1) ортақ су пайдалану құқығы;
2) арнаулы су пайдалану құқығы.
Ортақ су пайдалану құқығы адам дүниеге келген сәттен бастап туындайды және оны қандай да бір негіздермен иеліктен шығаруға немесе тоқтатуға болмайды.
Арнаулы су пайдалану құқығы осы Кодекстің 6-тарауының 4-параграфында реттелетін арнаулы су пайдалануға рұқсат алынған күннен бастап туындайды.
3. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, әрбір адамның демалысқа, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды көздемейтін бос уақытын өткізу мен рекреацияның өзге де нысандарына жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануға құқығы бар.
Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың тосқауылдарды, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілерді орнату арқылы халықтың ортақ су пайдаланатын су объектілеріне қол жеткізуін шектеуіне тыйым салынады.
4. Мемлекеттік органдар мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғанысын, халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны, тарихи-мәдени мұраны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ су аз жылдары және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде ортақ су пайдалануды шектеуі немесе тыйым салуы мүмкін.
Шектеулер мен тыйымдар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялануға жатады және су объектілері жағалауының бойына арнаулы ақпараттық белгілерді орнату арқылы танысуға қолжетімді болуға тиіс.
5. Құқықтар туындау негіздері бойынша мынадай болып бөлінеді:
1) су пайдалану құқығы;
2) су тұтыну құқығы.
Су тұтыну құқығы осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес су тұтынушы мен су пайдаланушының арасында су беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт жасалған күннен бастап туындайды.
6. Су беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттарда арнаулы су пайдалануға рұқсатта көрсетілген көлемдер ескеріле отырып, су тұтыну мақсаты мен негізгі талаптары көрсетіледі.
7. Осы баптың 4-тармағына сәйкес белгіленген шектеулер мен тыйымдарды бұза отырып жүзеге асырылатын су пайдалану, сондай-ақ арнаулы су пайдалануға рұқсатты немесе су беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттарды алу осы Кодекстің ережелеріне сәйкес міндетті болған жағдайларда, осындай рұқсатсыз немесе шарттарсыз жүзеге асырылатын су пайдалану немесе су тұтыну, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
18-бап. Су пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
1. Су пайдаланушылардың:
1) су ресурстарына әділ және тең қол жеткізуге;
2) өздерінің қызметін жүзеге асыру үшін қажетті су қорының жай-күйі туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қол жеткізуге;
3) су объектісінен алынатын судың сапасын тексеруге;
4) су қорын қорғау және пайдалану жөніндегі міндеттерді шешуге қатысу үшін қоғамдық бірлестіктер құруға;
5) бассейндік кеңестердің жұмысына қатысуға;
6) су қорын қорғау және пайдалану саласында өзінің құқықтары мен заңды мүддесін қорғауға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Су пайдаланушылар:
1) су ресурстарын ұтымды пайдалануға, су ысырабын азайту үшін шаралар қабылдауға;
2) су объектілері мен су шаруашылығы құрылысжайларына ұқыпты қарауға, оларға зиян келтіруге жол бермеуге;
3) су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдері мен жоспарларын сақтауға;
4) басқа су пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүддесінің бұзылуына жол бермеуге;
5) су шаруашылығы құрылысжайлары мен судың жай-күйіне әсер ететін техникалық құрылғыларды жарамды күйде күтіп-ұстауға, олардың пайдаланылу сапасын жақсартуға, су ресурстарының пайдаланылуын есепке алуды жүргізуге, су шаруашылығы құрылысжайларының су тартқыштарын, су жібергіштерін және сарқынды сулар мен дренаждық суларды ағызу құрылысжайларын өлшеу құралдарымен және су өлшеу аспаптарымен жабдықтауға, сондай-ақ су тарту немесе су ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнатылған пломбалардың сақталуын қамтамасыз етуге;
6) су қорғау іс-шараларын жүзеге асыруға;
7) арнаулы су пайдалануға рұқсатта айқындалған су пайдалану шарттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың нұсқамаларын белгіленген мерзімде толық көлемде орындауға;
8) мұнайдың авариялық жағдайда төгілуін жою кезінде түсетін ластағыш заттарды қоспағанда, белгіленген нормативтерден асатын зиянды заттардың төгілуіне жол бермеуге;
9) мемлекеттік органдарға су ресурстарын пайдалану туралы анық және толық ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша уақтылы беруге міндетті. Су пайдаланушы өнеркәсіптік су тұтынушыларға су беру бойынша қызметтер көрсеткен жағдайда, су ресурстарын пайдалану туралы ақпаратта айналымды және (немесе) қайталама сумен жабдықтау жүйелерінде суды пайдалану көлемдері жөніндегі мәліметтер көрсетіледі;
10) су үнемдеу технологияларын, суарудың прогрессивті техникасын, айналымды және (немесе) қайталама сумен жабдықтау жүйелерін ендіруге шаралар қабылдауға, судың өнімсіз ысырабы көлемін азайтуға;
11) жерүсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері аумағында шаруашылық және өзге де қызметтің белгіленген режимін сақтауды қамтамасыз етуге;
12) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, ауызсумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға жол бермеуге;
13) су объектілерінде, су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларда Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;
14) су объектілерінде, су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларда жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
15) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына барлық авариялық жағдайлар және су пайдаланудың технологиялық режимінің бұзылуы туралы дереу хабарлауға;
16) су пайдаланғаны үшін төлемдерді уақтылы жүзеге асыруға;
17) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.
