«Локомотивтiк тартқыш операторы шартқа сәйкес локомотивтік инфрақұрылым операторының қызметтерін пайдаланады.»;
екінші бөліктегі «Тартқыш көлiк құралының (локомотивтiң) иесi» деген сөздер «Локомотивтік тартқыш операторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 12-бапта:
2-тармақтағы «(қалааралық) және iшкi» деген сөздер «(облысiшiлік қалааралық) және қала маңындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақ «қатынастар бойынша» деген сөздерден кейін «барлық жүру жолында» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Темір жол көлiгіндегі мемлекеттік басқару
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң темір жол көлiгi саласындағы құзыретiне:
1) темір жол көлiгiн дамыту тұжырымдамасы мен бағдарламаларын бекіту;
2) Ұлттық темір жол компаниясының мәртебесiн белгiлеу;
3) Ұлттық темір жол компаниясы мен тасымалдаушылардың тасымалдауды жүзеге асыру кезiндегі мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылының тәртібін белгiлеу;
4) Магистральдық темір жол желісін пайдалану қағидасын бекіту;
5) Магистральдық, станциялық және кiрме жолдарда қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын тексеру қағидасын бекіту;
6) магистральдық темір жол желісіне кiретiн магистральдық жолдардың тiзбесiн бекіту;
7) Темір жол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарда жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлерді орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темір жолдар арқылы жүру және өту қағидасын бекіту;
8) арнаулы тасымалдауларды жүзеге асыру тәртібін белгiлеу;
9) жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидасын бекіту;
10) темір жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде жүктердiң әскерилендiрiлген күзетiн қамтамасыз ету тәртібін айқындау;
11) Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау қағидасын бекіту;
12) әлеуметтiк мәнi бар облысаралық жолаушы қатынастарын айқындау;
13) Залалдары республикалық бюджеттен субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастар бойынша темір жолда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидасын бекіту;
14) әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту;
15) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
16) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) тасымалдауды шектеу туралы, багаж, жүк және жүк-багаж әкелуге, әкетуге, олардың транзитiне тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
17) темір жол көлiгіндегі техникалық реттеу объектiлерiне және оның тiршілiк циклiнiң процестерiне қойылатын техникалық регламенттердi бекіту;
18) Темір жол көлiгіндегі қауiпсiздiк қағидасын бекіту;
19) Жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық темір жол желісі құрамына беру қағидасын бекіту;
20) Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту;
21) Жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру қағидасын бекіту;
22) Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру кезінде жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізу және өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидасын бекіту;
23) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2. Уәкілетті органның құзыретіне:
1) темір жол желісін және темір жол көлiгiн дамыту тұжырымдамасы мен бағдарламаларын бекіту;
2) темір жол көлiгi саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу;
3) магистральдық темір жол желісінiң жұмыс iстеуi үшiн технологиялық қажеттi станция жолдарының, электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектiлерiнiң, құрылғылардың, жабдықтардың, үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың және өзге де объектiлердiң тiзбесiн табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;
4) Тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидасын бекіту;
5) темір жол көлiгiнiң жұмыс iстеу, оларды бұзушылықты анықтау мен жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдау тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын мемлекеттік бақылау;
6) жылжымалы құрамды тiркеу тәртібін белгiлеу;
7) тасымалдауды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтердi орындауға жасалған шарттар бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз ету тәртібі мен шараларын белгiлеу;
8) қозғалыс қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың белгiленген талаптарына жай-күйi сай келмейтiн магистральдық темір жол желісінiң, темір жолдар мен жылжымалы құрамның объектiлерiн пайдалануды тоқтата тұру және тоқтату;
9) темір жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң тiзбесiн бекіту;
10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
11) кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, темір жол көлігімен тасымалданатын жүкті кедендік ресімдеу кезіндегі Қазақстан Республикасының кеден органдары мен тасымалдаушының өзара іс-қимыл жасау қағидасын бекіту;
12) темір жол көлiгi қызметкерлерiн кәсiби үздік белгiсiмен марапаттау тәртібін бекіту;
13) қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуы туралы статистикалық ақпарат қалыптастыру;
14) өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәселелердi қарау;
15) темір жол көлігінде сигнализация жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
16) экспедиторлар қызметiн ұсыну тәртібін айқындау;
17) вагондар (контейнерлер) операторлары ұсынатын қызметтер тәртібін айқындау;
18) локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсету тәртібін айқындау;
19) Кірме жолдарды пайдалану қағидасын бекіту;
20) магистральдық темір жол желісінде көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополиялар саласындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;
21) кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;
22) жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін бекіту;
23) поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
24) Жүк және жолаушылар вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызметін пайдалану мерзімдерін ұзарту қағидасын бекіту;
25) Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасын бекіту;
26) Қорғау аймақтары жерiнiң көлемiн, оларды пайдалану режимiн айқындау және бөлiнген белдеуде темір жол көлiгiнiң қажетi үшiн жердi пайдалану жөніндегі қағиданы бекіту;
27) Темір жол өтпелерін пайдалану қағидасын бекіту;
28) нысанды киім (погонсыз) мен айырым белгілерінің үлгілерін, нысанды киiм кию тәртібін, онымен қамтамасыз ету нормаларын және оны киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік көліктік бақылау органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту;
29) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау туралы және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есептілікті есепке алуды жүргізу мен беру тәртібін бекіту;
30) Локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетудi ұсынуға рұқсат беру қағидасын бекіту;
31) Қазақстан Республикасының аумағында темір жол көлігіндегі апаттарды, аварияларды тергеуге қатысу;
32) поездар қозғалысына байланысты қызметтік терминдерді бекіту;
33) жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүруінің тәртібі мен шарттарын айқындау;
34) «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлеу және бекіту;
35) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындау жатады.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкілді органдарының темір жол көлiгi саласындағы құзыретiне:
1) әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту;
2) әлеуметтiк мәнi бар тасымалдауларды субсидиялау бағдарламасын бекіту;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының темір жол көлiгi саласындағы құзыретiне:
1) ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасын ұйымдастыру туралы шешімдерді тасымалдаушы қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, осындай шешім қабылдау;
2) төтенше жағдайлар туындаған кезде тасымалды уақытша тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
3) әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынастары (маршруттар) бойынша темір жол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау;
4) ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарды айқындау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асыру жатады.».
13) 16-бапта:
1-тармақтағы «магистралдық темір жол желісін пайдалану ережелерiне» деген сөздер «Магистральдық темір жол желісін пайдалану қағидасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Магистральдық темір жол желісінiң операторы Магистральдық темір жол желісіндегі техникалық пайдалану, қозғалыс қауіпсіздігі қағидасына, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сай келмейтiн жылжымалы құрамды магистральдық темір жол желісіне жiбермеуге мiндеттi.»;
14) 17-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Тиісті жол дамытылымы бар темір жол станциясында поездарды құрастыру және тарқату жөніндегі маневрлік жұмыстар және поездармен техникалық операциялар жүргізілуі мүмкін.»;
15) 2-тарау мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Темір жол вокзалы
1. Темір жол вокзалында билет кассалары, күту үй-жайлары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар және ақпараттық қызмет көрсететін объектілер, медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті қорғау пункті болуға тиіс.
2. Темір жол вокзалында халық жолаушылар поездарының жөнелтілу және келу уақыттары, жолаушылардың жол жүру және багажды, жүк-багажды тасымалдау құны, поездарда бос орындардың болуы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітапшасының тұрған орны туралы, билет және багаж кассаларының жұмыс режимі, вокзал үй-жайларының орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
3. Жолаушылар платформалары мен перрондарға өту және шығу мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтарына қолжетімді болуға (пандустармен, мамандандырылған лифтілермен жабдықталуға) тиіс.
4. Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде темір жол вокзалдарын иеленуші тұлғалар темір жол вокзалдарына кіреберістерді және таксилердің, сондай-ақ халыққа қызмет көрсетуге арналған жеке және қоғамдық автокөліктің тұрақ орындарын күтіп ұстауды және жөндеуді қамтамасыз етеді.
5. Халыққа қызмет көрсетуге арналған вокзал құрылыстары жарамды техникалық жай-күйде ұсталуға тиіс.
6. Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде темір жол вокзалдарын иеленуші тұлғалар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және техникалық регламенттің талаптарын сақтауға тиіс.
7. Темір жол вокзалдары тасымалдау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдаланылуға тиіс.»;
16) 22-баптың 3-тармағындағы «қызметкері жұмыс режимінің» деген сөздер «қызметкердің жұмыс уақытының және демалыс уақытының есепке алынуының» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 30-бапта:
3-тармақтағы «Қозғалыс қауіпсіздігі» деген сөздер «Темір жол көлігі саласындағы қауіпсіздік» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі «газ, мұнай құбырларын» деген сөздерден кейін «, автомобиль жолдарын, электр берілісі желілерін» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Магистральдық инфрақұрылым объектілерін, құрылыстарды, темір жол көлігі жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, өндіру, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Магистральдық инфрақұрылым объектілерін, құрылыстарын, темір жол көлігі жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, өндіру, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату адамның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс.
2. Магистральдық инфрақұрылым объектілерін, темір жол көлігі құрылыстарын, жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, өндіру, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жөндеу және кәдеге жарату процестері Техникалық пайдалану қағидасына, техникалық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
3. Магистральдық инфрақұрылым объектілерінің, құрылыстарының, темір жол көлігі жылжымалы құрамының, арнайы жылжымалы құрамының, конструкцияларының, жабдықтары мен мүкәммалының жобалау, өндіру, пайдалану, тасымалдау, сақтау және жөндеу процестерінде сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар пайдалану құжаттамасында белгіленеді.»;
19) 31-1, 31-2, 31-3, 31-4 және 31-5-баптар алып тасталсын;
20) 35-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «, клиенттердi» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақтағы «Клиентке багажды» деген сөздер «Багажды» деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 36-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жүк жөнелтушiге темір жол көлiгi жүкқұжатына жөнелту станциясының күнтізбелік мөртабаны қойылған жүктің қабылданғаны туралы түбіртек берiлген кезден бастап жүк тасымалдау шарты жасалды деп есептеледi.»;
22) 37-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жүк жөнелтушінің, жүк алушының залалдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен өтеуге жатады.»;
23) 40-бапта:
1-тармақта:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) тасымалдаулар және тасымалдау ақысы бойынша есеп айырысулар;»;
16) тармақша «ұстап қалу,» деген сөздерден кейін «өткізу,» деген сөзбен толықтырылсын;
28 және 30) тармақшалар алып тасталсын;
33) тармақшадағы «жүргізу талаптары мен тәртіптерін» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 33-1) және 33-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«33-1) ерекше жағдайларда жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру;
33-2) вагондар мен контейнерлерді жүк түсірілгеннен кейін тазалау және жуу шарттары мен тәртібін;»;
2-тармақтағы «ережелерін» деген сөз «қағидасын» деген сөзбен ауыстырылсын;
24) 41-бапта:
1-1-тармақта:
бірінші бөлігіндегі «ортақ пайдаланылатын» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
«1-2. Жүк жөнелтуші жүкті тиеу кезінде жүктің орналастырылуы мен бекітілуінің дұрыстығын, тиісті көлік құралының тиелуінің белгіленген нормалары мен схемаларының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
1-3. Поездар қозғалысының қауіпсіздігін және тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету үшін тасымалдаушы жөнелту алдында жүктің тиелуі мен бекітілуінің дұрыстығын, тиісті көлік құралының тиелуінің белгіленген нормалары мен схемаларының сақталуын тексеруге құқылы.»;
25) 47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк тасымалдау ақысын және тасымалдаушыға тиiстi өзге де төлемдердi жүк жөнелтушi, экспедитор жүк жөнелтiлгенге дейiн төлейдi.
Бұл орайда жүк тасымалдау ақысы жүк тасымалдауы жүзеге асырылатын ең қысқа ара қашықтыққа есептеп алынады.
Ірі габаритті (габариттен тыс) және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жүзеге асырылатын ең қысқа қашықтықты анықтау осындай жүктерді тасымалдауға арналған темір жолдардың техникалық мүмкіндіктерін және өткізу қабілетін ескере отырып жүзеге асырылады.»;
26) 48-бапта:
1-тармақтағы «шартта» деген сөз «тасымалдау шартында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер жүктi жеткiзiп беру мерзiмi өткенге дейiн ол межеленген пунктке жеткізілсе және жүк алушыға тапсырылса немесе қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдарына жеткізілсе, жүк мерзiмiнде жеткiзiлдi деп есептеледi.»;
3-тармақтағы «түсiруге (жүктен босатуға)» деген сөздер «қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«49-бап. Вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны және темір жолдарда жылжымалы құрамның бос тұрғаны (тоқтап тұрғаны, кідіртілгені) үшiн төлем
1. Вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшін төлемді жүк жөнелтуші, жүк алушы, тармақ иеленуші тасымалдаушыға, ал тиісті шарт болған кезде вагондардың, контейнерлердің иесіне:
1) тиеу (түсiру) және маневрлiк жұмыстар үшiн тасымалдау қағидасында белгіленген уақытты қоса алғанда, вагондардың, контейнерлердiң жүк жөнелтушілерде, жүк алушыларда, тармақ иеленушілерде болған бүкіл уақыты үшiн;
2) жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иеленушілердің кінәсінен магистральдық, станциялық жолдарда вагондар мен контейнерлердің бос тұрған (тоқтап тұрған, кiдiртiлген) уақыты үшiн төлейді.
2. Жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иеленушілердің, вагондар (контейнерлер) иеленушілердің кінәсінен орын алған магистральдық, станциялық жолдарда, сондай-ақ концессия шарттары бойынша темір жолдарда тасымалдаудың технологиялық процесінің бұзылуына әкеп соққан вагондардың бос тұрғаны (контейнерлердің кідіртілгені) үшін олар көрсетілген жолдардың иеленушісіне соларда тұрған уақыты үшін төлеген төлемдерін тасымалдаушыға өтеуге міндетті.
3. Төлемнің мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.»;
28) 50-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «бекіту-пломбалау құрылғылары бұзылған» деген сөздер «бекіту-пломбалау құрылғылары жоқ болған немесе олар бұзылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 53-баптың 1-тармағында:
бірінші сөйлем «тез бүлiнетiн» деген сөздерден кейін «, қауіпті» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші сөйлем «тез бүлiнетiн» деген сөздерден кейін «, қауіпті» деген сөзбен толықтырылсын;
30) 54-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «тез бүлiнетiн» деген сөздерден кейін «, қауіпті» деген сөзбен толықтырылсын;
31) 55-баптың 4-тармағы:
«тез бүлiнетiн» деген сөздерден кейін «, қауіпті» деген сөзбен толықтырылсын;
«есебiнен қайтаруға» деген сөздерден кейін «немесе көлік құралынан жүкті босатуды талап етуге» деген сөздермен толықтырылсын;
32) 56-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кiрме жолдарды пайдалану тасымалдау қағидасына сәйкес тармақ иеленуші әзірлейтін және магистральдық темір жол желісінiң операторы бекiтетiн кiрме жолдардағы қозғалысқа қызмет көрсету және оны ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтың негізінде жүзеге асырылады.»;
33) 61-баптағы «Кiрме жолдарды пайдалануға, вагондарды» деген сөздер «Вагондарды» деген сөзбен ауыстырылсын;
34) 64-баптың екінші бөлігіндегі «(қалааралық) және iшкi» деген сөздер «(облысішілік қалааралық) және қала маңындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 65-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тасымалдаушы жолаушы көрсеткен межелі станцияға дейiн жол жүру құжатының (билеттiң) сатылуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Тасымалдаушы жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды жолаушы агенттіктерінің билет кассалары арқылы ұйымдастыра алады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату және орындарды резервке қою жолаушы тасымалдауларын басқарудың автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады, Ұлттық теміржол компаниясы оған қол жеткізуді уәкілетті органмен келісім бойынша ұйымдастырады.»;
36) 66-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) жолаушы платформаларын пайдалану тәртібі;»;
екінші бөліктегі «жолаушыларды», «ережелерiн» деген сөздер тиісінше «Жолаушыларды», «қағидасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 66-1-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы «жолаушылар», «ережелерiн» деген сөздер тиісінше «Жолаушылар», «қағидасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
38) 67-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасының бірінші бөлігінде:
бұл өзгерістің мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
«және» деген сөз «не» деген сөзбен ауыстырылсын;
«процентiн төлеп» деген сөздер «пайызын төлеп, оларға жеке орын беріп,» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қоғамдық тәртiптi, жолаушы вагондарын және жолаушылар тасымалдауына қызмет көрсетуге арналған объектілерді пайдалану қағидасын сақтауға, сондай-ақ тасымалдаушының мүлкiне ұқыпты қарауға және жол жүру барысында да, күту орындарында да өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтауға мiндеттi.»;
39) 68-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жөнелтушінің жүк-багажы жол жүру құжатын (билетті) ұсынбай тасымалдау құжаты (жүк-багаждың түбіртегі) бойынша қабылданады.»;
екінші бөліктің бірінші сөйлеміндегі өзгерістің мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
40) 69-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Багаж бен жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмi поездардың жүру кестесiне сәйкес тасымалдау жүзеге асырылатын жолаушы поезының межелі темір жол станциясына дейiн жүру уақытымен айқындалады.»;
41) 72-баптағы «почта туралы» деген сөздер алып тасталсын;
42) 76-баптың 5-тармағындағы «клиентке» деген сөз алып тасталсын;
43) 77-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жүк жөнелтуші тасымалдаушыны вагондардың (контейнерлердің) пайдаланылмағаны туралы тиеуге дейін кемінде үш тәулік бұрын ескерткен жағдайда айыппұл сомасы үштен бір бөлігіне азайтылады.»;
44) мынадай мазмұндағы 79-1-баппен толықтырылсын:
«79-1-бап. Жүктi уақтылы түсiрмегені (босатпағаны) үшін жауапкершілік
Жүк алушылар жүктердi уақтылы түсірмеген (босатпаған) кезде тасымалдаушы жүктерді тиеу (түсіру) технологиялық уақытынан тыс жиырма төрт сағаттан артық кідіртілген вагондарды және контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлемді он еседен аспайтын көлемде арттырады.
Осы төлемді алу кезінде 49-баптың 2-тармағының нормасы қолданылмайды.»;
45) 83-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Вагонды, контейнерді тазалаудан бас тартқаны үшін жүк алушыдан тасымалдаушының пайдасына тазалау жөніндегі жұмыстардың екі еселеген құны мөлшерінде айыппұл және тасымалдаушының вагонды, контейнерді тазалау орнына жеткізу жөніндегі шығыстары өндіріп алынады.»;
46) 88-баптың 4) тармақшасындағы «үш» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;
47) 10-1-тараудың тақырыбында:
«көлiктiк» деген сөз «мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
бұл өзгерістің мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
48) 88-1-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«88-1-бап. Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылаудың мәні мен мақсаты
1. Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - көлiктiк бақылау) темір жол көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауына жүргiзiледi.»;
49) 88-4-бапта:
2) тармақшаның төртінші абзацындағы «жүктерді тасымалдау ережелерiн» деген сөздер «Жүктерді тасымалдау қағидасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша алып тасталсын;
50) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«89-бап. Кiнә қоюдың шарттары мен тәртібі
1. Тасымалдаушыға тасымалдау шартынан туындайтын кiнә қоюға жолаушының, жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының) құқығы бар.
Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде вагондарға, контейнерлерге иелік ететін тұлға вагондар, контейнерлер жоғалған, бүлінген жағдайларда тасымалдаушыға кінә қоюға құқылы.
2. Жеке немесе заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тасымалдау шарты бойынша кінә қою құқығы бар тұлғалардың атынан кінә қоя алады.
3. Өтiнiш берушiде кінә қою құқығы бар екендігін куәландыратын құжаттар кiнә қоюға қоса берілуге тиiс.