18) 35-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігінде:
4) және 4-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компаниямен барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;
4-1) қызметі (технологиялық процесі) жер қойнауын пайдаланумен байланысты индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерімен «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және бірлескен барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;»;
6) тармақшадағы «жүргiзуге келiсiмшарттар жасалады.» деген сөздер «жүргізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерінде барлау жөніндегі операцияларды жүргізуге;
8) осы Заңның 10-бабының 5-тармағында белгіленген жағдайда техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу немесе өзге де пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге келiсiмшарттар жасалады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Барлауға арналған келісімшарт осы баптың 2-тармағында көзделген конкурсты өткізбей және тікелей келіссөздер жүргізбей, келісімшарттық аумақты осы Заңның 70-1-бабында көзделген тәртіппен өзгерту нәтижесінде одан бөлінетін жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) қатысты құзыретті органның рұқсаты негізінде жасалуы мүмкін.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Барлаумен немесе өндiрумен байланысты және барлау және (немесе) өндiру жөніндегі бекітілген жобалау құжаттарында көзделген жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру талап етiлмейдi.»;
19) 36-бапта:
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғаның, егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымда болатын акцияларын немесе акцияларға меншік құқығын растайтын өзге де бағалы қағаздарын не акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын иеліктен шығару жөнінде мәмілелер жасауға;»;
7-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын өз мұқтажын қанағаттандыру үшiн өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру қойнауында кең таралған пайдалы қазбалар немесе жерасты сулары бар жер учаскесiн жеке меншiкке немесе жер пайдалануға берумен бiр мезгiлде жүргiзiледi. Жер учаскесiн уақытша жер пайдалануға беру кезiнде кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын өз мұқтажын қанағаттандыру үшiн пайдалану шарттары уақытша жер пайдалану туралы шартта көзделуi мүмкiн.
Кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын өз мұқтажын қанағаттандыру үшiн өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының рұқсаты талап етiлмейдi.»;
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру келiсiмшартқа тиiстi өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу қажеттiгiне әкеп соғады және осындай өзгерiстер және (немесе) толықтырулар тiркелген кезден бастап жасалды деп есептеледi. Құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiнде азаматтық-құқықтық мәмiле жасасу фактiсi болмаған кезде не жер қойнауын пайдаланушының құзыреттi органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат беру үшін негіз болған анық емес ақпарат беру фактiсi анықталған кезде не осы баптың 8 және 9-тармақтарының ережелерi сақталмаған кезде келiсiмшартқа өзгерістер мен толықтыруларды тiркеуден бас тартуға құқылы.»;
20) 37-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешiмдерге ықпал ету мүмкiндiгi бар заңды тұлғаның жарғылық капиталының жалпы мөлшерi туралы және қатысушыларының құрамы, акцияларға меншiк құқығын растайтын не акцияларға айырбасталатын шығарылған бағалы қағаздарының жалпы саны, қатысушылары акцияларының жалпы саны мен пакеттерiнiң пайыздық арақатынасы туралы мәлiметтердi;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) тарату қоры берілген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы беретін тарату қорының мөлшері туралы мәліметтерді;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Құзыреттi орган осы баптың 2-тармағында көзделген өтініш пен құжаттар алынған, ал стратегиялық маңызы бар жер қойнауы, кен орындары учаскелеріне қатысты Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның хаттамасы да келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығаруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы ұсыныстар тұжырымдау үшiн қажеттi материалдарды жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сараптама комиссиясының қарауына жiбередi.»;
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Көмірсутек шикізатына жер қойнауын пайдалану құқығы келiсiмшарт күшiне енген кезден бастап екi жыл бойы берiлмейтiн болады.»;
21) 42-бап алып тасталсын;
22) 43-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттарын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Осы Заңның 64 және 65-баптарының ережелері жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде әзірленетін жобалау құжаттарына қолданылмайды.»;
23) 46-бапта:
1-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі «қалыптастырады», «тізбесін қалыптастырады» деген сөздер тиісінше «бекітеді», «тізбелерін бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жерді резервте қалдыруды Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.»;
«5. Құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы кен орындары қорларына қатысты жер қойнауына мемлекеттiк сараптама жүргiзiлгеннен және бекітілген қорлардың болуы расталғаннан кейiн ғана өндiруге конкурс өткiзеді және келiсiмшарттар жасасады.»;
24) 47-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тендер өткiзу туралы хабарламада:
1) өткiзілетін күні, уақыты мен орны, сондай-ақ өтiнiмдер беру мерзiмi мен орны;
2) тендердің негiзгi шарттары;
3) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн берiлгелi отырған жер қойнауы учаскелерiнiң орналасқан жерiн көрсету және қысқаша сипаттамасы;
4) тендерге қатысу үшiн жарна мөлшерi туралы ақпарат және оны төлеу үшін банк деректемелерi;
5) қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi;
6) кадрлардағы жергiлiктi қамтудың ең төмен мөлшері;
7) тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегi жергiлiктi қамтудың ең төмен мөлшері;
8) қазақстандық кадрларды оқытуға арналған шығындардың ең төмен мөлшерi;
9) келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажет, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшерi қамтылуға тиiс.»;
25) мынадай мазмұндағы 47-1-баппен толықтырылсын:
«47-1-бап. Аукцион өткізу туралы хабарлама
Аукцион өткiзу туралы хабарламада:
1) өткiзілетін күні, уақыты мен орны, сондай-ақ өтiнiмдер беру мерзiмi мен орны;
2) аукционның негiзгi шарттары;
3) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн берiлгелi отырған жер қойнауы учаскелерiнiң орналасқан жерiн көрсету және қысқаша сипаттамасы;
4) геологиялық ақпарат топтамасының құны;
5) аукционға қатысу үшiн жарна мөлшерi туралы ақпарат және оны төлеу үшін банк деректемелерi;
6) қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi;
7) кадрлардағы жергiлiктi қамту мөлшері;
8) тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегi жергiлiктi қамту мөлшері;
9) қазақстандық кадрларды оқытуға арналған шығындар мөлшерi;
10) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшері;
11) келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажет, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшерi қамтылуға тиiс.
Осы баптың 3), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген аукцион шарттары, сондай-ақ аукцион қорытындылары бойынша айқындалған қол қойылатын бонус мөлшері келісімшартқа енгізіледі.
Аукцион шарттарын жариялау күні мен оны өткізу күні арасындағы мерзім үш айдан аспауға тиіс.»;
26) 48-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Аукционға қатысуға арналған өтінімде:
1) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған аукционға қатысу өтінімін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы өндіру салалары қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруға қатысты өтінім берушінің Өзара түсіністік туралы меморандумға қосылу жөніндегі міндеттемелері де;
2) өтінім берушінің осы Заңның 47-1-бабының 3), 7), 8) 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген аукцион шарттарына және оларды аукцион жеңімпазымен жасалатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа енгізуге келісімі де қамтылуға тиіс.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы конкурсқа қатысуға берiлген өтiнімнiң қабылданғаны және қатысуға жіберілгені туралы өтінім берушіні:
тендерге қатысуға өтінімдер қабылдау аяқталған күннен бастап бір ай мерзімде;
аукционға қатысу үшін өтінімдер беру мерзімі аяқталған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми түрде хабардар етеді.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Аукционға қатысуға өтінім берген тұлға аукцион өткізілетін күнге дейін оған қатысудан бас тартуға және өз өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.»;
27) 49-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Конкурсқа қатысуға жіберілген өтінім берушіге жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган өтінім беруші өтініш жасағаннан кейін бір ай ішінде шығарылатын жер қойнауы учаскесi бойынша геологиялық ақпарат топтамасын ақыға бередi.
Геологиялық ақпарат топтамасының құны тарихи шығындар мөлшері негізге алынып айқындалады. Геологиялық ақпарат топтамасын сатып алу үшін төленген сома қайтарылуға жатпайды.»;
28) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«50-бап. Тендерге қатысу үшін конкурстық ұсыныс
1. Тендерге қатысуға жiберiлген өтiнім берушi тендер шарттарында белгiленген мерзiмдерде барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныс жасайды.
2. Құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тендер жарияланған күннен бастап үш ай ішінде тендерге қатысушылар ұсынатын конкурстық ұсыныстарды қабылдайды.
Конкурстық ұсыныс ұсынған тендерге қатысушының конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталған күннен бастап оны кері қайтарып алуға немесе өзгертуге құқығы жоқ.
3. Конкурстық ұсыныста:
1) қол қойылатын бонустың ұсынылатын мөлшері;
2) мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растайтын құжаттар (жеке қаражат, банктер кепілдігі);
3) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшері;
4) қазақстандық кадрларды оқыту мен олардың біліктілігін арттырудың міндетті бағдарламаларының іске асырылуына қарай өсіп отыруға тиіс кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелер;
5) қазақстандық кадрларды оқыту жөніндегі міндеттемелер;
6) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажет тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелер;
7) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажет, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері;
8) кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды қоспағанда, келісімшартқа қол қойылғанға дейін Қазақстан Республикасындағы өндіру салалары қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруға қатысты Өзара түсіністік туралы меморандумға қосылу жөніндегі міндеттемелер;
9) геологиялық ақпаратты сатып алғаны үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қамтылуға тиіс.
Тендерді өткізу туралы хабарламада тендерге қатысушы Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделуін қамтамасыз етуге міндеттенетін минералдық шикізаттың ең төмен мөлшері белгіленген жағдайда конкурстық ұсыныс осындай талапқа сәйкес келуге тиіс.
Жоғарыда көрсетілген, сондай-ақ осы Заңның 47-бабы 2-тармағының 2), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін конкурстық ұсыныс қабылданбауға тиіс.
4. Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен ниеттер келісімшартқа енгізіледі.»;
29) 51-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) конкурстық ұсыныс тендер шарттарына сәйкес келмегенде;»;
30) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«52-бап. Тендер қорытындыларын шығару
1. Тендер жеңiмпазы конкурстық ұсыныстарды қарау қорытындылары:
1) қол қойылатын бонустың мөлшерi;
2) өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшерi бойынша айқындалады.
2. Кең таралғандардан басқа пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныстар ұсынған өтiнiм берушiлер арасынан тендер жеңiмпазын Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссия айқындайды.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныстар ұсынған өтiнiм берушiлер арасынан тендер жеңiмпазын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстық комиссия айқындайды.
3. Тендер қорытындыларын шығару Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссияның (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстық комиссияның) қатысып отырған барлық мүшелерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
Тендер қорытындыларын шығару мерзiмi конкурстық ұсыныстарды беру мерзiмi аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен аспауға тиiс. Тендер қорытындыларын шығару мерзiмi Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссияның (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстық комиссияның) шешiмi бойынша, бiрақ ол бiр айдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн.
4. Тендер қорытындыларына оған қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.
5. Тендер жеңiмпазымен келiсiмшарт осы Заңда белгiленген тәртiппен және шарттарда жасалады.
6. Тендер нәтижелерi тендер қорытындылары шығарылған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей ресми баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялануға жіберілуге, сондай-ақ тендер өткiзетiн мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурсында орналастырылуға тиiс.»;
31) мынадай мазмұндағы 52-1-баппен толықтырылсын:
«52-1-бап. Аукционды ұйымдастыру және өткізу
1. Аукционды Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссия, ал кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты - кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi өңірлік конкурстық комиссиялар ұйымдастырады және өткізеді.
2. Аукционға оған қатысуға жіберілген және аукцион өткізілетін күнге оған қатысушы ретінде тіркелген кез келген өтінім берушілердің қатысуға құқығы бар.
3. Қол қойылатын бонустың ең көп мөлшерін ұсынған қатысушы, ол үш рет жарияланғаннан кейін аукционға басқа қатысушылардан оны арттыратын ұсыныстар келіп түспесе, аукцион жеңімпазы болады.
4. Аукцион нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады және Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссияның (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстық комиссияның) қатысып отырған барлық мүшелерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
5. Аукцион қорытындыларына оған қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.
6. Аукцион жеңiмпазымен келiсiмшарт осы Заңда белгiленген тәртiппен және шарттарда жасалады.
7. Аукцион нәтижелерi аукцион қорытындылары шығарылған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей ресми баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялануға жіберілуге, сондай-ақ аукцион өткiзетiн мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурсында орналастырылуға тиiс.»;
32) 53-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия мынадай жағдайларда:»;
2) тармақшадағы «жіберілгенде;» деген сөз «жіберілгенде өтпеді деп таниды.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты қабылданған конкурстық ұсынысы бар, конкурсқа жіберілген жалғыз қатысушы болмаған жағдайда ғана өтпеді деп таниды.»;
33) 54-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) конкурс шарттарын өзгерту және конкурсты қайтадан өткiзу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдауы мүмкiн.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер конкурс осы Заңның 53-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша өтпедi деп танылған жағдайда, конкурсты қайтадан өткізу кезiнде конкурсқа қатысу үшін жарна және геологиялық ақпарат топтамасы берілгені үшін төлем өтпеген конкурс барысында көрсетілген сомаларды төлеген өтінім берушіден алынбайды.
4. Егер қайталама тендер бiр ғана жіберілген қатысушының болуы себебінен өтпедi деп танылған жағдайда, құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы осындай конкурстық ұсыныс берген тендерге қатысушымен конкурстық ұсыныста жазылғаннан нашар болмайтын шарттарда тiкелей келiссөздер арқылы келiсiмшарт жасасуға міндетті.»;
34) 55-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктегі «мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) құзыреттi органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына оның конкурсқа қатысуға жіберу немесе конкурс жеңiмпазы туралы шешiмiне әсер еткен көрiнеу жалған ақпарат беру фактiсiнiң анықталуы;»;
35) 56-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Барлауға арналған келiсiмшарт негiзiнде коммерциялық табумен байланысты өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн берiлетiн жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, тiкелей келiссөздер негiзiнде, кең таралғандардан басқа, пайдалы қазбаларды барлау, өндiру, бiрлескен барлау мен өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн берiлетiн жер қойнауы учаскелерiн және барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін учаскелерді құзыреттi орган айқындайды.»;
36) 57-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Барлау үшін оңайлатылған тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізудің тәртібі мен шарттары осы Заңның 57-1-бабында айқындалған.»;
37) мынадай мазмұндағы 57-1-баппен толықтырылсын:
«57-1-бап. Барлау үшін оңайлатылған тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізудің тәртібі мен шарттары
1. Барлау үшін оңайлатылған тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығы аз зерттелген жер қойнауы учаскелеріне беріледі.
Барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскесі он блоктан аспауға тиіс, олардың әрқайсысы координаттардың географиялық жүйесінде бір минутқа тең.
2. Барлау үшін оңайлатылған тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін өтінім беруші құзыретті органға өтінім жібереді, онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, мемлекеттік тиесілігі, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және салық органдарында тіркелуі туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшеріне шаққанда) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім беруші заңды тұлғаның басшылары және қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы заңды тұлға бағалы қағаздарының айналысы туралы осындай қағаздардың жалпы саны көрсетілген мәліметтер, өтінім берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтер;
2) өтінім беруші үміттеніп отырған, блоктар түрінде ұсынылған жер қойнауы учаскесін көрсету;
3) өтінім берушіде үлгілік келісімшарт жасалғаннан кейін алғашқы жылы ішінде сұралып отырған учаске шегінде орындалуы қажет шығындар мен жұмыс түрлерінің ең төмен мөлшері туралы талаптарды орындау үшін жеткілікті ақшаның бар екендігі туралы банк кепілдігі немесе өзге де растау.
Өтінімге салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларымен бір мезгілде құжаттардың көшірмелері не өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын, нотариат куәландырған көшірмелер, сондай-ақ қол қойылған үлгілік келісімшарт қоса беріледі.
Үлгілік келісімшарт нысанын құзыретті орган бекітеді және онда мынадай негізгі ережелер қамтылуға тиіс:
1) жыл сайын өсіп отыратын төлемдер түрінде ұсынылған, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшері;
2) қол қойылатын бонусты төлеу жөніндегі міндеттемелер;
3) үлгілік келісімшарт қолданылатын бүкіл кезеңде бір блок шегінде орындалуы қажет, жылдар бойынша шығындар мен жұмыс түрлерінің ең төмен мөлшері.
3. Құзыретті орган ресми интернет-ресурста:
1) өтінім берушінің атауын;
2) сұралып отырған учаскенің координаттарын;
3) өтінім берілген уақытты көрсете отырып, берілген өтінімдер туралы мәліметтерді орналастырады.
4. Егер құзыретті органның ресми интернет-ресурсында берілген өтінім туралы мәліметтер орналастырылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сұралып отырған учаскеге біреуден артық өтінім қосымша берілген жағдайда, онда мұндай учаске бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы осы Заңда аукцион үшін көзделген тәртіппен беріледі.
5. Өтінім құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Өтінімді қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтінімді қабылдайды немесе оны қабылдамайды.
Өтінім мынадай жағдайларда:
1) егер сұралып отырған учаске көлемі бойынша осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулерден асып кетсе;
2) егер сұралып отырған учаскеде немесе оның бір бөлігінде бұрын өтінім берушімен немесе оның үлестес тұлғасымен осы Заңның 72-бабында көзделген негіздер бойынша құзыретті органның бастамасымен барлауға арналған келісімшарт біржақты тәртіппен бұзылған болса, бұл ретте бұзылған күннен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе;