2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, респубикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізеді және басып шығарады;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөледі;
4) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;
5) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асырады.
16-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау - уәкілетті органның лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарының жиынтығы.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара);
2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспекторлар:
1) бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйін, оның есепке алынуы мен есептілігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
2) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің анықтығын тексеруге;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;
7) нұсқамалар беруге және олардың орындалуын бақылауға;
8) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаларды қабылдауға құқылы.
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың өз құзыретi шегiндегі актілерiн асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардың орындауы мiндеттi.
5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгіне) жоғары тұрған органдарға және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 16-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-1-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу:
1) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылау жүргізу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер және малдың тектік қорын сақтау, дамыту және пайдалану бойынша селекция жүргізу;
4) асыл тұқымды, оның ішінде тектік қоры шектеулі малдың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялау;
5) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды субсидиялау;
6) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шараларын субсидиялау;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізу;
8) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу;
9) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 16-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-2-бап өзгертілді
16-2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлама жасау
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағанға дейін бұл жөнінде уәкілетті органды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
2. 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Асыл тұқымдық орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға:
1) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуге;
2) малға өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргiзуге;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) асыл тұқымды малға бонитирлеу (бағалау) жүргізуге;
4) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.
Хабарламаға мынадай құжаттар:
1) заңды тұлғаны (заңды тұлға үшін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) объектіге ветеринариялық-санитариялық қорытындының және есепке алу нөмірінің берілгені туралы растаудың көшірмелері;
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері берген инфекциялық аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қойдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюро тізіміндегі аурулар бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы ветеринариялық анықтаманың көшірмесі;
4) өнiмдiлігі жоғары асыл тұқымды тұқымдық малдың болуын растайтын асыл тұқымдық куәліктердің көшірмелері;
5) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында өндірістік үй-жайлар кешенінің (ауыл шаруашылығы малының тұқымдық малын күтіп-ұстауға арналған үй-жайдың, тұқымдық малдың ұрығын төменгi температурада мұздатуға және сақтауға арналған зертхананың, ветеринариялық-санитариялық тексеру өткізетін орынның, карантиндік үй-жайдың, изолятордың, зертханалық және криогендiк жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері;
2021.05.01. № 408-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) сәйкестендіру жүргізілгенін растайтын ветеринариялық паспорттар;
7) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың ақпараттық базасының болуын растайтын жергілікті атқарушы орган анықтамасының көшірмесі қоса беріледі.
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Дистрибьютерлік орталық ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған заңды тұлға:
1) меншік немесе ұзақ мерзімді (бес жылдан кем емес) жалға алу немесе лизинг құқығында материалдық-техникалық базаға иелік етуге;
2) штатында тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы міндетті.
Хабарламаға мынадай құжаттар:
1) заңды тұлғаны (заңды тұлға үшін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) объектіге ветеринариялық-санитариялық қорытындының және есепке алу нөмірінің берілгені туралы растаудың көшірмелері;
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері берген инфекциялық аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қойдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюро тізіміндегі аурулар бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай туралы ветеринариялық анықтаманың көшірмесі;
4) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында, стационарлық биоқоймалары бар өндiрiстiк үй-жайларды, зертханалық және криогендiк жабдықтарды қоса алғанда, материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
6. Малдың белгілі бір түрі және өнімділігінің бағыты бойынша бағалаушы (сыныптаушы) ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2) «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ауыл шаруашылығы малының тиісті түрі бойынша бонитерлер курсынан өткені туралы құжаттың көшірмелерін қоса береді.
7. Техник-ұрықтандырушы ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2) «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» немесе «ветеринария» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның немесе осы бейін бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ауыл шаруашылығы малын қолдан ұрықтандыру курстарынан өткені туралы құжаттың;
4) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
8. Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі маман ретінде қызметін бастағаны туралы уәкілетті органға хабарлама жасаған жеке тұлға хабарламаға:
1) жеке куәлігінің;
2) «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» немесе «ветеринария» тиісті мамандығы бойынша білімі туралы дипломның;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) ауыл шаруашылығы малының эмбриондарын транспланттау (ауыстырып салу) курстарынан өткені туралы құжаттың;
4) меншік немесе ұзақ мерзімді (кемінде бес жыл) жалға алу шарты немесе лизинг шарты құқығында материалдық-техникалық базасының (зертханалық үй-жайдың, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың, криогендiк немесе технологиялық жабдықтардың) болуын растайтын құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Республикалық палаталар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметін уәкілетті органға хабарламай жүзеге асырады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Осы бапта көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.
Құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы берілген кезде құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-3-бап өзгертілді; 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 16-3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-3-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) мемлекеттiк есепке алу
Бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғаларға тиесілі асыл тұқымдық өнiм (материал) мемлекеттік есепке алуға жатады.
Асыл тұқымды малдың саны, сапасы мен өнiмдiлiгi туралы деректер асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне малдың түрлерi мен тұқымдары бойынша енгiзiледi.
Асыл тұқымды малдың шығу тегі, өнімділігі және өзге де сапалары бойынша неғұрлым құндылары туралы деректер асыл тұқымдық кітапқа енгізіледі.
Асыл тұқымдық кiтапқа және асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлген деректер мүдделi тұлғалар үшiн қолжетiмдi болып табылады.
Малдың шығу тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растау мақсатында жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша асыл тұқымды малдың жеке карточкасын немесе асыл тұқымдық куәлігін ресімдейді.
16-4-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қолдаудың негiзгi нысаны:
1) асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi тұқымдардың тектiк қорын сақтауға, дамытуға және қалпына келтiруге;
2) тармақша 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер үшін асыл тұқымды өнiмге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуіне бағытталған іс-шараларды субсидиялау болып табылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың бағыттарын, асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне, асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулі тұқымдардың тектiк қорын сақтау және қалпына келтiру жөніндегі iс-шараларға арналған субсидиялардың нормативтерiн уәкілетті орган айқындайды.
3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
16-5-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердi ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдары жүзеге асырады. Аталған ұйымдар уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламаларды;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және олардың өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды;
3) асыл тұқымды өнiмдi (материалды) бағалау мен генетикалық бақылау үшін әдiстемелер мен техникалық құралдарды;
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн әзірлеуді жүзеге асырады.
3-тарау. 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-тарау. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) тану және пайдалану мен оны бонитирлеу (бағалау)
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 17-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) тану
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Өнiм (материал) егер:
1) республикалық палата берген асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесі және асыл тұқымдық куәлігі немесе асыл тұқымды малдың жеке карточкасы болған;
2) ұрық асыл тұқымдық орталықтарда асыл тұқымды тұқымдық малдан алынған және өңделген және асыл тұқымдық куәлiгi болған;
3) эмбрион асыл тұқымды малдан алынған және асыл тұқымдық куәлігі болған;
4) аурудан амандығы және бактериялар қонбағандығы туралы ветеринариялық сертификаты болған жағдайларда, асыл тұқымдық деп танылады.
2. Уәкілетті орган бекіткен тәртіппен халықаралық нормаларға сәйкес болған кезде, импортталған асыл тұқымдық өнiм (материал) асыл тұқымды деп танылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 18-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді
18-бап. Асыл тұқымдық өнімді (материалды) пайдалану
Асыл тұқымды малдың ұрықтары мен эмбриондары, егер:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерде алынған;
2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген асыл тұқымды малдан алынған;
3) өздерін бірдейлендiруге мүмкіндік беретін жеке таңбасы болған;
4) асыл тұқымдық куәлiктерi болған жағдайларда пайдаланылады.
Жеке таңбасы жоқ ұрықтар мен эмбриондарды өткізуге жол берілмейді.
Өз төлінен өсіру үшін уәкілетті орган бекіткен тәртіппен бонитирлеуден (бағалаудан) өткен тұқымдық малды өз төлінен өсіру үшін ғана пайдаланылады.
Асыл тұқымды малдар алынған шаруашылықтар туралы деректерді сақтау мақсатында зауытшылар туралы мәліметтер асыл тұқымдық куәліктерде көрсетіледі.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 19-бап жаңа редакцияд; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда
19-бап. Бонитирлеу (бағалау)
Республикалық палатада тіркелген асыл тұқымды малдар уәкілетті орган бекіткен нұсқаулыққа сәйкес бонитирлеуге (бағалауға) жатады.
Бонитирлеуден (бағалаудан) өтпеген асыл тұқымды малдарды асыл тұқымдық мақсаттарда өткізуге жол берілмейді.
Бонитирлеуді (бағалауды) бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 20-бап өзгерді; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру және бағалау
Тұқымды өз төлінен өсіру үшін іріктелген асыл тұқымды тұқымдық мал тексеруге және бағалауға жатады.
Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру және бағалау уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.
21-бап. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн ұйымдастыру
14.12.01 ж. № 269-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi заңды тұлғаларды құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларға тиiсiнше, егер Қазақстан Республикасы заңдарынан немесе құқықтық қатынастың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы Заңның асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн реттейтiн ережелерi қолданылады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды жүргiзедi және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына есептiлiктi табыс етеді.
Асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалар оларды уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркейді.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен; 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап жаңа редакцияда
23-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң түрлерi
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:
1) асыл тұқымдық орталықтар;
2) дистрибьютерлiк орталықтар;
3) бонитерлер (сыныптаушылар);
4) техник-ұрықтандырушылар;
5) эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар;
6) республикалық палаталар жатады.
24-бап. 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25-бап. 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 26-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді
26-бап. Асыл тұқымдық орталықтар қызметiнің негiзгi бағыттары
1. Асыл тұқымдық орталықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
1) асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын алу, жинақтау, сақтау және оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу;
2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен асыл тұқымды тұқымдық малдың асыл тұқымдық құндылығын айқындау;
3) бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрықтарын өткізу;
4) эмбриондарды алу, сатып алу, сақтау және өткізу;
5) ұрық пен эмбриондарды пайдалану нәтижелерiн есепке алу, олар туралы деректер банкiн жүргiзу;
2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) тектiк қормен алмасуды жүзеге асыру болып табылады.
7) 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 27-бап жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.27.11. № 424-V ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-бап. Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі бағыттары
Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі бағыттары бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын алу, сақтау және өткізу, оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу болып табылады.
ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен; 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-бап жаңа редакцияда; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
28-бап. Бағалаушылар (сыныптаушылар), техник-ұрықтандырушылар және эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары