мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) республикаішілік қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты емес автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдау шартының болуын тексеру;»;
14), 18) және 19) тармақшалар алып тасталсын;
15) 20-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) егер ол жеке орын алмаса, өзiмен бiрге жеті жасқа дейiнгi бір баланы тегін, не таксиден басқа көлікте, он бес жасқа дейiнгi балаларды оларға жеке орын беріп, елу пайыз мөлшерде жол ақысын төлеп, алып жүруге;»;
2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «қалалық, қала маңындағы, облысiшiлiк қалааралық, облысаралық қалааралық, халықаралық» деген сөздер алып тасталсын;
16) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
1. Егер:
1) автомобиль жолдарының өткізу қабiлетi белгiлi бiр маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың тұрақты жүрісін жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе;
2) автомобиль жолдарының жай-күйi және жайластырылуы жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес келсе, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау ұйымдастырылуы мүмкiн.
2. Халықаралық тасымалдауларды қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жолаушылар мен багаждың аталған тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығын конкурста жеңiп алған және тасымалдаушылар мен тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар арасында жасалатын шарттар негiзiнде оларға қызмет көрсету құқығына куәлiк алған тасымалдаушылар жүзеге асырады.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тасымалдаудың аталған түрлерiн куәлiксiз жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттары тасымалдаушылар арасында конкурстық негiзде бөлiнедi. Конкурсқа жеке маршрут та, бiр лотпен бiрнеше маршрут та қойылуы мүмкiн.
4. Жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық, облысаралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ауданішілік және халықаралық тасымалдау тасымалдаушылардың және автовокзалдар немесе автостанциялар әкiмшiлiктерінің арасында жасалатын шарттар негiзiнде тек қана автовокзалдардан немесе автостанциялардан жүзеге асырылады.
Автовокзалдар мен автостанциялардың осы қызмет түрiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен рұқсат берілген жолаушылар мен багажды тасымалдаушылармен шарт жасасудан бас тартуға құқығы жоқ.
5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды рейс алдында (ауысым алдында) техникалық тексерудi және ақауы болған жағдайда оларды уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
6. Егер жолаушылар мен багажды тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына бір ғана қатысушының өтінімі берілсе, онда конкурс өткізілмеді деп танылады. Егер конкурсты қайта өткізу кезінде осы маршрутқа бір қатысушының өтінімі берілсе, онда конкурс талаптарына сай келген жағдайда, онымен шарт жасалады.
7. Маршрутқа (маршруттарға) қызмет көрсету құқығын үшінші тарапқа беруге жол берілмейді.»;
17) 22-бапта:
1-тармақта:
3) тармақшадағы «автомобиль көлігіндегі жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерін» деген сөздер «Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «талап етуге құқығы бар.» деген сөздер «талап етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын алуға құқығы бар.»;
2-тармақта:
6) тармақшадағы «қалалық, қала маңындағы, қалааралық облысiшiлiк, қалааралық облысаралық» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақшадағы «хабардар етуге мiндеттi.» деген сөздер «хабардар етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) тасымалдауларды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны белгілеуге мiндеттi.»;
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жолаушылардың қауіпсіз отырғызылуы мен түсірілуін қамтамасыз етуге міндетті.»;
18) 23-баптың тақырыбында және мәтінінде «облысішілік қалааралық, қалалық, қала маңындағы және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын», «қалааралық облысаралық, қалааралық облысішілік, қалалық, қала маңындағы және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын» деген сөздер тиісінше «республикаішілік» деген сөзбен ауыстырылсын;
19) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру
1. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автовокзалдар (автостанциялар) аумағынан және жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша жолаушылар отырғызуына тыйым салынады.
2. Тұрақты емес республикаішілік қатынаста тасымалдау кезінде жолаушылар мен багажды тасымалдау шарты тапсырыс беруші мен тасымалдаушы арасында екі данада - тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден жазбаша нысанда жасалады. Уәкілетті органның лауазымды тұлғаларының талап етуі бойынша тасымалдаушы осы шарттың көшірмесін ұсынуға міндетті.
Бұл ретте шартта:
1) шарттың мәні;
2) сапардың мақсаты;
3) жүріс маршруты, жолаушыларды отырғызу мен түсірудің бастапқы және соңғы пункттері;
4) жеткізу мерзімі;
5) кіре ақысы;
6) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
7) шарт бойынша міндеттемелерді тараптардың орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі;
8) дауларды шешу тәртібі;
9) жолаушылар тізімінің болуы көзделуге тиіс.»;
20) 26-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «жол қозғалысы ережелерінің» деген сөздер «Жол жүру қағидасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 29-баптың 3) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі;»;
«11) халықаралық және республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарында жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiн, сондай-ақ таксимен тасымалдау кезiнде жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiн безендiру мен күтiп-ұстауға қойылатын талаптар;»;
22) 41-баптың 13) тармақшасындағы «тәртібін айқындайды.» деген сөздер «тәртібін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарын куәландыру тәртібін;
15) тез бұзылатын жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарына қойылатын талаптарды айқындайды.»;
23) 43-бапта:
2-тармақтағы «тұрақты емес халықаралық» деген сөздер «халықаралық тұрақты емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Жолаушылар мен багажды халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттердің арасында жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде құжаттарды ресімдеу және тұрақты маршруттар бойынша жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын автобустарды өткізу кезектен тыс жүргізіледі.»;
24) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«45-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушыларға, жүргiзушiлерге және автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар
1. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыратын тасымалдаушылар халықаралық талаптарға сай келетiн, өз мемлекетiнiң тiркеу және айырым белгiлерi бар автокөлiк құралдарын пайдалануға тиiс.
Белгiленген талап тiркемелер мен жартылай тiркемелерге қолданылмайды.
2. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерi Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында белгiленген жүргiзушiлердiң еңбегі мен тынығуы режимiн сақтауға мiндеттi.
3. Жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдаулар уәкілетті орган беретін рұқсат ету туралы куәліктің негізінде жүзеге асырылады. Тасымалдаушыға қойылатын талаптар Жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидасында белгіленеді.
4. Қазақстан Республикасында тіркелген, тез бұзылатын жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарында халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган беретін Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасында белгіленген талаптарға олардың сәйкестігі туралы куәлік болуға тиіс.»;
25) 47-бапта:
1-тармағындағы «және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын» деген сөздер «, ауданішілік және ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «облысішілік, қалааралық» деген сөздер «ауданаралық (облысішілік қалааралық)» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) мынадай мазмұндағы 54-1-баппен толықтырылсын:
«54-1-бап. Өтпелі ережелер
Осы Заңның 1-бабының 2) және 9) тармақшаларында белгіленген автовокзалдар мен автостанциялардың аумағының алаңына қойылатын талаптар 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін пайдалануға қабылданған автовокзалдар мен автостанцияларға қолданылмайды.».
16. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-4) тармақшамен толықтырылсын:
«8-4) азаматтық пайдаланушыларға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттарды бөлу, иелікке беру, шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;»;
2) 11-бапта:
4-тармақтың 4) тармақшасындағы «тәртібін әзiрлеудi қамтамасыз етедi және бекiтедi.» деген сөздер «тәртібін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) радиожиілік спектрін иелікке беру, кеме станциясына рұқсаттар беру және шақыру сигналын иелікке беру тәртібін әзiрлеудi қамтамасыз етедi және бекiтедi.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын азаматтық мақсаттағы, оның ішінде ішкі су жолдарындағы кемелерде телерадиохабарлар тарату мақсатында пайдаланылатын радиоэлектронды құралдар мен жиілігі жоғары құрылғылардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
Радиоэлектронды құралдар мен жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленетін тәртіппен алым алынады.».
17. «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелеріне», «кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелерін», «кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелеріне», «кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелерімен», «кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелерінде», «Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелерін» деген сөздер тиісінше «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына», «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жән оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын», «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында», «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жән оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар - халықтың тасымалдауларға сұранымын қанағатандыратын және жергілікті атқарушы органдар айқындайтын жолаушыларды тұрақты қатынаста ішкі су көлігімен тасымалдау;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жағалау белдеуі - экологиялық талаптарды сақтай отырып, навигациялық белгілер мен жабдықтарды орнатуға арналған, жағалау сызығынан бастап ені жиырма метрге тең, су объектiлері жағалауы бойындағы құрлық белдеуі;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмi - осы Заңның 26-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін шетелдік кемелер тіркелетін құжат;»;
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жол жұмыстары - iшкi су жолдарындағы су түбiн тереңдету, түзеп-жөндеу, тральдау, су түбiн тазарту, iздестiру жұмыстары және навигациялық құрал-жабдықтарды орналастыру мен күтiп ұстау жөніндегі басқа да жұмыстар;
8) жолаушы - тасымалдаушымен шарттық қатынастарда тұрған және билетте немесе оның жол жүру құқығын растайтын өзге де құжатта көрсетiлген не жүк тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының келісімiмен автокөлiк құралын, жануарларды және өзге де жүктi алып жүруге оның құқығы расталған адам;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) жолаушы куәлiгі - кемедегі жолаушылардың рұқсат етілген ең көп саны туралы мәлiметтерді қамтитын кеме құжаты;
8-2) жолаушылар кемесі - он екiден артық жолаушыны тасымалдауға арналған кеме;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) кеме - Кеме қатынасы тiркелiмiнiң техникалық бақылауындағы, ішкі суларда жүзетін кеме, кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өздігінен жүзетiн немесе өздігінен жүзбейтiн жүзбелi құрылғы, оның iшiнде «өзен-теңiзде» жүзетiн кеме, паром, техникалық флот кемесі (су түбiн тереңдетушi және су түбiн тазартушы снарядтар, жүзбелi кран және басқа да осы сияқты техникалық құрылғылар);»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) кеме ипотекасы - мемлекеттік тiркеуге жататын ішкі суда жүзетiн кеменiң, оның ішінде шағын көлемдi кеменің, «өзен-теңiзде» жүзетiн кеменiң, сондай-ақ жасалып жатқан кеменiң тиiстi тiзiлiмде тiркелген шарт негiзiнде туындайтын ипотекасы;»;
16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) кеме қатынасы шлюзi - кемелердi судың бiр деңгейiнен екiншi деңгейiне көтеруге немесе түсiруге арналған гидротехникалық құрылыс;
17) Кеме қатынасының тiркелiмi - iшкi суларда жүзетiн кемелердi және «өзен-теңiзде» жүзетiн кемелердi жіктейтін және олардың техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн мемлекеттік кәсіпорын;»;
23) тармақшадағы «навигациялық белгiлермен немесе өзге де тәсiлдермен белгiленген және кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын» деген сөздер «кеме қатынасы мақсатында пайдалануға болатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 35-1) және 42-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«35-1) судың жобалық деңгейі - кеме қатынасы қарқындылығының белгісі бойынша су жолдары тобына қарай көпжылдық қамтамасыз етудің белгіленген шамасы бар төменгі навигация деңгейлерінің бірі, оның негізінде кеме қатынасы өзендерінде кепілдік берілген кеме жүрісі габариттері белгіленеді;»;
«42-1) тіркеу нөмірі - кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру кезінде оған берілетін нөмірі;»;
43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«43) уәкiлеттi орган - iшкi су көлiгi саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
44) тармақша «жолдарын» деген сөзден кейін «және кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын (шлюздерін)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 45) тармақшамен толықтырылсын:
«45) шағын көлемдi кеме - кеме қатынасына байланысты емес, демалыс, серуен, спорт және басқа қызмет үшін әдейі арналған, жолаушы сыйымдылығы он екі адамға дейін немесе жалпы сыйымдылығы сексен тіркелімдік тоннадан аспайтын қозғалтқыш қуатына және ұзындығына байланыссыз жүзбелі құрылыс, сондай-ақ аспалы моторы бар кемелер (қозғалтқыш қуатына қарамастан), жүк көтергіштiгi бір жүз елу килограмм және одан артық желкенді кемелер және өздігінен жүзбейтiн кемелер (жүк көтергіштігі бір жүз килограмм және одан артық ескектi қайықтар, жүк көтергіштігі бір жүз елу килограмм және одан артық - байдаркалар, жүк көтергіштігі екі жүз жиырма бес килограмм және одан артық - үрмелі кемелер).»;
3) 3-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) гидротехникалық құрылыстардағы;»;
4) 8 және 9-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiне:
1) iшкi су көлiгi саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) iшкi су жолдарын және ішкі су көлігін дамыту жөніндегі тұжырымдама мен бағдарламаларды бекіту;
3) iшкi су көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
4) Ішкi су жолдарын пайдалану қағидасын бекіту;
5) Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тiркеу қағидасын бекіту;
6) порттың мiндеттi қызмет көрсетулерiнiң тiзбесiн бекіту;
7) жағалау белдеуiн пайдалану тәртібін айқындау;
8) кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру тәртібін айқындау;
9) iшкi су көлiгi саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау кезiнде біліктiлiк талаптарын бекіту;
10) біліктілік комиссиялары туралы ережені, кемелердiң командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау тәртібін бекіту;
11) кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктер тiзбесiн бекіту;
12) Қауiптi жүктердi тасымалдау қағидасын бекіту;
13) Қазақстан Республикасының аумағымен транзиттiк жолаушы қатынасына тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
14) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) багажды және жүктi әкелуге, әкетуге, олардың транзитіне тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
15) iшкi су көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекіту;
16) кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;
17) Кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзуі қағидасын бекіту;
18) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін айлаққа қою, тоқтату және олардың тұрақта тұруы үшін уақытша құрылғылар мен жүзу құрылыстарын қою, жолаушыларды кемеге отырғызу әрі одан түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау тәртібін айқындау;
19) Ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту;
20) Кемелердегі, оның ішінде ішкі су жолдарындағы шағын көлемді кемелердегі көлік оқиғаларын тергеуді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидасын бекіту;
21) Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидасын бекіту;
22) Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту;
23) Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту;
24) Шағын көлемді кемені және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау қағидасын бекіту;
25) Ішкі су жолдарында жүзу қағидасын бекіту;
26) Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту;
27) Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін сүйреу қағидасын бекіту;
28) Тасымалдаушылардың әлеуметтік мәні бар жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту;
29) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді орындау жатады.
9-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi
1. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) iшкi су жолдарын және iшкi су көлiгiн дамыту жөніндегі тұжырымдама мен бағдарламаларды әзiрлеу;
2) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi, iшкi су көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды ұйымдастыру;
3) iшкi су жолдарының кеме қатынай алатын жағдайда болуын қамтамасыз ету және шлюздердi күтiп ұстау;
4) iшкi су көлiгi саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
5) Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнің, Жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнің және кеме кітабының нысандарын бекіту;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзу құқығын беру және кеменi шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешiм қабылдау;
7) «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлеу және бекіту;
8) лоцмандық қызмет туралы ереженi бекіту;
9) мiндеттi түрде лоцмандық алып өтуге жататын iшкi су жолдары учаскелерiнiң, кемелер түрлерi мен көлемдерiнiң тiзбесiн бекіту;
10) Ішкi және аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi сыныптау қағидасын бекіту;
11) кемелердiң, порттардың, жағалау объектiлерiнiң, кеме қатынасы гидротехникалық құрылыстарының техникалық куәландырылуын жүргiзудi қамтамасыз ету;
12) Пайдаланылатын кемелердi куәландыру қағидасын бекіту;
13) Кемелердi жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту;
14) Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидасын бекіту;
15) Кемелерді жөндеу қағидасын бекіту;
16) киiм нысаны үлгiлерiн (погонсыз) және айырым белгiлерiн, нысанды киiм киiп жүру тәртібін, онымен қамтамасыз ету нормаларын және оларды киiп жүру құқығы бар мемлекеттік көліктік бақылау қызметкерлерi мен ішкі су көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тiзбесiн бекіту;
17) Аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекіту;
18) Пайдаланылған кемелердің элементтерін пайдалана отырып, ішкi және аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекіту;
19) Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен-теңiз» суларында жүзетiн кемелердi жаңарту жөніндегі қағиданы бекіту;
20) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес iшкi су көлiгi саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау;
21) Техникалық флот кемелерін жаңарту жөніндегі қағиданы бекіту;
22) Ішкi суда жүзетiн кемелердi жасау қағидасын бекіту;
23) өз құзыретi шегiнде iшкi су көлiгi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу және халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру;
24) iшкi су көлiгi саласында туындайтын қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
25) суға кеткен мүлiктi көтеру тәртібі мен мерзiмдерiн айқындау;
26) Қазақстан Республикасының кеме қатынасының су жолдарын пайдалану құқығына рұқсат беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң (бұдан әрi - аумақтық бөлiмше) құзыретіне:
1) кемелердiң, салдардың және iшкi су жолдарында орналасқан өзге де жүзбелi объектiлер мен құрылыстардың кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сай болуын қарап-тексерудi жүргiзу;
2) кемелерді тіркеу;
3) кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сай келмейтiн кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн ұстау;
4) кеме қатынасы қауiпсiздiгiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, жүктердiң сақталуына қатер төнген кезде кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң қозғалысын тоқтата тұру және оған тыйым салу;
5) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар талаптарының сақталуын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
6) ішкі су жолдарының жай-күйін қадағалау;
7) кемелерде техникалық пайдалану қағидасының, қызмет жарғыларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
8) iшкi су жолдарында кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған өзге де шараларды жүзеге асыру;
9) Ішкі су жолдарында жүзу қағидасының сақталуын лоцмандық қызметтің және ішкі су көлігіндегі өзге де қызметтердің бақылауы;
10) шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру;
11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру, сондай-ақ теңізші паспортын беру;
12) кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерді аттестаттауды жүргізу;
13) Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар шығару;