3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мен Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес шетелдік пайдаланушы тіркелген шет мемлекеттің құзыретті органы арасында жасалған келісім болмаса, Қазақстан Республикасының әуе кемесін шетелдік пайдаланушыға экипажсыз жалға беруге жол берілмейді. Мұндай келісім Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркелуге тиіс.
4. Шетелдік пайдаланушыға экипажсыз жалға берілген Қазақстан Республикасы әуе кемесінің пайдаланылуын бақылау және қадағалау осы баптың 3-тармағында көрсетілген келісімнің негізінде жүзеге асырылады.»;
26) 54-бапта:
тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«54-бап. Азаматтық авиацияның авиация персоналын кәсіптік даярлау және қызмет түрлеріне жіберу
1. Азаматтық авиацияның авиация персоналын кәсіптік даярлау бастапқы даярлауды, қайта даярлауды және кәсіптік деңгейде ұстауды қамтиды.
Авиация персоналын бастапқы даярлау және қайта даярлау авиациялық оқу орталықтарында жүзеге асырылады.
Кәсіптік деңгейін ұстау авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) азаматтық авиация ұйымдарында жүзеге асырылады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесін айқындайды. Мұндай адамдар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейтін біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.»;
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Авиация персоналына жататын адамдар кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша кәсіптік даярлықтан өтуге міндетті.»;
үшінші бөліктің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Авиация персоналына, сондай-ақ мiндеттi медициналық куәландырылуға жататын адамдар санатына денсаулық жағдайы бойынша қойылатын талаптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары негiзiнде әзiрленген және денсаулық сақтау саласы мен азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органдар бекiткен Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру қағидаларымен белгiленедi.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Авиация персоналы куәлiгiн беру және қолданылу мерзімін ұзарту, сондай-ақ куәлікке біліктілік белгілері мен арнайы белгілерді енгізу азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен Авиация персоналы куәлiктерiн беру және қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларымен айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2 және 6-3-тармақтармен толықтырылсын:
«6-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мынадай:
1) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына әсер ететін жұмыстарды орындаудың технологиясы сақталмаған;
2) тексерулер кезінде кәсіптік даярлығы жеткіліксіз деп анықталған;
3) ұшуды қамтамасыз ету және орындау кезінде, әуе қозғалысына қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету кезінде белгіленген талаптарды ұдайы түрде немесе бір рет өрескел бұзған;
4) қызметтік міндеттерді орындауға жататын жазбалар мен оларға байланысты деректер бұрмаланған;
5) алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық (оларға ұқсас заттармен) масаң күйде әуе кемесін басқаруға, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге, әуе қозғалысына қызмет көрсетуге байланысты қызметті орындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген не танылған авиация персоналы куәлігінің иесі болып табылатын адамның авиация персоналы куәлігінің (тану туралы шешімнің) қолданылуын тоқтата тұрады.
6-2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мынадай:
1) өздеріне ұсынылған құжаттарды бұрмалау арқылы куәлік (тану туралы шешім) алған;
2) қызметтік міндеттерді орындауға жататын жазбалар мен оларға байланысты деректер бұрмаланған;
3) авиация персоналы куәлігін жоғалтып алған, тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде) ауыстыру себебімен және басқа да техникалық себептермен оны ауыстырған;
4) денсаулық жағдайына байланысты зейнетке шыққан немесе қайтыс болған (жұмыс орнынан деректер ұсыну бойынша);
5) жұмыста бес жылдан астам үзіліс болған жағдайларда;
6) сот шешімі бойынша Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және танылған авиация персоналы куәлігінің иесі болып табылатын адамның авиация персоналы куәлігін (тану туралы шешімді) қайтарып алады.
6-3. Авиация персоналы куәлігін тоқтата тұру, сондай-ақ авиация персоналына жататын жеке тұлға болып табылатын өтініш берушіден (иесінен) оны қайтарып алу тәртібі мен мерзімдері Авиация персоналы куәлігін беру және оның қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларымен айқындалады.»;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Азаматтық және эксперименттік авиацияның ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты авиация персоналының жұмыс уақыты режимінің ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
9-тармақ алып тасталсын;
27) 56-баптың 1-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық әуе кемесінің экипажы кабина экипажын қоса алғанда, ұшу экипажынан және ұшу экипажынан басқа экипаждан тұрады.
