Егер тексеру жүргізу нәтижесінде тексерілетін субъектінің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың фактісі анықталған болса, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы (адамдары) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамның өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне ықтимал зиян келтіруді болдырмау жөнінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Тексерілетін субъектіге қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралар қабылдаған кезде бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған жағдайларда және тәртіппен прокурорды хабардар етеді.
26-бап. Мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
1. Тексерілетін субъектілерге бақылау және қадағалау жүргізу кезiнде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының:
1) осы Заңның 19-бабының 2-тармағында көрсетiлген құжаттарды көрсеткен кезде тексерiлетiн объектiнiң аумағына және үй-жайларына кедергiсiз кiруге;
2) қағаз және электронды жеткiзгiштердегi құжаттарды (мәлiметтердi) не олардың көшiрмелерiн тексеру нәтижелерi туралы актiге қосу үшiн алуға, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған деректер қорына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткiзуге;
3) мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.
2. Тексерудi жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына тексеру нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтiнiш жасауға тыйым салынады.
3. Бақылауды және қадағалауды жүргiзу кезiнде бақылау мен қадағалау органдарының лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауға;
2) тексерудi осы Заңда және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген негiзде және тәртiппен қатаң сәйкестiкте жүргiзуге;
3) тексеру жүргiзу кезеңiнде тексерілетін субъектілердің белгiленген жұмыс режимiне кедергi келтiрмеуге;
4) осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген өкiлеттiктердi уақтылы және толық көлемде орындауға;
5) тексеру жүргiзу кезiнде тексерілетін субъектiнiң қатысуына кедергi келтiрмеуге, тексеру нысанасына жатқызылған мәселелер бойынша түсiнiктер беруге;
6) тексеру жүргiзу кезiнде тексерілетін субъектiге тексерудiң мәнiне қатысты қажеттi ақпарат беруге;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) тексеру аяқталған күнi не «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тексерілетін субъектiге жүргiзiлген тексерудiң нәтижелерi туралы актiнi беруге;
8) алынған құжаттардың және тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 27-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27-бап. Бақылау және қадағалау жүргізу кезіндегі тексерілетін субъектінің не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен міндеттері
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бақылау және қадағалау жүргізу кезінде тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері:
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) тексеру жүргізу үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын мынадай:
жоспарлы тексерулер тағайындалған кезде алдыңғы тексерулерге қатысты уақыт аралығы сақталмаған;
тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен, осы Заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес келмеген;
осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 2), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол бір кезеңде сол бір мәселе бойынша бұрын тексеру жүргізілген тексерілетін субъектіге (объектіге) бақылау және қадағалау органы тексеру тағайындаған;
егер алдыңғы тексеру кезінде бұзушылықтар анықталмаған болса, осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;
осы Заңның 13, 14, 15-баптарында және 18-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттар болмаған;
егер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, жасалған не әзірленіп жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініште немесе хабарламада, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу туралы өзге де өтініштерде көрсетілген уақыт аралығының шеңберінен шығатын кезеңде тексеру тағайындалған;
тексеру жүргізуге тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тексеру жүргізу тапсырылған;
осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы бір актіде тексеруге тартылатын бірнеше тексерілетін субъектілер көрсетілген;
тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;
осы Заңның 28-бабының 2-тармағына сәйкес осы Заңның талаптары өрескел бұзылған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) егер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатқызылмаған немесе актіде көрсетілген кезеңге жатқызылмаған болса, мәліметтер бермеуге;
3) тексеруді тағайындау туралы актіге, тексерудің нәтижелері туралы актіге және мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) бақылау және қадағалау органдарының немесе лауазымды адамдардың тексерілетін субъектілердің қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйым салуларын орындамауға;
5) тексеруді жүзеге асыру үдерісін, сондай-ақ лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірместен, аудиотехника және бейнетехника құралдарының көмегімен лауазымды адамның тексеру шеңберінде жүргізген жекелеген іс-әрекеттерін тіркеуге;
6) үшінші тұлғалардың өз мүдделері мен құқықтарын білдіруі, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында оларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бақылау және қадағалау органдары тексерілетін объектіге бару арқылы тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге нысандарын жүргізген кезде тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері:
1) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының талаптарын сақтай отырып, тексерілетін субъектінің аумағына және үй-жайларына бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау талаптарын сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қағаз және электронды жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін тексерудің нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін табыс етуге, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуіне мүмкіндік беруге;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасында оны алғаны туралы белгі жасауға;
4) жүргізілген тексеру аяқталған күні нәтижелері туралы актіні алғаны туралы оның екінші данасында белгі жасауға;
5) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) объектіге тексеру жүргізу үшін келген адамдардың осы объекті үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік факторлар әсерінен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) хабарлама алған жағдайда тексеру тағайындалған мерзімдерде тексерілетін объект тұрған жерде болуға міндетті.
