184-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат
1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді анықтау мына жағдайларда:
1) өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде анықтау органының қызметкерi, тергеушi, прокурор қылмыстық құқық бұзушылықтың куәсі болғанда не қылмыстық құқық бұзушылықтың iзiн немесе салдарын ол жасалған бойда анықтағанда;
2) қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы, прокурор өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезiнде қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді алғанда, олар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп болады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, көрсетілген адамдар қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтердің анықталғанын растайтын қолдарындағы құжаттарды және өзге де материалдарды қоса бере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат толтырады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат соттың тиісті мәліметтер қамтылған жекеше қаулысы, жекеше ұйғарымы келіп түскен жағдайда жасалуы мүмкін.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 185-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
185-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе рапортты қабылдау мiндеттiлiгi
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.21.12. № 118-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Қылмыстық қудалау органы дайындалып жатқан, жасалған не жасалып жатқан кез келген қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды қабылдауға және тiркеуге мiндетті. Арыз иесіне қылмыстық құқық бұзушылық туралы қабылданған арыздың немесе хабардың тіркелгені туралы құжат беріледі.
Экстремистік және террористік қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға себептер болған кезде қылмыстық қудалау органдары прокурордың келісуімен арызды, хабарды немесе баянатты тіркеу мерзімін прокурор айқындаған мерзімге кейінге қалдыруға құқылы.
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін барлау-нұқсан келтіру әрекетінен қорғау мақсатында қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын орган, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу барысында алынған материалдар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға себептер болған кезде қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдар мен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен арызды, хабарды немесе баянатты тіркеу туралы шешім қабылдайды.
2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаудың осы Кодекстің 180-бабының бірінші бөлігінде көзделген басқа да себептерін қабылдау мен тіркеуден бас тартуға жол берілмейді және ол заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады, сондай-ақ оған осы Кодексте көзделген тәртіппен прокурорға не сотқа шағым жасалуы мүмкін.
3. Сот қылмыстық істі талқылау кезінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтағанда, оны жекеше қаулымен прокурордың назарына жеткізуге міндетті не қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды қабылдаудан, тіркеуден бас тарту фактілерін, оларды қабылдау мен тіркеудегі өзге де бұзушылықтарды анықтағанда, бұл туралы жекеше қаулымен прокурордың назарына жеткізуге міндетті.
186-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арызды немесе хабарды тергеулігі бойынша беру
1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арыздар немесе хабарлар:
1) қылмыстық құқық бұзушылық осы ауданнан, облыстан, республикалық маңызы бар қаладан, астанадан тысқары жерде жасалғанда және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшiн қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерде тергеу әрекеттерін жүргізу қажет болғанда;
2) қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жүргізу басқа қылмыстық қудалау органының айрықша тергеулігіне жататын болғанда, тергеулігі бойынша берілуге жатады.
2. Қылмыстық қудалау органының басшысы арыздарды, хабарларды қолда бар материалдармен бірге прокурор арқылы тергеулігі бойынша жібереді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінің қағидалары кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу талап етілетін қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар келіп түскен жағдайларға қолданылмайды. Мұндай жағдайларда жиналған материалдар арыз, хабар тіркелген кезден бастап бес тәуліктің ішінде тергеулігі бойынша беру үшін прокурорға беріледі.
4. Арыздар, хабарлар оқиға болған орынды, жерді немесе үй-жайды қарап-тексеру кезінде анықталған не ұйымдар, лауазымды адамдар немесе азаматтар берген нәрселермен және құжаттармен бірге тергеулігі бойынша беріледі.
5. Жәбірленушілердің (жекеше айыптаушылардың) жекеше айыптау тәртібімен қудаланатын қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздары ғана соттылығы бойынша берілуге жатады.
24-тарау. СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ
187-бап. Тергеулік
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169, 170, 171, 172, 173, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 181, 184, 185, 186 (екінші бөлігінде), 255 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 257, 260, 267, 270, 275, 291 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде жаппай қырып-жоятын қаруды, сол сияқты жаппай қырып-жоятын қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдарды немесе жабдықтарды жымқыруға не қорқытып алуға қатысты), 360, 373, 374, 375, 392 (екiншi бөлiгiнде), 396 (екінші бөлігінде), 445 (екiншi бөлiгiнде), 458 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 205 (үшінші бөлігінде), 206 (екінші және үшінші бөліктерінде), 207 (екінші және үшінші бөліктерінде), 208 (екінші және үшінші бөліктерінде), 209 (екінші және үшінші бөліктерінде), 210 (екінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер олар ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қатысты жасалса, алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік органы жүзеге асыруы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 362 (үшінші бөлігінде, төртінші бөлігінің 3) тармағында), 366 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 367 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 412-1-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша, егер оларды әскери қызметшілер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаса, алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 437 (үшiншi бөлiгiнде), 438 (үшінші бөлігінде), 439 (үшінші бөлігінде), 441 (үшiншi бөлiгiнде), 442 (үшінші бөлігінде), 443 (екінші бөлігінде), 459 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер олар ұрыс жағдайында жасалса, алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің өзге баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер оларды тергеп-тексеру ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеулігіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізумен тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөліп алу мүмкін болмаса, алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік органы жүргізуі мүмкін.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.07. № 62-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107 (екiншi бөлiгiнде), 110 (екiншi бөлiгiнде), 116, 118 (үшiншi бөлiгiнде), 120, 121, 122, 123 (екiншi бөлiгiнде), 124, 125, 126 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 127, 128, 129, 132, 133, 134, 135, 141, 143 (екінші және үшінші бөліктерінде), 144, 147 (бесінші бөлігінде), 148, 150 (екiншi бөлiгiнде), 151, 155 (екiншi бөлiгiнде), 156 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 157, 188 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 188-1, 191 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 192, 193, 194 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 200 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 201 (екiншi бөлiгiнде), 202 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 203 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 205 (үшiншi бөлiгiнде), 206 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 207 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 208 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 209 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 210 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 211 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 212 (екiншi бөлiгiнде), 213 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 251, 252 (екiншi бөлiгiнде), 254, 261, 268, 269-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 271, 272, 273, 274 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 277, 278, 279, 280, 281, 282, 288 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 293 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 295 (үшiншi бөлiгiнде), 295-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 296 (төртiншi бөлiгiнде), 297 (бірінші және екінші бөліктерінде), 298, 299 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 300 (екiншi бөлiгiнде), 301, 302, 303 (екiншi бөлiгiнде), 304, 305, 306 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 308 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 309 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 310 (екiншi бөлiгiнде), 312, 314 (екiншi бөлiгiнде), 315 (екiншi бөлiгiнде), 317 (екiншi, үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 318, 319 (бесiншi бөлiгiнде), 320 (екiншi бөлiгiнде), 322 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 323, 324, 325 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 326 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 327, 328 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 329, 330, 331 (бiрiншi бөлiгiнде), 332, 333, 334 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 335, 337, 338, 339, 340 (төртінші бөлігінде), 341 (екiншi бөлiгiнде), 343 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 344, 346 (бесiншi және алтыншы бөлiктерiнде), 348 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 349 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 350 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 351 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 352, 353 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 354 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 355, 356 (екiншi бөлiгiнде), 358 (үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 359 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 376 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 377, 380, 380-1, 380-2, 382 (екiншi бөлiгiнде), 386 (екiншi бөлiгiнде), 388, 389 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 399 (үшiншi бөлiгiнде), 401, 402 (екiншi бөлiгiнде), 404 (бiрiншi бөлiгiнде), 407 (үшінші бөлігінде), 408, 409, 411, 426 (екiншi бөлiгiнде), 428 (үшінші бөлігінде), 429, 437 (үшінші бөлiгiнде), 438 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 439 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 440 (төртiншi бөлiгiнде), 441 (үшiншi бөлiгiнде), 442 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 443 (екiншi бөлiгiнде), 446 (екiншi бөлiгiнде), 449 (үшiншi бөлiгiнде), 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 459 (үшiншi бөлiгiнде), 462 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 463 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 464, 465, 466 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi iшкi iстер органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік жаңа редакцияда; 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында), 190 (үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында), 216 (екiншi бөлігінің 4) тармағында), 217 (үшiншi бөлiгiнiң 3) тармағында), 218 (үшiншi бөлiгiнiң 1) тармағында), 234 (үшiншi бөлiгінің 1) тармағында), 249 (үшiншi бөлiгінің 2) тармағында), 307 (үшiншi бөлiгінің 3) тармағында), 361, 362 (төртiншi бөлiгінің 3) және 4) тармақтарында), 364 - 370-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушiлерi жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-1-бөлікпен толықтырылды; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.07. № 62-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-1-бөлік өзгертілді
3-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 203 (1-1-бөлігінде), 214 (екiншi бөлiгiнде), 216 (бірінші бөлігінде, екiншi бөлiгінің 1) және 2) тармақтарында, үшінші бөлігінде), 219-221, 223-224, 226 (екiншi бөлiгiнде), 228 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 229 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 230 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 231, 234 (екiншi бөлігінде, үшiншi бөлiгінің 2) тармағында) 235, 236 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 237, 238, 239 (екінші бөлігінде), 243 (бiрiншi бөлiгiнде), 244, 245 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 248 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 249 (бірінші, 1-1 және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 1) тармағында), 253, 307 (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi экономикалық тергеу қызметінің тергеушiлерi жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бөлік өзгертілді
4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 149 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 362 (бірінші, үшінші бөліктерінде және төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында), 371, 413, 414 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 415, 416 (екiншi, үшінші, төртіншi және бесінші бөлiктерiнде), 418-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 146, 412, 412-1, 433-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi осы органның қызметкерi болып табылмайтын адамға қатысты сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4-1-бөлікпен толықтырылды; 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-1-бөлік өзгертілді
4-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 147 (үшінші бөлігінде), 195 (үшiншi және төртiншi бөлiктерінде), 196 (үшiншi, төртінші бөлiктерінде), 197 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 198 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 199 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 217 (екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында), 232, 250-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған iшкi iстер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiгiнiң 1) және 3) тармақтарында, төртiншi бөлiгiнде), 190 (екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiгiнiң 1), 3) және 4) тармақтарында, төртiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi iшкi iстер органдары, ал мемлекетке залал келтiрiлген жағдайда - экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4-2-бөлікпен толықтырылды
4-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 416 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 417, 419 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 420, 421, 422, 423, 424, 425, 432, 434, 435-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4-3-бөлікпен толықтырылды; 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 4-3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 370-1, 370-2 (екінші және үшінші бөліктерінде), 450, 451, 452-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер, ұлттық қауіпсіздік органдары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бөлік өзгертілді
5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174, 182, 255 (бірінші және екінші бөліктерінде), 256, 259, 269, 276 (екінші және үшінші бөліктерінде), 283, 284, 285, 286 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 287 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 290 (екінші бөлігінде), 291, 297 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 388-1, 394 (екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (екінші және үшінші бөліктерінде), 405, 437 (төртiншi және алтыншы бөлiктерiнде), 438 (төртінші бөлігінде), 439 (төртінші бөлігінде), 441 (төртiншi бөлiгiнде), 442 (төртінші бөлігінде), 443 (үшінші бөлігінде), 444, 452-1, 453 (үшінші бөлігінде), 454 (екінші бөлігінде), 455, 456, 457, 459 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 6-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 218 (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында), 262, 263, 264, 265, 266-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 7-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 7-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 258-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған ұлттық қауiпсiздiк, ішкі істер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
8. Түрлi алдын ала тергеу органдарының тергеулігіне жататын қылмыстық істерді бір іс жүргізуге біріктірген кезде тергеулікті прокурор айқындайды.
188-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзiлетiн жер
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық құқық бұзушылық жасалған ауданда (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) жүргiзiледi.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жедел және толық болуы мақсатында ол қылмыстық құқық бұзушылық анықталған орын бойынша, сондай-ақ күдіктi немесе куәлардың көпшiлiгi тұратын жерде жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Тергеу әрекеттерiн басқа ауданда (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) жүргiзу қажет болған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам оларды жеке өзi жүргiзуге не бұл әрекеттердi жүргiзудi сол ауданның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тергеушісіне немесе анықтау органына тапсыруға құқылы. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасырын тергеу әрекеттерін немесе iздестiру іс-шараларын жүргiзудi сотқа дейінгі тергеп-тексеру орнындағы немесе олар жүргiзілетін жердегi анықтау органына тапсыра алады. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді қоспағанда, тапсырма он тәулiктен аспайтын мерзiмде орындалуға тиiс.
4. Тергеушінің, прокурордың тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмаларын орындаған кезде анықтау органының қызметкері тергеушінің өкілеттіктерін пайдаланады.
189-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру анықтау, алдын ала тергеу нысанында және хаттамалық нысанда жүргізіледі.
2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Анықтау нысанындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді осы Кодекстің 191-бабының екінші - он екінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы бөліктерінде көрсетілген қылмыстар бойынша қылмыстық қудалау органы жүргізеді.
3. Алдын ала тергеу нысанындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру осы Кодекстің 32-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда, осы Кодекстің 187-бабында көрсетілген қылмыстар бойынша, кәмелетке толмағандар немесе дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты өзінің қорғалу құқығын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ қылмыс жасады деп күдік келтірілген адам белгісіз болған анықтау істері бойынша жүзеге асырылады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша анықтау органының бастығы осы Кодекстің 526-бабында белгіленген мерзімдерде іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлардың толық және жан-жақты анықталуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, бір тәулік ішінде прокурорды хабардар ете отырып, осы баптың үшінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен анықтауды не алдын ала тергеуді тағайындауға міндетті.
5. Анықтау органының бастығы осы Кодекстің 192-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде істің мән-жайының жеткілікті және толық зерттелуін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда да алдын ала тергеу жүргізуді тағайындауға құқылы.
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 191-бабының он алтыншы - жиырма төртінші бөліктерінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру істері және анықтау істері бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді.
190-бап. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру
2021.27.12. № 88-VIІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін.
2. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар бойынша, егер жиналған дәлелдемелермен қылмыс фактісі мен оны жасаған адам, оның өз кінәсін толық мойындағаны, келтірілген залал (зиян) мөлшерімен (сомасымен) келіскені анықталса, бұл жөнінде күдіктіні хабардар ете отырып және оған бұл шешімнің құқықтық салдарын түсіндіре отырып, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жүргізілуі мүмкін.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тергеу он бес тәулік ішінде аяқталуға тиіс.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап үш тәулік ішінде жасырын тергеу әрекеттері санкцияланған жағдайда қылмыстық іс олар аяқталғаннан кейін он бес тәулік ішінде, бірақ арыз, хабар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген кезден бастап екі айдан кешіктірілмей жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін.
4. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтайды және күдіктінің оны жасауға қатысқанын растайтын дәлелдемелерді жинайды.