Осы Заңның 54-бабына сәйкес берілген авиация персоналының қолданыстағы куәлігі немесе шет мемлекет берген және осы Заңның 55-бабына сәйкес танылған авиация персоналының куәлігі болған кезде, адам Қазақстан Республикасы пайдаланушысының азаматтық әуе кемесінің ұшу экипажының және ұшу экипажынан басқа экипаждың құрамына кіретін пилот, бортинженер (бортмеханик), штурман немесе бортрадист лауазымын атқарады.»;
28) 57-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Азаматтық авиация әуе кемесінің командирі қолданыстағы пилот куәлігі және белгілі бір типтегі әуе көлігін өз бетінше басқаруға арналған рұқсаты бар және пайдаланушы немесе жалпы мақсаттағы авиация жағдайында әуе кемесінің иесі командир міндетін орындауға және ұшудың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз етуге тағайындаған пилот болып табылады.»;
5-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тиісті авиациялық қауіпсіздік қызметтері болмаған кезде жолаушыларды, қол жүгін, багажды және жүктерді ұшу алдында тексеріп қарауды жүргізуге;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Авиациялық оқиға болған жағдайда әуе кемесінің командирі өз өкілеттіктерін әуе кемелерін іздестіру және құтқару қызметтері өкілдеріне бергенге дейін әуе кемесінің бортындағы адамдардың іс-қимылдарына басшылық жасайды.»;
29) 60-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Пайдаланушының сертификатында және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікте белгіленген пайдалану талаптары мен шектеулерді пайдаланушының бұзуына тыйым салынады. Бір әуе кемесін екі және одан да көп пайдаланушының сертификатына бір мезгілде енгізуге жол берілмейді.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Пайдаланушы коммерциялық әуе тасымалдарын алты айдан астам мерзімге тоқтатқан жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган пайдаланушы сертификатын қайтарып алады.»;
30) 61-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан кем болатын ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасына қарамастан тікұшақтарды, сондай-ақ ұшу аппараттары мен қосалқы құрылғыларды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу үшін мынадай шарттарды сақтау:»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұшу қауіпсіздігін әуе кемесінің командирі (пилот) және жалпы мақсаттағы авиацияның пайдаланушысы болып табылатын әуе кемесінің иесі қамтамасыз етеді.»;
31) 64-баптың 1-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Меншік құқығымен не өзге де заңды негіздерде әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланатын, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасы әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы деп танылады.
Меншік құқығымен не өзге де заңды негіздерде әуежайды пайдаланатын Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің заңды тұлғасы ғана әуежайды пайдаланушы бола алады.»;
19-тармақтың 32) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
32) мынадай мазмұндағы 65-1-баппен толықтырылсын:
«65-1-бап. Аэровокзал
1. Ішкі рейстерге қызмет көрсетуге арналған аэровокзалда авиакассалар, тіркеу үлдіріктері, тіркеу, күту, ұшу және ұшып келу залдары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, оның ішінде мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері, медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті сақтау пункті, жоғалған заттарды табу бюросы болуға тиіс.
2. Халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге арналған аэровокзалда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидаларының талаптарына сәйкес қосымша объектілер мен үй-жайлар болуға тиіс.
3. Аэровокзалдарда халық авиарейстердің ұшу және ұшып келу уақыты, авиабилет құны және олардың бар-жоқ екендігі, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітапшасының тұрған орны, авиакассалардың жұмыс режимі, үй-жайлардың орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы анық ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
Ақпаратты ұсыну тілдерді, мәтіндерді, Брайль қарпін, тактильдік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектер үшін де қамтамасыз етіледі.
4. Өтетін және шығатын жолдар мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтары үшін қолжетімді болуға (пандустармен, арнайы бейімделген лифтілермен жабдықталуға) тиіс.
5. Халыққа қызмет көрсетуге арналған аэровокзалдар ақаусыз техникалық жай-күйде ұсталуға тиіс.
6. Аэровокзалдарда қызметін жүзеге асыратын адамдар жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға қажетті жағдайлар жасауға, мәдениетті түрде қызмет көрсетуге, барлық адамдармен сөйлескенде сыпайы және ұстамды болуға, олардан Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды талап етуге тиіс.
7. Аэровокзалдар тасымалдау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдаланылуға тиіс.
8. Аэровокзалдың класына қарай аэровокзалдардың қызмет көрсету сапасы мен жарақтандырылуына қосымша талаптар қойылады.
Аэровокзал класы мен аэровокзал класын айқындау әдістемесін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
33) 70-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Шет мемлекеттердің мемлекеттік және эксперименттік әуе кемелерінің халықаралық ұшуы, сондай-ақ шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарақтарын және әскери техникасын тасымалдауға арналған әуе кемелерінің халықаралық ұшуы үшін ашылған әуежайларды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
34) 78-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі 3) тармақшасындағы «болған жағдайларда тоқтатылуы мүмкін.» деген сөз «болған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жолаушылар әуе кемесінің бортында осы Заңның 88-бабында көзделген өз міндеттерін орындамаған жағдайларда тоқтатылуы мүмкін.»;
35) 80-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) белгіленген кестеге сәйкес тұрақты әуе тасымалдарын қамтамасыз ету үшін авиакомпанияда болжамды кірісті ескермегенде бір ай ішінде қажетті қаржы қаражатының азаймайтын резервінің болуы авиамаршрутты пайдаланудың талаптары деп түсініледі.»;
36) 86-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тасымалдаушының кінәсінен рейс орындалмаған немесе кідіртілген немесе әуе кемесінің кеш келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан рейс кідірген, орындалмаған кезде тасымалдаушы жолаушылар үшін жөнелту пункттері мен аралық пункттерде мынадай:»;
37) 88-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ұшудың барлық кезеңдерінде ұялы, транкингтік байланыс қызметтерін пайдалануға, әуе кемесін жермен жүру, биіктікті алу, қонуға бет алу кезеңдерінде тұрмыстық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға тыйым салынады.»;
38) 93-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тергеуді ұйымдастыру кезінде авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссияның қызметіне, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, басқа да мемлекеттік органдардың тарапынан араласуға жол берілмейді.»;
19-тармақтың 39) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
39) 98-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі 4) тармақшасындағы «ұйымдастыруды қамтуға тиіс.» деген сөздер «ұйымдастыруды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) азаматтық авиация ұйымдары іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) жүзеге асырған және оны қамтамасыз етуге қатысқан кезінде олардың шығынын өтеу тәртібін қамтуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Азаматтық авиацияда әуе кемелерінің іздестіру-құтқару кезекшілігін қамтамасыз ету аэронавигациялық қызмет көрсету үшін алынатын алымдар есебінен жүзеге асырылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының аумағында кез келген мемлекеттің әуе кемелерін, жолаушылар мен экипаж мүшелерін іздестіру және құтқару жөніндегі жұмыстар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
40) 105-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 2-1-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Әуежайлар мен авиакомпаниялар пайдаланушыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қару мен оның оқ-дәрілерін сатып алуға, сақтауға және пайдалануға құқығы бар.»;
«2-1. Егер әуе кемесі заңсыз араласу актісіне ұшыраса, әуе кемесінің командирі, егер әуе кемесінің бортындағы жағдай өзгені талап етпесе, Авиациялық қауiпсiздiк қағидаларына сәйкес, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындаған қолайлы әуеайлаққа аса қысқа мерзімде қону әрекетін жүзеге асырады.»;
41) 106-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Әуежайлар мен авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздік қызметтері қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қару мен оның оқ-дәрілерін қолдануға, сақтауға және алып жүруге құқығы бар.».
20. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат):
1) 12-баптың 3-тармағы 21) тармақшасындағы «сақтауына байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.» деген сөздер «сақтауына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
«22) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері және әскери құрамалары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар күзететін Қазақстан Республикасының объектілерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылауды жүзеге асыруға байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.»;
2) көрсетілген Заңның қосымшасында:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) және 75-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында;
12-2) ішкі су көлігі саласында;»;
«75-2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері және әскери құрамалары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар күзететін Қазақстан Республикасының объектілерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды орындауына;».
21. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат):
114-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттармен және тәртіппен ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания акцияларын төлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жағдайларда өзге де заңды тұлғаларға берілуі мүмкін. Сондай-ақ жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 59-бабы 1-тармағының және «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының қағидалары бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғам акцияларын төлеуге берілуі мүмкін.».
22. «Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат):
35-баптың 5-тармағы 4) тармақшасындағы «дейін беріледі.» деген сөздер «дейін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) кемелер экипаждарының тиісті білімі бар мүшелеріне су көлігі ұйымдарында жұмыс істеген бүкіл кезеңге беріледі.».
2-бап. Осы Заң:
1) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 2, 4 және 5-тармақтарын, 9-тармағының 1) тармақшасын, 10-тармағының 4) тармақшасын, 13-тармағы 12) тармақшасының бесінші абзацын, 14-тармағы 10) тармақшасының оныншы абзацын, 16-тармағының 12) және 24) тармақшаларын, 17-тармағы 14) тармақшасының жетінші абзацын, 18-тармағын, 19-тармағы 9) тармақшасының алтыншы абзацын, 10) тармақшасының бір жүз екінші, бір жүз үшінші және бір жүз төртінші абзацтарын, 15), 32) және 39) тармақшаларын;
2) 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 6) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын және 12) тармақшасын;
3) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 18) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтарын, 13-тармағы 19) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 16-тармағы 19) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 25) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын және 29) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2013 жылғы шілденің 4-і.
№ 132-V