Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 313 Қаулысы
(2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті, Криминалдық полиция комитеті, Әкімшілік полиция комитеті және Жол полициясы комитеті (бұдан әрі - Комитеттер) құрылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.21.10. № 1014 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4. «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі № 431 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 17, 221-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Министрліктің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы, аудандардағы, қалалардағы, қалалардағы аудандардағы және көліктегі аумақтық органдары, сондай-ақ Ішкі әскерлер комитеті, Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті, Тергеу комитеті, Криминалдық полиция комитеті, Әкімшілік полиция комитеті және Жол полициясы комитеті ведомстволары болады.»;
12-тармақта:
1) тармақшаның он бірінші абзацындағы «әзірлейді және» деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшаның бесінші, алтыншы, сегізінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және жиырма төртінші абзацтары алынып тасталсын;
3) тармақшаның үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші және он екінші абзацтары алынып тасталсын;
4) тармақша алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 244-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«244. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі.».
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 21 сәуірдегi
№ 313 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Тергеу комитеті туралы
ереже
ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 21 сәуірдегi
№ 313 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Тергеу комитетінің құрылымы