28-бап. Осы Заңның талаптарын өрескел бұза отырып жүргізілген тексерудің жарамсыздығы
1. Егер бақылау және қадағалау органы тексеруді осы Заңда белгіленген тексеруді ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұза отырып жүзеге асырса, тексеру жарамсыз деп танылады.
Жарамсыз деп танылған тексеру актісі осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды тексерілетін субъектілердің бұзуының дәлелі болып табылмайды.
Тексерудің жарамсыз деп танылуы жоғары тұрған мемлекеттік органның немесе соттың оның күшін жоюына негіз болып табылады.
Жоғары тұрған мемлекеттік органның тексерудің жарамсыздығына байланысты актінің күшін жою туралы тексерілетін субъектінің өтінішін қарауы өтініш берілген кезден бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мұндай өтінішті қараудың белгіленген мерзімі бұзылған жағдайда шешім тексерілетін субъектінің пайдасына шешіледі.
2. Осы Заңның талаптарын өрескел бұзушылыққа:
1) тексеру жүргізуге негіздің болмауы;
2) тексеру тағайындау туралы актінің болмауы;
3) тексеру жүргізу туралы хабарлау мерзімінің сақталмауы;
4) осы Заңның 23-бабының талаптарын бұзу;
5) жоспарлы тексеру тағайындау кезінде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын бұзу;
6) тексерілетін субъектіге тексеру тағайындау туралы актіні табыс етпеу;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) мемлекеттік органдардың өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындауы;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу міндетті болғанда, оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарда тіркеместен, тексеру жүргізу жатады.
29-бап. Бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртібі
1. Бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде тексерілетін субъектiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда тексерілетін субъектi тиісті бақылау және қадағалау органының және (немесе) лауазымды адамның iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не сотқа шағымдануға құқылы.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тексерілетін субъект мемлекеттік органдардың қылмыстық істі тергеп-тексеруге байланысты әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
3-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
30-бап. Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 17-бабы 2-тармағының 5) тармақшасындағы «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деп есептелсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қаңтардың 6-сы.
№ 377-IV ҚРЗ
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
бақылау және қадағалау туралы»
2011 жылғы Қазақстан Республикасының
Заңына қосымша
Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік
субъектілері қызметінің салалары
1. Мемлекеттік бақылау:
1) электр энергетикасы саласында;
2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді)
1-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында;
2) жер қойнауын пайдалану саласындағы келісімшарттар талаптарының сақталуына;
3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында;
4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) газ және газбен жабдықтау саласында;
5) халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында;
6) мұнай операцияларын жүргізу саласында;
7) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуіне және айналымына;
8) атом энергиясы саласында;
9) автомобиль көлігі саласында;
10) темір жол көлігі саласында;
11) Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінде көлік құралдарының иелері мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласында;
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында;
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды
12-2) ішкі су көлігі саласында;
12) көлік саласында;
13) өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңге және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуына экспорттық бақылау саласында;
14) техникалық реттеу саласында;
15) сәйкестікті бағалау саласындағы Қазақстан Республикасының аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына;
16) метрология саласында;
17) тұрғын үй қатынастары саласында;
18) асыл тұқымды мал шаруашылығы және ара шаруашылығы саласында;
19) жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану саласында;
20) тұқым шаруашылығы саласында;
21) астық нарығын реттеу саласында;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
22) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласында;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласында;
24) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласында;
25) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;
26) мақтаның қауіпсіздігі және сапасы саласында;
27) жерді пайдалану мен қорғауға;
28) геодезиялық және картографиялық қызметке;
29) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында;
30) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31) қалдықтармен жұмысқа;
32) міндетті экологиялық сақтандыруға;
33) 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
34) азаматтық қорғаныс саласында;
35) 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
36) өрт қауіпсіздігі саласында;
37) қызметі үшінші тұлғаларға нұқсан келтіру каупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласында;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласында;
39) көрсетілетін медициналық және арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасына;
40) халыққа жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егудің ұйымдастырылуына және өткізілуіне;
41) жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуына және өткізілуіне;
42) білім беру жүйесіне;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 43) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңнамасының сақталуына;
44) еңбек туралы және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауға;
45) қызметкерді еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру саласында;
46) халықты жұмыспен қамту саласында;
47) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында;
48) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласында;
49) бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 49-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi)
49-1) телерадио хабарларын тарату саласында;
50) байланыс саласында;
51) ақпараттандыру саласында;
52) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 53) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуіне, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуына;
54) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде салықтық емес түсімдердің түсуіне;
55) трансферттік бағаларды қолдану кезінде;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 56) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
56) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді каржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына;
57) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
58) валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға;
59) құзыреті шегінде қаржылық ұйымдардың қызметіне;
2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 59-1) тармақшамен толықтырылды
59-1) микроқаржы ұйымдарының қызметіне;
60) төлемдер және ақша аударымдары, вексель айналымдары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасы валюта заңнамасының сақталуына;
61) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
62) экономикалық шоғырлануға;
63) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына;
64) авторлық құқық және сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхема топологиясы объектілерін пайдалануға;
65) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтінін кейіннен жариялау саласында;
66) бағалау қызметі саласында;
67) табиғи монополиялар салаларында;
68) реттелетін нарық субъектілерінің табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндеттерді және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген, мемлекет реттеп отыратын бағалар енгізілетін өнімдер, тауарлар және көрсетілетін қызметтер номенклатурасы бойынша белгіленген бағаларды сақтауына;
69) мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
70) жол жүрісі қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне;
71) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;
72) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
73) жарылғыш және улы заттарды, радиоактивті материалдар мен заттарды қолдану мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;
74) шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларының сақталуына;
75) күзет қызметіне;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 75-1) тармақшамен толықтырылды
75-1) күзет дабылы құралдарын монтаждау, орнату және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке;
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 75-2) тармақшамен толықтырылды
75-2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері және әскери құрамалары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар күзететін Қазақстан Республикасының объектілерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды орындауына;
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 75-3) тармақшамен толықтырылды
75-3) жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметіне;
76) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына;
77) көлік құралдарының иелері мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласында;
78) туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
79) аудиторлық қызмет және кәсіптік аудиторлық ұйымдар қызметі саласында;
80) ойын бизнесі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
81) тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
82) дене шынықтыру және спорт саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;
83) спорт объектілерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі стандарттардың, қағидалар мен нормалардың сақталуы нысанасында;
84) спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне;
85) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында;
86) өңірлік қаржы орталығына қатысушылардың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметіне;
87) тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуына және пайдаланылуына;
88) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
89) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
90) биоотын айналымы саласында;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 91) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
91) биоотын өндіру саласында;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 92) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 92) тармақша өзгертілді
92) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын сақтауда;
2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен 92-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
92-1) ғарыш қызметі саласында;
2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 93) тармақшамен толықтырылды
93) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасын сақтауда;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 93), 94), 95) және 96) тармақшалармен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 93) тармақша өзгертілді
93-1) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына;
94) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
95) ветеринария саласында;
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 96) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
96) өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласында;
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 97) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 97) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
97) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауда;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 98) - 105) тармақшалармен толықтырылды
98) автомобиль жолдары саласында;
99) бала құқықтарын қорғау саласында;
100) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы саласында;
101) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 102) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
102) рұқсаттық бақылау саласында;
103) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалатын бұйымдардың айналымы саласында;
104) өнеркәсіп саласында;
2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен 105) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара)
105) ұйымдардың, әскери міндеттілердің және әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына;
2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен 106) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 106) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)