5. Кеме кiтаптарында шағын көлемді кемелер тiркеледi.
14-тармақтың 10) тармақшасының оныншы абзацы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Салмағы қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі және қозғалтқыштарының (орнатылған жағдайда) қуаты қоса алғанда сегіз киловатқа дейінгі шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метрден аспауға тиіс, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер мемлекеттік тіркелуге жатпайды.»;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде жүктерді, жолаушыларды және олардың багаждарын халықаралық тасымалдаулар, сүйретіп жүзу үшін пайдаланылатын кемелер, оның ішінде бербоут-чартер бойынша пайдалануға берілген кемелер тіркеледі.
Егер кемелер шет мемлекеттердің кемелер тізілімдерінде тіркелген болса және Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркеу туралы өтініш берілген күні олардың жасалғанына жиырма жылдан асса, олар Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелуге жатпайды.»;
11) мынадай мазмұндағы 18-3, 18-4 және 18-5-баптармен толықтырылсын:
«18-3-бап. Кемені бербоут-чартер тізілімінен шығару
Бербоут-чартер тізілімінен:
1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;
2) конструкциялық жағынан күйреген;
3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерiстер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан;
4) осы Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған;
5) Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес, оған қатысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімнің күшін жойған кеме шығарылуға жатады.
18-4-бап. Кемені Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінен шығару
Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінен:
1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;
2) конструкциялық жағынан күйреген;
3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерiстер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан;
4) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған;
5) оған қатысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімнің күшін жойған;
6) оған қатысты Қазақстан Республикасының аумақтық сулары шегінде сол кемеде қызметін жүзеге асыру фактісі анықталған кеме шығарылуға жатады.
18-5-бап. Хабарсыз жоғалып кеткен кеме
Егер қалыпты жағдайларда кеме туралы соңғы хабарлама келіп түскен жерден бастап межеленген портқа барғанға дейін қажетті мерзімнен екі есе асатын мерзім ішінде кемеден ешқандай хабар келіп түспесе, кеме хабарсыз жоғалып кеткен болып саналады. Кемені хабарсыз жоғалып кеткен деп тану үшін қажетті мерзім кеме туралы соңғы хабар алынған күннен бастап бір айдан кем болмауға тиіс, әскери іс-қимыл жағдайларында алты айдан кем болмауға тиіс.»;
12) 28-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кеме иесі өзінің кемесімен болған авариялық жағдай туралы хабарлама алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде бұл туралы теңіз порты капитанына хабарлауға, сондай-ақ өзінің кемесімен болған авариялық жағдайды тергеу кезінде жәрдем көрсетуге міндетті.»;
13) 4-тарау мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:
«28-1-бап. Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау)
1. Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) осы Заңның 4-бабы 2-тармағының 15-1) тармақшасына сәйкес айқындалған уәкілетті ұйым сертификаттаған білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуға тиіс.
2. Білім беру ұйымдары теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) кезінде жүзу практикасын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.»;
14) 33-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Теңіз портының иесі тиісті мемлекеттік органдардың (көлік, кеден, шекара органдарының, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық және басқа да органдардың) лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруы үшін теңіз портына келетін кемелерге кіруін қамтамасыз етуге міндетті.»;
15) 39-баптың 2-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiн, бербоут-чартер тiзiлiмi мен Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімін жүргiзудi және кемелердiң мемлекеттiк тiркелуiн, тиiстi кеме құжаттарын берудi;»;
14) тармақшадағы «бақылау жасауды жүзеге асырады.» деген сөздер «бақылау жасауды;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша хаттамалар жасауды, іс жүргізуді жүзеге асырады.»;
16) 40-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Теңiз портының капитаны лауазымына арнаулы жоғары бiлiмi, капитан дипломы және сауда мақсатында теңізде жүзу саласында кемiнде үш жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.»;
17) 42-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тиісті мемлекеттік органдардың (кеден, шекара органдарының, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық және басқа да органдардың) нұсқамасы болғанда;»;
18) 74-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қауіпті жүкті тасымалдауға арналған кемеде шетелдің сыныптаушы қоғамы берген қауіпті жүктерді тасымалдауға кеменің сәйкестігі туралы құжат болуы тиіс.
Қауіпті жүктерді тасымалдауға кеменің сәйкестігі туралы құжат болмаған жағдайда, теңіз көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдауға жол берілмейді.».
15. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат):
1) 1-баптың 5) тармақшасындағы «электр көлігін» деген сөздер «рельстік көлікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 1-тармағындағы «электр көлiгiмен» деген сөздер «рельстік көлікпен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «электр көлiгiн» деген сөздер «рельстік көлікті» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесі (бұдан әрі - шұғыл шақыру жүйесі) - шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерге Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы қалыптасқан ақпаратты беруді қамтамасыз ететін, навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары мен деректерін пайдалана отырып жұмыс істейтін мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйе;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 2-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) автобус - жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған автомобиль көлiгі құралы;»;
«2-1) автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері көрсететін қызметтер - жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды қамтамасыз етуге байланысты автовокзалдарда, автостанцияларда және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет;»;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) автомобиль көлігі инфрақұрылымы - тасымалдау процесінің үздіксіздігін, сондай-ақ автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін құрылыстар (автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері, жүк терминалдары, автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу станциялары (шеберханалары), автокөлік құралдарын сақтауға арналған құрылыстар) кешені;
6) автомобиль көлігі құралы (бұдан әрі - автокөлік құралы) - автобустарды, шағын автобустарды, жеңіл және жүк автомобильдерін, троллейбустарды, автомобиль тіркемелерін, ершікті тартқыштарға жартылай тіркемелерді, сондай-ақ арнайы бейімделген автомобильдерді (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдерді (әртүрлі, көбінесе көлікке арналмаған жұмыстарды орындауға арналған) қамтитын, автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бірлігі;»;
8) тармақшада:
«автомобиль көлiгi» деген сөздер «автокөлік» деген сөзбен ауыстырылсын;
«және соған белгiленген нысанда берiлген лицензиясы немесе тиiстi рұқсаты бар» деген сөздер алып тасталсын;
9-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1) ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі - клиенттердің тапсырыстарын өңдеуге және оларды такси жүргізушісіне беруге, оның ішінде аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып беруге арналған, тасымалдаушы немесе өзге тұлға құратын қызмет;»;
мынадай мазмұндағы 9-2) және 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-2) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы - метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, фото -, бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автокөлік құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және (немесе) көлемдік параметрлерін және қозғалыс жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық жабдығы;
9-3) әлеуметтiк маңызы бар тасымалдаулар - қоғамның әлеуметтiк-экономикалық жағдайына әсер ететiн және тарифтердің қолжетiмдi деңгейi мен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркiн қозғалу мүмкiндiгін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын тұрақты қатынаста жолаушыларды тасымалдаулар;»;
10) тармақшадағы «Жолаушылар мен багаж тасымалы ережелерiнде» деген сөздер «Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) жолаушылар агенттігі - жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеуге қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін, тасымалдаушымен арадағы шарт негізінде өзінің сату пункттері арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату жөнінде қызметтер көрсететін тұлға;
12-2) жолаушыларға қызмет көрсету пункті - жол жүру құжаттарын (билеттерді) және багаж түбіртектерін сату үшін, автокөлік құралдарының қауіпсіз аялдауына, жолаушыларды отырғызуға, түсіруге арналған алаңмен және жолаушыларды әртүрлі ауа айы жағдайларынан қорғауға арналған ғимаратпен жабдықталған, автовокзалдары немесе автостанциялары жоқ елді мекендерде жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған объект;»;
14) тармақша «шағын автобустарды» деген сөздерден кейін «, троллейбустарды» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) жол жүру құжаты (билет) - ресімдеу арқылы жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат;»;
23-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23-1) өзі аударғыш - жүкті түсіру үшін механикалық еңкейтілетін шанағы бар, жүкті өзі түсіретін автомобиль, тіркеме немесе жартылай тіркеме;»;
мынадай мазмұндағы 23-2) тармақшамен толықтырылсын:
«23-2) сервис орталығы (шеберхана) - тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»;
25-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25-1) таксимен тасымалдаушы - жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 25-2), 25-3) және 30) тармақшалармен толықтырылсын:
«25-2) таксометр - жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау құнын (бағасын) есептеуге арналған құрылғы;
25-3) тахограф - жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркеудiң механикалық не электрондық (цифрлық) бақылау құрылғысы;»;
«30) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтер - Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында жол-көлік оқиғалары мен өзге де төтенше жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсететін қызметтер.»;
2) 7-бапта:
2-тармақ «шағын автобустармен» деген сөздерден кейін «, троллейбустармен» деген сөзбен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Таксимен тасымалдауды жүзеге асыру үшін кемiнде төрт есiгi бар, сериялы шығарылатын жеңiл автомобильдердi пайдалануға жол берiледi.
Таксимен тасымалдау үшiн арнаулы, оның iшiнде толықтай қолмен, рулi оң жақтан басқарылатын, сондай-ақ бүйір есiгi төрт есіктен аз автокөлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынады.»;
3) 9-бапта:
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) электрондық (цифрлық) тахографтарға арналған электрондық карточкаларды сертификаттау, дайындау және беру тәртібі;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде автобустарды, жүк автомобильдерін, оның ішінде арнайы бейімделген автомобильдерді:
1) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз);
2) ажыратылған ақауы жоқ тахографпен;
3) толтырылмаған диаграммалық дискілермен;
4) бұрын пайдаланылған диаграммалық дискілерді қолданып;
5) электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда, электрондық карточкаларды пайдаланбай;
6) жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін күнделікті тіркеу парақтарын жүргізбей (бақылау құрылғысының ақауы болған жағдайда) пайдалануға жол берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастар алдында жеке немесе заңды тұлғалар уәкілетті органға белгіленген нысандағы хабарламаны «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жіберуге міндетті.»;
4) 13-бапта:
мынадай мазмұндағы 13-1) және 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекітеді;»;
«17-1) тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері көрсететін қызметтердің ұлттық стандарттарын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізеді;»;
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«21) электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;»;
5) 14-баптың 2-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тiзiлiмiн жүргiзедi;»;
мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
«6-2) таксимен тасымалдаушы ретінде қызметін жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;»;
6) 15-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «автомобиль көлiгi саласындағы заңдарының» деген сөздер «автомобиль көлігі туралы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылысын;
7) 19-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қала маңы қатынасында жолаушылар мен багажды тасымалдау құнын тасымалдауларды ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган бекітетін тарифке сәйкес, тасымалдау қашықтығына қарай белгілейді.»;
8) 19-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін көліктік бақылау Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, сондай-ақ арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары арқылы автокөлік құралдары жүріп өткен кезде жүзеге асырылады.»;
9) 19-5-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты көлiк құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттардың болуын;»;
2-тармақтағы «экипаждың» деген сөз «жүргізушілердің» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көлік құралдарының нақты салмақтық және көлемдік параметрлерін тексеру және олардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген, жол берілетін параметрлерден асып кету шамасын айқындау арқылы ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуін көліктік бақылау мыналарды:
1) өлшеу құралы мен көлем шеңберлерін;
2) стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын немесе жылжымалы мобильді таразыларды;
3) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.»;
10) 19-6-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автомобиль көлігінде кәсіпкерлік субъектілеріне тексеруді жүргізу кезінде уәкілетті органның лауазымды адамдары жарғымен және мына:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) белгіленген маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауларды жүзеге асыру үшін қажетті (куәліктермен, қозғалыс кестелерімен, маршруттар схемаларымен, автовокзалдармен, автостанциялармен және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерімен жасасқан шарттармен, паспорттармен, келісімшарттармен);»;
4) тармақшадағы «тиісті» деген сөз алып тасталып, «журналдарымен) құжаттармен танысады.» деген сөздер «журналдарымен);» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті (тахографтарды салыстырып тексеру жөнінде жұмыстар жүргізу құқығына аккредиттеу аттестаты, тахографты салыстырып тексеру туралы сертификат, тахографты кезеңдік тексеру туралы куәлік, тахографтармен жұмысты есепке алу журналы, өндірістік үй-жайға техникалық құжаттама);
6) тасымалдаушының тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыруына арналған (тауар-көлік жүкқұжаты, жол парақтары, жүкті өлшеу (салмағын өлшеу) актілері, тиеу-түсіру және қосалқы жұмыстар жүргізуге арналған штаттық және қосалқы жабдықтың ұлттық стандарттарға сәйкестік сертификаттары, өндірістік үй-жайға техникалық құжаттама) құжаттармен танысады.»;
3-тармақта:
3-тармақтың бірінші абзацындағы «шаруашылық» деген сөз «кәсіпкерлік» деген сөзбен ауыстырылып, 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыру немесе автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметтерін көрсету кезінде Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидалары талаптарының орындалуын;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметтерінің ұлттық стандарттарға сәйкестігін;»;
7) тармақша алып тасталсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидалары талаптарының орындалуын;»;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) жүктерді тиеу және түсіру пункттеріне қатысты Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары талаптарының орындалуын тексереді.»;
11) 19-7-бапта:
бірінші бөлікте:
4) тармақша «Жолаушылар мен багажды» деген сөздерден кейін «автомобиль көлігімен» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақшадағы «халықаралық және облысаралық қатынастағы жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға рұқсаттың» деген сөздер «жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған рұқсат беру құжаттарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) тармақшадағы «ауыр салмақты және iрi көлемдi» деген сөздер «ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 8), 9), 11), 15), 20) және 21) тармақшаларында көзделгендерді қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобильдік өткізу пункттерінде бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.»;
16-тармақтың 12) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 19-8-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттерімен рұқсат беру құжаттарының бланкілерін тепе-тең айырбастау жүргізілмеген шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүріп өтуі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган беретін транзитпен жүріп өтуге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады. Өз мемлекетінің тіркеу және айырым белгісінсіз Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүретін шетелдік автокөлік құралының жүріп өтуі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше келісілмесе, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган беретін транзитпен жүріп өтуге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк рейстен керi бағытта бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында жолшыбай жүк тиеуге Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуге арналған қосымша рұқсат болған кезде ғана рұқсат етіледі.»;
13) 19-9-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «құжаттар» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасында халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларға рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына сәйкес ресімделуге және» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 19-11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-11-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдік ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттарды беру тәртібi
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлiк құралдарының жол беретін параметрлерінен көлемi, салмағы және (немесе) осьтiк жүктемелерi бойынша артық, жүгi бар немесе жүксiз, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуі рұқсат беру құжатының - ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi автокөлiк құралдарының жүрiп өтуіне арналған арнайы рұқсаттың (бұдан әрi - арнайы рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Арнайы рұқсатты қозғалыс маршруты белгіленгеннен және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган немесе кеден органдары береді.»;
15) 19-12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) троллейбустар;»;
16) 20-бапта:
1-тармақтың 1) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында көзделген тәртiппен кез келген автобуспен, троллейбуспен және таксимен жол жүруді жүзеге асыруға;»;
«9) Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген тәртіппен жоғалған (бүлінген) жол жүру құжатын (билетті) қалпына келтіруге;»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) электронды нысанда ресімделген жол жүру құжатын (билетті) қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүрген кезде жол жүру құжаты (билеті) болуға және оны сапар аяқталғанға дейін сақтауға;»;
17) 21-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «шағын автобустардың» деген сөздерден кейін «, троллейбустардың» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шарт Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартына сәйкес жасалуға тиіс.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жолаушылар мен багажды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), ауданішілік және халықаралық тұрақты тасымалдаулар тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкiмшiлiктері арасында жасалатын шарттар негiзiнде автовокзалдардан, автостанциялардан немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінен ғана жүзеге асырылады.