2) егер мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды есепке қою немесе қайта есепке қою туралы өтініштің мазмұны осы баптың 5-тармағының талаптарына сəйкес келмесе не егер теле-, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы өтініштің мазмұны осы баптың 6-тармағының талаптарына сəйкес келмесе;
3) егер мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды немесе теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алым төленбесе;
4) егер меншік иесінің ауысуына орай мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды немесе теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтініште мерзімді баспасөз басылымына, интернет-басылымға немесе теле-, радиоарнаға меншік құқықтарын басқа тұлғаға беруді растайтын шарттың күні мен нөмірі көрсетілмесе;
5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, атауы (атауының бір бөлігі) бірдей жəне тақырыптық бағыты дəл сондай мерзімді баспасөз басылымы, интернет-басылым немесе теле-, радиоарна есепке қоюға мəлімделген болса, не атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспасөз басылымы, интернет-басылым немесе теле-, радиоарна мəлімделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның немесе теле-, радиоарнаның меншік иесі немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш берген жағдайда есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куəлік беруден бас тартады.
5. Мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды есепке қою немесе қайта есепке қою туралы өтініште мыналар көрсетілуге тиіс:
1) мерзімді баспасөз басылымының немесе интернет-басылымның меншік иесінің - жеке тұлғаның тегі, аты жəне əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сəйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, мерзімді баспасөз басылымының немесе интернет-басылымның меншік иесінің - заңды тұлғаның атауы, бизнес-сəйкестендіру нөмірі, орналасқан жері;
2) мерзімді баспасөз басылымының немесе интернет-басылымның материалдары мен хабарларының тілі (тілдері);
3) шығарылымның болжамды мерзімділігі;
4) негізгі тақырыптық бағыты;
5) таралатын аумағы;
6) бас редактордың (редактордың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе);
7) редакцияның мекенжайы.
6. Теле-, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы өтініште мыналар көрсетілуге тиіс:
1) теле-, радиоарнаның меншік иесінің - жеке тұлғаның тегі, аты жəне əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сəйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, теле-, радиоарнаның меншік иесінің - заңды тұлғаның атауы, бизнес-сəйкестендіру нөмірі, орналасқан жері, ұйымдық-құқықтық нысаны;
2) меншікті жəне ретрансляцияланатын хабар таратуының орташа тəуліктік көлемі көрсетіле отырып, теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты.
Өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) трансляцияланатын жəне ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды жазып алу жəне алты ай бойы сақтау туралы міндеттеме;
2) теле-, радиоарнаның меншік иесінің кірер есігі бөлек үй-жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға, оның ішінде:
телерадио хабарларын таратудың жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық құралдарды орналастыруға жəне пайдалануға арналған арнаулы үй-жайларға (студиялық, аппараттық, қосалқы);
шығармашылық персоналды орналастыруға арналған үй-жайларға (редакциялық);
əкімшілік-басқару персоналына арналған үй-жайларға мүліктік құқықтарының болуы туралы мəліметтер нысаны.
7. Мерзімді баспасөз басылымының меншік иесі есепке қою туралы куəлікті алған күннен бастап үш ай ішінде мерзімді баспасөз басылымының өнімін шығаруға кірісу құқығын сақтайды.
Теле-, радиоарнаның меншік иелері есепке қою туралы куəлікті алған күннен бастап алты ай ішінде теле-, радио бағдарламаларды таратуға кірісу құқығын сақтайды.
Интернет-басылымның меншік иелері есепке қою туралы куəлікті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлар мен материалдарды таратуға кірісуге тиіс.
8. Мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның немесе теле-, радиоарнаның шығарылуын сот тоқтата тұрған жағдайларды қоспағанда, мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның немесе теле-, радиоарнаның өнімін шығару мерзімін өткізіп алған, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның немесе теле-, радиоарнаның өнімін шығару үш ай бойы тоқтап қалған жағдайларда, уəкілетті органның шешімімен мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды немесе теле-, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куəліктің күші жойылды деп танылады.
Егер мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша интернет-басылымның меншік иесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасынан тысқары жерде орналасқаны анықталса, уəкілетті органның шешімімен интернет-басылымды есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куəліктің күші жойылды деп танылады.
9. Мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның меншік иесі ауысқан немесе оның атауы, сондай-ақ басылымның, материалдар мен хабарлардың атауы, тілі, таралатын аумағы, негізгі тақырыптық бағыты жəне шығару мерзімділігі өзгерген жағдайларда қайта есепке қойылуға жатады.
Теле-, радиоарнаның меншік иесі ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ теле-, радиоарнаның аты өзгерген жағдайларда ол қайта есепке қойылуға жатады.
23-бап. Масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру, тоқтату тəртібі
1. Уəкілетті органда есепке қойылған масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығару не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін тарату меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкін.