19-бап. Су сервитуты
1. Су объектісін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы су сервитуты деп түсініледі. Су сервитуты қауымдық немесе жеке болуы мүмкін.
2. Әрбір адам ортақ пайдаланылатын су объектілерін пайдалана алады, мұндай жағдайда қауымдық су сервитуты су объектісін пайдалану құқығының ажырамас бөлігі болып табылады.
3. Қауымдық және жеке су сервитуттары:
1) құрылысжайларды, техникалық құралдар мен құрылғыларды қолданбай су алу;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын суару;
3) балық шаруашылығы мен аквашаруашылықты жүргізу;
4) рекреация;
5) су объектілерін паромдар, қайықтар және басқа да шағын көлемді кемелер үшін су жолдары ретінде пайдалану мақсаттарында белгіленуі мүмкін.
4. Жеке су сервитуты шарт негізінде белгіленуі мүмкін.
Қауымдық және жеке су сервитуттары заңды күшіне енген сот шешімі негізінде де белгіленуі мүмкін.
5. Су сервитутын жүзеге асыру үшін арнаулы су пайдалануға рұқсат алу талап етілмейді.
6. Су объектісіне өту немесе оған бару мақсаттары үшін іргелес жатқан жер учаскелерінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес сервитут белгіленуі мүмкін.
3-БӨЛІМ. СУ ҚОРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
5-ТАРАУ. СУ ҚОРЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
20-бап. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару
1. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару кешенділігі мен бағыныстылығы ескеріле отырып, мынадай деңгейлерге бөлінеді:
1) мемлекетаралық;
2) мемлекеттік;
3) бассейндік;
4) аумақтық.
2. Қазақстан Республикасының аумағында гидрографиялық қағидат бойынша уәкілетті орган су шаруашылығы бассейндерін айқындайды.
21-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспарын бекітеді;
3) республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайларын, елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін басқаруды ұйымдастырады;
4) ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің тізбесін және олардағы шаруашылық қызмет режимдерін бекітеді;
5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
22-бап. Қазақстан Республикасының Су кеңесі
1. Қазақстан Республикасының Су кеңесі (бұдан әрі - Су кеңесі) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Су кеңесінің ережесі мен құрамын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.
2. Су кеңесінің міндеті:
1) су қорын қорғау және пайдалану, су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспарын әзірлеу және іске асыру саласындағы мемлекеттік саясат;
2) трансшекаралық су объектілерін, мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды бірлесіп пайдалану бойынша шектес елдермен өзара іс-қимыл жасау;
3) өңірлер мен экономика салалары арасындағы су бөлу;
4) су қорын қорғау және пайдалану, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су үнемдеу саласындағы іс-шараларды басым қаржыландыру;
5) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы инвестициялық жобалар, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі инвестициялық жобалар мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Уәкілетті орган Су кеңесінің жұмыс органы болып табылады.
23-бап. Уәкілетті органның құзыреті
1. Уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
3) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
4) өз құзыреті шегінде трансшекаралық су объектілерін, мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды қорғау және бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты, тараптардың халықаралық шарттарды орындауын бақылауды жүзеге асырады;
5) су қорын қорғау және пайдалану саласында ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жобалар мен даму бағдарламаларын жүргізуді ұйымдастырады;
6) ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің тізбесін және олардағы шаруашылық қызмет режимдерін әзірлейді;
7) республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды пайдалануды және дамытуды ұйымдастырады;
8) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекітеді;
9) бассейндік кеңестердің қызметін ұйымдастырады, бассейндік кеңестердің өткізілген отырыстары және олардың ұсынымдары туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастырады;
10) мүдделі жеке және заңды тұлғалардың су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінде және мемлекеттік су кадастрында қамтылған жалпыға қолжетімді ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
11) мемлекеттік су кадастрын және су объектілері мен су ресурстарына мемлекеттік мониторинг жүргізуді ұйымдастырады;
12) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
13) иесіз қалған, су өздігінен ағып шығатын және авариялық гидрогеологиялық ұңғымаларды зерттеп-қарау, жою және консервациялау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
14) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу қағидаларын бекітеді;
15) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізуді ұйымдастырады;
16) бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша:
суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізуге арналған заттай нормаларды;
суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде пайдалану шығындары үшін материалдар шығыстарының заттай нормаларын;
суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде химиялық реактивтердің, зертханалық ыдыстардың және далалық керек-жарақтардың тиістілігінің заттай нормаларын бекітеді;
17) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйымның ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын бекітеді;
18) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлеріне тарифтерді бекітеді;
19) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру және жерүсті су ағынын тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен реттеу бойынша көрсетілетін қызметтер бөлігінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асырады;
20) су қорын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жүзеге асырылуын үйлестіреді;
21) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және қарауға қатысады;
22) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, оны қолдану шарттарын және осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) айқындайды.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;
23) су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспарын және су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспарын әзірлеу қағидаларын бекітеді;
24) экологиялық су ағынының көлемін айқындау әдістемесін бекітеді;
25) су пайдаланушылар су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған кезде су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту қағидаларын бекітеді;
26) гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекітеді;
27) ұйымдарды гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттауды жүзеге асырады;
28) гидротехникалық құрылысжайларға көпфакторлы зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларын және гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясының нысанын бекітеді;
29) су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларын бекітеді;
30) су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларға паспорт беруді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлар паспортының нысанын бекітеді;
31) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын есептеу әдістемесін бекітеді;
32) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келіседі;
33) арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініш нысанын және арнаулы су пайдалануға рұқсат нысанын бекітеді;
34) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекітеді;
35) мынадай:
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау;
суарудың су үнемдейтін технологияларын ендіруге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекітеді;
36) бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша өтеу, қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидиялар бөлу және субсидиялар төлеу қағидаларын бекітеді;
37) су қорын қорғау және пайдалану, су шаруашылығын дамыту саласында инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастырады;
38) суаратын суды пайдалану қағидаларын бекітеді;
39) осы Кодекстің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
40) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органның ведомствосы өз қызметін уәкілетті орган белгілеген құзыреті шегінде жүзеге асырады.
24-бап. Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясының міндеттері мен функциялары
1. Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялары (бұдан әрі - бассейндік су инспекциялары) - осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген құзырет шеңберінде су шаруашылығы бассейндері шегінде су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының өңіраралық бөлімшелері.
2. Бассейндік су инспекциялары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) су қатынастары субъектілерінің қызметін үйлестіреді;
2) құзыреті шегінде тиісті су шаруашылығы бассейнінің аумағында су ресурстарын пайдалануды мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастрын жүргізеді;
3) мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
Қазақстан Республикасының су заңнамасында және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен арнаулы су пайдалануға рұқсатты беру, ұзарту, қайта ресімдеу, тоқтата тұру және оның қолданылуын тоқтату;
су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды келісу;
арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнататын суды есепке алу аспаптарын пломбалау;
тіркеу шифрларын беру үшін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясын тіркеу;
4) су қорын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
6) су қорын қорғау және пайдалану бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы халыққа хабар береді;
7) жерүсті су ағынын реттеу кезінде гидротехникалық құрылысжайлар жұмысының су режимін бекітеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде су қорын қорғау және пайдалану саласында белгіленген нормалар мен ережелерді бұза отырып жүзеге асырылатын су шаруашылығы құрылысжайларының, гидротехникалық құрылысжайлар мен өзге де объектілердің құрылысын тоқтату туралы талаптар қояды;
9) Қазақстан Республикасы су заңнамасының бұзылғаны туралы материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұзушыларды жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдары мен сотқа жібереді;
10) тиісті су шаруашылығы бассейні бойынша су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысады және оны бекітеді;
11) мыналарды:
жер учаскесіне құқық беруді, жерге орналастыру жобасын және су қоры жерлерінің құрамынан және су қорғау аймақтары шегінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді;
аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын;
су қорын қорғау, су ресурстарын пайдалану және су шаруашылығы жүйелерін дамыту жөніндегі іс-шаралар бөлігінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын;
жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін;
су шаруашылығы құрылысжайлары және (немесе) гидротехникалық құрылысжайлар бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін балық аулауды және аквашаруашылықты жүргізу үшін конкурсқа шығарғанға дейін келіседі;
12) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті органның актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
25-бап. Өзге де уәкілетті органдардың құзыреті
1. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган:
1) жерасты су объектілерін мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастырады және жүргізеді;
2) жерасты сулары учаскелерінің қорына мемлекеттік сараптаманы ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру туралы өтініштерге қоса берілетін геологиялық есептерге мемлекеттік сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
3) жерасты суларын зерттеу саласында жобалау, іздестіру, қолданбалы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және ғылыми-техникалық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;
25-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы 2028 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
4) арнаулы су пайдалануға рұқсат беру кезінде жерасты суларын алу және пайдалану шарттарын келісуді жүзеге асырады;
25-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы 2028 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
5) тәулігіне бір мың текше метрден астам жерасты суларын алу кезінде жерасты суларын алу жобасын келіседі;
6) өз құзыреті шегінде осы Кодекстің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жерасты суларын зерттеу, есепке алу, қорғау және пайдалану бөлігінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
7) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы стратегиялық, реттеушілік функциялар мен іске асыру функцияларын жүзеге асырады;
2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, қауіпсіздігінің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
3) елді мекендердің коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін басқару, пайдалану және дамыту кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
4) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу мен субсидиялауды жүзеге асырады;
5) ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекітеді;
6) ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне елді мекендердің сумен жабдықтау жүйелерін енгізудің өлшемшарттарын бекітеді;