Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi № 278-1 Заңы
(2021.05.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «рұқсат етілген» деген сөздер «ұсынылатын» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен кіріспе өзгертілді
Осы Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi.
I тарау. Жалпы ережелер
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) асыл тұқымды аналық бал арасы - асыл тұқымды бал ара ұясын молайтуды қамтамасыз ететін асыл тұқымды ұрықтанған аналық бал ара;
2) асыл тұқымды бал ара ұясы - ұрпақ буынына өзінің тұқымдық белгілерін ұдайы беріп отыратын, таза тұқымды, жоғары сыныпты бал араларының жоғары өнімді бал ара ұясы;
3) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) асыл тұқымдық куәлiк - уәкілетті орган бекіткен тәртіппен республикалық палата беретін, асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) тұқым-тегін, өнімділігін және өзге де сапаларын растайтын құжат;
5) асыл тұқымдық кiтап - белгiлi бiр тұқымдағы неғұрлым құнды асыл тұқымды малдың шығу тегi, өнiмдiлiгі және өзге де сапалары туралы деректер жиынтығы;
6) асыл тұқымдық құндылық - ұрпағының шаруашылыққа пайдалы белгілеріне әсер ететін асыл тұқымды малдың тектік әлеуетінің деңгейі;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) асыл тұқымды мал - республикалық палатада тіркелген, тұқымның өнімділік бағыты мен деңгейіне сай келетін таза тұқымды мал;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) асыл тұқымды малдың жеке карточкасы - уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ресімделетін, оның шығу тегi туралы, өнiмдiлiгі және өзге де сапалары жөніндегі деректерді қамтитын, шаруашылық ішіндегі бастапқы есепке алу нысаны;
9) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмi - асыл тұқымды малдың сандық, сапалық және тұқымдық құрамы туралы деректер жиынтығы;
10) асыл тұқымды малдың ұрығын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық (бұдан әрi - дистрибьютерлiк орталық) - бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын сатып алу, сақтау және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;
11) асыл тұқымды мал шаруашылығы - тектік әлеуеті жоғары малды өз төлінен өсіруге, оларды сақтауға және өсіруге бағытталған асылдандыру жұмысының жүйесiмен қамтылған мал шаруашылығы саласы;
11-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің тізілімі - уәкілетті органның интернет-ресурсында қалыптастырылатын және орналастыралатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалардың тізбесі;
12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
13) асыл тұқымдық орталық - асыл тұқымды тұқымдық малды күтіп-ұстау, олардың ұрығын, эмбриондарын алу, жинақтау, сақтау және өткізу жөніндегі қызметті бастағаны туралы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға;
14) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) асыл тұқымдық өнім (материал) - асыл тұқымды мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар, асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары және бал ара пакеттері;
16) асыл тұқымды тұқымдық мал - асыл тұқымды малды өз төлінен өсіру үшін пайдаланылатын асыл тұқымды малдың дара аталығы;
17) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) ауыл шаруашылығы малы (бұдан әрі - мал) - адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi;
21) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23) бал ара пакеті - құрамында асыл тұқымды ұрықтанған аналығы, тұқымдығы (кәрез пакетінде), тірі бал аралары және тасымалдау үшін қажетті бал араларының қорегі бар, асыл тұқымды бал ара ұясынан бөлінген қалемше;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 23-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-1) бонитер (сыныптаушы) - бонитирлеу (бағалау) бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны туралы уәкілетті органды хабардар еткен жеке тұлға;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 23-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-2) бонитирлеу (бағалау) - тиiстi сынып немесе индекс бере отырып, шаруашылыққа пайдалы белгілер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiлік сапалары, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша малдардың асыл тұқымдық құндылық деңгейін айқындау;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 23-3) тармақшамен толықтырылды
23-3) бірінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал - тұқым стандартына сәйкес келетін, тегінің кемінде үш қатары бойынша ақпараты, әкесі бойынша шығу тегінің генетикалық сараптамасы бар және республикалық палатада тіркелген таза тұқымды ірі қара мал;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 23-4) тармақшамен толықтырылды
23-4) екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал - тұқым стандартына сәйкес келетін, әкесі бойынша тегінің кемінде үш қатары бойынша ақпараты бар және республикалық палатада тіркелген таза тұқымды ірі қара мал;
24) ен салу (таңбалау) - тиiстi малды дәл бірдейлендiруге мүмкiндiк беретiн нөмiр салу (татуировка жасау, таңба басу, сырға салу және чип салу) арқылы асыл тұқымды малды белгiлеу;
25) желi - асыл тұқымдық және өнімділік сапалары тиісті таңдау және іріктеу жүйесімен ұсталынатын және жетілдірілетін, үздік тұқымдық тектерден тарайтын тұқымдағы асыл тұқымды мал тобы;
26) зауыттық тип - тұқымның бір бөлігі болып табылатын, сол тұқымға ортақ қасиеттерден басқа, өнiмдiлiгi, дене тұрқы мен бiтiмiнiң сипаты жағынан өзiнiң кейбiр айрықша ерекшелiктерi бар, өсірілетін аймақтың жағдайына жақсы бейiмделген, ауруға төзiмдi мал тобы;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды
26-1) зауытшы - мал туылған кездегі оның енесінің иесі;
27) индекстік бағалау - уәкілетті орган бекіткен тәртіппен анықталған аса маңызды селекциялық белгілердің кешені бойынша малдың асыл тұқымдық құндылығының салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау әдісі;
28) кросс - малдың бiр желiсiн басқа бiр желiсiмен будандастырудан тарайтын мал тобы;
29) қолдан ұрықтандыру - жеке-жеке iрiктелiп алынған малды маманның бақылауымен шағылыстыру;
30) құстардың тұқымдары мен кросстарының арғы ата-енелік тобы -құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік тобын молайту үшін пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;
31) құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелік тобы - будандастырылған ұрпақ буыны инкубациялық жұмыртқа немесе ет өндірісі үшін пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;
32) жануардың тұқым-тегi - асыл тұқымды жануардың шығу тегі туралы мәлiметтер;
33) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс - малды өсіру кезінде өнімділік бойынша ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге арналған дәйекті іс-қимылдардың жиынтығы;
34) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры - уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, малдың табындарын жетілдіру және генетикалық әлеуетін арттыру үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріндегі асыл тұқымды мал туралы және селекциялық процеске тартылған мал туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;
35) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
36) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 36-1) тармақшамен толықтырылды
36-1) таза тұқымды мал - бір тұқым бойынша кемінде он алтыдан он бес қан үлесі бар мал;
37) таза тұқымды өсіру - селекциялық және асыл тұқымдық жұмыста тектес тұқымдағы малдарды пайдалана отырып, осы тұқымға тән белгілерді топтастыру және түрге бөлу мақсатында бір тұқымдағы асыл тұқымды малды өсіру;
38) тектiк қоры шектеулi тұқым - селекциялық мақсаттарда пайдалану үшiн қажет және құрып кету қаупi төнген отандық тұқымның сирек кездесетiн және дүние жүзінде өзiне теңдесі жоқ мал тобы;
39) техник-ұрықтандырушы - ауыл шаруашылығы жануарын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға;
40) тұқым - адамның шығармашылық қызметiнiң ықпалымен белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайда қалыптасқан, «өз ішінде» өсiру үшiн саны жеткiлiктi және iрiктеліп, таңдалып, тектiк типіне сәйкес келетін технологиялық жағдай жасалып, қолдау көрсетілетін шаруашылық және асыл тұқымдық құндылығы, сондай-ақ оны бір түрге жататын басқа тұқымдардан ерекшелендіретін морфологиялық, физиологиялық және шаруашылыққа пайдалы қасиеттерiнің белгiлi бiр өзгешелiгi бар, шығу тегi ортақ бiр түрге жататын малдың тобы;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 41) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41) тұқым стандарты - республикалық палаталар бекітетін, фенотиптік және өнiмдiлiк көрсеткіштері бойынша тиiстi тұқымдағы асыл тұқымды малдар үшiн қойылатын ең төменгі талаптар;
42) эмбрион - ұрықтанған жұмыртқа жасушадан дамитын ұрық;
43) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) - асыл тұқымды малдардан төл басын көбірек алудың биотехнологиялық әдісі;
44) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөнiндегi маман - жоғары өнiмдi асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу, криоконсервациялау және ауыстырып салу жөніндегі қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға;
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi ұйымдастырудың негiзгi принциптерi
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызмет:
тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
тұқымның сақталуын қамтамасыз ету;
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердiң тиiсiнше есепке алынуын қамтамасыз ету;
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ақпараттық жедел өңдеу және оны асыл тұқымды малды өсiрудi, пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға беру принциптерiне негiзделедi.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 3-бап өзгертілді
3-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары
Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-бап. Азаматтық құқық объектiсi ретіндегі асыл тұқымды өнiм (материал)
Асыл тұқымды өнiм (материал) мүлiктiк және соған байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастарда азаматтық құқық объектiсi бола алады.
Асыл тұқымдық өнiмге (материалға) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген мүлiк туралы жалпы ережелер қолданылады.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-бап. Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығы және оны пайдалану
Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) жеке және заңды тұлғалардың меншiктену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) айналымда болуы
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) өткізуді жүзеге асырады.
Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығынан айыруға немесе оның ауысуына осы Заңның ережелерiне сәйкес берiлетiн сәйкестiк асыл тұқымдық куәлік болған жағдайда рұқсат етiледi.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 7-бап жаңа редакцияда
7-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң экономикалық қызметiнiң ерекшелiктерi
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрылып, жұмыс iстейдi.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн қайта бейiмдеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол берiледi.
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-бап. Жердi және су объектiлерiн асыл тұқымды мал шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану
Жер учаскелерi мен су тоғандары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден асыл тұқымды мал өсiру үшiн жеке және заңды тұлғаларға берiледi.
Жер учаскелерi мен су тоғандарын беру тәртiбi және пайдалану режимi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 9-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты
Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы және ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты уәкiлеттi орган берген ветеринариялық сертификат және асыл тұқымдық куәлiк болған кезде жүзеге асырылады.
Асыл тұқымдық өнiм (материал) импорты ветеринариялық сертификат және белгіленген тәртіппен танылған, экспорттаушы елдiң құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлiк немесе оған балама құжат болған кезде жүзеге асырылады.
Ұрықтың импортын одан әрі өткізу мақсатында асыл тұқымдық және дистрибьютерлік орталықтар жүзеге асырады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 2-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу
10-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесі
Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесіне:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер кіреді.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
12-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік басқару органдары
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік басқару органдарына асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган жатады.
2. Уәкілетті органның басшысы ведомство басшысына «Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы» арнайы атауын беруге құқылы.
Ведомство басшысы «Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары» арнайы атауын, ал ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің тиісті лауазымдарына - «асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспектор» және «асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспектордың орынбасары» арнайы атауларын беруге құқылы.
Ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында тікелей мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдары асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастырады және іске асырады;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
5) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткiзу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
7-1) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы және асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
11) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
12) асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
13) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырыды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырыды
13-2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
14) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
14-1) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында басым тәртіппен субсидиялауға жататын мал тұқымдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
17) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді және статистикалық ақпарат қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
19) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімі деректерінің мониторингін жүргізеді және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді;
21) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;
22) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізеді;
23) өткізілетін асыл тұқымды өнімге (материалға) берілетін асыл тұқымдық куәліктер деректерінің дәйектілігіне бақылауды жүзеге асырады;
24) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды
25-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдаудың бағыттарын айқындайды;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26) тармақша жаңа редакцияда
26) мыналарды:
асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) әр түріне субсидиялар нормативтерін;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау тәртiбiн;
мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын;
асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру (жою) тәртібін;
асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) тәртібін;
асыл тұқымды малдың жеке карточкасын толтыру нысаны мен тәртібін әзірлейді және бекітеді;
27) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
28) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
29) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
30) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
31) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды
31-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
32) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.