Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысы
(2014.30.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдардың басшылары бір ай мерзімде «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығын іске асыру мақсатында қызметкерлер санын қысқартуды ескере отырып, штат кестелеріне өзгерістер енгізсін және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне тиісті ақпарат енгізсін.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қоршаған ортаны қорғау министрліктері, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы функциялардың аражігін ажыратуға байланысты қызметкерлердің санын қайта бөлу және беру жөнінде ұсыныстар енгізсін.
4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
1) екі ай мерзімде «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығына сәйкес орталық атқарушы органдардың штат санын қысқарту жөнінде ақпарат;
2) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2008 жылғы 30 сәуірге дейін «Қазына» орнықты даму қоры», «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі», «ҚазАгро» ұлттық холдингі», «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамдарының, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмыс істеуін ескере отырып, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің санын оңтайландыру жөнінде ақпарат енгізсін.
5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Экономика және бюджеттік жоспарлау және Әділет министрліктері үш күн мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарын және оның төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау және өртке қарсы қызмет комитеттерін оларды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарына біріктіру жолымен қайта ұйымдастыру туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын енгізсін.
6. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 15 сәуірдегі
№ 339 қаулысымен
бекітілген
Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық
бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып,
штат санының лимиттері
Лимиттер 2014 ж. 30 желтоқсанда берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың
аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы
мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттері
Р/с № | Атауы | Штат санының лимиті |
1 | 2 | 3 |
1 | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 153684 |
| Облыстардың бюджеттері мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде: | 46924 |
1) | Астана қаласының Ішкі істер департаменті | 2789 |
2) | Ақмола облысының Ішкі істер департаменті | 2687 |
3) | Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті | 2301 |
4) | Алматы қаласының Ішкі істер департаменті | 4560 |
5) | Алматы облысының Ішкі істер департаменті | 3394 |
6) | Атырау облысының Ішкі істер департаменті | 2150 |
7) | Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті | 4408 |
8) | Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті | 2301 |
9) | Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті | 1925 |
10) | Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті | 5010 |
11) | Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті | 1716 |
12) | Қостанай облысының Ішкі істер департаменті | 2799 |
13) | Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті | 1903 |
14) | Павлодар облысының Ішкі істер департаменті | 2337 |
15) | Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті | 2132 |
16) | Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті | 4512 |
17) | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 83778,5 |
18) | Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары, құрамалары мен бөлімдері, | 29883 |
19) | оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер: | 12664 |
20) | олардың ішінде Ұлттық ұланның Әскери институтының курсанттары | 880 |
21) | ІІМ Алматы академиясы | 595 |
22) | ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы | 473 |
23) | ІІМ Қостанай академиясы | 300 |
24) | ІІМ Ақтөбе заң институты | 234 |
25) | ІІМ Оқу орталығы (Павлодар қаласы) | 100 |
26) | ІІМ Оқу орталығы (Семей қаласы) | 91 |
27) | ІІМ Оқу орталығы (Шымкент қаласы) | 85 |
28) | Ұлттық ұланның Әскери институты | 492 |
29) | Оқу орталығы (Алматы қаласы) | 80 |
30) | Емханасы бар орталық госпиталь | 474,5 |
31) | Аумақтық госпитальдар мен емханалар | 1227 |
32) | Кинологиялық орталық | 64 |
33) | «Оңтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базасы | 25 |
34) | «Солтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базасы | 20 |
35) | «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасақ | 139 |
36) | Автокөлік қызметін көрсету мекемесі | 144 |
37) | Мамандандырылған күзет бөліністері | 15519 |
38) | Белгілі бір тұратын жері жоқ адамдарға арналған қабылдауыш-таратушылар | 225 |
39) | Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы | 43 |
40) | Түзеу мекемелері | 9996 |
41) | Тергеу изоляторлары | 3776 |
42) | Республикалық жедел құтқару жасағы | 48 |
43) | 28237 әскери бөлімі | 651 |
44) | оның ішінде әскери қызметшілер: | 647 |
45) | олардың ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер | 364 |
46) | 52859 әскери бөлімі | 367 |
47) | оның ішінде әскери қызметшілер: | 364 |
48) | олардың ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер | 199 |
49) | 68303 әскери бөлімі | 184 |
50) | оның ішінде әскери қызметшілер: | 178 |
51) | олардың ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер | 60 |
52) | Қазселденқорғау | 480 |
53) | Көкшетау техникалық институты | 170 |
54) | оның ішінде өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері | 118 |
55) | Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы | 27 |
56) | Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы | 34 |
57) | Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы | 27 |
58) | Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы | 27 |
59) | Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы | 27 |
60) | Республикалық дағдарыс орталығы | 21 |
61) | оның ішінде өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері | 20 |
62) | Жедел құтқару қызметтері | 242 |
63) | Апаттар медицинасы орталығы | 338 |
64) | Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі | 16239 |
65) | оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері | 15665 |
66) | Суда құтқару қызметі | 911 |
2 | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, оның ведомстволарын қоса алғанда, оның ішінде: | 1218 |
1) | шет елдердегі мекемелер | 831 |
3 | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 2937 |
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 2651 |
1) | «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» РММ | 56 |
2) | «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» РММ | 22 |
3) | «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы» РММ | 30 |
4) | «Жидебай-Бөрілі» Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» РММ | 82 |
5) | «Көне Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РММ | 15 |
6) | «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» РММ | 29 |
7) | «Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы» РММ | 280 |
8) | «Қазақстан Республикасының Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасы» РММ | 141 |
9) | «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» РММ | 531 |
10) | ҚР Үкіметінің 2014.09.10. № 1081 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) |
11) | «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» РММ | 41 |
12) | «Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» РММ | 51 |
13) | «Астана» ұлттық сурет галереясы» РММ | 269 |
14) | «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» РММ | 70 |
15) | «Орталық мемлекеттік мұрағат» РММ | 63 |
16) | «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты» РММ | 16 |
17) | «Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты» РММ | 16 |
18) | «Ұлттық археография және мәліметтану орталығы» РММ | 22 |
19) | «Мемлекеттік мұрағаттардағы деректі материалдардың микрофото көшірмелерін жасау және қалпына келтіру орталық зертханасы» РММ | 16 |
20) | «Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» РММ | 9 |
21) | «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ | 30 |
22) | «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ | 30 |
23) | «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ | 184 |
24) | «Кәркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ | 247 |
25) | «Риддер қаласындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ | 112 |
26) | «Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ | 270 |
27) | «Допингке қарсы ұлттық орталық» РММ | 19 |
4 | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 10728 |
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 1918 |
1) | Қазақстан Республикасының сауда өкілдігі | 12 |
2) | Атырау обаға қарсы күрес станциясы | 313 |
3) | Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы | 201 |
4) | Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы | 194 |
5) | Орал обаға қарсы күрес станциясы | 322 |
6) | Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы | 287 |
7) | Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы | 125 |
8) | Шымкент обаға қарсы күрес станциясы | 136 |
9) | Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы | 216 |
10) | Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы | 112 |
5 | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 2796 |
| Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 386 |
1) | Республикалық микрография ғылыми-зерттеу институты (Орал қаласы) | 203 |
2) | «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы | 71 |
3) | Ақмолажолзертханасы | 8 |
4) | Ақтөбежолзертханасы | 8 |
5) | Алматыжолзертханасы | 8 |
6) | Атыраужолзертханасы | 8 |
7) | Батысжолзертханасы | 8 |
8) | Жамбылжолзертханасы | 8 |
9) | Шығысжолзертханасы | 8 |
10) | Қарағандыжолзертханасы | 8 |
11) | Қызылордажолзертханасы | 8 |
12) | Қостанайжолзертханасы | 8 |
13) | Маңғыстаужолзертханасы | 8 |
14) | Павлодаржолзертханасы | 8 |
15) | Солтүстікжолзертханасы | 8 |
16) | Оңтүстікжолзертханасы | 8 |
6 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 2371,5 |
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 1848,5 |
1) | Мемлекет тарихы институты | 50 |
2) | Академик Қ.И. Сәтпаевтың мемориалдық мұражайы | 18 |
3) | Қазақ ұлттық өнер университеті | 274* |
4) | Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық әскери мектеп-интернаты | 81 |
5) | Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты | 88 |
6) | Б.Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп-интернаты | 103 |
7) | Ө.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернаты | 109 |
8) | Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернат | 121 |
9) | К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка орта мектеп-интернаты | 103 |
10) | Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы | 165 |
11) | Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана | 37 |
12) | Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы | 256* |
13) | Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы | 217* |
14) | Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Қарағанды республикалық арнайы мектеп-интернаты | 41,5 |
15) | А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты | 145 |
16) | «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы | 40 |
7 | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 2664 |
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 1066 |
1) | «Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курсы» | 9 |
2) | Қазақ республикалық лепрозорийі | 212 |
3) | ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық | 59 |
4) | Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық аурухана | 750 |
5) | Республикалық арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығы | 36 |
8 | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 10724 |
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 5673 |
1) | «Ауыл шаруашылығы дақылдарын тұқымдық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» РММ | 249 |
2) | «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» РММ | 150 |
3) | «Республикалық карантин зертханасы» РММ | 62 |
4) | «Республикалық интродукциялық-карантиндік питомник» РММ | 12 |
