Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 6 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
32-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер жер учаскесi жер қойнауын пайдалануға лицензияны немесе келiсiмшарт жасасуды талап ететiн қызметтi жүзеге асыруға немесе iс-қимылдар жасауға арналса, онда осы учаскеге жер пайдалану құқығын табыстау жер қойнауын пайдалануға тиiстi лицензия алынғаннан немесе келiсiмшарт жасалғаннан кейін жүргізіледі.
Осы қағида Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісіне сәйкес үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жобалау компаниясына жер учаскесі құқығын беру жағдайларына қолданылмайды.
Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес құзыретті орган ұлттық компаниямен жасасатын келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шарты негізінде сенімгерлік басқарушыға қайта ресімделеді.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың немесе осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартының болуы жер учаскесiн дереу ресiмдеу үшiн негiз болып табылады.».
2. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 108-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Атмосфералық ауаны және су, жер ресурстарын белгiленген нормативтерден тыс ластаудан, жер қойнауын заңсыз пайдаланудан, сондай-ақ өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын, оның iшiнде радиоактивтi қалдықтарды белгiленген нормативтерден тыс орналастырудан келтiрiлген залалды экономикалық бағалау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн қағидаларға сәйкес тікелей немесе жанама әдiстермен айқындалады.»;
2) 114-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының сақталуына;»;
3) 218-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«218-бап. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiз
1. Жобалау құжаттамасына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiз болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік экологиялық сараптамаға барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын ұсынуға міндетті, оған жоспарланатын қызметтiң қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiне баға беру енгізілуге және ол «Қоршаған ортаны қорғау» бөлiмiн қамтуға тиіс.»;
4) тармақшаның екінші - төртінші абзацтары 2011 ж. 29 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 286-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы тараудың күші:
1) пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде түзілген, олармен жұмыс істеу Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасымен реттелетін техногендік минералдық түзілімдерге;
4) тармақшаның бесінші абзацы 2011 ж. 19 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
2) радиоактивті қалдықтарға;
3) беткі қабаты эффузивті және интрузивті әртүрлі жастағы шөгінді жыныстарға (аршынды жыныстарға) қолданылмайды.»;
5) 321-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) табиғи ресурстарды заңсыз және ұтымсыз пайдаланудың;».
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 308-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын;
2) 323-баптың 1) тармақшасындағы «317-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында» деген сөздер «319-бабының 2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 331-баптағы «жеке келісімшарт шеңберінде техногендiк минералды құралымдардан» деген сөздер «жекелеген келісімшарт шеңберінде мемлекеттік меншік болып табылатын техногендiк минералдық түзілімдерден» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 337-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы бөлімнің мақсаттары үшін, салық кезеңі ішінде нормаланған ысыраптардың көлемі шегеріле отырып, минералдық шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының көлемі айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемі болып табылады.
Нормаланған ысыраптардың көлемі осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекіткен кен орнын игерудің техникалық жобасы негізінде белгіленеді.»;
5) 338-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) құрамында бір мезгілде осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар және пайдалы қазбалардың басқа да түрлері бар минералдық шикізат;»;
6) тармақша 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 495-баптың 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с № | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 тонна үшін | 1 гигабек-керель (Гбк) үшін |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін: | | |
1.1. | Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы) | 0,19 | |
1.2. | Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар: | | |
1.2.1. | «қызыл» тізім | 7 | |
1.2.2. | «жақұт» тізім | 4 | |
1.2.3. | «жасыл» тізім | 1 | |
1.2.4. | сыныпталмағандар | 0,45 | |
1.3. | Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар: | | |
1.3.1. | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | | |
1.3.1.1. | аршынды жыныстар | 0,002 | |
1.3.1.2. | жанас таужыныстары | 0,013 | |
1.3.1.3. | байыту қалдықтары | 0,01 | |
1.3.1.4. | шлактар, шламдар | 0,019 | |
1.3.2. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар | 0,019 | |
1.3.3. | күл мен күлшлактар | 0,33 | |
1.3.4. | ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,001 | |
2. | Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк): | | |
2.1. | Трансуранды | | 0,38 |
2.2. | Альфа-радиоактивті | | 0,19 |
2.3. | Бета-радиоактивті | | 0,02 |
2.4. | Шынақты радиоактивті көздер | | 0,19 |
»;
«7. Мынадай коэффициенттер:
1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссиялар көлемі үшін табиғи монополиялар субъектілеріне және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдарына осы бапта белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне:
2-тармақта - 0,3 коэффициенті;
5-тармақта - 0,43 коэффициенті;
6-тармақтың 1.3.3.-жолында - 0,05 коэффициенті;
2) тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналатын тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондарға 6-тармақтың 1.1.-жолында белгіленген төлемақы мөлшерлемесіне 0,2 коэффициенті қолданылады.».
4-тармақ 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
44-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған» деген сөздер «әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) аз зерттелген жер қойнауы учаскелері - болжамды ресурстарының перспективалары алдын ала бағаланған жер қойнауы учаскелері;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) айналыстан шыққан қорлар - өндiру процесiнде түзiлетiн іс жүзіндегі ысыраптарды қоса алғанда, өндiрiлген және мемлекеттік баланстан шығарылатын пайдалы қазбалар қорларының көлемі;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) аукцион - аукционға қатысуға өтінім берген конкурсқа қатысушылар арасынан жеңімпазды айқындаудың оңайлатылған рәсімі;»;
3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бағалау жұмыстары - табылған кен орнын бағалау, қорларды өнеркәсіптік санаттар бойынша есептеу және оны өнеркәсіптік игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негiздеу мақсатында жүргiзiлетiн геологиялық-барлау жұмыстарының сатысы;
4) бағалау жұмыстарының жобасы - пайдалы қазбалардың перспективті учаскелері мен көрініс-белгілері табылған жағдайда барлау жүргізу кезінде жасалатын, анықталған кен орнының өнеркәсiптiк маңызын геологиялық-экономикалық бағалау, қорларды есептеу және оны өнеркәсiптiк игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негiздеу үшiн қажетті және жеткілікті ақпарат алуға бағытталған геологиялық-барлау жұмыстарының әдiстемесiн, түрлері мен көлемiн белгiлейтiн жобалау құжаты;
5) барлау - пайдалы қазбалар кен орындарының өнеркәсіптік маңызын бағалай отырып, оларды іздеумен және геологиялық зерттеумен байланысты жұмыстар (операциялар);»;
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) барлауға арналған үлгілік келісімшарт - барлау құқығы осы Заңға сәйкес оңайлатылған тәртіппен берілетін тұлғамен құзыретті орган бекітетін нысан бойынша жасалатын келісімшарт;
5-2) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану - барлау және (немесе) өндіру жөніндегі жұмыстардың нәтижесінде түзілетін, барлауға және (немесе) өндіруге арналып бекітілген жобалау құжатына сәйкес өндірістік қалдықтарды көмуге және жиып қоюға арналған жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;»;
8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) геологиялық ақпарат - жер қойнауы мен олардың учаскелерінің, кен орындары мен пайдалы қазбалар денелерінің заттай құрамы, геологиялық құрылысы және тарихы, геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық және тектоникалық ерекшеліктері туралы табиғи және жасанды (қағаз, электрондық) және басқа да жеткізгіштердегі ақпаратты қамтитын материалдардың жиынтығы, келісімшарттық аумақтағы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы мәтіндік, картографиялық және техникалық құжаттама түріндегі мәлiметтер;
9) геологиялық бөлу - барлауға, өндіруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын, жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргiзуге құқылы жер қойнауы учаскесiн схемалық және сипаттамалық тұрғыдан айқындайтын қосымша;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) есепке алудың бақылау аспаптары - мұнайды өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеп-жөнелту, оның ысырабы, оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету көлемдерін өлшеуді, сондай-ақ мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің операторына ақпаратты нақты уақыт режимінде беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғылар кешені;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) жер қойнауы - топырақ қабатынан төмен орналасқан, ал топырақ қабаты жоқ кезде - жер бетінен және теңіздердің, көлдердің, өзендердің және басқа да су айдындарының түбінен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке дейін созылып жатқан жер қыртысының бөлігі;»;
13) тармақшадағы «жер қойнауындағы» деген сөздер алып тасталсын;
16), 17), 24), 26), 29), 31) және 33) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануға, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде олардың ластануын болғызбауға, осы операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайтуға, сондай-ақ жер қойнауын заңсыз пайдалануды анықтауға және оның жолын кесуге бағытталған іс-шаралар, оның ішінде бақылау iс-шаралары жүйесi;
17) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу - кешенді геологиялық ақпарат алу және жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізін құрайтын мемлекеттік геологиялық карталар жасау мақсатында жүйелі өңірлік геологиялық зерттеулер, геологиялық-түсіру жұмыстары; iздеу, iздеу-бағалау және іздеу-барлау жұмыстары; жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер; жер қойнауы жай-күйiнiң мониторингi; өздігінен ағып жататын гидрогеологиялық және мұнай ұңғымаларын жою мен консервациялау;»;
«24) Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссия - конкурс өткізу және оның жеңімпазын айқындау мақсатында құзыретті орган құратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;»;
«26) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық-экономикалық негіздеме - тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілердің мүмкіндіктері мен ұсыныстары міндетті түрде ескеріле отырып, кен орнын игеру жобасының геологиялық, техникалық және экономикалық параметрлерін және оны іске асырудың экономикалық тұрғыдан орындылығын бағалауды қамтитын құжат;»;
«29) жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы - пайдалы қазбалардың қорлары туралы, сондай-ақ жер қойнауының басқа да қасиеттері туралы ақпаратқа оларды жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансына қою кезінде қолдану мүмкіндігіне арналған кешенді сараптама;»;
«31) жобалау құжаттары - экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық талаптар және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптары ескерiле отырып, геологиялық-барлау жұмыстарының, пайдалы қазбалар кен орындарын бағалаудың және игерудiң әдістемесін, техникалық жағдайлары мен технологиялық көрсеткiштерiн қамтитын құжаттар;»;
«33) жұмыс бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi шегінде инвестициялық жобалау көрсеткіштерін орындау жөніндегі міндеттемелерін қамтитын құжат;»;
мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:
«37-1) кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары - қауіпті өндірістік объектілері бар жер қойнауын пайдаланушыларға ұдайы, тәулік бойы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін, қызмет көрсетілетін объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын, сондай-ақ аварияларды және олардың салдарларын оқшаулау және жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін өз бөлімшелерінің дереу баруын жүзеге асыратын қызметтер және (немесе) ұйымдар;»;
39) және 41) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«39) келiсiмшарттық аумақ - жер қойнауын пайдаланушы келiсiмшартқа сәйкес келетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге құқылы болатын, геологиялық және (немесе) тау-кендiк бөлумен айқындалатын аумақ;»;
«41) кен орны - қорлары барлау жүргізу нәтижесінде есептелген және (немесе) бағаланған, құрамында табиғи шоғырланған пайдалы қазбасы (пайдалы қазбалары) бар жер қойнауының бөлігі;»;
мынадай мазмұндағы 54-1), 60-1) және 60-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«54-1) конкурс - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасуға құқығы бар жеңімпазды айқындауға арналған тендер немесе аукцион;»;
«60-1) қаржылық міндеттемелер - жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген ақшалай мәндегі міндеттемелері;
60-2) қатты пайдалы қазбалар - кең таралған пайдалы қазбаларды және көмірсутек шикізатын қоспағанда, жер қойнауында қатты күйде болатын табиғи минералдық түзілімдер;»;
67, 70) және 71) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«67) Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия - мемлекеттің иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы мәселелерді қарау және ұсынымдарды тұжырымдау мақсатында құзыретті орган құратын консультативтік-кеңесші орган;»;
«70) минералдық шикiзатты қайта өңдеу - минералдық шикiзаттан пайдалы компоненттерді алумен байланысты жұмыстар, сондай-ақ минералдық шикiзатты бастапқы қайта өңдеуден кейiнгi (бастапқы қайта өңдеу болған кездегі) жұмыстар;
71) модельдік келісімшарт - келісімшарттардың жекелеген түрлерінің ерекшеліктері, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың жекелеген түрлерін жүргізу көрсетілетін және келісімшарттар жобаларын әзірлеу кезінде негіз ретінде пайдаланылатын, құзыретті орган бекітетін үлгілік келісімшарт;»;
мынадай мазмұндағы 75-1), 75-2), 75-3), 76-1) және 76-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«75-1) мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің операторы - дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі, мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы заңды тұлға;
75-2) мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесі - мұнайды өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеп-жөнелту, оның ысырабы, оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету көлемдері туралы ақпаратты қамтитын жүйе, сондай-ақ мұндай ақпаратты жинауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар;