3. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мəселелері жөніндегі қоғамдық-кəсіптік кеңестер республикалық деңгейде де, өңірлік деңгейде де ұйымдастырылуы мүмкін.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мəселелері жөніндегі республикалық қоғамдық-кəсіптік кеңес бұқаралық ақпарат құралдарының кəсіптік қоғамдастығы өкілдерінен қалыптастырылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мəселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық-кəсіптік кеңестер жергілікті кəсіптік қоғамдастықтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен қалыптастырылады.
5. Журналистердің əдеп кодексін əзірлеу бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мəселелері жөніндегі қоғамдық-кəсіптік кеңестердің негізгі функциясы болып табылады.
6. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін өзін-өзі реттеу мəселелері жөніндегі қоғамдық-кəсіптік кеңестердің ұсынымдары мемлекеттік органдардың міндетті түрде қарауына жəне ден қоюына жатады.
6-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
42-бап. Телерадио хабарларын тарату субъектілері
Телерадиокомпаниялар, телерадио хабарларын тарату операторлары, теле-, радиобағдарламаларды жасаушылар мен дара спутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылар Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын тарату субъектілері болып табылады.
43-бап. Телерадиокомпания
1. Телерадиокомпания теле-, радиоарналарды қалыптастырып, оларды телерадио хабарларын тарату желілерінде одан əрі тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
2. Телерадиокомпаниялар:
1) уəкілетті органда теле-, радиоарнаны бұқаралық ақпарат құралы ретінде есепке қоюды жүзеге асырады;
2) қалыптастырылатын теле-, радиоарналардың техникалық параметрлерінің телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сəйкес сақталуын қамтамасыз етеді;
3) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу, телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларына жəне телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сəйкес теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларды беру сапасын қамтамасыз етеді;
4) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес берілген сəйкестік сертификаттары бар теле-, радиоарналарды қалыптастырудың техникалық құралдарын пайдаланады.
44-бап. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, акциялар пакетінің жүз пайызы мемлекетке тиесілі, телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін күтіп-ұстау мен дамыту жөніндегі міндеттер жүктелген заңды тұлға телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы болып табылады.
2. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес телерадиокомпаниялармен жəне телерадио хабарларын тарату операторларымен жасалған шарттардың негізінде телерадиокомпаниялар мен телерадио хабарларын тарату операторларына телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін пайдалануға тең құқық береді;
2) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісінің біртұтас мүліктік кешенінің сақталуын қамтамасыз етеді;
3) телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін күтіп-ұстау мен пайдалануды жүзеге асырады;
4) заманауи озық технологиялар негізінде телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісін дамыту мен жаңғыртуды жүзеге асырады;
5) міндетті теле-, радиоарналарды жəне еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды жүзеге асырады;
6) жасалған шарттар негізінде цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісінде еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды белгіленген тарифтерге сəйкес жүзеге асырады;
7) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтерге тарифтерді өзінің интернет-ресурсында жариялайды;
8) цифрлық эфирлік хабар тарату желісінің цифрлық жəне аналогтік эфирлік хабар тарату желілерінде міндетті теле-, радиоарналарды таратуға арналған спутникте спутниктік ресурсты резервке қоюды қамтамасыз етеді.
Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы телекоммуникация желілерінде телегазет тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде уəкілетті орган телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісі бойынша мемлекеттік емес теле-, радиоарналардың трансляциясын жəне (немесе) ретрансляциясын аналогтік жəне цифрлық телерадио хабарларын тарату арқылы қамтамасыз ету жөніндегі шығындарын өзге қаржыландыру көздері болмағанда төтенше жағдайдың бүкіл қолданылу мерзімінде ұлттық оператор белгілеген тарифтерге сəйкес өтейді.
Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға толық көшкеннен кейін телерадио хабарларын тарату желілерін өз қаражаты есебінен одан əрі дамытуды жүзеге асырады.
45-бап. Телерадио хабарларын тарату операторлары
1. Телерадио хабарларын тарату операторлары телекоммуникация желілерінде:
1) теле-, радиоарналар топтамаларын трансляциялау жəне (немесе) ретрансляциялау;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес телерадиокомпаниялармен жасалған шарттардың негізінде теле-, радиоарналарды трансляциялау жəне (немесе) ретрансляциялау;
3) егер телерадио хабарларын тарату операторлары мен телерадиокомпаниялар арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, теле-, радиоарналарды теле-, радиобағдарламаларының мазмұнын өзгертпей ретрансляциялау арқылы теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Осы тармақшаның ережесі осы Заңның 58-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды;
4) осы Заңның 22-бабына сəйкес есепке қою рəсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын тарату операторы мен шетелдік телерадиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тəртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шарттардың негізінде трансляциялау жəне (немесе) ретрансляциялау;
5) міндетті теле-, радиоарналарды, еркін жəне шартты қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялау жəне (немесе) ретрансляциялау арқылы теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Телерадио хабарларын тарату операторлары телекоммуникация желілерінде телегазет тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.
2. Телерадио хабарларын тарату операторлары:
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес берілген сəйкестік сертификаттары бар техникалық құралдарды теле-, радиоарналарды тарату үшін пайдалануға;
трансляциялауды жəне (немесе) ретрансляциялауды телерадио хабарларын таратудың техникалық пайдалану қағидаларына жəне телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына сəйкес жүзеге асыруға;
цифрлық форматта сигнал алу жəне контентті жеткізудің цифрлық технологияларын пайдалану кезінде цифрлық телерадио хабарларын тарату стандарттарына сəйкес бағдарламалық лек жылдамдығымен цифрлық форматта өзі пайдаланатын барлық желідегі теле-, радиоарналар сигналдарын трансляциялауды қамтамасыз етуге;
телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сəйкес отандық теле-, радиоарналарды трансляциялауды жəне (немесе) ретрансляциялауды жүзеге асыруға міндетті.
46-бап. Теле-, радиобағдарламаларды жасаушы
1. Теле-, радиобағдарламаларды жасауға маманданған жеке немесе заңды тұлға теле-, радиобағдарламаларды жасаушы болып табылады.
2. Теле-, радиобағдарламаларды жасаушылар мен телерадиокомпаниялар арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес реттеледі.
47-бап. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мəселелері жөніндегі комиссия
Телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүдделерді ескеру жəне қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында уəкілетті орган жанынан уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен консультативтік-кеңесші орган - телерадио хабарларын таратуды дамыту мəселелері жөніндегі комиссия құрылады.
48-бап. Телерадио хабарларын тарату желілері
1. Телерадио хабарларын тарату желілері Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сəйкес біртұтас телекоммуникация желісінің құрамдас бөлігі болып табылады жəне Қазақстан Республикасының жəне шет мемлекеттердің аумағында теле-, радиоарналарды тарату жəне трансляциялау үшін пайдаланылатын жерүсті жəне спутниктік хабар тарату жүйелерінің біртұтас өндірістік-технологиялық кешенін құрайды.
2. Мемлекеттік теле-, радиоарналарды тарату жəне трансляциялау үшін телерадио хабарларын тарату операторларының техникалық құралдары мен арналары пайдаланыла отырып, біртұтас телекоммуникация желісіне негізделетін республикалық жəне өңірлік телерадио хабарларын тарату желілері құрылады.
3. Телерадиокомпаниялар жəне телерадио хабарларын тарату операторлары теле-, радиоарналарын тарату жəне трансляциялау үшін қазіргі бар телекоммуникация желілерін жасалған шарт талаптарымен пайдалануға құқылы.
4. Телерадио хабарларын тарату желілері меншік нысанына қарамастан, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер жəне қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тəртібі туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік жəне құқықтық тəртіпті қорғау мүдделерінде пайдаланылады. Телерадио хабарларын тарату желілерін көрсетілген мақсаттарда пайдалану тəртібін азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті орган айқындайды.
5. Телерадиокомпаниялар жəне телерадио хабарларын тарату операторлары табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер жəне қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тəртібі туралы, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік жəне құқықтық тəртіпті қорғау мүдделерінде халықты құлақтандыруды меншік нысанына қарамастан міндетті түрде жүзеге асырады.
6. Егер техникалық жағдайлар мүмкіндік берсе, тұрғын үйлерде кəбілдік желілерді тарту үшін инженерлік инфрақұрылым объектілері барлық кəбілдік телерадио хабарларын тарату операторларына бірдей шарттармен беріледі.
49-бап. Телерадио хабарларын тарату қызметтеріне арналған тарифтер
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, телерадио хабарларын тарату операторлары көпарналы хабар таратуда жəне телекоммуникация желілерінде теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді негізделген шығындар негізінде өз бетінше белгілейді.
50-бап. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық мүдделерін қорғау
1. Отандық телеарналардың телерадио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінде жарнаманы қоспағанда, отандық телебағдарламалар саны:
1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - кемінде елу бес пайызды;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде алпыс пайызды құрауға тиіс.
Осы тармақтың талабы халықаралық келісімдер негізінде хабар тарататын телеарналарға қолданылмайды.
2. Отандық радиоарналардың радио хабарларын таратудың апта сайынғы көлемінде жарнаманы қоспағанда, қазақстандық авторлардың не орындаушылардың музыкалық туындылары мен отандық радиобағдарламалар саны:
1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - кемінде елу бес пайызды;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде алпыс пайызды құрауға тиіс.
51-бап. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялау тəртібі
1. Жеке немесе заңды тұлғаларды отандық спутниктік құрылғыларды сатып алуға ынталандыру спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге жұмсалатын шығындарының бір бөлігін субсидиялаудың мақсаты болып табылады.
2. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау бюджет қаражаты есебінен уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
3. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялау мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:
1) аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде тұратын тұрғындардың спутниктік қабылдау құрылғыларын сатып алуы;
2) телерадио хабарларын тарату операторының теле-, радиоарналарды байланыс спутниктерінде орналастырылатын ретрансляторлар арқылы таратуы;
3) «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес телерадио хабарларын тарату саласындағы лицензияның болуы;
4) елу мыңнан аспайтын тұрғыны бар кемінде он елді мекенде меншік немесе пайдалану құқығында меншікті сату желісін иелену.
4. Уəкілетті орган спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларынан келіп түскен өтінімдерді қарау үшін шығындарды субсидиялау не одан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін өтінімдерді қарау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құрады.
5. Субсидиялар алған спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары жыл сайын субсидияларды іске асырудың тиімділігіне талдау жүргізеді жəне оны уəкілетті органға жібереді.
6. Спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары шығындарының бір бөлігін субсидиялауды ұсыну, бақылау, мониторингтеу жəне оның тиімділігін бағалау уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
52-бап. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру
1. Жеке тұлғалардың ақпаратқа, сөз бостандығына, пікірлерді білдіру жəне пікірлердің əралуандығын дамыту құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігін сақтау жəне қамтамасыз ету, мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясаты саласындағы мемлекеттік саясатты жария ету, елдің мəдени мұрасын сақтау жəне дамыту мақсатында мəдени, ғылыми-білім беру, танымдық-ағарту жəне басқа да əлеуметтік маңызы бар жəне Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылуға міндетті ақпараттың жиынтығын құрайтын міндетті теле-, радиоарналардың тізбесі қалыптастырылады.
2. Міндетті мемлекеттік емес теле-, радиоарналардың тізбесі уəкілетті орган айқындаған тəртіппен конкурстық негізде қалыптастырылады.
Телерадио хабарларын таратуды дамыту мəселелері жөніндегі комиссияның ұсынымы бойынша міндетті мемлекеттік теле-, радиоарналардың тізбесі конкурс өткізілмей қалыптастырылады жəне оны уəкілетті орган бекітеді.
3. Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру жылына бір реттен асырмай жүзеге асырылады. Теле-, радиоарнаның меншік иесі теле-, радиоарнаны көрсетілген тізбеге енгізуден ерікті түрде бас тартқан немесе одан алып тастаған жағдайда, ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету мақсатында уəкілетті органның шешімі бойынша бос орынға қайта конкурс өткізіледі.
53-бап. Еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру
1. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесі:
1) осы Заңның 69-бабының 4-тармағына сəйкес цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарататын теле-, радиоарналар топтамасына енгізілген теле-, радиоарналардан;
2) осы баптың 2-тармағына сəйкес айқындалған теле-, радиоарналардан қалыптасады.
2. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мəселелері жөніндегі комиссияның ұсынымы бойынша телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру уəкілетті орган айқындаған тəртіппен конкурстық негізде жүзеге асырылады.
3. Телерадио хабарларын тарату операторлары еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды телерадиокомпаниялармен жасалған шарттардың негізінде таратуға құқылы.
54-бап. Телерадио хабарларын тарату қызметін лицензиялау
Уəкілетті орган телерадио хабарларын тарату қызметін лицензиялауды «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүзеге асырады.
55-бап. Телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін радиожиілік спектрін пайдалану
1. Телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен конкурстық негізде жүзеге асырылады.
2. Байланыс саласындағы уəкілетті орган телерадио хабарларын таратуды дамыту мəселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға арналған рұқсатты береді.
Телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға арналған рұқсатта техникалық құралдардың орналасқан жері, оның ішінде типтері, географиялық координаттары, сондай-ақ пайдаланылатын таратушы радиоэлектрондық құралдардың нақты қуаты көрсетілген антенна құрылғыларының орналасуы көрсетілуге тиіс.
3. Байланыс саласындағы уəкілетті орган телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін радиожиіліктерді есептеуді, оны радиожиілік органдарымен келісуді жəне халықаралық үйлестіруді жүргізеді.
56-бап. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарына қойылатын талаптар
1. Теле-, радиоарналарды қалыптастырудың, трансляциялаудың, ретрансляциялаудың жəне (немесе) қабылдаудың техникалық құралдарының «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сəйкестігі расталуға жатады.
2. Өзге радиотаратқыш жəне (немесе) радиоқабылдағыш байланыс құралдарына бөгеуілдер жасайтын жəне мəлімделген техникалық параметрлерге сəйкес келмейтін, телерадио хабарларын тарату сигналын қабылдайтын жəне беретін радиоэлектрондық құралдарды пайдалануға тыйым салынады.
57-бап. Қосымша ақпаратты тарату
1. Қосымша ақпарат мазмұны телерадио хабарларын тарату сигналының құрамында берілетін негізгі телебағдарламаның мазмұнына байланысты емес, бір жиілік жəне (немесе) эфир уақыты пайдаланыла отырып, негізгі бағдарламамен бір уақытта трансляцияланатын əріптік, цифрлық, графикалық ақпаратты білдіреді.
2. Коммерциялық жарнама сипатындағы қосымша ақпараттың мөлшері кадр алаңының жиырма бес пайызынан аспауға жəне телебағдарламалардағы мəтіндік немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиіс.
58-бап. Теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялау
1. Теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялау, егер телерадио хабарларын тарату операторлары мен құқық иеленуші - телерадиокомпания арасында жасалған шартта өзгеше көзделмесе, сондай-ақ осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мазмұнына өзгерістер енгізілместен жүзеге асырылады.
2. Телерадио хабарларын тарату операторлары Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарналарды ретрансляциялау кезінде:
1) əлеуметтік жарнаманы;
2) тікелей эфирде немесе тікелей эфирдің қайталама жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы;
3) тек жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға маманданған шетелдік теле-, радиоарналар тарататын жарнаманы қоспағанда, жарнаманың таратылуына жол бермеуге тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарналарды ретрансляциялау кезінде үшінші тұлғалардың жарнамасын қамтымайтын теле-, радиоарналардың өз өнімі туралы ақпаратты (анонстарды) таратуға жол беріледі.
3. Теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялауға телерадио хабарларын тарату операторы мен телерадиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тəртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шарттың негізінде ғана жол беріледі.
4. Теле-, радиоарналарды, теле-, радиобағдарламаларды ретрансляциялауға байланысты құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
5. Отандық теле-, радиоарналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялау теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің он пайызынан аспауға тиіс.
59-бап. Теле-, радиоарналарды көпшілікке көрсету үшін тарату
Мемлекеттік органдар жəне (немесе) ұйымдар ғимараттарының күту залдарында көпшілікке көрсету үшін тек отандық теле-, радиоарналар таратылады.
7-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ ТҮРЛЕРІ
60-бап. Аналогтік эфирлік телерадио хабарларын тарату
1. Аналогтік эфирлік телерадио хабарларын тарату сигналды өңдеудің аналогтік əдістері пайдаланылатын теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді.
