9) телерадио хабарларын тарату мақсатында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастырады жəне өткізеді;
10) міндетті теле-, радиоарналар тізбесін жəне телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесін қалыптастыру мен бекіту бойынша конкурстар ұйымдастырады жəне өткізеді;
11) «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тəртіппен телерадио хабарларын тарату қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
12) көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындайды;
13) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;
14) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекітеді;
15) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттардың құнын айқындау əдістемесін əзірлейді жəне бекітеді;
16) масс-медианы мониторингтеуді жүзеге асырады;
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді жəне атқарушы органдарының құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді органдары:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс істері жөніндегі уəкілетті орган бекіткен үлгілік қағидаларға сəйкес тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы тұрғын үй кешендерінде дара спутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғыларын, кəбілдік коммуникацияларды орналастыру жөніндегі талаптарды белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады жəне оның жүзеге асырылуын бақылайды;
3) уəкілетті орган бекітетін, өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік əдістемесі негізінде өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау əдістемесін əзірлейді жəне бекітеді;
4) телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды жəне телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ жəне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықтарды таратуына тыйым салу жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) дара спутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғысы бар қоғамдық көлікте мемлекеттік теле-, радиоарналардың өнімін жəне (немесе) эфирін трансляциялауға құқылы;
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеу
1. Масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату субъектілерінің қызметін лицензиялау арқылы жүзеге асырылады.
2. Бақылау субъектісі өткізетін өнімнің қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық өнімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру жəне жеке жəне заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уəкілетті орган жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес тексерулер жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
4. Осы Заңның 56-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау жүргізуді уəкілетті орган мемлекеттік радиожиілік қызметін тарта отырып жүзеге асырады.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уəкілетті орган жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары əртүрлі ақпарат көздерінен алынған мəліметтерді салыстыру мен талдау арқылы, оның ішінде уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүргізеді.
6. Мерзімді баспасөз басылымдарының, теле-, радиоарналардың, интернет-басылымдардың, интернет-ресурстардың, телерадио хабарларын тарату операторларының, дара спутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылардың қызметі Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың объектісі болып табылады.
7. Масс-медианың меншік иелері, телерадиокомпаниялар, телерадио хабарларын тарату операторлары мен дара спутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылар бақылау субъектілері болып табылады.
8. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу жəне оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша уəкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру жəне оларға əкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, уəкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жібереді.
Ұсыным бақылау субъектісінің жеке өзіне қолын қойғызып немесе оны жөнелту жəне алу фактілерін растайтын өзге де тəсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тəсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - пошта жөнелтілімін тапсырысты хатпен алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
3) электрондық тəсілмен - уəкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары сұрау салған кезде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына уəкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
11. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, уəкілетті органға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
13. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау массмедиа үшін - күніне бір реттен, телерадиокомпаниялар, телерадио хабарларын тарату операторлары, дара спутниктік жəне эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушылар үшін аптасына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
10-бап. Теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде балаларды қорғау
Балалар жəне білім беру теле-, радиобағдарламаларын тарату, оның ішінде жас санаты белгісін қою жөніндегі талап Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасында көзделген тəртіппен жүзеге асырылады.
11-бап. Өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын ақпарат
1. Адамдардың шектеусіз тобын өзін-өзі өлтіруге баруға итермелейтін, кез келген нысанда таратылатын жəне (немесе) орналастырылатын ақпарат, сондай-ақ өзін-өзі өлтіру тəсілдері туралы ақпарат жəне өзін-өзі өлтіруге шақыру туралы ақпарат өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын ақпарат деп түсініледі.
