35-1. Осы Нұсқаулықтың 35-тармағының мақсаттары үшін «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 2-тармағында көзделген талаптардың біріне сәйкес келетін заңды тұлғалар - қарыз алушыларды қоспағанда, барлық заңды тұлғалар - қарыз алушылар тиісті қарыз алушылар ретінде түсініледі.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 247 Қаулысымен 36 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
36. Банктiң заемшыға қоятын талаптарының олар пайда болған күнгi жалпы көлемi осы Нұсқаулықпен белгiленген шектеулер шегiнде болса, бірақ соңынан соңғы үш ай iшiнде банктiң меншiктi капиталының деңгейi бес проценттен артық төмендеуiне байланысты аталған шектеулерден асып кеткен жағдайда не соңғы үш ай iшiнде заемшыға қойылатын талаптар он процент деп көрсетiлген теңгенiң шетел валютасымен орташа алынған биржалық бағамының ұлғаюынан банктiң заемшыға қоятын талаптарының өсуiне байланысты бір заемшыға деген тәуекел нормативiнiң барынша жоғары мөлшерi орындалды деп есептеледi.
Аталған жағдайларда банк шектеулерден асып кету фактiсi туралы уәкiлеттi органды дереу хабардар етедi және ағымдағы және одан кейiнгі айларда, «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің жиынтық сомасы бойынша шектеуден асып кеткен жағдайда ағымдағы және одан кейінгі тоқсанда жою жөнiнде мiндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кету аталған мерзiмде жойылмаған болса, онда бір заемшының барынша жоғары тәуекел мөлшерiнiң нормативi шегiнен асып кету осы аталған шектен асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтiң бұзылуы деп қарастырылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 37-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 37-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 37-тармақ жаңа редакцияда
37. Егер банк қарыз алушысы жағдай туындаған сәтте банкпен айрықша қатынастармен байланысты тұлға болып табылмаса, бірақ кейіннен сондай болса, онда осындай қарыз алушыға қатысты тәуекел осы Нұсқаулықтың 35-тармағының екінші абзацында белгіленген мөлшерден асып кеткен жағдайда, көрсетілген асып кету мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда:
банк осы Нұсқаулықтың 34-тармағының 6) тармақшасына сәйкес қарыз алушының қосымша қамтамасыз етуді ұсыну немесе норматив мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейінгі банк талаптарының бөлігін орындау жөніндегі қабілеттілігін растай отырып және уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде осы тәртіп бұзуды жою жөнінде міндеттемелер қабылдай отырып осындай асып кету туралы уәкілетті органға дереу хабарласа, тәртіп бұзу ретінде қарастырылмайды.
38. Осы Нұсқаулықтың 37-тармағының шарттары сондай-ақ мына жағдайларда, егер заемшылар мiндеттемелер пайда болған сәтте бір заемшы ретiнде қаралмай, соңынан солай болған жағдайларда қолданылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен 4-тарау жаңа редакцияда (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Өтімділік коэффициенттері
2008.29.12. № 233 Қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
39. Өтімділік мынадай коэффициенттермен сипатталады:
банктің ағымдағы өтімділік коэффициентімен;
к4-1, к4-2 және к4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерімен;
к4-4, к4-5 және к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерімен.
k4 - 0,3;
Мерзімді өтімділік пен мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің барынша төмен мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:
К4-1 - 1;
К4-2 - 0,9;
К4-3 - 0,8;
К4-4 - 1;
К4-5 - 0,9;
К4-6 - 0,8.
2008.29.12. № 233 Қаулысымен 40-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен ( бұр. ред. қара) (2009 жылғы 1 сәуірде қолданысқа енгізіледі); 2009.05.08. № 171 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 40 тармақ өзгертілді
40. Банктің k4 ағымдағы өтімділік коэффициенті банктің орташа айлық жоғары өтімді активтерінің есептелген сыйақыны ескергендегі талап етуге дейінгі міндеттемелердің орта айлық мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі.
Ағымдағы өтімділік коэффициентін есептеу кезінде талап етуге дейінгі міндеттемелердің мөлшеріне барлық талап етуге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер, банктің еншілес ұйымдарының, банкпен аффилиирленген заңды тұлғаларының сыртқы заемдарды тарту кезінде, сондай-ақ банктің секьюритилендіру бойынша мәмілелері аясында берілген кредитордың осы заемдар бойынша борышкер міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен банктің қамтамасыз етілмеген кепілдіктері мен кепілдемелері, оның ішінде:
өтеуге дейінгі қалған мерзімі үш жылдан кем емес, 50% тең конверсия коэффициентіне және банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің ең төменгі мәніне (к2) көбейтілгендер;
k4 нормативінің есебіне енгізілетін заемдарды тарту кезінде берілген банктің кепілдіктері мен кепілдемелерін қоспағанда, өтеуге дейінгі қалған мерзімі үш жыл және одан астам, 100% тең конверсия коэффициентіне және банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің ең төменгі мәніне (к2) көбейтілгендер, сондай-ақ банктерден алынған «овернайт» зайымдары мен банкпен бір түнге тартылған салымдар және кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен мерзімді шартсыз міндеттемелер, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін, тазартылған құнды металдарды қоспағанда банктердің мерзімді және шартты депозиттері кіргізіледі.
к4-1 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi жеті күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-2 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-3 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
(k4, k4-1, k4-2, k4-3) өтімділік коэфициенттерін есептеу кезінде талап етуге дейінгі міндеттемелердің мөлшерінен және жоғары өтімді активтердің мөлшерінен банк кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражаттардың қалдығы алынып тасталады.
41. k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті жеті күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне шетел валютасындағы жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен шетел валютасындағы өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен шетел валютасындағы өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
42. Мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері Standard & Рооr's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жиынтықта шетел валюталары және «Еуро» бойынша есептеледі, оларда алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшері банктің алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінен 1пайыздан кем еместі құрайды.
Standard & Рооr's агенттігінің «А»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері әрбір шетел валютасы бойынша есептеледі, онда алдыңғы есептік айдағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшері банктің алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінен 1пайыздан кем еместі құрайды.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.16.07. № 152 Қаулысымен (2014 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 43-тармақ жаңа редакцияда
43. Жоғары өтімді активтерді есептеуге мыналар енгізіледі:
1) қолма-қол ақша;
2) орталық депозитарийдің шоттарындағы меншікті ақша;
3) клирингтік ұйымның шоттарындағы банктің кепілдік берілген, маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;
4) тазартылған бағалы металдар;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар;
6) Ұлттық Банктегі, Қазақстан Республикасының банктеріндегі және Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердегі талап етуге дейінгі салымдар;
7) Қазақстан Республикасының банктерінде, сондай-ақ Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктерде бір түнге орналастырылған салымдар;
8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8594 тіркелген, «Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні белгілеу туралы» 2013 жылғы 28 маусымдағы № 141 қаулысында (бұдан әрі - № 141 қаулы) белгіленген деңгейден төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақ мерзімді рейтингі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары;
9) № 141 қаулымен белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигациялары;
10) Ұлттық Банкте 7 күнтізбелік күнге дейінгі өтеу мерзімі бар мерзімді депозиттер;
11) Standard & Poor's рейтингтік агенттіктің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес банктеріне берілген «овернайт» қарыздары.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.16.07. № 152 Қаулысымен 43-1-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
43-1. Банк кері сатып алу талабымен сатқан немесе кепілге берілген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге түрде ауыртпалық салынған бағалы қағаздарды қоспағанда, осы Нұсқаулықтың 43-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар жоғары өтімді активтердің есебіне қосылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.31.01. № 8 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 117 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 44-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.07. № 204 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 44-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.16.07. № 152 Қаулысымен 44-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44. Өтімді активтер есебіне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген, заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместеріне немесе аталған оффшорлық аумақтарда тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарға қалыптасқан резервтер шегеріле отырып, жоғары өтімді активтерді қоса алғанда барлық қаржылық активтер енгізіледі. Қарыздар қарыз шартына сәйкес өтеу кестелері бойынша енгізіледі.
Осы Нұсқаулықтың 43-тармағының 5), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген, жоғары өтімді активтердің есебіне енгізілмейтін бағалы қағаздар міндеттемелердің мөлшерін есептеуге енгізілетін міндеттемелердің қамтамасыз етуі болып табылады деген талаппен өтімді активтердің есебіне кіреді.
Осы бағалы қағаздарды өтімді активтердің есебіне енгізген кезде, өтегенге дейін бағалы қағаздар бойынша қалған мерзім ретінде қамтамасыз етуі осы бағалы қағаздар болып табылатын міндеттемелерді өтеуге дейінгі мерзім алынады.
44-1. Мерзімді міндеттемелердің есебіне есепті жүзеге асырудың мерзімі белгіленген барлық міндеттемелер енгізіледі.
Талап ету бойынша міндеттемелер, сондай-ақ банктерден алынған «овернайт» заемдар және бір түнге банктерден тартылған салымдар мерзімді міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.
44-2. Өтімділік коэффициенттерін есептегенде жоғары өтімді активтерді қоса, өтімді активтер мен мерзімді міндеттемелер мөлшеріне есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықтар, әділ құнды оң/теріс түзетудің шоттары енгізіледі.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен 45-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
45. ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.26.07. № 204 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.12. № 294 Қаулысымен (2013 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.06.05. № 79 Қаулысымен (2014 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 45-1-тармақ жаңа редакцияда
45-1. Өтімділік нормативтері орташа айлық негізде айқындалатын өтімділік коэффициенттерінің есептік мәндеріне қарамастан, мынадай жағдайларда:
1) банкте есепті кезең ішінде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзімі өткен міндеттемелер болған не Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасының нормаларын бұзу фактілері болған кезде;
2) банк жеке тұлғалардың жаңадан тартылған (теңгемен және шетел валютасымен) депозиттері бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі белгілейтін және оларды сақтау үшін банктерге ұсынылатын ең жоғары (ұсынылатын) сыйақы мөлшерлемелерін асырған кезде орындалмаған болып есептеледі.
46. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Ашық валюталық позиция лимиттері
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.30.09. № 117 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 47-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2014.06.05. № 79 Қаулысымен (2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 47-тармақ жаңа редакцияда
47. Ашық валюталық позиция - жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған бағалы металдардағы валютасындағы банктің талаптарының (міндеттемелерінің) сол шетел валютасындағы немесе тазартылған бағалы металдардағы міндеттемелерінің (талаптарының) шегінен асып кетуі.
Ұзын валюталық позиция - бұл талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) банктің сол шетел валютасындағы немесе тазартылған бағалы металдардағы міндеттемелерінің (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) шегінен асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған бағалы металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.
Қысқа валюталық позиция - ірі міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) банктің сол шетел валютасындағы немесе тазартылған бағалы металдардағы талап етулері (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) шегінен асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған бағалы металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.
Валюталық позициялар есебіне мөлшері валюталардың айырбас бағамының (тазартылған бағалы металдар құнының) өзгеруімен белгіленетін, теңгемен көрсетілген талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) енгізіледі.
Мөлшері бір шетелдік валютадан артық айырбас бағамының өзгеруімен анықталатын, теңгемен көрсетілген талаптар (активтер, шартты және ықтимал талаптардың жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелер, шартты және ықтимал міндеттемелердің жиынтық сомасы) осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгіленген ашық валюталық позицияның мейлінше төмен лимитін иеленетін шетел валютасындағы валюталық позициялар есебіне енгізіледі.
Әрбір шетелдік валюта бойынша және әрбір тазартылған бағалы металл бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледі.
Жекелеген шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер топтарының) валюталары (тазартылған бағалы металдары) бойынша валюта ашық позицияларын есептеу кезінде бірінші кезекте активтер шоттарында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптасқан резервтерді шегергенде және банктің міндеттемелері шоттарында ашылған әрбір шетел валютасы (тазартылған бағалы металы) бойынша шоттардың сальдосы есептеледі.
Одан кейін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптасқан арнайы резервтерді шегергенде, шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған осы шетел валютасы (тазартылған бағалы металы) бойынша шоттар сальдосы анықталады.
Міндеттемелерден (талаптардан) шетел валютасындағы (тазартылған бағалы металдағы) талаптардың (міндеттемелердің) асып кетуін көрсететін сальдо өзара жиынтықталады, ал алынған нәтиже банктің шетел валютасы (тазартылған бағалы метал) бойынша ашық позициясының мөлшерін және түрін анықтайды.
Шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясы банктің меншікті капиталы мөлшерінің 30 (отыз) пайызынан аспауы тиіс.
Банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясын есептеу мақсаттары үшін туынды қаржы құралдарының тізбесіне банктер жасаған мәміле споты енгізілмейді.
Туынды қаржы құралдары бойынша банктің ашық ұзын және (немесе) қысқа позициясын есептеу мақсаттары үшін олар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарсы агенті болып табылатын туынды қаржы құралдарымен мәмілелер, екі күн және одан аз валюталау күнімен валюталық құралдармен операциялар, екі күн және одан аз валюталау күнімен валюталық своптар операциялары, базалық активтері ұлттық валютадан тұрмайтын валюталық жұп болып табылатын туынды қаржы құралдары енгізілмейді.
Банктің валюталық нетто-позициясы банктің барлық шетелдік валюталары бойынша ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетелдік валюталары (тазартылған бағалы металдары) және барлық шетелдік валюталар бойынша қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Шетел валютасында көрсетілген талаптар және міндеттемелер осы талаптар және міндеттемелер көрсетілген (белгіленген) шетел валюталары бөлігіндегі валюта позициясы есебіне енгізіледі.
Мәмілені жасаған күн болып табылмайтын, болашақ валюталау күні бар валюталық операцияларды жүргізу кезінде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмілені жасаған күннен бастап валюталық позиция есебіне енгізіледі.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 (бұр.ред.қара); 2007.23.02. № 47 (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 48-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.25.02. № 74 Қаулысымен 48-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48. Осы Нұсқаулық ашық валюталық позицияның мынадай лимиттерін белгілейді:
1) Standard & Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе одан басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингінен төмен емес рейтингі бар елдердің шетелдік валютасы бойынша және банктің меншікті капиталы шегінің 12,5 пайызынан аспайтын мөлшердегі «Еуро», сондай-ақ тазартылған қымбат металл валютасы бойынша ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимиті;
2) Standard & Poor's агенттігінің «А»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе одан басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетелдік валютасы бойынша және банктің меншікті капиталы шегінің 5 пайызынан аспайтын мөлшердегі ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимиті;
3) банктің меншікті капиталы шегінің 25 пайызынан аспайтын мөлшердегі валюталық нетто-позиция лимиті.
Осы Ашық валюталық позиция лимиттерін сақтау бойынша нұсқаулықтың талаптары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған) банктерге таратылмайды, егер уәкілетті орган мақұлдаған банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, банк қызметіне байланысты оның қаржылық жағдайын және тәуекелдерді ұлғайту бойынша ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарында ашық валюталық позиция лимиттерінің мәні және ашық валюталық позиция лимиттерінің мәні қолданылатын мерзімі анықталса банк жүйесін құрайтын критерийлерге сәйкес келетін банктерге қолданылмайды.
49. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 50-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.30.04. № 58 Қаулысымен 50-тармақ жаңа редакцияда (жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
50. Ашық валюталық позицияның лимиттерi есептік апта бойы кез-келген шетел валютасы (тазартылған қымбат металл) бойынша шектен асып кеткен кезде содан кейiнгi үш апта iшiнде тәртiп бұзған банктiң бұзылған валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ашық валюталық позицияларының лимиттерi осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген ашық валюталық позиция лимиттерiнiң 5 (бес) проценттiк тармаққа кемуiмен айқындалады.
Жекелеген шетел валютасының (тазартылған қымбат металл) ашық валюталық позициясының лимиттерін бұзыуы болып келесі жағдайлар есептелмейді:
банк белгіленген лимиттерді 0,09 проценттiк шектен;
сот шешімі бойынша банкке қатыссыз себептермен, банк берген займның валютасының өзгеру бөлігінде асыруы.
Егер банкке қатыссыз, сот шешімі негізінде банк берген займның валютасының өзгеру бөлігінде банк ашық валюталық позицияларының лимиттерін асырған болса, банк ол туралы тез арада уәкілетті органға хабарлап, көрсетілген шектен асып кетуді айқындаған күннен бастап үш ай ішінде жою бойынша міндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кету аталған мерзiмде жойылмаған болса, онда валюталар бойынша ашық валюталық позиция лимиттерiнiң шектен асып кетуі осы шектен асып кету анықталған күннен бастап аталған нормативтің бұзылуы ретінде қарастырылады.
51. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Банктің негізгі құрал-жабдықтарға және басқа қаржылық емес активтерге инвестицияларының
ең жоғарғы мөлшерінің коэффициенті
52. Банктiң негiзгi құрал-жабдықтардағы инвестициясының мөлшерiнiң және басқа қаржылық емес активтердiң меншiктi капиталға (k6) қатысы 0,5-тен аспауы тиiс.
53. Негiзгi құрал-жабдықтар және басқа қаржылық емес активтерге мыналар жатады:
1) жер, үй және ғимарат;
2) салынып жатқан (орнатылып жатқан) негiзгi құрал-жабдықтар;
3) банк жалға алған үйлер бойынша күрделi шығындар;
4) компьютерлiк жабдықтар;
5) көлiк құрал-жабдықтары;
6) жалға беруге арналған негiзгi құрал-жабдықтар;
7) қаржы лизингiне қабылданған негiзгi құрал-жабдықтар;
8) басқа да негiзгi құрал-жабдықтар;
9) банктiң негiзгi қызмет мақсаты үшiн және сатып алынған және 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес келетiн лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету;