Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес
және есірткі айналымын бақылау комитетінің «Есірткіге тәуелді адамдарды
әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесін құрудың кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 811 Қаулысы
(2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» акционерлік қоғамы таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің «Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
3. Мекеме қызметінің негізгі мәні есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік оңалту, есірткіні теріс пайдаланудың алдын алу болып айқындалсын.
4. Мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» акционерлік қоғамын тарату және кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған оның мүлкін мекемеге беру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мекеменің жарғысын бекітуді және оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 25 тамыздағы
№ 811 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Ақмола облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 13-8-жол алынып тасталсын.
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 266-4-жол алынып тасталсын.
3. ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 97-жолмен толықтырылсын:
«97. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің «Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы».