Комиссия сақтандырушы мәлiмдеген егiс алаңын өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен апатқа ұшыраған егiс алаңын анықтау әдiсi бойынша зерттейдi және зерттеу нәтижелерi бойынша өсiмдiк шаруашылығындағы өнiмнiң апатқа ұшырау деңгейiн анықтайды: толық немесе iшiнара.
Комиссия зерттеудің нәтижелері бойынша зерттеу жүргізілген күні, қолайсыз табиғат құбылысының әрбір фактісі немесе олардың жиынтығы және өсімдік шаруашылығы өнімінің түрі бойынша жеке-жеке зерттеу актiсiн үш дана етіп жасайды. Зерттеу актісіне барлық комиссия мүшелері қол қояды, содан кейін ол агенттің, сақтандырушының немесе қоғамның және сақтанушының өкілдеріне беріледі. Егер комиссия мүшелерінің бірі қабылданған шешіммен келіспесе және зерттеу актісіне қол қоймаса, ол комиссияға өзінің бас тартуының себептерін жазбаша түрде ұсынуға және оларды зерттеу актісіне қоса тіркеуге міндетті. Комиссия мүшелерiнiң үштен екi бөлiгiнiң қолдары болған кезде зерттеу актiсi қабылданған болып есептеледi.
Егістер ішінара жойылған жағдайда, қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алқаптардан жиналған өнімнің көлемі өнімді жинау кезінде міндетті түрде бағалануға тиіс. Егістер толық жойылған жағдайда, залал көлемі табиғат құбылысы әсер еткен өнімнің осы түрін өндіру алқабына көбейтілген, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде белгіленген өсімдік шаруашылығы өнімінің түрін өндірудің бір гектарына жұмсалған шығындар нормативінің мөлшері ретінде белгіленеді.
3. Кiрiс нақтылы, яғни оны алуға қолайсыз табиғат құбылыстары әсер еткен, өсiмдiк шаруашылығы өнiмi түрiнiң барлық көлемi сатылғаннан кейiн есептелiп шығарылатындай болуы мүмкiн.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Кiрiс бағаланатындай, яғни оны алуға қолайсыз табиғат құбылыстары әсер еткен, өнiм жиналғаннан кейiн және өсiмдiк шаруашылығы өнiмi түрiнiң барлық көлемi сатылғанға дейiн есептелiп шығарылатындай болуы мүмкiн.
Бағалау кiрiсiн сақтандырушының немесе оның өкiлiнiң өтiнiшi бойынша сақтанушы айқындайды. Келісімге келмеген жағдайда бағалау кiрiсiн бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) айқындайды. Тараптар бағалау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, өзгеше дәлелдеуге құқылы.
Егістер толық жойылған жағдайда сақтандырушы бағалау кірісін айқындауды жүргізбейді.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Өсiмдiк шаруашылығының өнiмi iшiнара ысырап болған жағдайда сақтандыру төлемi өнiм жинау аяқталған күннен бастап кемiнде бiр айдан соң, бiрақ үш айдан кешiктiрiлмей жүзеге асырылады.
Бұл ретте кiрiс мынадай тәртiппен есептеледi:
1) егер алынған өнiм сатылса, осы баптың 3-тармағына сәйкес;
2) егер алынған өнiм сатылмаса, осы баптың 4-тармағына сәйкес;
3) егер алынған өнiм iшiнара сатылса, осы баптың 3-тармағына сәйкес, ал өнiмнiң сатылмаған бөлiгiне кiрiс осы баптың 4-тармағына сәйкес есептеледi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Егістер толық жойылған жағдайда, сақтандырушы осы Заңның 10-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды сақтандырушы алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде сақтанушыға толық көлемде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндетті.
7. 2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемдерi туралы талапты сақтандырушы жазбаша нысанда сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттармен қоса ұсынады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді; 2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру төлемі туралы өтінішке мынадай құжаттар:
міндетті сақтандыру шартының көшірмесі;
егістік жерлерді орналастыру картасының (схемасының) көшірмесі;
гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасы;
тізбесі міндетті сақтандыру шартында белгіленетін, нақты кірістің алынғанын растайтын құжаттар, ал олар болмаған жағдайда бағалаушының (тәуелсіз сарапшының) егістер ішінара жойылған кезде кірісті бағалау жөніндегі есебі қоса тіркеледі.
Сақтандырушының сақтанушыдан басқа да құжаттарды қосымша талап етуіне жол берілмейді.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы құжаттардың толық тiзбесiн және оларды қабылдаған күндi көрсете отырып, екi данада анықтама жасауға мiндеттi. Анықтаманың бiр данасы өтiнiш берушiге берiледi, өтiнiш берушiнiң оны алғаны туралы белгiсi бар екiншi данасы сақтандырушыда қалады.
11-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi
1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
қажеттi қорғаныс және аса қажеттiлiк жағдайында жасалған iс-әрекеттердi қоспағанда, сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерi;
сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған iс-әрекеттерi салдарынан болса, сақтанушыға сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшiн, сондай-ақ мыналар:
сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарлауы;
сақтанушының сақтандыру жағдайының залалдарын азайту жөніндегі шараларды қасақана қабылдамауы;
сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайларын тексеруге және оған келтiрiлген залалдың мөлшерiн белгiлеуге кедергi жасауы;
егер сақтандырушы сақтандыру жағдайының басталғанын уақтылы бiлгенi не сақтандырушыда бұл туралы мәлiметтердiң болмауы оның сақтандыру төлемiн жүзеге асыру мiндетiне әсер етпегенi дәлелденбеген жағдайда, сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарланбауы;
осы Заңның 15-бабы 2-тармағының алтыншы абзацында белгiленген мерзiмдердi бұза отырып, қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған алқаптардың мөлшерiн анықтау жөніндегі комиссияны құру туралы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына өтiнiш беруi;
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген басқа да жағдайлар негiз болуы мүмкiн.
3. Сақтандыру төлемiнен бас тарту туралы шешiмдi сақтандырушы қабылдайды және осы Заңның 10-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттар тапсырылған күннен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде сақтанушыға бас тарту себептерiн жазбаша нысанда дәлелдi негiздеме келтiре отырып, хабарлайды.
4. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүргiзуден бас тартуына сақтанушы сотқа шағым жасауы мүмкiн.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау сақтандырушыларға және қоғамдарға қолайсыз табиғат құбылыстарының салдарынан туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерінің елу процентін өтеу және агент көрсететін қызметтерге ақы төлеу үшін өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Агент көрсететін қызметтерге ақы төлеуге көзделген қаражат өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган мен агент арасында жасалатын шартқа сәйкес агенттің екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотына аударылуы мүмкін.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Агентке өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен агент арасында жасалатын шарт негiзiнде өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретін қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Ұлттық Банкте ағымдағы шот ашылады.
Уақытша бос қаражат Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттан Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырылуы мүмкін.
Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттың табыс бөлiгi өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган шарт негiзiнде беретін бюджет қаражаты және уақытша бос қаражатты Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан түсетін кiрiстер есебінен қалыптасады.
Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттың шығыс бөлiгiне Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру сомалары, сақтандырушыларға және қоғамдарға сақтандыру төлемiнiң бір бөлiгiн өтеу шығыстары кіреді.
Қаржы жылының соңына есептелетін Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттағы қаражат қалдығы өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органға және тиiсiнше бюджетке қайтаруға жатпайды.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу туралы талап қою тәртібi
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Агентке жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу туралы қойылатын талапты сақтандырушы немесе қоғам осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды қоса тіркей отырып, жазбаша өтініш нысанында ұсынады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу туралы өтінішке мынадай құжаттар:
өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шартының нотариат куәландырған көшірмесі;
жүргізілген сақтандыру төлемін растайтын құжаттар (төлемдік тапсырма - түпнұсқа, сақтандырушының немесе қоғамның мөрімен расталған шығыс ордерінің көшірмесі немесе инкассалық өкімнің түпнұсқасы);
сот шешімі бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылған жағдайда соттың күшіне енген шешімінің көшірмесі;
егістер ішінара жойылған жағдайда сақтандырушы немесе қоғам растаған бағалау кірісін бағалау туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелуге тиіс.
Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, аталған құжаттар сақтандырушыға немесе қоғамға ескертпелерді жою үшін қайтарылады. Бұл ретте сақтандырушыға немесе қоғамға жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу мерзімі құжаттарды қайта алған кезден бастап есептеледі, ол бірақ жеті жұмыс күнінен аспауға тиіс.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Агент жүргізілген сақтандыру төлемін өтеуді осы Заңға сәйкес сақтандырушымен жасалған сақтандыру төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарт негізінде жүзеге асырады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сақтандырушы агентке көрінеу жалған мәліметтерді хабарлаған және (немесе) берген жағдайда агенттің сақтандырушыға немесе қоғамға жүргізілген сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеуден бас тартуға құқығы бар.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Сақтандырушы немесе қоғам сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындаудың дұрыстығы үшін жауапты болады.
14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi
2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді
1. Сақтандырушы:
қолайсыз табиғат құбылысы басталған жағдайда сақтанушының өтiнiшi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органын құрған комиссияның құрамына қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алқаптарды анықтау жөнiнде зерттеу жүргiзу үшiн өз өкiлiн жiберуге;
құзыреттi ұйымдардан сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн растайтын құжаттарды сұратуға;
сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау үшiн қатыстырылған жағдайда бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) есеп-қисаптарын пайдалануға;
агенттен сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiнiң өтемiн бюджет қаражатынан алуға;
өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге және оларды агентке енгiзуге;
бағалау кiрiсiн дербес немесе бағалаушыны (тәуелсiз сарапшыны) қатыстыра отырып айқындауға;
сақтанушы міндетті сақтандыру шартын жасасудың осы Заңның 17-бабының 3-тармағында көзделген мерзімін бұзған жағдайда, бұл шартты жасасудан бас тартуға құқылы.
2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Сақтандырушы:
сақтанушы осы Заңның 10-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, кiдiрiссiз, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей оны жетiспейтiн құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге;
салдары сақтанушыға залал келтiрудi туындатқан сақтандыру жағдайының басталуы кезiнде сақтанушы өндiретiн өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша осы Заңда және мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiп пен мерзiмдерде сақтандыру төлемiн жүргiзуге;
сақтанушымен осы Заңның 17-бабының 3-тармағында көзделген мерзімде міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, қолайсыз табиғат құбылыстарының нәтижесiнде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлiгiнiң өтемiн алу үшiн агентпен сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртібі, талаптары және мерзiмдерi туралы шарт жасасуға;
өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды өткізу жөніндегі деректерді жүргiзу мен жинақтауға және оны агентке оның талабы бойынша ұсынуға;
күшіне енген міндетті сақтандыру шарттары туралы ақпаратты мiндеттi сақтандыру шарты жасалған айдан кейiнгi айдың бесiншi күнiнен кешiктiрмей, сақтанушы мен агенттiң арасында жасалған үлгi шартта көзделген тәртiппен агентке ұсынуға;
сақтанушыны өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандырудың ережелерiмен таныстыруға;
сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
өзi қатыстырып отырған бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) көрсеткен қызметтерге ақы төлеуге;
жүргізілген сақтандыру төлемі мен оның мөлшеріне қатысты барлық сот шешімдері және (немесе) ұйғарымдары туралы агентке солар шығарылған күннен бастап үш күн мерзімде хабарлауға;
қолайсыз табиғат құбылысы туындаған кезде сақтанушының өтініші бойынша қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған алқаптарды айқындау жөнінде зерттеу жүргізу үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы құрған комиссияның құрамына өз өкілін жіберуге міндетті.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толылықтырлды
2-1. Сақтандырушы ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу агротехнологиясын сақтау жөнінде талаптар қоюға құқылы емес.
3. Сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актілерінде және мiндеттi сақтандыру шартында көзделген өзге құқықтары мен мiндеттерi де бар.
15-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сақтанушы:
мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мерзiмдерде сақтандыру төлемiн алуға;
сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша мiндеттi сақтандыру талаптарын, өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
шеккен залал туралы жасалған бағалаудың нәтижелерiмен танысуға;
сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы немесе оның мөлшерiн азайтуы туралы шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында және мiндеттi сақтандыру шартында көзделген тәртiппен дау айтуға;
қолайсыз табиғат құбылысына ұшыраған егiс алқабында өсiрiлген өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң әрбiр түрiнен алынған нақтылы немесе бағалау кiрiсiн бағалаудың нәтижесiмен келiспеген жағдайда, сотқа жүгiнуге;
мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру сомасын есептеп шығару үшiн осы Заңның 7-бабында көрсетiлген шығындар нормативi түрлерiнiң бiрiн таңдауға құқылы.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Сақтанушы:
осы Заңның 17-бабының 3-тармағында белгiленген мерзiмдерде сақтандырушымен мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға;
сақтандыру сыйлықақыларын мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiп пен мерзiмдерде төлеуге;
дереу, бірақ сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғуы мүмкін қолайсыз табиғат құбылысының болу фактісі туралы өзіне белгілі болғаннан бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сақтандырушыға бұл жөнінде қолжетімді тәсілмен (ауызша, жазбаша) хабарлауға міндетті. Ауызша нысандағы хабарлама кейіннен (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша расталуға тиіс. Егер сақтанушының дәлелді себептермен аталған іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, ол мұны құжатпен растауға тиіс;
агенттiң, сақтандырушының және бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) өкiлдерiне қолайсыз табиғат құбылысы болған аумақты қарау үшiн жағдай жасауға, олардың өнiмдi жинау жұмыстары аяқталғанға дейiн егiстiктер мен көшеттердiң жай-күйiне бақылау жасауына кедергi келтiрмеугe;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың} жергілікті атқарушы органына қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған алқаптарды анықтау жөнінде комиссия құру туралы:
қысқа мерзімді табиғат құбылысы кезінде - ол басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
ұзақ мерзімді табиғат құбылысы кезінде - гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның өз құзыреттеріне сәйкес осындай құбылыс фактісін растайтын анықтамасы болған жағдайда, оның егістерге әсері анықталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде өтініш беруге;
әрбір жекелеген ауыспалы егіс жерлерінде өзінің мүліктік мүдделерін сақтандыруға;
сақтандыру жағдайынан болған залалдарды азайту шараларын қолдануға;
осы Заңның 10-бабының 2-тармағында аталған, сақтандыру төлемiн алу үшiн қажеттi құжаттарды сақтандырушыға ұсынуға мiндеттi.
3. Сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актілерінде және мiндеттi сақтандыру шартында көзделген өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.
16-бап. Агенттiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Агенттiң:
өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге;
өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүргiзудiң тәжiрибесiн қорытуға;
өзiнің құқықтары мен өзiне жүктелген міндеттерді іске асыру үшiн мiндеттi сақтандыруға қатысушылардан қажеттi ақпаратты, соңын iшiнде сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сұратуға құқығы бар.
2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Агент:
сақтандырушылар мен сақтанушыларға өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң белгiлi бiр түрiн өндiруге арналған шығындардың бекітілген нормативтерi туралы ақпаратты жеткізуге;
қолайсыз табиғат құбылысы басталған жағдайда сақтанушының өтiнiшi бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органын құрған комиссияның құрамында қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерi өндiрiлетiн алқаптардың мөлшерiн анықтау жөніндегі жұмысты жүргiзуге;
осы Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес құжаттарды алған кезден бастап, он жұмыс күні ішінде өндiрiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн сақтандырушыға, қоғамға осы Заңда белгiленген мөлшерде өтеуге;
қолайсыз табиғат құбылысының нәтижесiнде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлiгiн өтеу үшiн үлгi нысанның негiзiнде сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртібі мен талаптары туралы сақтандырушымен, қоғаммен шарт жасасуға мiндеттi.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Агенттiң Қазақстан Республикасының заңдарымен өзiне жүктелген өзге де мiндеттерi бар.
2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 4-тармақ өзгертілді
4. Агент сақтандырушыларға, қоғамдарға ақшаны осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде, сақтандырушы, қоғам сақтандыру төлемi бойынша өз мiндеттемелерiн толық орындағаннан кейiн ғана сақтандырушының, қоғамның агентпен шартының талаптарын мiндеттi түрде сақтау шартымен бөледi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Агенттiң қызметiн бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырлды; 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 16-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-1-бап. Гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құқықтары мен міндеттерi
1. Гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның даулы мәселелер туындаған жағдайда қолайсыз табиғат құбылысы фактісін растайтын анықтаманы дайындау кезінде қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшырауы болжанып отырған жерге барып, зерттеу жүргізуге құқығы бар.
2. Гидрометеорологиялық қызмет органы және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган қолайсыз табиғат құбылысының фактісін растайтын немесе растамайтын анықтаманы:
1) сақтанушыға - тегін, екі дана етіп, қысқа мерзімді құбылыс кезінде - күнтізбелік үш күн ішінде, ұзақ мерзімді құбылыс кезінде - күнтізбелік бес күн ішінде;
2) өзге де мүдделі тұлғаларға - белгіленген тәртіппен ресми жазбаша сұрау салу бойынша беруге міндетті.
17-бап. Мiндеттi сақтандыру шарты
1. Мiндеттi сақтандыру шартын жасасу өсiмдiк шаруашылығының өнiмiн өндiрушiлер мен сақтандырушылар үшiн мiндеттi болып табылады.
2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ жаңа редакцияда; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Міндетті сақтандыру шарты кемінде бес ай және он екі айдан аспайтын мерзімге екі дана етіп жазбаша нысанда жасалады.
Мазмұнына қойылатын талаптар Ұлттық Банктің нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленетiн сақтанушының өтiнiшi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңдарымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң барлық түрлерi бойынша мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мерзiмi осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы айқындаған егіс мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он бес күннен кешiктiрiлмейдi.
4. Мiндеттi сақтандыру шарты мынадай жағдайларда:
1) шарт күшiнiң мерзiмi аяқталғанда;
2) шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде орын алған барлық сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемi жүзеге асырылғанда, өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
5. Мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.