2) егер мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта, тактикалық-техникалық тапсырмада (техникалық өзіндік ерекшелікте, тактикалық-техникалық сипаттамада) және конструкторлық-технологиялық құжаттамада, сондай-ақ тізілімнен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдаған кезде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті органның немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының талаптарының бірі оларды мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының өзінің өндіруі болса, тауарларды (өнімдерді), олардың қосалқы бөлшектерін және жиынтықтауыштарын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының өзінің өндірмегені;
3) тауарда (өнімде) жөндеуге келмейтін ақау анықталған кезде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыға толықтай ауыстыру үшін қайтарылуы мүмкін.
4. Әскери мақсаттағы тауарларда (өнімдерде), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларда (өнімдерде) жөндеуге келмейтін, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының кінәсінен болған, жасырын сипаты бар және зауыттық жағдайларда ғана анықталуы мүмкін ақау анықталған кезде, ақаулық мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт шеңберінде берілген барлық тауарларда (өнімдерде) бар деп пайымдауға негіздер болса, тауарлардың (өнімдердің) барлық сериясы қайтарылуға жатады.
5. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) не олардың сериясын оларды кейіннен ауыстыра отырып, өз бетінше кері қайтарып алуға құқылы. Бұл ретте ауыстыру мерзімі мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыға салынатын айыппұл санкцияларының сомасына ескеріледі.
6. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының кінәсі анықталған кезде оған айыппұл санкциялары салынады, олардың мөлшері мазмұны мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларында айқындалатын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған үлгілік шартта әскери мақсаттағы тауарларда (өнімдерде), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларда (өнімдерде), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерде ақау анықталғандығы не мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде өндірілгенінің, жаңғыртылғанының, жөнделгенінің не техникалық қызмет көрсетуден өткенінің істен шығуы туралы хабарлама алынған күннен бастап белгіленген кепілдік мерзімі ішінде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыстар аяқталғанға дейін белгіленеді.
7. Егер комиссия мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде өндірілген, жаңғыртылған, жөнделген не техникалық қызмет көрсетуден өткен әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) дұрыс пайдаланбаудың және олардың істен шығуының арасындағы себептік-салдарлық байланысты анықтаса, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушының кінәсі танылмайды.
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
30-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
31-бап. Өтпелі ережелер
1. Қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторлар мен қорғаныстық тапсырысқа мемлекеттік тапсырыс берушілер арасында осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттар олар түпкілікті орындалғанға не тоқтатылғанға (бұзылғанға) дейін қолданылады.
2. Уәкілетті орган мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың мүдделерінде қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі операторлармен 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты жасасады.
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң:
2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 20-баптың 2, 3, 5 және 7-тармақтарын;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 6-баптың 39) және 40) тармақшаларын, 19-бабының 4-тармағын, 22 және 23-баптарды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 15-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 17, 78-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2019 жылғы наурыздың 18-і.
№ 236-VІ