1-7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын бекітеді;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 1-8) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-8) ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын әзірлейді және мәслихаттың бекітуiне ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етедi;
1-9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды тиісті ауданның, облыстық маңызы қаланың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
1-10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-11) тармақшамен толықтырылды
1-11) жерді дамыту және пайдалану мәселелері жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
2) заң актілеріне сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншіктің тізбесін айқындайды;
2-2) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылды
4-1) көрмелік-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-2) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын айқындайды және бекітеді;
2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді;
5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
6) осы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы кенттер мен ауылдар құрылысын салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттың бекітуіне ұсынады, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, кентішілік (қалаішілік) және ауданішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат береді;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектілерін, байланыс желілерін салуды және пайдалануды ұйымдастырады;
8) әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөніндегі iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;
9) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
10) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
11) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге бағдарланған елді мекендерде, мекемелер орналасқан жерлерде, сондай-ақ адамдар көп жүретін жерлерде ілеспе дыбыс және жарық сигналдары бар арнаулы бағдаршамдарды, жол белгілерін және нұсқағыштарды, дыбыс және жарық құрылғыларымен жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелдерін орнатуды қамтамасыз етеді;
12) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастырады;
12-1) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
12-2) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
12-3) мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып қоюды, оның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды жүзеге асырады;
12-4) республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді;
12-5) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;
12-6) 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12-7) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
12-8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 12-9) тармақшамен толықтырылды
12-9) су басқан аймақтарда тұрғын үйді пайдалану орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру, төтенше жағдайлардың ықтималдығы кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету, су басқан аймақтардан халықты уақытша қоныс аударту үшін тұрғын үй салу жөніндегі іс-шараларды қаржыландырады және іске асырады;
13) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
14) халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi және ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 14-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес қылмыстық-атқару саласындағы қызметті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды
14-2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 14-3) тармақшамен толықтырылды; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 14-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 14-4) тармақшамен толықтырылды
14-4) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын береді;
15) аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектiлерiн және өзге де объектiлердi табиғаттың, тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi;
16) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 16-1), 16-2), 16-3), 16-4), 16-5) тармақшалармен толықтырылды; 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 16-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) жүргізуді, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындауды және дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді қамтамасыз етеді;
16-2) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
16-3) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
16-4) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 16-5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-5) елді мекенге бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құрады;
17-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді;
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды
17-2) жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру бойынша ұйымдастыру жұмысын жүргізеді және жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы ережелерді әзірлейді;
18) тиiстi аумақта ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салуды және ұстауды ұйымдастырады, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
19) 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды
19-1) сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды қамтамасыз етеді;
20) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік кәсіпорындарды құрады, облыстық атқарушы орган белгілеген штат санының лимиті және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормативтер шегінде аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді;
21) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетке толық көлемде түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен лицензиялауды жүзеге асырады;
2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағында терроризм мен экстремизм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды
23-1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан, облыстық маңызы бар қала аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
24) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды
25) дене шынықтыруды және спортты дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
26) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды кұрады;
2014.27.06. № 212-V ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды
27) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады.
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 27-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
27-2) аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 27-3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
27-3) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
28) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 29) тармақшамен толықтырылды
29) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 30) тармақшамен толықтырылды
30) елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 30-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30-1) елді мекендер шекараларының шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау мен қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 30-2) тармақшамен толықтырылды
30-2) «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3, 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларда қорытынды береді;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 31) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
31) шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін әзірлейді және тиісті мәслихатқа бекітуге ұсынады. Шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларының негізінде әзірленеді;
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 32) тармақшамен толықтырылды
32) жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, қабірге арналған жер учаскелерін есепке алу мен тіркеу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды ұйымдастырады;
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 33) тармақшамен толықтырылды
33) жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, жерлеу жөніндегі істі ұйымдастыру туралы шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
2024.15.04. № 72-VIII ҚР Заңымен 34) - 42) тармақшалармен толықтырылды (2024 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
34) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, жеке және заңды тұлғалармен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;
35) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастырады;
36) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау және өзге де көмек жөніндегі аумақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлейді;
37) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру тиімділігінің индикаторларын әзірлейді;
38) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарға (отбасыларға) жан-жақты қолдау көрсетудің негізгі бағыттарын әзірлеу мен іске асыруға қатысады;
39) аудандарда және қалалардағы аудандарда халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанынан отбасын қолдау орталықтарын құрады және (немесе) олардың қызметін ұйымдастырады;
40) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілер (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары) қатысқан кезде оларды ерте анықтау мен қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильді топтарды құрады және (немесе) ұйымдастырады;
41) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау мен өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілер (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары) қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізеді;
42) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) анықтайды және есепке алуды жүргізеді, олардың статистикалық деректерін жинауды жүзеге асырады, себептерін талдауды, жүйелі мониторингтеуді жүргізеді.
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын талқылауды жүргізеді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді.
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі аумағында жұмыс берушілер жалға берілетін тұрғынжайлар салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімін дайындайды және облыс әкімдігіне ұсынады, сондай-ақ ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжайлар салынған кезде жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады.
2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкiмдiгі жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) Әкімдік өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыруда аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат алдында жауап бередi.
4. Осы бапта аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) Әкімдіктерге жүктелген өкілеттіктерді қалалық әкімдіктер жүзеге асырады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 32-бап жаңа редакцияда
32-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін лауазымға сайлау, қызметінен босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі
1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес лауазымға сайланады.
Бір адам аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.
Сайланған аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өкілеттігі оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.
2. Сайланған аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өкілеттігі өкілеттік мерзімі өткен соң, сондай-ақ:
1) әкім қайтыс болған, әкімді әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі, хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімі не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
2) өзін ұсынған саяси партия қайта ұйымдастырылған және таратылған жағдайларды қоспағанда, саяси партияға мүшелігі тоқтатылған;
3) жоғары тұрған әкім аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты депутаттарының әкімге қатысты білдірген сенімсіздік вотумын қабылдаған;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
5) тиісті аумақтық сайлау комиссиясы жаңадан сайланған әкімді тіркеген жағдайларда;
6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Сайланған аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өз өкілеттігі кезеңінде зейнеткерлік жасқа толуы оның өкілеттігін тоқтатуға негіз болып табылмайды.
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өкілеттігі осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде тиісті аумақтық сайлау комиссиясы шешім қабылдайды, онда әкімнің өкілеттігін тоқтатуға алып келетін негіздердің басталу фактісі көрсетіледі және облыс әкіміне аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынуды енгізу туралы шешім қабылданады.
Тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы негізінде облыс әкімі тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өкілеттігін тоқтатады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2025 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
32-1-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін:
1) осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісінше облыстық маңызы бар қала және аудан мәслихатының келісімімен облыс әкімі лауазымға тағайындайды;
2) облыс әкімі оның өкілеттігін тоқтатады және лауазымынан босатады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 32-2-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
32-2-бап. Облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аудан әкімін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі
1. Облыстық маңызы бар қаладағы аудан әкімін:
1) осы Заңда белгіленген тәртіппен облыстық маңызы бар қала мәслихатының келісімімен облыстық маңызы бар қала әкімі лауазымға тағайындайды;
2) облыстық маңызы бар қала әкімі оның өкілеттігін тоқтатады және лауазымынан босатады.
2. Республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аудан әкімін: