий уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысын тоқтата тұру туралы хабарламасын алған кезден бастап бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесіндегі және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі айналысы тоқтатыла тұрған бағалы қағаздармен мәмiлелердiң тiркелуiн тоқтата тұруға мiндеттi.
5. Нақтылы ұстаушы орталық депозитарийдiң хабарламасын алған кезден бастап жиырма төрт сағаттың iшiнде өзiнiң клиентiн клиенттiң нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі шоты бойынша бағалы қағаздармен мәмiле жасасуын тiркеудi тоқтата тұруы туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Бұзушылықтар жойылғаннан кейiн бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесіндегі және бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi қайта жаңғырту уәкiлеттi органның эмитентке және орталық депозитарийге бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi қайта жаңғырту туралы шешiм қабылданған кезден бастап күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей жiберiлген жазбаша хабарламасы негiзiнде жүзеге асырылады.
30-бап. Акциялар шығарылымын жою
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Акционерлік қоғам: