75-3) мұнайдың теңізге төгілуі - теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыру, мұнайды тасымалдау және (немесе) сақтау кезінде теңіздің мұнаймен ластануы;»;
«76-1) мұнайды өндіру және оның айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер - мұнайды өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеп-жөнелту, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
76-2) міндеттемелердің физикалық көлемі - жұмыс бағдарламасында көзделген жұмыс түрлері мен көлемдері бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері;»;
79) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«79) өндіру - минералдық шикізатты бастапқы қайта өңдеуді және уақытша сақтауды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығарумен, сондай-ақ мемлекеттік меншік болып табылатын техногендік минералдық түзілімдерден алумен байланысты жұмыстардың (операциялардың) бүкіл кешені;»;
мынадай мазмұндағы 79-1) тармақшамен толықтырылсын:
«79-1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар - жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамыту және ұстап тұру шығыстары, сондай-ақ ол осы мақсаттар үшін мемлекеттік бюджетке аударатын қаражат;»;
85) тармақша алып тасталсын;
90), 97), 100) және 101) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«90) тарату қоры - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың салдарларын жою үшiн жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банкте арнаулы депозиттік шотта жинақтайтын ақша;»;
«97) тау-кендiк бөлу - өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын, шегінде жер қойнауын пайдаланушы өндiрудi, барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзуге құқылы болатын жер қойнауы учаскесiн графикалық және сипаттамалық тұрғыдан айқындайтын құжат;»;
«100) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру - минералдық шикізаттың қасиеттері және кендердің типтері, оларды жер қойнауынан алудың тау-кендік-геологиялық жағдайлары мен қайта өңдеу технологиясы туралы қосымша ақпарат алу, тау-кен жабдығы мен кен орнын пайдалану тәсілін таңдау мақсатында табылған кен орнын бағалау сатысында жүргізілетін пайдалы қазбалар өндіру;
101) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы - қатты пайдалы қазбаларды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді жүргізу үшін жасалатын және минералдық шикізатты бастапқы қайта өңдеуді қоса алғанда, кен орнын барлауды аяқтау және оны өнеркәсіптік игерудің жобасын жасау үшін қажетті және жеткілікті геологиялық-барлау, тау-кен және өндіру жұмыстарының әдістемесін, түрлері мен көлемін белгілейтін жобалау құжаты;»;
мынадай мазмұндағы 101-1) тармақшамен толықтырылсын:
«101-1) тендер - конкурстық ұсыныстар берген конкурсқа қатысушылар арасынан жеңімпазды айқындау рәсімі;»;
109), 111), 113), 115) және 119) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«109) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі - индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;»;
«111) шикі мұнай - қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезінде жер қойнауынан сұйық күйінде алынатын, оның ішінде табиғи газдан табиғи конденсаттау жолымен түзілген, үлес салмағына қарамастан кез келген көмірсутектер;»;
«113) іздеу жұмыстарының жобасы - барлау жүргізу кезінде жасалатын, пайдалы қазбалардың перспективті учаскелері мен көрініс-белгілерін анықтау және контурлау, болжамды ресурстарды айқындау, оларды алдын ала геологиялық-экономикалық бағалау және одан әрі геологиялық-барлау жұмыстарын негіздеу мақсатында келісімшарттық аумақ шегінде жер қойнауын тиімді, ұтымды және кешенді зерттеуді қамтамасыз ететін геологиялық-барлау жұмыстарының әдістемесін, түрлері мен көлемін айқындайтын жобалау құжаты. Іздеу жұмыстарының жобасында іздеу жұмыстарын жылдар бойынша қаржыландыру көлемдері көрсетіледі;»;
«115) ілеспе газды қайта өңдеу - ілеспе газды тауарлық өнімге дейін жеткізу жөніндегі технологиялық процесс;»;
«119) электрондық сатып алу жүйесі - сатып алуды ұйымдастырушылар (жер қойнауын пайдаланушы немесе жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін пайдаланатын, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп бекітетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес құрылатын және пайдаланылатын электрондық ақпараттық жүйе.»;
2) 10-бапта:
3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. 1992 жылғы 30 мамырға дейін қоймаға қойылған немесе минералдық ресурстардың мемлекеттік қорына енгізілген техногендік минералдық түзілімдер, сондай-ақ 1992 жылғы 30 мамырдан кейін қоймаға қойылған техногендік минералдық түзілімдердің құрамындағы пайдалы қазбалар пайдалы қазбаларды өндіру салығы және (немесе) роялти төленбеген көлемде мемлекеттік меншік болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерден әкелінген минералдық шикізаттан түзілген, сондай-ақ 1992 жылғы 30 мамырдан кейін қоймаға қойылған техногендік минералдық түзілімдер олардың құрамындағы пайдалы қазбалармен бірге пайдалы қазбаларды өндіру салығы және (немесе) роялти төленген көлемде жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
5. Мемлекеттік меншіктегі техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу немесе өзге де пайдалану құзыретті органмен немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен осы Заңның 9-1-тарауында көзделген тәртіппен жасалатын келісімшарт негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік меншіктегі техногендік минералдық түзілімдерден алынған пайдалы қазбаларға меншік құқығы келісімшартта айқындалады.
6. Минералдық шикізат, техногендік минералдық түзілімдер немесе пайдалы қазбалар өзіне меншік құқығымен тиесілі жер қойнауын пайдаланушы минералдық шикізатқа, техногендік минералдық түзілімдерге немесе пайдалы қазбаларға иелік етуге, оларды пайдалануға және оларға билік етуге, оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға құқылы.
Техногендiк минералдық түзiлiмдер полигондарын жабуға және оларды рекультивациялауға байланысты жағдайларды қоспағанда, техногендік минералдық түзілімдерді жиып қою орындарында өзге де қалдықтарды орналастыруға тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт талаптарында көзделген пайдалы қазбаларды өндіру кезінде минералдық шикізаттың құрамындағы ілеспе пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыруы осындай келісімшарт шеңберінде өндіру деп танылады.»;
3) 11-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Геологиялық ақпаратқа меншiк құқығы, оны пайдалану және беру тәртiбi»;
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Геологиялық ақпарат, егер ол мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен алынса - мемлекеттік меншiкте және егер ол жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебiнен алынса, келісімшарттың қолданылуы кезеңінде жер қойнауын пайдаланушының меншiгiнде болады.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қаржыландыру көзiне қарамастан, жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпарат мемлекет меншігіне міндетті түрде өтеусіз берілуге жатады. Геологиялық ақпаратты есепке алуды, сақтауды, жүйелеуді және жинақтап қорытуды жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган өзі бекiткен тәртiпке сәйкес жүзеге асырады.
3. Геологиялық ақпарат өтеулі немесе өтеусіз негiзде пайдалануға берiледi.
Геологиялық ақпарат:
1) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жер қойнауын геологиялық зерттеумен байланысты жұмыстарды жүргiзетiн тұлғаларға;
2) ғылыми зерттеулер мемлекеттiк бюджеттен және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектілері болып табылатын ұлттық компаниялардың немесе олардың еншілес ұйымдарының қаражатынан қаржыландырылатын жағдайларда ғылыми мақсаттар үшiн;
3) мемлекеттiк, сондай-ақ аккредиттелген жекеше оқу орындарына - оқу мақсаттарында;
4) мемлекеттiк органдарға;
5) мемлекеттік геологиялық тапсырма бойынша өз қаражаты есебінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді орындайтын ұлттық компанияларға өтеусіз негiзде пайдалануға берiледi.
Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауы туралы ақпарат ақылы негізде беріледі. Жер қойнауы туралы ақпаратты беру шарттарына қарамастан, оны көшіру жөніндегі шығыстарды ақпаратты алушы бөлек өтейді.
Мемлекеттік меншіктегі геологиялық ақпаратты оқу мақсатында, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге әкету қағидаларын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жер қойнауын пайдаланудан бос жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпарат Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақталған кезде мүдделі тұлғаның сұрау салуы негізінде танысу үшін беріледі.»;
5-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпарат блоктарға бөлінуге тиіс.»;
4) 12-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауын пайдаланушы мәмiлелер жасау кезiнде қолданатын пайдалы қазбалардың бағалары туралы ақпарат болмаған жағдайда, мемлекеттің пайдалы қазбаларды сатып алуы жөнiнде мәмiле жасалған күнi әлемдiк нарықтарда қалыптасқан бағалардан аспайтын бағалар, көлік шығыстары және өткізуге арналған шығындар шегеріле отырып қолданылады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы, кен орындары учаскелерінде жер қойнауын пайдалануға жаңадан жасалатын, сондай-ақ бұрын жасалған келiсiмшарттарда ел экономикасының ресурстық-энергетикалық негiзiн сақтау және нығайту үшiн келiсiмшарттың басқа тарапы немесе жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның қатысушылары және басқа да тұлғалар алдында өтеулі және өтеусіз негiздер бойынша иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектiлердi сатып алуға мемлекеттiң басым құқығы бар.»;
5) 13-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жер қойнауын пайдалану құқығына және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіге ие тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару ниеті болған жағдайда мемлекет ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компания немесе уәкілетті мемлекеттік орган арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алудың басым құқығына ие болады.
Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық компанияның сатып алуына Қазақстан Республикасының басым құқығын іске асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық компанияның сатып алуы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан шешімді құзыретті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес белгіленген тәртіппен қабылдайды.»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару туралы өтініш қазақ және орыс тілдерінде жасалуға, осы Заңның 37-бабының 2-тармағында белгіленген мәліметтерді қамтуға тиіс және оны құзыретті органға бергеннен кейін үш ай ішінде кері қайтарып алуға немесе қайта қарауға жатпайды.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектіні сатып алуды жүзеге асыру ниеті туралы мәлімдеген, ұлттық басқарушы холдингтің немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компанияның осындай сатып алуы туралы ұсынымдарды тұжырымдаған жағдайда, Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құзыретті органға ұлттық басқарушы холдингті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компанияны мемлекет атынан осындай сатып алушы ретінде айқындау ұсынымын жасайды.»;
8-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектіні сатып алу туралы құзыретті органның шешімін алғаннан кейін ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компания немесе уәкілетті мемлекеттік орган жер қойнауын пайдаланушымен немесе жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектіге ие тұлғамен келіссөздер процесіне бастамашы болады.
Ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компанияның немесе уәкілетті мемлекеттік органның иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектіні сатып алуы басқа өтініш берушілер ұсынғандардан нашар болмайтын жағдайларда жүзеге асырылады.»;
6) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
«14-1-бап. Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелері, кен орындары
Қазақстан Республикасының орнықты дамуын және елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жекелеген жер қойнауы учаскелері, кен орындары стратегиялық деп танылады.
Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін, сондай-ақ оларды осыларға жатқызу критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
7) 16-бапта:
11) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық компаниялар қызметінің аражігін ажыратуды бекітеді;»;
58) тармақша алып тасталсын;
8) 17-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін кен орны бойынша материалдарды (нүктелердің географиялық координаттарын) қоса бере отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру қажеттігі туралы хабарлама жіберу;»;
4), 5) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшартты қоспағанда, тікелей келіссөздер негізінде келісімшарт жасасатын тұлғамен немесе конкурс жеңімпазымен барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың талаптары туралы келiссөздер жүргiзу;
5) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған жобалау құжаттарын қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;»;
«14) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерiнің тiзбелерiн әзiрлеу және бекіту;»;
20) тармақшадағы «келісімшарттардың жобаларын» деген сөздер «келісімшарттарды» деген сөзбен ауыстырылсын;
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын бекiту;»;
27-1) және 27-2) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 27-6), 27-7) және 27-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«27-6) келісімшарт талаптары бойынша келіссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын бекіту;
27-7) барлауға арналған үлгілік келісімшарттың нысанын бекіту;
27-8) келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару қағидаларын әзірлеуге қатысу;»;
9) 18-бапта:
1) тармақшадағы «аумағында» деген сөз «аумақтарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өзі бекіткен тәртіпке сәйкес, ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру;»;
«18) өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердi, нормативтiк техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 23-2), 23-3), 23-4), 23-5), 23-6) және 23-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«23-2) есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
23-3) өндірістік объектілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру және есепке алудың бақылау аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету тәртібін әзірлеу және бекіту;
23-4) мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
23-5) мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің операторын айқындау;
23-6) теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптар белгілеу;
23-7) Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнай төгілуінің алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды бекіту;»;
10) 19-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өз құзыреті шегінде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді, нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;»;
4), 8), 10) және 11) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) индустриялық-инновациялық қызмет субьектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану тәртібін айқындау;»;
14) тармақша алып тасталсын;
23) тармақшадағы «қайта даярлауға немесе» деген сөздер «оларды қайта даярлауға және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 25-2) тармақшамен толықтырылсын:
«25-2) кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесін айқындау;»;
11) 20-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын бередi, жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге келiсiмшарттар (шарттар) жасасады, олардың мемлекеттік тіркелуін, сақталуын және орындалу мониторингін жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпаратты өтініш берушіге пайдалануға береді;»;
10) тармақша алып тасталсын;
11) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) өз құзыретi шегiнде жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар талаптарын орындауына, оның ішінде жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарттар (шарттар) талаптарын орындауына мониторингтi және бақылауды жүзеге асырады;»;
«13) құзыреттi органға конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;»;
20), 21), 22), 23), 24) және 25) тармақшалар алып тасталсын;
28) тармақшадағы «конкурсқа шығарылуға» деген сөздер «тендерге немесе аукционға шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 32-10), 32-11) және 32-12) тармақшалармен толықтырылсын:
«32-10) Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геофизикалық, экологиялық-геологиялық және геохимиялық тұрғыдан зерттелуін есепке алу тәртібін бекітеді;
32-11) келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару қағидаларын бекітеді;
32-12) Қазақстан Республикасы пайдалы қазбаларының кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ережені бекітеді;»;
12) 22-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы, 2-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы «конкурстық ұсыныстарды», «конкурстық ұсыныстардың» деген сөздер тиісінше «аукционға қатысу үшін өтінімдерді және тендерге қатысу үшін конкурстық ұсыныстарды», «аукционға қатысу үшін өтінімдердің және тендерге қатысу үшін конкурстық ұсыныстардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 6) тармақшасындағы «конкурстық ұсынысты» деген сөздер «аукционға қатысу үшін өтінімді немесе тендерге қатысу үшін конкурстық ұсынысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған аукционға қатысу үшін өтінімдерді және тендерге қатысу үшін конкурстық ұсыныстарды уақтылы қарау және бағалау;»;
13) 25-баптың 3) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу және жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындайды;»;
«8) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын келiседi;»;
14) 27-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) осы Заңның 72-1-бабына сәйкес жасалатын келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шарты негізінде сенімгерлік басқарушыға жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды қайта ресімдеуді жүзеге асырады;»;
6) тармақшадағы «конкурсқа» деген сөз «тендерге немесе аукционға» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 28-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскелерiнде кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын өз мұқтажы үшiн тәулігіне елу текше метрден аспайтын өндіру көлемінде өндiру тұрақты және өтеусiз жер қойнауын пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.»;
16) 31-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындайтын тәртіппен және келісімшарттарда бекітілген өкілеттіктер шегінде ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіру;
3) конкурс жеңімпаздарымен бірлесе отырып, құзыретті органның шешімі бойынша келісімшарттарға үлестік қатысу жолымен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу;»;
17) 33-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының иесi тау-кендiк бөлуде айқындалған жер қойнауы учаскесi шегiнде барлау жөнiндегi операцияларды жүргiзуге құқылы. Егер өндіру жүргізілетін кен орны тау-кендік бөлуде айқындалған жер қойнауы учаскесінің шегінен шығып кетсе, жер қойнауын пайдаланушы тау-кендік бөлуде айқындалған жер қойнауы учаскесін қамтитын жаңа тау-кендік бөлуді немесе геологиялық бөлуді, сондай-ақ геологиялық зерттеуге жататын жаңа жер қойнауы учаскесін немесе учаскелерін кейіннен ала отырып, келісімшарттық аумақты кеңейтуге рұқсат алу үшін құзыретті органға өтініш жасауға құқылы. Бұл жағдайда келісімшарттық аумақты тиісінше кеңейту осы Заңның 70-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен ресімделеді. Қорлардың өсiмi болған және олар жер қойнауына мемлекеттiк сараптамамен расталған жағдайда келiсiмшартқа тараптардың жазбаша келiсiмімен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерiстер енгiзiлуге тиiс.»;