Төтенше жағдай кезінде қолданылатын қосымша шаралар мен уақытша шектеулер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Осы Заңның 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мән-жайлар орын алған кезде төтенше жағдай енгiзiлген ретте, төтенше жағдай енгiзiлген жерде мынадай қосымша шаралар мен уақытша шектеулер:
1) тұрғындарды оларға міндетті түрде уақытша тұрғын үй-жайлар бере отырып қауiпсiз аудандарға уақытша көшiру;
2) карантин енгізу, санитариялық-эпидемияға қарсы және iндетке қарсы iс-шараларды жүргiзу;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік материалдық резервтi пайдалану, заңды тұлғалардың ресурстарын тарту, олардың жұмыс режимiн өзгерту және төтенше жағдай кезiнде қажеттi өнiмдер шығаруға қайта бағдарлау;
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу және қамтамасыз ету қажеттiлiгiне байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын мiндеттi түрде сақтай отырып, еңбекке жарамды тұрғындарды және жеке тұлғалардың көлiк құралдарын аталған жұмыстарды жүргiзуге тарту көзделедi.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Осы Заңның 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мән-жайлар болған кезде төтенше жағдай енгiзiлген жағдайда, төтенше жағдай енгiзiлетін жерде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан кепілді түрде қорғауды қамтамасыз ету үшін құрылған материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа да ресурстардың мемлекеттік резерві болмаған немесе жеткіліксіз болған кездегі ерекше жағдайларда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
5-тарау. Төтенше жағдай кезіндегі жеке және заңды
тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар құқықтарының кепілдігі және олардың жауапкершілігі
17-бап. Төтенше жағдай кезiнде шаралар мен уақытша шектеулердi қолдану шектерi
1. Төтенше жағдай кезiнде қолданылатын шаралар және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарын шектеу, оларға қосымша мiндеттер жүктеу төтенше жағдайды енгізуге негiз болған мән-жайлар туындатқан шектерде жүзеге асырылуға тиiс.
2. Төтенше жағдай кезiнде қолданылатын шаралар мен шектеулер адам құқықтары саласында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға қайшы келмеуге тиiс.
18-бап. Төтенше жағдайдың күшiнде болуы кезеңіндегі жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Төтенше жағдайды енгізуге негiз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар берiледi, материалдық зиянның орны толтырылады, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен және шекте қажеттi көмек берiледi.
2. Төтенше жағдай енгізуге негiз болған мән-жайларды жою қажеттiлiктерi үшiн мүлiктерi мен ресурстары пайдаланылған жеке және заңды тұлғаларға материалдық залалды сонымен бiрдей өтеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
19-бап. Дене күшiн, арнайы құралдарды, қызметтiк иттердi, қаруды қолданудың, әскери техниканы пайдаланудың шарттары мен шектерi
Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн органдар қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiнiң дене күшiн, арнайы құралдарды, қызметтiк иттердi, қаруды қолдануының, әскери техниканы пайдалануының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттары мен шектерi төтенше жағдай кезiнде өзгертiлмеуге тиiс.
20-бап. Коменданттық сағат ережелерiн бұзған жеке тұлғаларды ұстау тәртібі
1. Коменданттық сағат ережелерiн бұзған жеке тұлғаларды iшкi iстер органдарының қызметкерлерi (полиция) немесе әскери патрульдер коменданттық сағат аяқталғанға дейiн, ал жеке басын куәландыратын құжаттары өзiмен бiрге болмағандарды жеке басын анықтағанға дейiн, бiрақ iшкi iстер органы бастығының немесе оның орынбасарының шешiмi бойынша 48 сағаттан аспайтын уақытқа ұстайды. Ұсталған адамдар және олардың өздерiмен бiрге болған заттары мен көлiк құралдарының тексерiлуi мүмкiн.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Iшкi iстер органы бастығының немесе оның орынбасарының ұстау туралы шешiмiне жоғары тұрған лауазымды адамға, прокурорға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.
3. Төтенше жағдай енгiзiлген жерде адамдар мен жануарлардың қауiптi жұқпалы ауруларының таралу қаупiнiң туындауы салдарынан карантин енгiзiлген жағдайда, төтенше жағдай режимiн бұзған, көрсетiлген жерлерде тұрмайтын және басқа да жағдайларда бұл аумақтың шегiнен мiндеттi түрде шығарылуға тиiс жеке тұлғалар оларды байқауға алудың денсаулық сақтау органдары белгiлеген мерзiмi аяқталғанға дейiн жалпы негiзде ұсталып, кiдiртiледi.
4. Ұсталып кiдiртiлген адамдарды ұстау тәртібі Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарымен белгiленедi.
2020.16.05. № 330-VI ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Төтенше жағдайдың қолданылуын тоқтатудың құқықтық салдарлары
1. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеуге байланысты нормативтік құқықтық актілер төтенше жағдай енгізілген мерзім ішінде ғана қолданылады және осы Заңның 15-бабының 2-тармағына сәйкес қабылданған актілерді қоспағанда, төтенше жағдайдың қолданылуының тоқтатылуымен бір мезгілде бұл туралы арнайы хабардар етілмей күшін жояды.
Осы Заңның 15-бабының 2-тармағына сәйкес қабылданған құқықтық актілердің ережелері, егер Қазақстан Республикасының Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша актілердің өзінде өзгеше қолданылу мерзімі белгіленбесе, төтенше жағдайдың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
2. Төтенше жағдайдың қолданылуын тоқтату төтенше жағдай режимін бұзу туралы істер бойынша әкімшілік іс жүргізудің тоқтатылуына алып келеді.
22-бап. Жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың төтенше жағдай режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн жауаптылығы
1. Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар төтенше жағдай режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз етуге қатысушы органдардың қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiнiң дене күшiн, арнайы құралдарды, қызметтiк иттердi, қаруды заңсыз қолдануы және әскери техниканы заңсыз пайдалануы, сондай-ақ лауазымды адамдардың қызметтiк өкiлеттiгiн асыра пайдалануы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
23-бап. Төтенше жағдай енгiзiлген жерде сот төрелiгiн жүзеге асыру
Төтенше жағдай енгiзiлген жерде сот төрелiгiн Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес соттар жүзеге асырады.
6-тарау. Қорытынды ережелер
24-бап. Халықаралық iзгiлiк көмек
Төтенше жағдай енгiзiлген жерде халықаралық iзгiлiк көмек Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен бөлiнедi.
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
«Төтенше жағдайдың құқықтық режимi туралы» 1993 жылғы 15 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 17, 408-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 4, 101-құжат);
«Төтенше жағдайдың құқықтық режимi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 15 қазандағы Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 17, 409-құжат).
Қазақстан Республикасының