5) 8 проценттiк коэффициентi бойынша - осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетiлгеннен басқа жағдайдағы сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралдары.
Туынды қаржы құралдары айрықша проценттiк тәуекел есебiне енгiзiлмейдi.
22-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
22. Жалпы проценттiк тәуекел мынадай соманы көрсетедi:
әр уақыт интервалындағы сараланған жабық позиция сомасының 10 процентi;
1-аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 40 процентi;
2-аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 30 процентi;
3-аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 30 процентi;
1 және 2-аймақтың аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 40 процентi;
2 және 3-аймақтың аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 40 процентi;
1 және 3-аймақтың аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерiнiң 100 процентi.
23-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
23. Сараланған позициялар мынадай тәртiппен есептеледi:
1) сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты қаржы құралдары бойынша ашық позиция мөлшерiн айқындау.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң (бұдан әрi - сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты туынды қаржы құралдары) өзгеруiне байланысты ашық позицияның мөлшерiн айқындау кезiнде қаржы құралдары (фьючерстiк келісім-шарттар, форвардтық келісім-шарттар, проценттiк мөлшерлемедегi форвардтық келісім-шарт) тиiстi базистiк активтердiң рыноктық құнында көрсетiлетiн ұзын және қысқа позиция комбинациясы ретiнде қарастырылады.
Сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты туынды қаржы құралдарын өтеу мерзiмi туынды қаржы құралдарын орындау немесе жеткiзу мерзіміне дейінгі және олардың базистік активінің айналыс мерзімінің сомасы ретiнде есептеледi (туынды қаржы құралының базистiк активтi жеткiзу талабы жағдайында - ұзын позицияға енгiзiлетiн туынды қаржы құралын өтегенге дейiнгi мерзiм қосылады, ал туынды қаржы құралының базистiк активтi жеткiзу мiндеттемесi жағдайында - қысқа позицияға енгiзiлетiн туынды қаржы құралын өтегенге дейiнгi мерзiм қосылады).
Своп ашық позициясының мөлшерiн анықтау кезiнде келісім-шарттар базистiк активтерде белгiленген өтеу мерзiмiмен тиiстi базистiк активтерде көрсетiлген ұзын және қысқа позициялардың комбинациясы ретiнде қаралады.
Ашық позиция есебi кезiнде мынадай талаптарға сәйкес келетiн борыштық бағалы қағаздарды сатуға арналған мiндеттеменi немесе сатуға талап етудi ұсынатын сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге байланысты мерзiмдi туынды қаржы құралдарымен арадағы өзара қарсы позиция сынағы болуы мүмкін:
бір эмитент шығарған борыштық бағалы қағаздар;
борыштық бағалы қағаздардың белгiлi бір шетел валютасында немесе теңгеде тең рыноктық құнының болуы;
борыштық бағалы қағаздардың өтелгенге дейiнгi тең мерзiмi болуы.
2) уақыт интервалы бойынша ашық позицияларды бөлу осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады және:
белгiленген сыйақы мөлшерлемесiмен, өзгертiлген сыйақы мөлшерлемесiмен байланысы бар қаржы құралдары кезектi төлем жасау күнiне дейiн қалған мерзiмге байланысты уақыт интервалы бойынша бөлiнедi;
сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты, өзгермелi сыйақы мөлшерлемесiне байланысты қаржы құралдары сыйақы мөлшерлемесiн қайта қарау күнiне дейiн қалған мерзiмге қатысты уақыт интервалы бойынша бөлiнедi;
орындалу мерзiмi екi уақытша интервалдардың шекарасында тұрған қаржы құралдары мейлiнше жоғары уақытша интервалға бөлiнедi;
айырбасталмайтын артықшылықты акциялар уақытша интервалдарға дивидендтерге төлем жасау мерзiмiне қатысты бөлiнедi, ал дивидендтерге төлем жасау туралы ақпарат болмаған жағдайда уақытша интервал есеп беру жасалған күннен бастап заңды тұлға белгiлеген дивидендтердiң жылдық төлем жасау күнiне дейiн анықталатын болады;
3) әр уақытша интервалдың iшiнде барлық ұзын және қысқа ашық позициялар жинақталады;
4) әр уақытша интервал бойынша жиынтықты ұзын және жиынтықты қысқа позициялар уақытша интервалға сәйкес келетiн коэффициент бойынша сараланады;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) ашық сараланған және жабық сараланған позициялар әр уақытша интервал бойынша анықталады.
Әр уақытша интервалдың сараланған ұзын және қысқа позициялары өзара есептесуге алынады.
Толық өзара есептесуге алынуы тиiс әр уақытша интервалдың сараланған ұзын және қысқа позицияларының сомасы уақытша интервалдың жабық сараланған позициясын бiлдiредi. Өзара есептесуге алынуы тиiс емес немесе өзара есептесуге алынбай қалған сараланған ұзын және қысқа позициялардың бөлiгi уақытша интервалдың сараланған ұзын және қысқа позицияларын жасай отырып жиынтықталады.
Уақытша интервалдар мына аймақтар бойынша топталады:
1-аймақта жылдан кем төрт уақытша интервал болады, оның iшiнде 1 айдан кем емес, 1 айдан 3 айға дейiн, 3 айдан 6 айға дейiн, 6 айдан 12 айға дейiн;
2-аймақта бір жыл мен 4 жылдан аса уақытты қосатын үш уақытша интервал болады, оның iшiнде 1 жылдан 2 жылға дейiн, 2 жылдан 3 жылға дейiн, 3 жылдан 4 жылға дейiн;
3-аймақта 4 жылдан асатын алты уақытша интервал болады, оның iшiнде 4 жылдан 5 жылға дейiн, 5 жылдан 7 жылға дейiн, 7 жылдан 10 жылға дейiн, 10 жылдан 15 жылға дейiн, 15 жылдан 20 жылға дейін, 20 жылдан астам жылға дейiн;
Әрбір аймақтың уақытша интервалдар бойынша сараланған ұзын және қысқа позициялары өзара есептесуге жатқызылады. Толық өзара есептесуге жатқызылатын әрбір аймақтағы уақытша интервалдар бойынша сараланған ұзын және қысқа позициялардың бөлiгiнiң сомасы аймақтың жабық сараланған позициясын бiлдiредi.
Өзара есептесуге жатқызылмайтын немесе өзара есептелмей қалған әрбір аймақтағы әр түрлi уақытша интервалдардың сараланған ұзын және қысқа позицияларының бөлiгi әрбір аймақтың сараланған ұзын және қысқа позицияларын жасай отырып, жинақталады;
6) аймақтар арасындағы сараланған ашық және жабық позициялар анықталады.
1-аймақтың сараланған ашық ұзын (қысқа) позициясы 2-аймақтың сараланған ашық қысқа (ұзын) позициясымен есептелiнедi.
Толық өзара есептесуге жататын 1 және 2-аймақтардың сараланған ұзын және қысқа позициясы бөлiктерi мөлшерлерiнiң сомасы 1 және 2-аймақтардың арасындағы сараланған жабық позицияны бiлдiредi.
2-аймақтың сараланған ашық ұзын (қысқа) позициясы 3-аймақтың сараланған ашық қысқа (ұзын) позициясымен өзара есептелiнедi.
Толық өзара есептесуге жататын 2 және 3-аймақтардың сараланған ұзын және қысқа позициясы бөлiктерi мөлшерлерiнiң сомасы 2 және 3-аймақтардың арасындағы сараланған жабық позициясын бiлдiредi.
1-аймақтың сараланған ашық ұзын (қысқа) позициясы 3-аймақтың сараланған ашық қысқа (ұзын) позициясымен өзара есептелiнедi.
Толық өзара есептесуге жататын 1 және 3-аймақтардың сараланған ұзын және қысқа позициясы бөлiктерi мөлшерлерiнiң сомасы 1 және 3-аймақтардың арасындағы сараланған жабық позициясын бiлдiредi.
Аймақтар арасындағы өзара есептесуден кейiн қалған ашық сараланған позициялар қалған ашық сараланған позицияны жасай отырып, жиынтықталады.
Жалпы проценттiк тәуекел есебi осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасында берiлген.
24-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
24. Базалық активi акциялар немесе акциялардың индекстерi болып табылатын туынды қаржы құралдарының рыноктық құнының және акциялардың рыноктық құнының өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралының тәуекелiнiң есебi акциядағы айрықша тәуекелдiң және акцияға деген жалпы тәуекелдiң сомасын бiлдiредi.
Акциядағы айрықша тәуекелдiң және акцияға деген жалпы тәуекелдiң есебiне базистiк активтерi акциялар немесе акциялар индексi болып табылатын рыноктық туынды қаржы құралдарының рыноктық құнына және акциялардың рыноктық құнының өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар мынадай қаржы құралдары енгiзiледi:
акциялар (сыйақы мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты рыноктық тәуекелi бар қаржы құралының тәуекелi есебiне енгiзiлетiн айырбасталмайтын артықшылықты акциялардан басқа);
айырбасталатын бағалы қағаздар (айырбасталатын облигациялар және артықшылықты акциялар);
осы тармақтың үшiншi және төртiншi абзацтарында көрсетiлген базистiк активi бағалы қағаздар болып табылатын туынды қаржы құралдары немесе аталған бағалы қағаздардың индексi.
25-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
25. Айрықша тәуекел және жалпы тәуекел есебi Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушысының немесе халықаралық қор биржалары танып отырған сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiнде сатылатын акциялар индексiмен немесе акциялардың рыноктық құнының өзгеруiне байланысты қаржы құралының ашық (ұзын немесе қысқа) позициясымен есептесу кезiнде анықталады.
Акциялардың рыноктық құнының немесе акциялар индексiнiң өзгеруiне байланысты қаржы құралының ашық (ұзын немесе қысқа) позициясымен есептесу кезiнде базистiк активi белгiлi бір акциялар немесе акцияларға арналған белгiлi бір индекстер болып табылатын қаржы құралдары базистiк активтердiң рыноктық құнына қайта саналады, оның iшiнде:
базистiк активi акциялар болып табылатын фьючерстiк және форвардтық келісім-шарттар аталған фьючерстiк және форвардтық келісім-шарттардың рыноктық құны бойынша көрсетiледi;
базистiк активi акциялар индексi болып табылатын фьючерстiк келісім-шарттар индекс құрамына кiретiн акциялардың рыноктық құны бойынша қайта саналады;
базистiк активi акциялар индексi болып табылатын своптық келісім-шарттар индекс құрамына кiретiн акциялардың рыноктық құны сомасына қайта саналған позицияны бiлдiретiнiн ескере отырып, базистiк активтердiң аталған позициясына сәйкес рыноктық құн бойынша қайта саналған ұзын және қысқа позициялар комбинациясы ретiнде қаралады;
базистiк активi акциялар немесе акциялар индексi болып табылатын опциондық келісім-шарттар есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнi үшiн олардың рыноктық құны мөлшеріндегі акциялардың жалпы тәуекелi есебiмен енгiзiледi.
Белгiлi акциялар немесе белгiлi акциялар индексiнiң рыноктық құнының өзгеруiне байланысты қаржы құралдары бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) позиция белгiлi акциялар немесе белгiлi акциялар индексiнiң рыноктық құнының өзгеруiне байланысты қаржы құралдары сомасының арасындағы айырманы, оның iшiнде белгiлi акцияларды сатуды немесе акциялардың белгiлi бір индексi бойынша төлемдердi жүзеге асыруды талап етiп отырған және белгiлi бір акцияларға немесе акциялардың белгiлi бір индекстерiне рыноктық бағаның өзгеруiне байланысты қаржы құралдарының сомасын, оның iшiнде белгiлi бір акцияларды сатуға немесе акциялардың белгiлi бір индексi бойынша төлемдердi жүзеге асыру жөнiнде өзiне мiндеттеме алуды бiлдiредi.
26-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.28.01. № 18 Қаулысымен 26-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.04. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 26-тармақ жаңа редакцияда
26. Акциялардың нарықтық құны немесе акциялар индексi өзгеруіне байланысты қаржы құралдарының нарықтық тәуекелi бар айрықша тәуекелi 0,12-ге тең (банктiк холдинг не бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін 0,10-ға тең коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 0,14-ке тең коэффициентi пайдаланылады) айрықша тәуекел коэффициентi бойынша сараланған аталған қаржы құралдары бойынша ашық (ұзын және қысқа) позициялар сомасын білдіреді.
27-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.28.01. № 18 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.04. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 27-тармақ жаңа редакцияда
27. Жалпы тәуекел белгiлi бір акциялар немесе акциялардың белгiлi бір индексiнiң нарықтық құны өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелi бар қаржы құралдары бойынша ұзын позициясы мен қысқа позициясы арасындағы айырмасы 0,12-ге тең (банктiк холдинг не бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін 0,10-ға тең коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 0,14-ке тең коэффициентi пайдаланылады) жалпы тәуекел коэффициентің жасайтынын бiлдiредi.
28-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.28.01. № 18 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 Қаулысымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.04. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 28-тармақ өзгертілді
28. Шетелдiк валюталарының айырбастау бағамы (қымбат металдардың нарықтық құны) өзгеруiне байланысты активтердiң, шартты және ықтимал талаптар мен мiндеттемелер бойынша тәуекел есебi мына сомалардың бірi мейлiнше мәндi болатын 0,12-гe тең (банктiк холдинг не бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін 0,10-ға тең коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 0,14-ке тең коэффициентi пайдаланылады) валюталық тәуекел коэффициентiн жасайтынын бiлдiредi:
әрбір шетел валютасы бойынша ашық қысқа позициялар (абсолюттік мәнде) және қымбат металдар бойынша ашық (ұзақ/қысқа) позициялар (абсолюттік мәнде);
әрбір шетел валютасы бойынша ашық ұзақ позициялар (абсолюттік мәнде) және қымбат металдар бойынша ашық (ұзақ/қысқа) позициялар (абсолюттік мәнде).
Әрбір шетелдiк валюта бойынша ашық валюталық позиция осы Нұсқаулықтың 47-тармағына сәйкес есептеледi.
29-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
29. Әрбір шетелдiк валюта (қымбат металл) бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) позиция есебiне активтердiң, шартты және мүмкiн талап етулер мен шетел валютасы (қымбат металл) бойынша көрсетiлген немесе белгiленген мiндеттемелер енгiзiледi, оның iшiнде:
шетел валютасымен есептелген сыйақыны қосқандағы шетел валютасымен (қымбат металл) көрсетiлген (белгiленген) активтер мен мiндеттемелердiң рыноктық (әдiл) құны арасындағы айырма;
форвард немесе фьючерс және опцион операциялары бойынша алынған және төленген шетел валютасының (қымбат металл) мөлшерлерi арасындағы айырма;
шетел валютасымен көрсетiлiп (белгiленiп) алынған және берiлген кепiлдiктер арасындағы айырма.
Аталған айырмалардың оң мәндерi шетел валютасы (қымбат металл) бойынша ашық ұзын позицияларды, ашық терiс мәндер - шетел валютасы (қымбат металл) бойынша қысқа позицияларды көрсетедi.
Шетел валютасын немесе қымбат металдарды сатуға арналған форвард операциялары есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнiнде пайда болған базалық активтiң рыноктық бағасына форвард операцияларының базалық активiнiң көлемiн жасау үшiн есептелген айырбасталатын мөлшердегi ашық валюталық позиция есебiне енгiзiледi.
30-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 Қаулысымен (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.25.02. № 74 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 30-тармақ жаңа редакцияда
30. Активтер, шартты және ықтимал талаптар мен шетел валюталардың айырбастау бағамының (бағалы металдардың нарықтық құнының) өзгеруіне байланысты міндеттемелер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтерді шегергендегі ашық валюталық позицияның есебіне кіргізіледі.
31-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.28.01. № 18 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.27.02 № 31 Қаулысымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.04. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 31-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен 31-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31. Операциялық тәуекел соңғы өткен үш жыл ішіндегі жылдық жалпы кірістің орташа шамасының 0,12-гe тең операциялық тәуекел коэффициентіне (банк холдингі не бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін 0,10 коэффициенті пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 0,14-ке тең коэффициент пайдаланылады) көбейтіндісіне 8,3-ке тең сәйкес келтіру коэффициентінің (банк холдингі не бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін 10 коэффициенті пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 7,14-ке тең коэффициент пайдаланылады) көбейтіндісі ретінде есептеледі.
Соңғы өткен үш жыл ішіндегі жылдық жалпы кірістің орташа шамасы әр жыл сайын банктің таза кіріс алған соңғы өткен үш жыл ішіндегі жылдық жалпы кіріс сомасының банктің таза кіріс алған жылдарының санына қатынасы ретінде есептеледі.
Жаңадан құрылған банктер үшін операциялық тәуекел қаржы жылының аяқталуы бойынша есептеледі және жылдық жалпы кірістің орташа мөлшері өткен жылдар санын негізге ала отырып есептеледі.
Жылдық жалпы кіріс:
жиынтық шығыстарды, провизияларды (резервтерді) қалпына келтіруден болған кірістерді және банктің төтенше кірістерін шегергенде;
жиынтық кірістің, корпоративтік табыс салығының, қамтамасыз етуге арналған қаржының және төтенше шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Банк шығын алған, бірақ қамтамасыз етуге арналған қаржыны ескергенде, провизияларды (резервтерді) қалпына келтіруден болған кірістерді және төтенше кірістерді шегергенде оң жалпы кіріс болған жыл операциялық тәуекел есебіне кіргізіледі.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008 ж. 28 сәуірдегі № 58 Қаулысымен 2-1-тараумен толықтырылды; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 2-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Секьюритилендіру кезінде меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициентін есептеу ерекшеліктері
31-1. Оригинатор банк (бұдан әрі - оригинатор) Базель II: Капиталды және капитал стандарттарын өлшеудің халықаралық конвергенциясы: жаңа тәсілдер (2006 ж. маусым), шектеулі тәсіліне сәйкес меншікті капиталды есептеуге секьюритилендірудің шектеулі тәсілін пайдаланады, егер секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру нәтижесінде елеулі кредиттік тәуекел үшінші тарапқа берілсе, бұл ретте секьюритилендірілген активтер кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (бұдан әрі - секьюритилендірудің шектеулі тәсілі) оригинатор активтерінің есебінен алынып тасталуы мүмкін.
Секьюритилендіру мәмілелерінде қатысатын және оригинатор болып табылмайтын банктер осы мәміледе олардың ұстанатын секьюритилендіру позицияларын кредиттік тәуекелдер дәрежесі бойынша мөлшерленгенді есептеу барысында осы Нұсқаулыққа сәйкес секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолданады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.26.07. № 204 Қаулысымен 31-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
31-2. Банктер меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдану үшін оригинатор уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Нұсқаулықтың 12-қосымшасына сәйкес сауалнама;
2) секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолданудың мақсатқа лайықтылығын айқындауға жауапты, банктің Басқармасы құрамынан тұлғаларды айқындайтын құжат;
3) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын шетелдік арнайы қаржы компанияларымен секьюритилендірудің трансшекаралық мәмілелері үшін бағалы қағаздар шығарылымы (не облигациялық бағдарлама) проспектісінің көшірмесі не «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын секьюритилендіру мәмілелері үшін облигациялық бағдарламаны (не облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
4) осы Нұсқаулықтың 13-қосымшасына сәйкес секьюритилендіруді ескере отырып және секьюритилендіруді ескерместен меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициенті туралы мәліметтер.
31-3. Егер қандай да бір ұсынылатын құжаттар шет тілінде әзірленсе, онда оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы ұсынылады.
31-4. Ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган оларды алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қарайды.
31-5. осы Нұсқаулықтың 31-2-тармағымен көзделген құжаттарды қарағаннан кейін уәкілетті орган меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін банктердің қолдануына растау беру не бас тарту туралы шешімді қабылдайды және жазбаша нысанда бұл туралы оригинаторға хабарлайды.
Банктердің меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдануға растау мынадай жағдайда берілмейді:
1) осы Нұсқаулықтың 31-2-тармағына сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаса;
2) осы Нұсқаулықтың 31-7, 31-9-тармақтарының талаптарына сәйкес келмесе.
31-6. Оригинатор тәуекелді берудің қажеттілігін айқындау мақсатында мыналарды жүзеге асырады:
1) секьюритилендіруді ескерместен меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффицентін есептеуді;
2) секьюритилендіруді ескере отырып, меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффицентін есептеуді.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.26.07. № 204 Қаулысымен 31-7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-7. Егер:
1) меншікті капиталдың секьюритилендіруді есептегендегі k2 жеткіліктілік коэффициентінің мәні меншікті капиталдың секьюритилендіруді есептемегендегі k2 жеткіліктілік коэффициентінің мәнінен артық болса;
2) оригинатор тиесілі болып табылатын банк конгломератының мүшелері болып табылмайтын үшінші тараптар секьюритилендірілген активтермен қамтамасыз етілген транштардың кемінде 10 (он) пайызын ұстап қалса, тәуекелді беру маңызды болып табылады.
31-8. Егер секьюритилендіруді ескере отырып, меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәні секьюритилендіру ескерілмеген меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәнінен аз болса, тәуекел берілмейді. Бұл жағдайда, оригинатор меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін пайдаланбайды және секьюритилендіруді ескерместен тиісінше тәуекелдердің мөлшерленген шамасын есептейді. Бұл ретте оригинатор меншікті капиталдан олардың ұстанатын секьюритилендіру позицияларын шегермейді және/немесе меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентін есептеу барысында активтердің кредиттік тәуекелі дәрежесі бойынша осындай позицияларды мөлшерлемейді.
31-9. Оригинатор мынадай талаптарды орындау барысындағы активтердің кредиттік тәуекелдерінің дәрежесі бойынша мөлшерленген есептеулерден секьюритилендірілген активтерді алып тастайды:
1) секьюритилендірілген активтермен байланысты елеулі кредиттік тәуекел үшінші тараптармен ауыстырылған болатын;
2) секьюритилендіру мәмілесі бойынша құжаттар мәміленің экономикалық мәнін көрсетеді;
3) арнайы қаржы компаниясы секьюритирлендірілген активтер бойынша төлемдерді борышқорлардың төлемеуімен байланысты барлық тәуекелдерді көтереді, оның ішінде және оригинатордың (төлем қабілеттсіздігі) банкроттығы жағдайында;
4) осы Нұсқаулықпен көзделген жағдайларды қоспағанда, оригинатор мыналарды орындауға тиіс емес:
арнайы қаржы компаниясындағы дауыс беру құқығы бар акцияларды не жарғылық капиталға қатысудың тура немесе жанама үлесін иеленуге;
арнайы қаржы компаниясындағы директорлар кеңесі немесе басқарма мүшелерінің басым көпшілігін тағайындауға немесе сайлауға;
шартпен немесе өзге тәсілмен арнайы қаржы компаниясының шешімдерін айқындауға;
секьюритилендіру мәмілесіне қатысты тиісінше шарттар немесе құжаттарда көзделгендерден басқа, арнайы қаржы компаниясынан секьюритилендірілген активтерді сатып алу бойынша өзіне қандай да бір міндеттемелерді қабылдауға;
секьюритилендіру мәмілесіне қатысты тиісінше шарттарда немесе құжаттарда көзделгендерден басқа, секьюритилендірілген активтерге қатысты қандай да бір тәуекелдерді ұстап қалу бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдауға;
арнайы қаржы компаниясының секьюритилендірілген активтерді бергеннен кейін секьюритирлендірумен және арнайы қаржы компаниясы қызметімен байланысты шығыстарды көтеруге;
арнайы қаржы компаниясына қандай да бір нысанда жанама қолдау көрсетуге. Сондай-ақ оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғаларға жанама қолдау көрсетуге жол берілмейді.
Оригинатор, сондай-ақ оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар арнайы қаржы компаниясына ақшалай түрдегі талаптар (бұдан әрі-кредиттік қамтамасыз ету) бойынша көмекті не осындай қолдау ұсыну секьюритилендіру мәмілесіне қатысты сәйкесінше шарттармен немесе құжаттармен көзделмеген жағдайларда, өзге қолдауды көрсеткенде жанама қолдау туындайды.