Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкімшіліктері қызметтің осы түрiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жіберілген жолаушылар мен багажды тасымалдаушылармен шарт жасасудан бас тартуға құқылы емес.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Жол жүру құжаттары (билеттер) электронды түрде сатылған кезде автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкімшіліктері жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатудың тасымалдаушы таңдаған ақпараттық жүйесі арқылы тасымалдаушының маршруттарына жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды қамтамасыз етуге міндетті.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар автобустарды, троллейбустарды, шағын автобустарды рейс алдында (ауысым алдында) техникалық қарап тексерудi және олардың ақауы болған жағдайда уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.»;
18) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
«21-1-бап. Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін ұйымдастыру
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және ұлттық стандарттармен белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тізіліміне енгізу;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де тетіктерді қолдану арқылы автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін ұйымдастырады.
2. Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері көрсететін қызметтер осы Заңның талаптарына, Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және ұлттық стандарттарға сәйкес болуға тиіс.»;
19) 22-бапта:
2-тармақта:
16-тармақтың 19) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 1-1) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) автокөлік құралдарын шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен жабдықтауға;»;
«5-1) тасымалдауларды ұйымдастырушыға ақпарат ұсына отырып, қозғалыс жылдамдығы, маршрутының және кестесінің сақталуы туралы деректерді нақты уақыт режимінде үздіксіз беру құрылғыларымен автокөлік құралдарын жабдықтауға;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршруттың барлық аялдама пункттерінде - өз бетінше не жолаушылар агенттіктері, автовокзалдар, автостанциялар және (немесе) жолаушыларға қызмет көрсету пункттері арқылы жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін сатуды, оның ішінде жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін электронды түрде сатуды қамтамасыз етуге;»;
9) тармақшадағы «тұлғаны белгілеуге міндетті.» деген сөздер «адамды айқындауға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) ұлттық стандарттарды сақтауға міндетті.»;
3-тармақ 3) тармақшасындағы «қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) ұлттық стандарттарды сақтауға міндетті.»;
20) 23-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың қозғалыс кестесi, типi (класы) және саны;»;
6) тармақшадағы «ең аз мерзiмi көзделуге тиiс.» деген сөздер «ең аз мерзімі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4-1) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту жөніндегі талаптар;»;
«7) шарттың қолданылу мерзімін ұзарту тәртібі көзделуге тиіс.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тасымалдаушы мен жергілікті атқарушы органдар жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартының талаптарын сақтауға міндетті.
Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқарады.
4. Жергілікті атқарушы органдар жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орнатылатын жолаушыларды отырғызу мен түсіру пункттерін безендіруді және күтіп-ұстауды қамтамасыз етуге;
2) автобустар, шағын автобустар және троллейбустар қозғалысының белгіленген кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.»;
21) 24-баптың 1-тармағы «автостанциялар» деген сөзден кейін «, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру
1. Дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастар алдында қызметін бастағаны туралы хабарламаны жергілікті атқарушы органға «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жіберуге міндетті.
2. Таксимен тасымалдаушылар:
1) Жолаушылар мен багажды автомобиль көлiгiмен тасымалдау қағидаларына сәйкес жолаушылар мен багажды тасымалдау үшiн түсі біркелкі және айырым белгiлерi бар таксилердi пайдалануға;
2) әрбiр автокөлiк құралы үшiн таксометрдің немесе бақылау-кассалық аппаратының болуына;
3) автокөлiк құралдарының рейс алдында техникалық қарап тексеруден және такси жүргiзушiлерінің рейс алдында (ауысым алдында) медициналық қарап тексеруден өтуін қамтамасыз етуге;
4) ақпараттық-диспетчерлік қызметтің немесе ақпараттық-диспетчерлiк қызмет көрсету жөніндегі шарттың болуын қамтамасыз етуге;
5) таксидің ақауы болған жағдайда оны уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге;
6) такси салонында такси қызметінің құны (бағасы) туралы ақпаратты орналастыруға;
7) отыз және одан да көп такси болған кезде әрбір отыз таксиге шаққанда арнайы жүріп-тұру құралдарын пайдаланатын мүгедектерді тасымалдау үшін ыңғайластырылған кем дегенде бір таксиінің болуына;
8) такси жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
Таксимен тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мiндеттерді атқарады.
3. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушының:
1) такси тұрағы, жолаушыларды отырғызу және түсiру үшiн арнайы жабдықталған такси тұрақтарын пайдалануға;
2) жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтай отырып, жол желiсiнiң кез келген учаскелерiнде жолаушыларды отырғызуды және түсiруді жүргізуге;
3) жергілікті атқарушы органдарға арнайы жабдықталған такси тұрақтарын ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар беруге құқығы бар.
Таксимен тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бap.
4. Таксимен тасымалдаушы болып табылмайтын өзге тұлға құратын ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі таксимен тасымалдаушылар тізіліміне енгізілген таксимен тасымалдаушылармен ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету бойынша шарт жасасады және таксимен тасымалдаушы осы баптың 2-тармағының 3), 5) және 8) тармақшаларының талаптарын орындаған кезде өз қызметтерін көрсетеді.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары әуежайларда, вокзалдарда, сауда үйлері мен базарларда, театрларда, цирктерде, кинотеатрларда, мәдени-демалыс ұйымдарында (мәдениет және демалыс парктері), сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда такси тұрақтарын ұйымдастыруды және жабдықтауды қамтамасыз етеді.
6. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметі осы Заңның талаптарына, Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және ұлттық стандарттарға сәйкес болуға тиіс.»;
23) 27-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) автобусқа, троллейбусқа, таксиге кезектен тыс отыру құқығы;»;
2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) автобустың, троллейбустың алдыңғы бөлiгiнде арнайы орындар бөлу.»;
16-тармақтың 24) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24) мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:
«27-1-бап. Автомобиль көлігі саласында көрсетілетін қызметтердің мүгедектер үшін қолжетімділігі
1. Автовокзалдар мен автостанцияларда автомобиль көлігі саласында көрсетілетін қызметтерге мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін:
1) мүгедектердің автокөлік құралдарын қою үшін арнайы жол белгілері орнатылған орындардың бөлінуі;
2) мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдардың қозғалуы үшін ғимараттарды, ғимаратқа кірер жолдарды, баспалдақтарды, ғимарат ішіндегі қозғалу жолдарын ыңғайластыру;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес есту және көру қабілеті бойынша мүгедектер үшін қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықтау;
4) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың баяу қимылдайтын басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы;
5) күту залдарында мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып жабдықталуға тиіс мүгедектерге арналған арнайы орындар бөлу;
6) қоғамдық дәретханаларды мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықтау;
7) мүгедектерге қызмет көрсету үшін арнайы бейімделген билет кассаларымен жабдықтау қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының күші жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне қатысты қолданылады.»;
25) 29-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының ашылу және жабылу тәртібі, тасымалдаулардың көрсетілген түрлерiн орындау үшiн пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың санитариялық жай-күйiне, сыртқы безендiрiлуiне және жабдықталуына қойылатын талаптар;»;
16-тармақтың 25) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауларда шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру тәртібі;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) автовокзалдарға, автостанцияларға, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ олардың жұмыс істеу тәртібі;»;
12) тармақшадағы «тәртібі айқындалады.» деген сөздер «тәртібі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) жол жүру құжаттарын (билеттерді) алдын ала және электронды сатуды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі;
14) ақпараттық-диспетчерлік такси қызметтеріне қойылатын талаптар айқындалады.»;
26) 32-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Жүктерді автомобильмен тасымалдау қызметтері осы Заңның, Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларының талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болуға тиіс.»;
27) 37-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-класты қауiптi жүктi тасымалдауға рұқсат беру құжаты - Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктi тасымалдауға арналған арнайы рұқсат негiзiнде, арнайы бейімделген автомобильмен немесе осы мақсаттар үшін арнайы қайта жабдықталған басқа да автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.»;
28) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«38-бап. Iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi автомобильмен тасымалдау
1. Автокөлiк құралының көлемi мен салмағын ескергенде, автомобиль жолдарымен жүру үшiн автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген, рұқсат етілген көлемдік және салмақтық параметрлерден асатын жүктер iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктер деп танылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi автомобильмен тасымалдауға арнайы рұқсат болған кезде жол беріледі.
3. Қазақстан Республикасының аумағында ірi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
16-тармақтың 29) тармақшасы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
29) мынадай мазмұндағы 38-1-баппен толықтырылсын:
«38-1-бап. Жүктерді өзі аударғыш автомобильмен тасымалдау
Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша рұқсат етілген барынша салмағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, автокөлік құралының жол берілген жалпы салмағынан асатын өзі аударғыш автомобильмен жүктерді тасымалдауға жол берілмейді.»;
30) 42-бапта:
3-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Шет мемлекеттiң тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуге рұқсаттар және Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттiң аумағымен жүріп өтуге рұқсаттар беруді - осы Заңның 19-7-бабына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасында халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларға рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында белгіленген тәртіппен, шетелдік рұқсаттар бланкілерін автоматты түрде үлестіру жүйесін пайдалана отырып мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жүргізеді.»;
үшінші бөлік 4) тармақшадағы «тасымалдауға берiледi.» деген сөздер «тасымалдауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) жолшыбай бағытта орындалатын автомобильмен тасымалдауларға беріледі.»;
4-тармақтағы «уәкiлеттi органның» деген сөздер «осы Заңның 19-7-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«44-бап. Шет мемлекеттің аумағында тiркелген автокөлiк құралдарымен жолаушыларды, багажды, жүктердi автомобильмен тасымалдаулар
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген автокөлік құралдарымен тасымалдауды қоспағанда, шет мемлекеттің аумағында тiркелген автокөлiк құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды, жүктердi тасымалдау жөніндегі кәсiпкерлiк қызметке тыйым салынады.»;
32) 45-бапта:
3-тармағы «беретiн» деген сөзден кейін «автомобильмен халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыруға» деген сөздермен, «куәлiктiң» деген сөзден кейін «және автокөлік құралдарына рұқсат ету карточкасының» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
«көлік» деген сөз «автокөлік» деген сөзбен ауыстырылсын;
«халықаралық» деген сөздің алдынан «автомобильмен» деген сөзбен толықтырылсын;
33) 51-баптың 2-тармағындағы «жоғалғаны үшін» деген сөздер «жоғалғаны, жетіспегені немесе зақымданғаны (бүлінгені) үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«54-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасын бұзушылық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».
17. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді пайдалану, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды.»;
2) 1-бапта:
6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмi - осы Заңның 24-бабының 11-тармағында және 26-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін шетелдік кемелер тіркелетін құжат;»;
10) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
14), 15) және 45) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«14) кеме кiтабы - шағын көлемді кемелер және оларға құқықтар тiркелетiн құжат;
15) кеме қатынасы - шағын көлемді кемелерді пайдалана отырып атқарылатын қызметті қоспағанда, жүктерді, жолаушылар мен олардың багажын, почта жөнелтілімдерін тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, балық аулауды және өзге де кәсіпшіліктерді, құрылыс, жол, гидротехникалық, су асты-техникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық алып өтуді, құтқару операцияларын жүргізу, су объектілерін қорғау, оларды ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, суға батқан мүлікті көтеру, мемлекеттік бақылау мен қадағалау, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін кемелерді пайдалануға байланысты қызмет;»;
«45) шағын көлемді кеме - балық аулау, жүктерді тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық және мұзжарғышқа ілестіріп алып өтуді жүргізу, сондай-ақ су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін жасалған немесе жабдықталған кемелерді қоспағанда, ұзындығы жиырма метрден аспайтын, бортына алуға болатын адамдар саны он екі адамнан аспайтын кеме.»;
3) 3-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заң:
1) кемелерде;
2) iшкi су жолдарында орналасқан гидротехникалық құрылыстарда;
3) iшкi су жолдарында орналасқан порттарда;
4) iшкi су жолдарында және iшкi су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдаланылатын шағын көлемді кемелерде қызметін жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.»;
3-тармақтағы «сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы заңдарымен» деген сөздер «сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңнамасымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-бап мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
«28-1) Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидаларын бекіту;»;
5) 9-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2), 26-3), 26-4) және 26-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-1) кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған дипломның нысанын бекіту;
26-2) Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту;
26-3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептіліктің нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ оны жасау тәртібін бекіту;
26-4) кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептілікті жасау;
26-5) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қағидаларды бекіту;»;
2-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кемелердi, салдарды және iшкi су жолдарында орналасқан өзге де жүзу объектiлері мен құрылыстарын, олардың қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз ету талаптарына сай болуын қарап тексерудi жүргiзу;
2) кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, тиісті кеме құжаттарын беру, Мемлекеттік кеме тізілімін, кеме кітабын және жалға алынған шетелдік кемелердің тізілімін жүргізу;»;
9) тармақшадағы «iшкi су жолдарында» деген сөздер «iшкi су жолдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 15-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстардың (шлюздердің) иелері Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидаларын сақтауға міндетті.
Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстардың (шлюздердің) қауіпсіздік критерийлері Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидаларында белгіленген тәртіппен айқындалады.»;
7) 17-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Ішкі су көлігі саласындағы бақылау мен қадағалау»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі су көлігі саласындағы бақылау мен қадағалауды аумақтық бөлімшелер:»;
9) тармақшада:
бірінші бөлік алтыншы абзацындағы «қорытындысын табыс еткен адамдар жіберіледі.» деген сөздер «қорытындысын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«өлшемі 3,5×4,5 сантиметр екі фотосурет ұсынған адамдар жіберіледі.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Диплом беруді жүргізу туралы өтінішті аумақтық бөлімше күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.»;
21) тармақшадағы «шағын көлемдi көлiк» деген сөздер «шағын көлемдi кемелер» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) тармақшадағы «жүзеге асыру;» деген сөздер «жүзеге асыру арқылы іске асырады.» деген сөздермен ауыстырылып, 24) тармақша алып тасталсын;
8) 17-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1-бап. Аумақтық бөлімшелердің кемелерді қарап тексеруді жүргізуі»;
2-тармақта:
4) тармақшада:
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«магниттік компас девиациясының кестесі (кеме жүргізу компастың көмегімен жүзеге асырылатын ішкі су жолдарында);»;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«радиолокациялық станцияның көлеңкелі секторларының схемасы (радиолокациялық станциясы бар кемеде);»;
5), 8) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының, кеме атауының (нөмірінің) және борттарындағы тіркеу нөмірлерінің, корпусында жүк маркасының болуы және жай-күйі;»;
«8) жарықтық және дыбыстық сигнал берудің болуы және жұмыс істеуі;»;
«11) экипаждың штаттық кестеге және кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес жасақталуы;»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Өздiгiнен жүзбейтiн (өздігінен қозғалуға арналған механикалық қондырғысы жоқ) кемелердi қарап тексеру кезiнде:
1) осы Заңның 23-бабында көрсетiлген кеме құжаттары (олардың болуы, қолданылу мерзiмi, оларды жүргiзу тәртiбi);
2) кеме атауының (нөмiрiнiң) және борттарында тiркеу нөмiрлерiнiң, корпусында жүк маркасының болуы;
3) кеменiң (құрамның) жүзу ауданының разряды мен жағдайларына, құрамдарды қалыптастырудың үлгiлiк схемаларына және жол көлемдеріне сәйкестiгi;
4) жолаушылар сыйымдылығы және жүк көтерім, борттың су бетiндегi биiктiгi (жүк маркасы бойынша) нормаларының сақталуы;
5) ағымдағы навигацияда аумақтық бөлiмшелер қызметкерлерi нұсқамаларының орындалуы тексеруге жатады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кемені қарап тексеру нәтижелерi бойынша аумақтық бөлiмшенiң қызметкерi кеменiң атауын (нөмірін) және тіркеу нөмiрiн, кеме иесiн, қарап тексеру күнін көрсете отырып, кемені қарап тексеру актісін жасайды. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, аумақтық бөлімшенің қызметкерi анықталған бұзушылықтардың тiзбесiн және оларды жою мерзiмдерiн көрсете отырып, нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайларда, аумақтық бөлімшенің қызметкері кеменің (құрамның) қозғалысына тыйым салу туралы шешім қабылдайды, бұл жөнінде кеменің капитаны кеме иесіне хабарлайды.
Кемені қарап тексеру актісі мен нұсқама екі данада жасалады және оларға аумақтық бөлімшенің қызметкері мен капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) қол қояды. Капитан (бірінші штурман немесе капитаннның аға көмекшісі) кемені қарап тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген себептер көрсетіле отырып жазба жасалады.
Кемені қарап тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы - кемеде, екіншісі аумақтық бөлімшеде кеме ісінде сақталады.
Кемені қарап тексеруді жүргізген аумақтық бөлімше қызметкерлері кемені қарап тексеру актісіндегі жазбалардың анықтығына жауапты болады.»;
9) 19-баптың тақырыбы мен 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы қадағалау»;
«3. Ішкі су көлігінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы қадағалауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.»;
10) 22-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: