11) қорғаныс мақсаттарында ғарыштық және спутниктік навигациялық көрсетілетін қызметтер;
12) автоматтандырылған басқару жүйелері кешендерін, сондай-ақ оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтауыштарды әзірлеу, өндіру, беру, оларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу, жаңғырту, техникалық қолдап отыру.
Осы тармақтың 1-1), 2), 3), 7) және 12) тармақшаларында көзделген әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесін уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген тізбеге енгізілмеген әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылар уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алады.
3. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыста мыналар қамтылуға тиіс:
1) берілетін əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесі (номенклатурасы) жəне көлемі, сондай-ақ оларды беру, орындау, көрсету мерзімдері;
2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың және əскери мақсаттағы тауардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауардың (өнімнің), əскери мақсаттағы жұмыс пен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін, сондай-ақ өткізу бөлімдері мен кезеңдері бойынша болжамды жалпы құны (бағасы);
3) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың тізбесі;
4) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың тізбесі.
19-баптың 4-тармағы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. Осы Заңның 23-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырысқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілмейді.
20-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, мемлекеттік органдардың даму жоспарларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен міндеттемелеріне сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың өтінімдері бойынша қалыптастырылады.
Республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес тиісті жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың жобасы әзірленеді.
2-тармақ 2019 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылар əскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге тактикалық-техникалық тапсырманы (техникалық өзіндік ерекшелікті, тактикалық-техникалық сипаттамаларды) ұлттық стандарттарға сәйкес қалыптастырады.
Ұлттық стандарттар болмаған жағдайда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылар сатып алуға ұсынылатын əскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге тактикалық-техникалық тапсырманы (техникалық өзіндік ерекшелікті, тактикалық-техникалық сипаттамаларды) өз бетінше қалыптастырады.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылар тактикалық-техникалық тапсырманы (техникалық өзіндік ерекшелікті, тактикалық-техникалық сипаттамаларды) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті органға əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) беру, əскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және əскери мақсаттағы қызметтерді көрсету орындарын көрсете отырып жібереді.
Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті орган тізілімге енгізілген ұйымдармен тактикалық-техникалық тапсырмаларды (техникалық өзіндік ерекшелікті, тактикалық-техникалық сипаттамаларды) өңдеу жөніндегі жұмысты жүргізеді.
3-тармақ 2019 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
3. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес жаңарту тәртібімен шығарылатын, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының талаптарына сәйкес келетін əскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер) болған кезде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларға беріледі, бұл ретте көлік шығыстары мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының есебінен жүзеге асырылады.
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Тізілімге енгізілгендер қатарынан мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндірудің, əскери мақсаттағы жұмыстарды орындаудың және əскери мақсаттағы қызметтерді көрсетудің қажетті шарттарын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін, талап етілетін сападағы əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіру, əскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және əскери мақсаттағы қызметтерді көрсету қабілетін негізге ала отырып, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында айқындалған тәртіппен конкурстық негізде жүргізеді.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдау рәсімін өткізген уақытта конкурстық комиссия отырысына аудио, бейнетіркеумен конверттерді (баға ұсыныстарын) ашу және комиссия мүшелерінің отырыс хаттамасына қол қоюы кезінде қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының конкурсқа қатысатын өкілдері қатысуға құқылы.
Тізілімге енгізу және тізілімнен алып тастау тәртібі, заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары және тізілімге енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында белгіленеді.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеу қажеттілігі болған кезде тізілімге енгізілген заңды тұлғалардың оларды қорғау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мүмкіндігі ескеріледі.
5-тармақ 2019 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
5. Тізілімнен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны айқындау мүмкін болмаған жағдайда уəкілетті ұйым мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы деп танылады.
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Уәкілетті ұйымның əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) беруі (импорттауы), əскери мақсаттағы жұмыстарды орындауды мен əскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуді қамтамасыз етуі мүмкін болмаған кезде бұл іс-шара мемлекеттік қорғаныстық тапсырысқа енгізілмейді және көрсетілген тауарлар (өнімдер), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алынады немесе бұл іс-шараға бөлінген бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде өзге іс-шараларға қайта бөлінуі мүмкін.
7-тармақ 2019 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
7. Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) мемлекеттік материалдық резервке беру бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдау мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері мен жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдардың қатарынан мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пунктерінде және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарда талап етілетін сападағы əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндіру немесе беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) мемлекеттік материалдық резервке беру бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдау осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Осы баптың ережелері ғылыми зерттеулерге қолданылмайды.
9. Осы баптың 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қолданылмайды. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
10. Тіркелу орны бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін офшорлық аймақтардың тізбесіне енгізілген мемлекет немесе аумақ болып табылатын не бенефициарлық меншік иесі офшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы және (немесе) әскери мақсаттағы импорттық тауарларды (өнімдерді) беруші бола алмайды.
21-бап. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру ерекшеліктері
1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс жобасына енгізу үшін ғылыми зерттеулерді таңдауды сараптама кеңестері берген ғылыми зерттеулер бойынша қорытындылардың негізінде Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия жүзеге асырады.
2. Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссияның құрамы орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары, ғылыми ұйымдар, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдары және ғылыми қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, жетекші ғалымдардың қатарынан қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен бекітіледі.
Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссияның міндеттері:
1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қорғаныс өнеркәсібінің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметін дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды қалыптастыру;
2) мамандандырылған ғылыми бағыттарды қарау және мақұлдау;
3) ғылыми зерттеулерді республикалық бюджеттен қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
4) орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді қарау.
3. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру осы Заңда, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында айқындалады.
4. Сараптама кеңестері мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерге сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес ғылыми зерттеулер бойынша, сондай-ақ орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерге сараптама жүргізеді.
5. Сараптама кеңестері алқалы органдар болып табылады және Қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссия мақұлдаған мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша құрылады.
6. Сараптама кеңестерінің құрамдары құзыретті қазақстандық ғалымдар, орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан қалыптастырылады және оларды уәкілетті орган бекітеді.
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Ғылыми зерттеулер жүргізу мерзімі ғылыми зерттеулерге арналған тактикалық-техникалық тапсырма негізге алынып айқындалады.
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Сыналуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі тәжірибелік үлгі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесі болып табылады.
22-бап 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы арасында жасалған мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндірудің, əскери мақсаттағы жұмыстарды орындаудың және əскери мақсаттағы қызметтерді көрсетудің бүкіл кешенін орындауға да, осы тауарлардың (өнімдердің), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлеріне де жасалады.
2. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт бойынша берілетін əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасы нормативтiк жəне техникалық құжаттаманың, тактикалық-техникалық тапсырманың (техникалық өзіндік ерекшеліктің, тактикалық-техникалық сипаттаманың) талаптарына жəне шарт талаптарына сəйкес келуге тиiс.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда, орындалу ұзақтығына байланысты оларды беру (орындау, көрсету) мерзімі келесі қаржы жылында (кейінгі қаржы жылдарында) көзделсе, бір қаржы жылынан астам мерзімге жасалуы мүмкін.
4. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта шарттың нысанасы, шарттың қолданылу мерзімдері және (немесе) шарттың жекелеген кезеңдерінің мерзімдері, шарттың және аванс болған жағдайда, оның сомалары, сапаны бақылау талаптары, қабылдап алу талаптары, беру (орындау, көрсету) орны мен мерзімдері, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері, шартты бұзу немесе тоқтату үшін негіздер, тараптардың жауаптылығы және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар көрсетіледі.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты бекіту туралы тиісті актісі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты жібереді.
6. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы шарт келіп түскен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қол қоюға тиіс.
7. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты жасасудан мынадай жағдайларда:
1) егер талап етілетін әскери мақсаттағы тауар (өнім), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауар (өнім) өндірістен алып тасталса;
2) халықаралық санкциялар, эмбарго жарияланса, еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаса;
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) егер шартқа оның ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелік мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдаудың жүзеге асырылуына негіз болған тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаға) сәйкес келмесе, бас тартуға құқылы.
8. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) бергені, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындағаны не әскери мақсаттағы қызметтерді көрсеткені үшін толық төлем жасау туралы талаптар қамтылуға тиіс.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын төлеу талаптары қамтылуға тиіс.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерді толық орындаған жағдайда көрсетілген шарт орындалды деп саналады.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз етеді. Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) республикалық бюджетке есепке жатқызылады.
11. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты орындаған кезде әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы қызметтердің атауы, саны, сапасы, техникалық өзіндік ерекшелігі, құны, оларды беру, орындау, көрсету орны мен мерзімдері шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиіс.
2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты жасасудан бас тарту, уақтылы жасаспау және бұзу, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) беру, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылғаны туралы ақпаратты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті органға дереу жеткізеді.
23-бап 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіздер
1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мынадай:
1) егер өзгерістер мен толықтырулар бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың бюджетін ұлғайтуға алып келмесе, осы баптың 2-тармағында көрсетілген;
2) бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырысқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілген;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың мазмұнын өзгертуге алып келмейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда жол беріледі.
2. Бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырысқа тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізбей, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартқа осы баптың 1-тармағына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мынадай:
1) әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге бағаны және тараптардың өзара келісуі бойынша қабылданған шарт сомасын азайту бөлігінде өзгеріс енгізілген;
2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушымен келісу бойынша тараптар қабылдаған міндеттемелерді орындау мерзімдері өзгермеген кезде тактикалық-техникалық тапсырмаларға (техникалық өзіндік ерекшеліктерге, тактикалық-техникалық сипаттамаларға) өзгеріс енгізілген;
3) жасалған шартта көрсетілген тауардың (өнімнің), жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін баға және міндеттемелерді орындау мерзімдері өзгермеген кезде, сатып алынатын əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), əскери мақсаттағы орындалатын жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің көлемінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының қажеттілігінің азаюына не ұлғаюына байланысты шарт сомасы азайтылған не ұлғайтылған;
4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгеріс енгізілсе және осындай өзгеріс сомасына қосымша ақша бөлу туралы шешім қабылданса, сондай-ақ егер қару-жарақ пен әскери техникадан ақау анықтау процесінде қосымша жұмыстар және (немесе) ауыстыруды қажет ететін жөндеуге жарамсыз агрегаттар анықталса, шарт сомасы ұлғайтылған;
5) Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге заңнамасының, сондай-ақ резиденті мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушымен, уәкілетті ұйыммен немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушымен шарт жасасқан мемлекеттің ұлттық заңнамасының өзгеруінен туындаған, шарт сомасы азайтылған немесе ұлғайтылған;
6) жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының базалық шығыстары өзгерген жағдайда, шарттың жалпы сомасы өзгерместен ағымдағы қаржы жылынан асатын қолданылу мерзімі бар шарттың ағымдағы қаржы жылына арналған сомасы өзгертілген;
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) егер мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы өзімен жасалған шартты орындау процесінде әскери мақсаттағы тауардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауардың (өнімнің), әскери мақсаттағы жұмыс пен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартымен міндеттемелерді орындау мерзімдері өзгермеген кезде оларды жақсартатын сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларды ұсынған;