5) | «Фитосанитарлық диагностика және болжамдар республикалық әдістеме орталығы» РММ | 1143 |
6) | «Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік питомнигі» РММ | 18 |
7) | «Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық, Алматы қаласы» РММ | 92 |
8) | «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы, Астана қаласы» РММ | 23 |
9) | «Оңтүстік Қазақстан гидрогеология-мелиоративтік экспедициясы» РММ | 85 |
10) | «Қызылорда гидрогеология-мелиоративтік экспедициясы» РММ | 50 |
11) | «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ | 220 |
12) | «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ | 32 |
13) | «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» РММ | 42 |
14) | «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» РММ | 53 |
15) | «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» РММ | 26 |
16) | «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ | 39 |
17) | «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» РММ | 54 |
18) | «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» РММ | 40 |
19) | «Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы» РММ | 64 |
20) | «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» РММ | 44 |
21) | «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ | 79 |
22) | «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ | 111 |
23) | «Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ | 320 |
24) | «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ | 121 |
25) | «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ | 356 |
26) | «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ | 317 |
27) | «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ | 46 |
28) | Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ | 110 |
29) | «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ | 126 |
30) | «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ | 185 |
31) | «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ | 94 |
32) | «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» РММ | 44 |
33) | «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ | 595 |
34) | «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ | 307 |
35) | «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» РММ | 99 |
36) | «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ | 86 |
37) | «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ | 112 |
38) | «Қазақ мемлекеттік республикалық ағаш тұқымы мекемесі» РММ | 28 |
39) | «Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы» РММ | 39 |
9 | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 19852 |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 90 |
1) | Кинологиялық орталық | 40 |
2) | Оқу-әдістемелік орталығы | 35 |
3) | Байқоңырбаланс | 15 |
10 | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, оның аумақтық органдарын және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін ескере отырып, оның ішінде: | 984 |
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 16 |
1) | «Капиталмұнайгаз» РММ | 16 |
11 | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 3951 |
| Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 710 |
1) | Сот сараптамасы орталығы | 609 |
2) | Қазақстан Республикасының Заңнама институты | 101 |
Ескертпе:
* - штат санының лимиті оқу-көмекші персонал ескерілмей көрсетілген.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 15 сәуірдегі
№ 339 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысы 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 53-құжат).
3. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 744 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға жер учаскелерін беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қарашадағы № 1162 қаулысының 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 44, 584-құжат).
6. «Автожол саласындағы сапаны арттырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 1305 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 50, 643-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитетінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 1319 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 50, 648-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 мамырдағы № 649 және 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 28 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 4, 27-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 36 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 4, 30-құжат).
10. «Оңтүстік Қазақстан облысы жекелеген мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 52 қаулысының 10-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 4, 36-құжат).
11. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 ақпандағы № 139 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 62-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 наурыздағы № 142 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 67-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 313 қаулысының 5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 14, 136-құжат).
14. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат).
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 353 қаулысы.
16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 және 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 509 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 208-құжат).
17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 586 Қаулысы.
18. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 24, 251-құжат).
19. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 692 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 285-құжат).
20. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат).
21. «Қазақстан Республикасы министрліктерінің және Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 тамыздағы № 730 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 28, 370-құжат).
22. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің «Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесін құрудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 811 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 32, 348-құжат).