2. Тоқтата тұру деп мерзімді баспасөз басылымының бір немесе бірнеше нөмірін шығаруды, теле-, радиобағдарламаның, теле-, радиоарнаның эфирге шығуын уақытша тоқтату, интернет-басылымның қызметін, сондай-ақ масс-медиа өнімін таратуды тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылғанға дейін уақытша тоқтата тұру түсініледі.
Масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды үш айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға жол беріледі.
3. Қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық жəне рулық астамшылықты насихаттау немесе үгіттеу, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді жария ету, өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық тəсілдері мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды насихаттау, порнографиялық жəне арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды тарату, сондай-ақ кино-, бейнеөнімдерді көрсету, бұқаралық ақпарат құралдарын сайлау алдындағы үгіт жүргізу шарттарын бұзу, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың жəне халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тізімін ұсынған саяси партияларды ұсынуға жəне сайлауға, сайлауда белгілі бір нəтижеге қол жеткізуге кедергі болатын жəне (немесе) ықпал ететін қызметті жүзеге асыруы, үгітке тыйым салынған кезеңде оны жүргізу, ереуілге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мəжбүрлеу, Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру жəне өткізу тəртібі туралы, интернетте авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану, сондай-ақ осы Заңның 22-бабының 9-тармағында көзделген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұруға негіз болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты насихаттау жəне үгіттеу, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, ұлтаралық жəне конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған материалдарды жариялау жəне ақпаратты тарату, сондай-ақ белгіленген мерзімде масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру себептерін жоймау масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтатуға негіз болып табылады.
5. Масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығару не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін тарату меншік иесінің не соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, уəкілетті органға хабарлама жəне (немесе) сот шешімі жіберіледі.
Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтату оны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куəліктің күшін жоюға алып келеді.
6. Масс-медиа интернет-ресурс болып табылғанда, масс-медианы шығару не масс-медиа өнімін тарату заңды күшіне енген сот шешімі бойынша тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, уəкілетті мемлекеттік органдар, масс-медианың меншік иелері Қазақстан Республикасының аумағында масс-медианы шығаруды не масс-медиа өнімін таратуды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті.
7. Масс-медиа интернет-ресурс болып табылғанда, масс-медианы шығаруды не масс-медиа өнімін таратуды тоқтата тұру туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі домендік атты дəл сол немесе қайталанатын атаумен пайдалануға үш айдан аспайтын мерзімге тыйым салуға алып келеді.
Масс-медиа интернет-ресурс болып табылғанда, масс-медианы шығаруды не масс-медиа өнімін таратуды тоқтату туралы сот шешімі домендік атты тіркеудің күшін жоюға жəне тіркелуі сот шешімімен жойылған домендік атты дəл сол немесе қайталанатын атаумен бір жыл ішінде пайдалануға тыйым салуға алып келеді.
24-бап. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі
1. Телерадио хабарларын тарату операторлары Қазақстан Республикасының аумағында тарататын шетелдік теле-, радиоарналар уəкілетті органда міндетті есепке қойылуға жатады.
Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды шетелдік телерадиокомпаниялардың өкілдері жүзеге асырады.
Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыру үшін шетелдік теле-, радиоарналардың меншік иелері:
1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен заңды тұлғаны міндетті мемлекеттік тіркеуді немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуді жүргізеді;
2) шетелдік теле-, радиоарнаның апта сайынғы хабар тарату көлемінде отандық теле-, радио бағдарламаларды теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің кемінде он пайызы мөлшерінде үш айда бір рет жаңарта отырып трансляциялауды қамтамасыз етеді жəне (немесе) дəл осындай талаптарға сəйкес трансляцияланатын білім беру, мəдени-ағарту, спорттық-ойын-сауық жəне демалу сипатындағы теле-, радиобағдарламалардың мемлекеттік тілге аударылуын қамтамасыз етеді.
3. Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою олардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес келуі тұрғысынан сараптаудан кейін жүзеге асырылады.
Діни бағыттағы шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүргізілетін дінтану сараптамасынан кейін жүзеге асырылады.
4. Жарғылық капиталында толық немесе ішінара мемлекеттік акциялар (қатысу үлестері, пайлар) пакеті бар Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік теле-, радиоарналардың меншік иелерінің, сондай-ақ олармен үлестес тұлғалардың қызметі Қазақстан Республикасының аумағында жарғылық капиталына шетелдік заңды тұлғалар акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) пакеті жиырма пайыздан аспай қатысатын заңды тұлғаны құра отырып жүзеге асырылады.
Мыналар:
1) сот əрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар;
2) тағайындау кезінде заңда белгіленген тəртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар азаматтар;
3) шетелдіктер не азаматтығы жоқ адамдар;
4) сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде, өздерінің кінəсінен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешімімен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралының бас редакторлары (редакторлары) болған азаматтар аталған заңды тұлғаның басшысы жəне (немесе) теле-, радиоарнаны эфирге дайындауды жəне оның шығуын жүзеге асыратын адам (редактор) бола алмайды.
5. Шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке қою теле-, радиоарнаның меншік иесі ауысқан не заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, аты, негізгі тақырыптық бағыты өзгерген, Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу рəсімінен өткен жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрылған жағдайларда жүзеге асырылады.
25-бап. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қоюдан бас тартудың негіздері
1. Уəкілетті орган, егер:
1) өтініш уəкілетті орган белгілеген талаптарға сəйкес келмесе;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алым төленбесе;
3) шетелдік теле-, радиоарнаның материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, экстремизмді немесе терроризмді, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық жəне рулық астамшылықты насихаттауды жəне үгіттеуді, ұлтаралық жəне конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпаратты, сондай-ақ порнографиялық жəне арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино-, бейнеөнімдерді, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын ақпаратты қамтыса;
4) дінтану сараптамасының нəтижелері бойынша теріс қорытынды болса;
5) шетелдік теле-, радиоарнаның өнімдеріне қатысты Қазақстан Республикасының аумағында оны таратуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі болса;
6) «электрондық үкіметтің» веб-порталында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мəліметтер болмаса, шетелдік телерадиокомпания өкіліне шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куəлік беруден бас тартады.
2. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюдан бас тарту кезінде шетелдік телерадиокомпания өкіліне уəжді бас тарту жазбаша түрде беріледі.
3. Егер шетелдік теле-, радиоарна Қазақстан Республикасының аумағында жаңа заңды тұлғаны немесе филиалды (өкілдікті) құрмай, заңды тұлғаның қызметін тоқтатса немесе филиалды (өкілдікті) осы Заңның 24-бабының 2-тармағында көзделген есептік тіркеуден шығарса, уəкілетті орган күнтізбелік он бес күн ішінде шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куəлікті кері қайтарып алады.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шетелдік теле-, радиоарна Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайларда уəкілетті орган есепке қою туралы куəлікті кері қайтарып алу үшін сотқа жүгінеді.
5. Егер шетелдік теле-, радиоарнадан есепке қою туралы куəлік кері қайтарып алынса, уəкілетті орган телерадио хабарларын тарату операторларына Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарнаның трансляциясын жəне (немесе) ретрансляциясын шектеу бойынша шаралар қабылдау туралы нұсқама шығарады.
6. Сот шетелдік теле-, радиоарна тарататын ақпаратты Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына қайшы келеді деп таныса, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарнаны тарату тоқтатыла тұрады не тоқтатылады.
3-тарау. ЖУРНАЛИСТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
26-бап. Журналистің құқықтары мен міндеттері
1. Осы Заңда журналистің кəсіби қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар қамтамасыз етілетін оның ерекше мəртебесі танылады.
2. Адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен кəсіби қызметін жүзеге асыруы жəне бұқаралық ақпарат құралының редакциясымен еңбек қатынасында немесе өзге де шарттық қатынаста болуы кезеңінде журналист мəртебесіне ие болады.
3. Журналистің:
1) хабарлар мен материалдарды жинауды, өңдеуді, дайындауды жүзеге асыруға, ақпаратты сұратуға, алуға жəне таратуға;
2) мемлекеттік органдарға, барлық меншік нысанындағы ұйымдарға баруына жəне өзінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық іс-шара өткізу туралы шешім қабылданған жағдайларды қоспағанда, өзін аккредиттеген мемлекеттік органдар жəне (немесе) ұйымдар өткізетін барлық іс-шараларға қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, оның ішінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалана отырып жазбалар жүргізуге, кино- жəне фототүсірілім жасауға;
4) журналист куəлігін, айырым белгісін көрсету арқылы дүлей зілзалалар ауданында, бейбіт жиналыстарда, сондай-ақ қоғамдық, топтық жəне жеке мүдделерді білдірудің өзге нысандары кезінде болуға;
5) мемлекеттік құпияларды жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді қоспағанда, құжаттармен жəне материалдармен танысуға рұқсат алуға;
6) алынатын ақпараттың анықтығын тексеруге;
7) алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезінде мамандарға жүгінуге;
8) өзі əзірлеген хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын (бүркеншік атын) көрсетіп таратуға;
9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейін журналистің жеке сеніміне қайшы келсе, оны өз қолын қойып жариялаудан бас тартуға;
10) авторлық құпия жəне ақпарат көздерінің құпиясы соттың талап етуі бойынша жария етілетін жағдайларды қоспағанда, осы құпиялар мен ақпарат көздерін сақтауға құқығы бар.
4. Журналист:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа ала отырып, өзі еңбек қатынасында немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға;
2) таратылатын ақпараттың анықтығын тиісті жеке жəне (немесе) заңды тұлғаларға сұрау салулар жіберу арқылы не Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тəсілдермен тексеру бойынша шаралар қабылдауға;
3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтініштерді қанағаттандыруға;
4) шындыққа сай келмейтін ақпаратты таратпауға;
5) егер мəліметтер ресми хабарларда көрсетілген жəне (немесе) оларды жеке жəне (немесе) заңды тұлғаның өзі не олардың өкілдері қолжетімділігі шектелмеген дереккөздерде таратқан жағдайларды қоспағанда, жеке жəне (немесе) заңды тұлғадан не олардың өкілдерінен бұқаралық ақпарат құралында жеке басының, отбасылық, дəрігерлік, банктік, коммерциялық жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияларын таратуға келісімін алуға;
6) жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге;
7) аса маңызды мемлекеттік жəне стратегиялық объектілерге бару кезінде кіру режимінің жəне объектішілік режимнің белгіленген талаптарын сақтауға;
8) кəсіби əдеп (əдептік мінез-құлық) нормаларын сақтауға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес өзіне жүктелген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
27-бап. Журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) кəсіби қызметінің құқықтық кепілдіктері
1. Журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) міндеттерін денсаулығы мен өмірі үшін жоғары қауіптілікпен ұштасқан жағдайларда орындаған кезде бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі оны қажетті жабдықпен жəне киім-кешекпен қамтамасыз етуге міндетті.
2. Журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) өз міндеттерін орындауына байланысты өміріне жəне (немесе) денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі оған келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көлемде жəне тəртіппен өтеуге міндетті.
28-бап. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу
1. Бұқаралық ақпарат құралдары ақпарат иеленушілердің жəне ұйымдардың келісімі бойынша олардың жанына өз журналистерін аккредиттей алады.
Аккредиттеудің оңайлатылған тəртібі жағдайында журналистерге (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне) аккредиттеу карталары беріледі.
Аккредиттеу картасы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен бірыңғай медиаплатформа арқылы беріледі.
Журналистерді аккредиттеудің үлгілік қағидаларын уəкілетті орган əзірлейді жəне бекітеді. Ақпарат иеленушілер, ұйымдар журналистерді аккредиттеудің үлгілік қағидалары негізінде журналистерді аккредиттеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді.
2. Журналист аккредиттелген мемлекеттік органдар жəне (немесе) ұйымдар өткізілетін отырыстар, кеңестер жəне өзге де іс-шаралар жөнінде оған алдын ала хабарлауға, стенограммалармен, хаттамалармен жəне өзге де құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті.
3. Жабық іс-шара өткізу туралы шешімдер қабылданған жағдайларды қоспағанда, аккредиттелген журналистің өзін аккредиттеген мемлекеттік органдар жəне (немесе) ұйымдар өткізетін отырыстарға, кеңестерге жəне басқа да іс-шараларға қатысуға құқығы бар.
4. Егер журналист аккредиттеу қағидаларын бұзса не өзін аккредиттейтін мемлекеттік органдардың жəне (немесе) ұйымдардың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, шындыққа сай келмейтін мəліметтерді таратса, егер бұл заңды күшіне енген сот шешімімен танылса, аккредиттеуден айырылады.
29-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарын шет елдерде аккредиттеу
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің Қазақстан Республикасының жəне болу мемлекетінің заңнамасында көзделген тəртіппен басқа мемлекеттерде тілшілер қосынын ашуға, журналистерді аккредиттеуге құқығы бар.
30-бап. Қазақстан Республикасындағы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызметi
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өзі белгілеген тəртіппен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін жəне олардың журналистерін аккредиттеуді жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдіктерінің жəне олардың журналистерінің тізілімін жүргізеді.
2. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік журналистердің жəне басқа да шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің құқықтық жағдайы мен кəсіби қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен жəне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен реттеледі.
3. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралының Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін жəне Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзатын ақпаратты қамтитын өнімі Қазақстан Республикасының аумағында оның таралуы тоқтатыла тұрып не тоқтатылып, сот тəртібімен заңсыз деп танылуға, ал интернет-ресурстар болып табылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары үшін Қазақстан Республикасының аумағында аталған интернет-ресурстарға қолжетімділікті тоқтата тұруға жатады.
4. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жəне шетелдік журналистердің тиісті аккредиттеусіз кəсіби журналистік қызметпен айналысуына тыйым салынады.
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін жəне олардың журналистерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес аккредиттеуден бас тартуға құқылы.
6. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктері мен журналистерін аккредиттеуден бас тарту, оны тоқтата тұру жəне кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ
31-бап. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс
1. Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен орналастырылады.
2. Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен орналастырылады.