2. Мыналарды:
1) өзін-өзі өлтіруді проблеманы шешу тəсілі ретінде көрсетуді;
2) өзін-өзі өлтіруге баруды не өзін-өзі өлтіруге бағытталған əрекеттерді немесе нақты (ойдан шығарылған) əңгімелесушінің немесе үшінші бір адамның өзін-өзі өлтіруге бару ниетін оң бағалауды не мақұлдауды;
3) тікелей немесе айқын ниеті байқалмайтын, бірақ өзін-өзі өлтіруге бару туралы шешім қабылдауға, оның ішінде өзін-өзі өлтіруге барған басқа адамдардың əрекеттерін танымал ететін жəне (немесе) өзін-өзі өлтіруге барған адамдарда пайда болған артықшылықтар туралы тұжырымдар (пайымдаулар) қамтылатын нақты мысалдар келтіру арқылы мəжбүрлейтін тұжырымдардан (пайымдаулардан) тұратын, өзін-өзі өлтіруге баруға итермелейтін дəлелдер, оның ішінде өзін-өзі өлтіруді қазіргі қоғамдағы қолайлы, қисынды жəне заңды əрекет ретінде ұсынуды;
4) өзін-өзі өлтіруге əрекеттену тəжірибесі бар адамдардың көзқарасын, сезімін сипаттауын жəне тақырыпты талқылауын қоса алғанда, өзін-өзі өлтіруге баруы сəтсіз болған əрекетті айыптауды, келемеждеуді;
5) өзін-өзі өлтіруге бару (өзін-өзі өлтіруге баруға əрекеттену), оның ішінде біреудің көмегімен не біреудің қатысуымен, не біреудің бақылауымен жүзеге асырылатын, топтасып жəне (немесе) ассистент көмегімен жасау мақсатында танысу туралы хабарландыруды;
6) өзін-өзі өлтіру тəсілін, оның ішінде өзін-өзі өлтірудің неғұрлым ауырсынбайтын, сенімді, қолжетімді, эстетикалық тəсілін таңдау тұрғысынан сауалнаманы (дауыс беруді), тестті, рейтингті қамтитын ақпарат өзін-өзі өлтіруге баруға итермелейтін ақпарат болып табылады.
3. Өзін-өзі өлтіруге бару тəсілдері туралы ақпаратқа мыналар жатады:
1) өзін-өзі өлтіруге барудың, оның ішінде өзін-өзі өлтіруге бару əрекеттерінің тізбегін жəне (немесе) ықтимал нəтижелерін (салдарын) суреттейтін (бейнелейтін) процестерді, рəсімдерді сипаттау (көрсету) үшін мəтінді, аудио немесе бейне құралдарды, өзін-өзі өлтіруге арналған құралдарды жəне (немесе) орындарды пайдалану арқылы жасаудың бір жəне одан да көп тəсілі туралы ақпарат;
2) өзін-өзі өлтіруге қажетті жағдайлар жиынтығы туралы, оның ішінде орынды, уақытты, əдісті таңдау, өзін-өзі өлтіруге баруға қажетті дайындық əрекеттері туралы ақпарат;
3) өзін-өзі өлтіруге бару тəсілдерімен байланысты өзге де ақпарат.
4. Өзін-өзі өлтіруге баруға шақыру туралы ақпаратқа мыналар жатады:
1) өзін-өзі өлтіруге бару туралы, оның ішінде бопсалау, өтіну, үгіттеу, көндіру, талап ету арқылы тікелей өтініш қамтылатын ақпарат;
2) өзін-өзі өлтіруге баруға шақырумен байланысты өзге де ақпарат.
5. Өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын ақпаратты, өзін-өзі өлтіруге бару тəсілдері мен өзін-өзі өлтіруге шақыру туралы ақпаратты таратуға жəне (немесе) орналастыруға тыйым салынады.
12-бап. Теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау
1. Жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарлама жергілікті уақытпен сағат он алтыдан жиырма екіге дейінгі кезеңде сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етіледі.
Телеарналарда орналастырылатын міндетті хабарлар сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етіледі.
2. Осы баптың талаптары осы Заңның 24-бабына сəйкес есепке қою рəсімінен өткен шетелдік телеарналарға қолданылмайды.
13-бап. Масс-медиадағы жарнама
Масс-медиадағы жарнама «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сəйкес жүзеге асырылады.
14-бап. Масс-медиа өнімін тарату
1. Масс-медиа өнімін таратуды меншік иесінің шешімі бойынша оның өзі не шарт негізінде немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспагер, сондай-ақ азаматтар немесе ұйымдар жүзеге асырады.