2. Аналогтік эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды тарату осы Заңның 55-бабына сəйкес берілген, жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға арналған рұқсат жəне теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия болған кезде жүзеге асырылады.
61-бап. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату
1. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату бірегей сигналды цифрлау (жинау) əдістемесін пайдалана отырып, жер үстіндегі хабар беруші станциялар арқылы теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді.
2. Телерадио хабарларын тарату операторларының цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы осы Заңның 55-бабына сəйкес берілген, жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға арналған рұқсаты жəне теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады.
62-бап. Спутниктік телерадио хабарларын тарату
1. Спутниктік телерадио хабарларын тарату байланыс спутниктерінде орналастырылатын ретрансляторлар арқылы теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді.
2. Спутниктік телерадио хабарларын тарату Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында телерадио хабарларын тарату сигналдарын таратуға арналған.
3. Телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға арналған рұқсаты жəне теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады.
4. Телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды жəне телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ жəне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радио сигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықты таратуға тыйым салынады.
5. Телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ жəне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне төлем жасауға тыйым салынады.
6. Дара спутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылардың қызметі телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалатын тəртіппен жүзеге асырылады.
63-бап. Кəбілдік телерадио хабарларын тарату
1. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету үшін абоненттік желілерді қоспағанда, кəбілдік телерадио хабарларын тарату кəбілдік жəне эфирлік-кəбілдік желілер арқылы теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді.
2. Телерадио хабарларын тарату операторларының кəбілдік жəне эфирлік-кəбілдік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия негізінде жүзеге асырылады.
3. Телерадио хабарларын тарату операторларының эфирлік-кəбілдік телерадио хабарларын тарату арқылы теле-, радиоарналарды таратуы осы Заңның 54-бабына сəйкес берілген, жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға арналған рұқсаты болған кезде жүзеге асырылады.
4. Кəбілдік телерадио хабарларын тарату операторлары міндетті теле-, радиоарналардың трансляциясын жəне (немесе) ретрансляциясын кəбілдік телерадио хабарларын тарату операторлары мен міндетті теле-, радиоарнаның құқық иеленушісі - телерадиокомпания арасындағы өзара есепке жатқызу негізінде жүзеге асырады.
64-бап. Телекоммуникация желілерін пайдаланып телерадио хабарларын тарату
1. Телекоммуникация желілерінде телерадио хабарларын тарату телекоммуникация хабарларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялардың техникалық құралдары мен байланыс желілері пайдаланылатын теле-, радиоарналарды тарату жүйесін білдіреді.
2. Телекоммуникация желілерінде теле-, радиоарналарды тарату теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия негізінде жүзеге асырылады.
65-бап. Дара спутниктік қабылдау
1. Жеке жəне заңды тұлғалардың теле-, радиоарналарды дара спутниктік қабылдауы одан əрі ретрансляциялау құқығынсыз жүзеге асырылады.
2. Телевизиялық сигналдың дара спутниктік қабылдауын қамтамасыз ету үшін «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сəйкестігін растаудан өткен дара спутниктік қабылдау құрылғылары пайдаланылуға тиіс.
66-бап. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесі
1. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесі - бір ғимарат жəне (немесе) бірнеше ғимарат шегінде теле-, радиоарналарды қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені.
2. Теле-, радиоарналарды ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі коммерциялық мақсаттарды көздейтін қызмет кəбілдік телерадио хабарларын таратуға теңестіріледі жəне теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиялануға жатады.
3. Коммерциялық мақсаттарды көздемейтін, бір ғимарат шегіндегі ұжымдық қабылдау жүйесі ғимараттың меншік иелерінің жазбаша келісімімен ғана орнатыла алады. Егер осы ғимараттардың меншік иесі бір ғана жеке немесе заңды тұлға болып табылса, коммерциялық мақсаттарды көздемейтін, бірнеше ғимарат шегіндегі ұжымдық қабылдау жүйесі орнатыла алады.
4. Ұжымдық қабылдау жүйелері телерадио хабарларын таратудың басқа операторларының хабар тарату сапасына əсер етпеуге тиіс.
8-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАСС-МЕДИА ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ
ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
67-бап. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.