“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы
№ 47 қаулысына өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 744 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген министрлiктердің, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
реттiк нөмiрi 5-жолда, "Штат санының лимитi" деген 3-бағандағы:
"299" деген сандар "321" деген сандармен ауыстырылсын;
"553" деген сандар "558" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 15-жолда:
"Атауы" деген 2-бағандағы:
"бұдан басқа:
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Женева қаласындағы (Швейцария Конфедерациясы) өкiлi" деген сөздер алынып тасталсын;
"Штат санының лимитi" деген 3-бағандағы "5" деген сан алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |