10) 16-бапта:
2-тармақта:
«, сондай-ақ онымен жасалатын мәмiлелер» деген сөздер «(оған ауыртпалықтар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кеме тiркелген тиiстi тiзiлiмде» деген сөздер «Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
«кемелер бербоут-чартердiң» деген сөздер «кемелер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтерiп жүзуге уақытша құқықтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кемелердің тіркелу мерзімін ұзарту Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында белгіленген, оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылады.».
11) 18-баптағы «кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу ережелерiне» деген сөздер «Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу қағидасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 18-1-баптың бірінші бөлігінде:
«жүзеге асырылуы мүмкін» деген сөздер «жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген» деген сөздер «Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 19-баптың 2) тармақшасындағы, 20-баптағы «кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу ережелерiнде», «кемелердi және оларға құқықтарды тiркеу ережелерiне» деген сөздер тиісінше «Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу қағидасында», «Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу қағидасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 23-баптың 2-тармағындағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 24-баптың 1-тармағындағы «кеме экипажының мүшелерiн дипломдау ережелерiне» деген сөздер «Кеме экипажының мүшелерiне диплом беру қағидасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 25-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 28-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеме иесi өзінің кемелерi ұшыраған авариялық жағдайлар мен көлік оқиғалары туралы теңіз портының капитанына дереу хабарлауға, сондай-ақ өзінің кемелерi ұшыраған авариялық жағдайлар мен көлік оқиғаларын тергеу кезінде жәрдемдесуге міндетті.».
18) 31-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) кеме иесiне авариялық жағдай туралы хабарлауға және Кемелер ұшыраған авариялық жағдайларды тергеу қағидасына сәйкес кеме не оның экипажы бiрiншi қазақстандық портқа келгеннен кейiн:
бір тәулiк iшiнде порт капитанына авариялық жағдай туралы мәлімдеме мен техникалық акт;
үш тәулік ішінде порт капитанына авариялық жағдай туралы егжей-тегжейлi хабарламаны, кеме құжаттарынан үзiндi-көшiрмелердi, қатысы бар адамдар мен куәлердiң түсiнiктемелерiн беруге мiндеттi.»;
19) 39-баптың 2-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмi мен бербоут-чартер тiзiлiмiн және кемелердің мемлекеттік тіркелуін жүргізуді, тиісті кеме құжаттарын беруді;»;
3) тармақшадағы «теңізші паспортын» деген сөздер «теңізшінің жеке куәлігін, теңіз кітапшасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 41-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«кеме құжаттарының болуын және олардың қолданылу мерзімдерін;»;
21) 42-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) теңіз порты көрсеткен міндетті қызметтер үшін ақы төленбегенде рұқсат беруден бас тартады.»;
22) 46-баптың 1-тармағындағы «өту ережелеріне» деген сөздер «өтуді жүзеге асыру қағидасына» деген сөздермен ауыстырылсын,
23) 49-бапта:
1-тармақтағы «Лоцманның немесе ол қызметкерi болып табылатын ұйымның» деген сөздер «Лоцман қызметкерi болып табылатын ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «лоцман немесе ол қызметкерi болып табылатын ұйым» деген сөздер «лоцман қызметкерi болып табылатын ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «өту ережелерiнде» деген сөздер «өтуді жүзеге асыру қағидасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 110-баптағы «уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 126-баптың 1-тармағындағы «Кеме иесi» деген сөздер «Жалға кеме беруші» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 149-баптың 1-тармағындағы «көлiктегi экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру ережелеріне» деген сөздер «Теңіз көлiгіндегi экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру қағидасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 188-бапта:
«асып түскен» деген сөздер «асып түспеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
«туындауы мүмкін» деген сөздер «туындаған» деген сөзбен ауыстырылсын;
28) 194-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«194-бап. Мемлекеттік органдардың құтқару операцияларына қатысуы
1. Мемлекеттік органдар осы тарауда белгiленген қағидаға сәйкес құтқару операцияларына қатысады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес құтқару операцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың сыйақы алуға құқығы жоқ.»;
29) 222-баптың 2-тармағындағы «кеме кепiлiмен қамтамасыз етiлген» деген сөздер алып тасталсын.
15. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат):
1) 1-бапта:
2) тармақша «бөлмесi кiретiн» деген сөздерден кейін «, кемінде бес мың шаршы метр аумақта орналасқан» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша «пункттер кіретін» деген сөздерден кейін «, кемінде екі жарым мың шаршы метр аумақта орналасқан» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) әлеуметтік маңызы бар тасымалдаулар - қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер ететін және қолжетімді тарифтер деңгейін әрі Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркін қозғалуына мүмкіндікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын тұрақты қатынастағы жолаушы тасымалдаулары;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдау - жеке және заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтініштері) бойынша автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып, тасымалдаушылар көрсететін көлік қызметтері;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) жолдама парақ - жүргізуші мен автокөлiк құралының жұмысын есепке алуға және бақылау жүргізуге арналған құжат;»;
19), 20), 21), 22) және 24) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
«25-1) тахограф - жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркеудің механикалық не электрондық (цифрлық) бақылау құрылғысы;»;
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) уәкiлеттi орган - автомобиль көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
2) 4-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тұтынушыға автомобиль көлiгi саласындағы көрсетілетін қызметтерді таңдау еркіндігін қамтамасыз ету;»;
3) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Автобустармен, шағын автобустармен жолаушылар тасымалдауға кем дегенде жиырма бiр жастағы, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және кемінде үш жыл жүргізушілік жұмыс стажы, оның ішінде кемінде бір жыл «С» санатына жататын көлік құралдарын басқару стажы бар жүргiзушiлер жiберiледi.»;
4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Автомобильмен тасымалдаудың түрлерi
1. Автомобильмен тасымалдау:
1) жолаушылар мен багажды тасымалдау;
2) жүк тасымалдау;
3) почта тасымалдау болып бөлiнедi.
2. Қатынас түрлерi бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау:
1) халықаралық - Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдаулар;
2) республикаішілік - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан елді мекендер арасындағы тасымалдаулар болып бөлінеді.
3. Жолаушылар мен багажды республикаішілік тасымалдау әкімшілік-аумақтық белгілеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қалалық (ауылдық) - елді мекеннің белгіленген шекарасының шегіндегі тасымалдау;
2) қала маңындағы - елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап есептелетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақтағы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау;
3) ауданішілік - бір аудан шегіндегі елді мекендердің арасындағы тасымалдау;
4) ауданаралық (облысішілік қаларалық) - бір облыс шегіндегі, әртүрлі аудандардағы елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе облыстық маңызы бар қалалармен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау;
5) облысаралық қалааралық - әртүрлі облыстардағы елді мекендердің арасында жүзеге асырылатын немесе республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен елді мекендерді жалғастыратын тасымалдау.
3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау ұйымдастыру сипаты бойынша тұрақты және тұрақты емес болып бөлiнедi.»;
15-тармағының 5) тармақшасы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Автокөлік құралдарын тахографтармен жабдықтау жөніндегі талаптар
1. Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк автомобильдері, оның ішінде:
1) қауіпті жүктердің автомобиль тасымалдарын;
2) жолаушылардың, багаждың және жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын;
3) жолаушылардың және багаждың облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және ауданішілік автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын мамандандырылған автомобильдер жатады.
2. Электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды тізбесін уәкілетті орган бекітетін сервис орталықтары жүзеге асырады. Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасында белгіленген талаптарға сай келуі тізбеге енгізу үшін негіз болып табылады.
3. Тахографтарды, оның ішінде электрондық (цифрлық) тахографтарды және электрондық карточкаларды пайдалану Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасына сәйкес жүргізіледі, оларда мыналар:
1) жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуы режимiне және оны тіркеуге қойылатын талаптар;
2) тахографтарды орнату және пайдалану жөніндегі талаптар;
3) тахографтарды орнатуды жүзеге асыратын сервис орталықтарына қойылатын талаптар;
4) электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервис орталықтары тізбесіне енгізу тәртібі;
5) электрондық (цифрлық) тахографты сертификаттау және оның электрондық карточкаларын беру тәртібі;
6) электрондық (цифрлық) тахографтар бойынша ұлттық дерекқордың жұмыс істеу тәртібі белгіленеді.
4. Электрондық карточкаларды қолданбай электрондық (цифрлық) тахографтарды пайдалануға рұқсат етілмейді.»;
6) 12, 13 және 14-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлейдi;
2) автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүрiп өту тәртібін айқындайды;
4) автомобиль көлiгi саласында лицензиялау қағидасын, оның iшiнде лицензиаттарға қойылатын біліктiлiк талаптарын бекiтедi;
5) Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жол берiлетiн қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекiтедi;
6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау қағидасын, қауiптi жүктер тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарына қойылатын біліктiлiк талаптарын бекiтедi;
7) тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға тарту тәртібін айқындайды;
8) Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекітеді;
9) Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекітеді;
10) Автомобиль көлiгi құралдарын техникалық пайдалану қағидасын бекiтедi;
11) автомобиль көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi;
12) Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекітеді;
13) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидасын бекітеді;
14) Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекітеді;
15) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекітеді;
16) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13-бап. Уәкілетті органның құзыретi
Уәкілетті орган:
1) автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;
2) өз құзыретi шегiнде автомобиль көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
3) автомобиль көлiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi;
4) тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен келісім бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдаудың маршруттары мен қозғалыс кестелерiн бекiтедi;
5) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды ұйымдастырады, аталған тасымалдаулардың маршруттары бойынша қозғалыс кестесiн келiседi;
6) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық және облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
7) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;
8) осы Заңның 19-4-бабында белгiленген жағдайларды қоспағанда, автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
9) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктермен және қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiктерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi;
10) Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидасын бекiтедi;
11) Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидасын бекітеді;
12) автомобиль көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;
13) көлiктiк бақылау бекеттерiнiң жұмысын ұйымдастыру тәртібін бекiтедi;
14) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беруді жүзеге асырады;
15) Қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидасын бекітеді;
16) «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
17) тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін белгіленген тәртіпке сәйкес бекітеді;
18) халықаралық және республикаішілік қатынаста қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн даярлау курстарын ұйымдастырады;
19) жүргізушіге халықаралық және республикаішілік қатынаста қауiптi жүктердi автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беруді жүзеге асырады;
20) электрондық (цифрлық) тахографтарды орнатуды жүзеге асыратын сервис орталықтарының тізбесін бекітеді;
21) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкалар беруді жүзеге асырады;
22) электрондық (цифрлық) тахографтар жөніндегі ұлттық дерекқорды жүргізеді;
23) Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидасын бекітеді;
24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары:
1) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды, оның ішінде ауданішілік және ауылдық тасымалдауларды дамыту бағдарламасын бекітеді;
2) өз құзыретi шегiнде жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын бекiтедi;
3) шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекiтедi;
4) әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды субсидиялау бағдарламасын бекітеді;
5) әлеуметтiк маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада - қалалық және қала маңындағы тасымалдауды ұйымдастырады, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзедi;
2) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада - қалалық және қала маңындағы тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiтедi;
3) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және жүру кестелерiн келіседi;
4) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауларды ұйымдастырады;
5) автовокзалдар мен автостанциялардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
6) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада - қалалық және қала маңындағы автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
7) алыстағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін әзірлейді;
8) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды, оның ішінде ауданішілік және ауылдық тасымалдауларды дамыту бағдарламасын әзірлейді;
9) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлейдi;
10) жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қаларалық), ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада - қалалық және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
11) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекiтедi, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастырады және өткiзедi, маршруттар бойынша жүру кестелерiн бекiтедi;
2) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi;
3) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастырады;
4) алыстағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретiн мектептерге тасымалдауды ұйымдастырады;
5) қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
7) 15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «жүзеге асыруға құқығы бар.» деген сөздер «жүзеге асыруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Заңның 19-6-бабында көрсетілген, тексеру жүргізуге қажетті құжаттарды жеке және заңды тұлғалардан сұратуға құқығы бар.»;
8) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Тарифтер
1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделгендерден басқа жағдайларда жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауға еркін (шарттық) тарифтер белгіленеді.
2. Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін жергiлiктi атқарушы орган барлық маршруттар үшін бірыңғай белгілейді.
3. Жолаушылар мен багажды қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі жергiлiктi атқарушы орган бекітетін тарифтер желісіне сәйкес жолдың қашықтығына қарай белгіленеді.
4. Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін жергiлiктi атқарушы орган белгілейді.
5. Осы баптың 2-4-тармақтарына сәйкес белгіленетін тарифтер жергілікті өкілді органмен келісуге жатады.
6. Егер осы баптың 2-4-тармақтарына сәйкес белгіленген тарифтер жолаушылар тасымалының рентабельділігін қамтамасыз етпесе, жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тасымалдаушылардың залалын субсидиялайды.»;
9) 2-1-тараудың тақырыбында:
«көліктік» деген сөз «мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
бұл өзгерістің мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
10) 19-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылаудың мәні мен мақсаты
1. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - көлiктiк бақылау) автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауы үшін жүргiзiледi.
2. Көліктік бақылау жүргізудің мақсаты Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Уәкiлеттi орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бiрлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.»;
11) 19-2-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «лицензиялық қағидалардың» деген сөздер «лицензиялау қағидасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 19-5-баптың 2-тармағындағы «жүргiзушiнiң еңбегi мен тынығуы режимiнiң бақылау қондырғысының (тахограф)» деген сөздер «тахографтың» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 19-6-баптың 3-тармағында:
4) тармақшадағы «автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерi» деген сөздер «Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарының жүріп өтуінің белгіленген талаптарының орындалуын және Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілетін параметрлерге сәйкес болуын;»;
6) тармақшадағы «ережелер» деген сөз «қағида» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуы режимiн тiркеудiң бақылау қондырғыларымен (тахографтармен)» деген сөздер «тахографтармен» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) және 11) тармақшалардағы «автокөлік құралдарымен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерi,» «жол жүрісі ережелерiн» деген сөздер тиісінше «Қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдау қағидасы,», «Жол қозғалысы қағидасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «болуын тексередi.» деген сөздер «болуын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) электрондық (цифрлық) тахографтарды орнату жөніндегі талаптардың орындалуын тексередi.»;
14) 19-7-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) автомобиль көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдау;»;
2) тармақшадағы «лицензиялық ережелердiң» деген сөздер «лицензиялау қағидасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «жолаушылар мен багаж тасымалы ережесін» деген сөздер «Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақша «тұрақты емес» деген сөздерден кейін «халықаралық» деген сөзбен толықтырылсын;