2) әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді;
3) құқықтық реттеуді;
4) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыруды;
5) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды ұйымдастыруды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді;
6) ұлттық қауіпсіздік саласындағы және қорғаныс саласындағы ғылымды дамытуды;
7) мемлекеттік органдардың және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының қызметін үйлестіруді;
8) халықаралық ынтымақтастықты;
9) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымын реттеуді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өзге де іс-шараларды қамтиды.
4-бап. Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері
Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері:
1) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешеннің тиімді жүйесін құру;
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын қазіргі заманғы әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен), әскери мақсаттағы жұмыстармен және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету;
3) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының ғылыми-технологиялық және өндірістік әлеуетін өнеркәсіптің азаматтық салаларында пайдалану;
4) мемлекетте қорғаныс қабілетін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті арттыру және нығайту мүдделерінде қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың қазіргі заманғы түрлерін жасауды қамтамасыз ету;
5) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының экспорттық әлеуетін қолдау және одан әрі дамыту;
2021.31.03. № 24-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) қолданбалы ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту және оларды одан әрі коммерцияландыру болып табылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өкілеттіктері
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешеннің республикалық мемлекеттік мекемелерін, ұйымдарын, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;
2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабының 3-1 және 3-2-тармақтарында көзделген талаптарды сақтай отырып, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын жекешелендіру туралы шешімдер қабылдайды;
3) отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржылық қолдау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарын жаңғырту мақсатында құрылатын қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенді дамыту қорын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;
4) Ғылыми зерттеулер жөніндегі қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрi - Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия) құрады, ол туралы ережені, сондай-ақ оның құрамын бекiтеді;
5) уәкілетті ұйымды айқындайды;
6) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекітеді;
7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекітеді;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті органның ұсынуы бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты бекітеді;
9) меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
10) қару-жарақ пен әскери техниканың, стратегиялық материалдардың, озық технологиялардың және әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің) айналымын, оның ішінде экспорты мен импортын бақылауды ұйымдастырады;
11) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын бекітеді;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидаларын бекітеді;
12) пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекітеді;
13) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Уәкілетті органның функциялары
Уәкілетті орган:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру жəне бақылау функцияларын жүзеге асырады;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) мемлекеттің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары жəне мемлекеттің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес қорғаныс өнеркəсібі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
2) бірыңғай әскери-техникалық саясатты және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуге қатысады;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
4) мемлекетте қорғаныс мұқтаждарын, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті, қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың қажетті түрлерімен қамтамасыз етуді ағымдағы және перспективалы жоспарлауды ұйымдастыруға қатысады;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) əскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;
6) 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) қорғаныстық-өнеркәсіптік әлеуетті дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
8) ведомостволық бағынысты ұйымдардың, сондай-ақ сенімгерлік басқаруындағы ұйымдардың қызметін ұйымдастырады;
9) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шешімдерін қабылдайды және тәртібін айқындайды;
10) мемлекеттік білім беру тапсырысына қосу үшін қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдары жүргізетін білікті кадр ресурстарына ағымдағы және перспективалы қажеттіліктердің мониторингін ескере отырып, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтардың тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады;
11) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын әзірлейді және бекітеді;
13) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын әзірлейді;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидаларын әзірлейді;
14) қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін әзірлейді;
15) осы Заңның 7-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, қару-жарақ пен әскери техниканың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
16) пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын әзірлейді;
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 17 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
16-1) оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату объектілерінің өндірістік қызметін ұйымдастыру, осы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті және оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды кәдеге жарату объектілерін күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
17) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен пайдаланылмайтын мүлікке билік етеді және пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу және пайдаланылмайтын мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу төлеміне беру туралы шешімдер қабылдайды;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруға қатысады;
19) - 28) 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29) ғылыми зерттеулерді салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
30) әскери мақсаттағы технологиялар бойынша жобаларды іске асыруды үйлестіреді;
31) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
32) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
33) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мамандандырылған ғылыми бағыттарды әзірлейді;
34) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мамандандырылған ғылыми бағыттар жөніндегі сараптама кеңестерін (бұдан әрі - сараптама кеңестері) құрады, мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша олардың ережелері мен құрамдарын бекітеді;
35) 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
36) 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37) ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысады;
38) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар әзірлеуді ұйымдастырады және оларды іске асыру бойынша басшылықты жүзеге асырады;
6-баптың 39) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
39) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, олардың күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6-баптың 40) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
40) әскери ұлттық стандарттарды әзірлейді, келіседі, бекітеді, өзгертеді, олардың күшін жояды және есепке алуды жүргізеді;
41) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6-1-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті органның функциялары
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру жəне бақылау функцияларын жүзеге асырады;
2) мемлекеттің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары жəне мемлекеттің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
3) Қазақстан Республикасының басқа да əскерлері мен əскери құралымдарымен, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарымен мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырады жəне жүзеге асырады;
4) мемлекетте қорғаныс мұқтаждарын, қауіпсіздікті жəне құқықтық тəртіпті қару-жарақтың, əскери, автомобильдік жəне арнаулы техниканың, техникалық жəне арнаулы құралдардың қажетті түрлерімен қамтамасыз етуді ағымдағы жəне перспективалы жоспарлауды ұйымдастыруға қатысады;
5) əскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
6) орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдармен, олардың ведомстволарымен əскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырады жəне жүзеге асырады;
7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуын салааралық үйлестіруді жəне бақылауды жүзеге асырады;
8) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ұйымдастырады;
9) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру жəне орындау қағидаларын əзірлейді;
10) монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде əскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын əзірлейді;
11) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру жəне орындау қағидаларына сəйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілерінің жəне əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерінің тізілімін қалыптастырады, бекітеді жəне жүргізеді;
12) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдауды жүзеге асырады;
13) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру жəне орындау қағидаларына сəйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады жəне бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жеткізеді;
14) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушымен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты жасасады;
15) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қаржыландыруды жүзеге асырады;
16) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайда, шарт сомасының үнемделуі орын алған, ол азайтылған не ұлғайтылған, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың мерзімі ұзартылған кезде жоспарлы кезеңге бөлінген шектерде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражатын қайта бөлу туралы шешім қабылдайды;
17) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларды əскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен) қамтамасыз етеді;
18) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру жəне орындау қағидаларына сəйкес, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаға) сəйкестігін қамтамасыз етеді;
19) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайда, орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді бекітеді;
20) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша тəжірибелік-конструкторлық жəне технологиялық жұмыстардың нəтижелеріне сынақтар жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы функциялары
Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары:
1) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның бірінші басшысының актісі негізінде мемлекеттік орган шегінде әскери мүлікті береді;
4) өздерінің жедел басқаруындағы қару-жарақ пен әскери техниканың айналымына бақылауды жүзеге асырады;
5) мүлікті пайдаланылмайтын мүлік деп тану туралы шешім қабылдайды;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) оқ-дәрілерді жоюды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға береді;
7) қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілері және сатып алуға ұсынылатындары үшін тактикалық-техникалық сипаттамаларды айқындайды;
8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды жүзеге асырады және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын оларға жеткізеді;
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді
9) осы Заңның 19-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 1-1), 2), 3), 7) және 12) тармақшаларында көзделген, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
10) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілеріне мемлекеттік сынақтарды ұйымдастырады және жүргізеді және оларды қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдау үшін құжаттама дайындайды;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілерін қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдау үшін құжаттарды дайындауға, оларды сериялап өндіруге беру үшін конструкторлық, техникалық және өзге де құжаттаманы келісуге қатысады;
13) қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың тәжірибелік үлгілерін қарулануға, жарақтандыруға, жабдықтауға және пайдалануға қабылдап алуды жүзеге асырады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери ұлттық стандарттарды әзірлейді, келіседі, әзірлеуге, өзгертуге және олардың күшін жоюға қатысады;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
14-1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру жəне орындау қағидаларына сəйкес, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаға) сəйкестігін қамтамасыз етеді;
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
14-2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайда, орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді бекітеді;