2. Масс-медиа өнімін əзірлеу, жариялау, қайталап көрсету жəне тарату кезінде мынадай жағдайларда:
1) егер осы адам мəдени-бұқаралық ойын-сауық іс-шараларында, мəдениет саласында əлеуметтік маңызы бар, спорттық-бұқаралық іс-шараларда, бейбіт жиналыстарда жəне өзге де жария іс-шараларда болса немесе оларға қатысса;
2) егер таратылатын ақпаратта адамның бет-бейнесі жəне мұндай адамның қызметтік жұмысымен жəне (немесе) жария қызметімен байланысты мəліметтер қамтылса, сондай-ақ оны адамның өзі, оның заңды өкілі немесе уəкілетті тұлға қолжетімділігі шектелмеген көздерде жарияласа;
3) егер бейнеленетін адамды пайдалану конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тəртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында жүзеге асырылса, бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді.
3. Эротикалық сипаттағы өнімді:
1) стационарлық емес үй-жайларда;
2) мөлдір ораммен буып-түйілмеген күйінде;
3) білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының, балалар мекемелерінің, ғибадат ғимараттарының (құрылыс-жайларының) үй-жайларында жəне аумақтарында;
4) жасы он сегізге толмаған адамдарға бөлшек саудада сатуға тыйым салынады.
4. Масс-медиада еңбек саласында кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын, жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы ақпаратты орналастыруға тыйым салынады.
5. Масс-медиада ата-анасы жəне өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес жəне биометриялық деректерін, мыналар:
1) құқыққа қайшы əрекеттер (əрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен кəмелетке толмаған адам;
2) əкімшілік жəне (немесе) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген жəне (немесе) айып тағылған кəмелетке толмағандар туралы олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты таратуға тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының күші ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, ауыр жəне (немесе) аса ауыр қылмыстарды жасауда сот кінəлі деп таныған кəмелетке толмағандарға қолданылмайды.
Осы тармақта белгіленген шектеулер осы Заңның 67-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларға қолданылмайды.
6. Заңды негіздерде жүзеге асырылатын масс-медиа өнімін таратуға жеке немесе заңды тұлғалар, сол сияқты мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары тарапынан кедергі жасауға, заңсыз тəркілеуге, сондай-ақ масс-медиа өнімін жоюға заңды күшіне енген сот шешімі негізінде болмаса, жол берілмейді.
2-тарау. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
15-бап. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы
1. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жеке жəне заңды тұлғаларға тиесілі.
Бұқаралық ақпарат құралы заңды тұлға нысанында да, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі нысанында да құрылуы мүмкін.
Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куəлік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуға негіз болып табылады.
2. Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі - заңды тұлға немесе осы саладағы қызметті жүзеге асырушы заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) 20 пайызынан астамын шетелдіктердің жəне шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтығы жоқ адамдардың тікелей жəне (немесе) жанама иеленуіне, пайдалануына, оларға билік етуіне жəне (немесе) оларды басқаруына тыйым салынады.
16-бап. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі
1. Бұқаралық ақпарат құралын иелену, пайдалану жəне оған билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға не жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар бірлестігі бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі болып табылады.
2. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі тиісті шарт негізінде өзінің меншікті, сондай-ақ басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты редакция, бас редактор (редактор), журналист, баспагер, бұқаралық ақпарат құралын таратушы ретінде əрекет етуге құқылы.
17-бап. Бұқаралық ақпарат құралының баспагері
1. Бұқаралық ақпарат құралының өнімін жасауды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға бұқаралық ақпарат құралының баспагері болып табылады.
2. Егер меншік иесі бұқаралық ақпарат құралының əрі баспагері болып табылмаса, бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі мен баспагерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі жеке шартпен айқындалады.
18-бап. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы
1. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы меншік иесінің тапсырмасы бойынша материалдар жинауды, əзірлеуді, бұқаралық ақпарат құралын шығару мен таратуды жүзеге асырады.
2. Редакцияға бас редактор (редактор) басшылық етеді.
3. Мыналар:
1) сот əрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) тағайындау кезінде заңда белгіленген тəртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар Қазақстан Республикасының азаматтары;
3) шетелдіктер не азаматтығы жоқ адамдар;
4) сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде, өздерінің кінəсінен бұқаралық ақпарат құралын шығару мен тарату сот шешімімен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралының бас редакторлары (редакторлары) болған Қазақстан Республикасының азаматтары бас редактор (редактор) бола алмайды.
4. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі мен редакция арасындағы қатынастар жарғымен жəне шартпен реттеледі.
19-бап. Интернет-басылым
1. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бұқаралық ақпарат құралы ретінде уəкілетті органда есепке қою рəсімінен өткен интернет-ресурс, оның ішінде ақпарат агенттігі интернет-басылым болып табылады.
2. Қызметі ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинауға, өңдеуге жəне таратуға бағытталған интернет-басылым ақпарат агенттігі болып табылады.
3. Интернет-басылымның хабарлары мен материалдарында оның атауы мен шығарылған күні қоса берілуге тиіс.
4. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары таратқан кезде ақпарат агенттігіне сілтеме жасау міндетті болады.
20-бап. Шығарылым деректерi
1. Мерзімді баспасөз басылымының əрбір шығарылымында мынадай мəліметтер қамтылуға тиіс:
1) мерзімді баспасөз басылымының атауы;
2) мерзімді баспасөз басылымының меншік иесі;
3) бас редактордың (редактордың) тегі мен аты-жөні;
4) есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куəліктің күні мен нөмірі жəне оны берген органның атауы;
5) басылымның мерзімділігі;
6) мерзімді баспасөз басылымының жарық көрген күні мен рет нөмірі;
7) осы шығарылымның таралымы;
8) баспахананың атауы, оның мекенжайы жəне редакцияның мекенжайы.
2. Интернет-басылымдар арнаулы мақсаттағы бөлімде:
1) интернет-басылымның атауын;
2) интернет-басылымның меншік иесінің тегі мен аты-жөнін немесе атауын;
3) бас редактордың (редактордың) тегі мен аты-жөнін;
4) есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куəліктің күні мен нөмірін жəне оны берген органның атауын;
5) редакцияның байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефон нөмірін, электрондық поштасының мекенжайын) орналастыруға міндетті.
3. Бұқаралық ақпарат құралы эфирге əрбір шыққан сайын, ал үздіксіз хабар таратқанда тəулігіне кемінде төрт рет өзінің атауын жариялап отыруға міндетті.
21-бап. Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті даналары жəне теле-, радиобағдарламалардың материалдарын сақтау
1. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі мерзімді баспасөз басылымдарының қағаз жеткізгіштегі міндетті тегін даналарын олар шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде - ұлттық кітапханаларға жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына, бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куəландырылған электрондық нысанда олар шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жібереді.
Бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куəландырылған мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық нысандары олар шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың «орталық» мəртебесі берілген мемлекеттік кітапханасына жіберіледі.
Бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куəландырылған мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық нысандары олар əзірленген күні уəкілетті органға жіберіледі.
2. Теле-, радиоарналар өздерінің эфирге шығарылған теле-, радиобағдарламаларының жазбаларын алты ай бойы сақтауға, сондай-ақ оларды өзінің эфирлік жұмысының тіркеу журналында тіркеп қоюға жəне оны осы журналда соңғы жазба жасалған кезден бастап кемінде бір жыл сақтауға міндетті. Тарихи немесе мəдени құндылығы бар жазбалар Қазақстан Республикасының ұлттық архив қоры жəне архивтер туралы заңнамасында айқындалатын тəртіппен сақталады.
3. Уəкілетті орган мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастырады.
22-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою немесе қайта есепке қою
1. Қазақстан Республикасының аумағында əрекет ететін мерзімді баспасөз басылымдары, теле-, радиоарналар міндетті түрде есепке қойылуға жатады.
Бір ұйымның шегінде таратылатын жəне оның қызметін жариялауға бағытталған, таралымы бес жүз данадан кем мерзімді баспасөз басылымдарын, сот практикасының бюллетеньдерін, ресми, нормативтік жəне өзге де актілерді есепке қою талап етілмейді.
Осы Заңның 19-бабына сəйкес интернет-ресурстың өз қызметін интернет-басылым ретінде жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды жəне теле-, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
3. Мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды немесе теле-, радиоарнаны есепке қойған кезде, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның немесе теле-, радиоарнаның есепке қойылғанын куəландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тəртіппен алым алынады.
4. Уəкілетті орган мынадай негіздер бойынша:
1) егер уəкілетті орган бұрын сол атаумен жəне сол аумақта тарататын не оның атауы бұрын құрылған мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның, теле-, радиоарнаның атауымен айырғысыз дəрежеде ұқсас мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды, теле-, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куəлік берген болса;