«4. Егер пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндiрудi жүргiзу кезiнде табудың немесе кен орнының географиялық шекараларының (құрлықта немесе теңiзде орналасуына қарамастан) геологиялық немесе тау-кендiк бөлуде көрсетiлген келiсiмшарттық аумақ шегiнен шығатыны анықталса, онда оны кеңейту туралы мәселенi құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндiрудi жүргiзу кезiнде, егер бұл аумақ жер қойнауын пайдаланудан бос болған жағдайда, келiсiмшарт жобасын келiсу және оны жасасу үшiн осы Заңда белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде конкурс өткiзбей-ақ, көлемі бойынша келісімшарттық аумақтың елу пайызынан аспайтын тиісті геологиялық бөлуді немесе жаңа тау-кендік бөлуді беру, сондай-ақ келiсiмшарт пен жұмыс бағдарламасының шарттарын өзгерту арқылы шешуге тиiс.»;
51) мынадай мазмұндағы 70-1-баппен толықтырылсын:
«70-1-бап. Келісімшарттық аумақты өзгерту
1. Қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға келісімшарттық аумақтан жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) бөлу арқылы оны өзгертуге рұқсат беру туралы өтініш жасауға құқылы.
Келісімшарттық аумақтан жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) бөлу бөлінетін жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) қатысты жекелеген келісімшарт жасасу және аумағынан бөлу жүргізілетін келісімшартқа тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі.
2. Келісімшарттық аумақты өзгерту туралы өтініш қазақ және орыс тілдерінде жазбаша нысанда жасалуға және:
1) өзгертілетін келісімшарттық аумақта (аумақтарда) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтерді:
заңды тұлғалар үшін - толық атауын, орналасқан жерін, мемлекеттік тиесілігін, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және салық органдарында тіркелуі туралы мәліметтерді, басшылары және олардың өкілеттіктері туралы мәліметтерді;
жеке тұлғалар үшін - тегін және атын, заңды мекенжайын, азаматтығын, жеке басын куәландыратын құжаттар, салық органдарында тіркелгені туралы мәліметтерді;
2) келісімшартты, келісімшарттық аумақты және келісімшарттық аумақтан жекелеген келісімшартқа бөлінуге жататын жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) көрсетуді;
3) келісімшарттық аумақты өзгертуді жүргізу қажеттілігін негіздейтін геологиялық, тау-кендік-техникалық, технологиялық және өзге де ақпаратты;
4) өтінішке қол қойған адамның тегін және атын, мұндай адамның өкілеттігін көрсетуді, оның жеке басын куәландыратын құжаты туралы мәліметтерді;
5) өтініште және оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген барлық мәліметтердің анықтығы туралы жер қойнауын пайдаланушының жазбаша растауын қамтуға тиіс.
Өтінішке онда көрсетілген мәліметтерді растайтын, тиісті түрде куәландырылған құжаттар (не олардың нотариат куәландырған көшірмелері) қоса беріледі.
Өтінішке қоса берілетін барлық құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берген жағдайда, әрбір құжатқа дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып, мұндай құжаттар өзге де тілде жасалуы мүмкін.
3. Келісімшарттық аумақты өзгертуге арналған рұқсатты құзыретті орган мынадай шарттар сақталған кезде береді:
1) егер сұралатын өзгерту Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзбаса;
2) егер сұралатын өзгерту жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану мақсатында жүзеге асырылатын болса.
4. Құзыретті органның келісімшарттық аумақты өзгертуге рұқсат беруі туралы мәселе мұндай өзгертудің әрбір жағдайы үшін жеке-жеке қаралады. Жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша келісімшарттық аумақты өзгертуге рұқсатты келісімшартта не өзге де актіде белгілеуге жол берілмейді.
5. Келісімшарттық аумақты өзгертуге рұқсат беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дау айтылуы мүмкін.
6. Келісімшарттық аумақ одан жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) бөлу арқылы өзгерген жағдайда, осы жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) қатысты келісімшарт аумағынан жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) бөлу жүргізілетін келісімшарт мерзімінен аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.
Жергілікті қамту жөніндегі, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар мөлшері жөніндегі, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған жұмыскерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға жіберілетін шығыстар мөлшері жөніндегі, Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері жөніндегі шарттарды қоспағанда, бөлінген жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) қатысты жасалатын келісімшарт ережелері жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) бөлу арқылы өзгертуге рұқсат беру үшін негіз болған шарттарға сәйкес келуге тиіс.
7. Келісімшарттық аумақ өзгерген жағдайда, осы келісімшарттық аумаққа қатысты жұмыс бағдарламасы, тау-кендік бөлу немесе геологиялық бөлу және жобалау құжаттамасы осы Заңда белгіленген тәртіппен өзгертуге жатады. Бөлінетін жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) қатысты жұмыс бағдарламасы, тау-кендік бөлу немесе геологиялық бөлу және жобалау құжаттамасы осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде әзірленеді.
8. Бір келісімшарт шеңберінде бір бөлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтқырлығы жоғары, су басқан, рентабельділігі төмен, дебеті аз немесе игерілген кен орындарының тізбесіне енгізілген бірнеше кен орындарында өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар құзыретті органға осындай кен орнын (кен орындарын) бөлу және осы бапта көзделген тәртіппен өндіруге арналған жекелеген келісімшарт жасасу арқылы келісімшарттық аумақты өзгерту туралы өтініш жасауға құқылы.
9. Осы баптың ережелері осы Заңның 129-бабының 6-тармағында көрсетілген мұнай операцияларын жүргізу жөніндегі келісімшарттарға қолданылмайды.»;
5-тармақтың 52) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді
52) 71-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Пайдалы қазбалардың ірі және бірегей қорлары бар кен орнында он жылдан асатын мерзімге ұзарту бөлігінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізілген жағдайда, келісімшарт ережелері жер қойнауын пайдаланушының мынадай:
1) өңдеу өндірістерін дербес, жаңа заңды тұлға құру арқылы немесе басқа да тұлғалармен бірлесіп құру;
2) жұмыс істеп тұрған өндіру өндірістерін жаңғырту не реконструкциялау;
3) жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу өндірістерін жаңғырту не реконструкциялау;
4) өндірілетін пайдалы қазбаны Қазақстан Республикасының аумағындағы қайта өңдеу кәсіпорындарына (өндірістеріне) шарттық талаптарда өңдеуге беру;
5) өзге инвестициялық жобаны немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаны дербес, жаңа заңды тұлға құру арқылы немесе басқа тұлғалармен бірлесіп іске асыру жөніндегі міндеттемелерінің бірімен толықтырылуға тиіс.
Егер осындай кен орнына қатысты жер қойнауын пайдалану құқығы басқа тұлғаға берілсе, онда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа осы тармақта көрсетілген міндеттемелердің бірі енгізіледі.»;
53) 72-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта белгiленген мiндеттемелердi екi реттен көп бұзуды құзыреттi органның хабарламасында көрсетiлген мерзiмде жоймаған кезде;»;
2) тармақшадағы «берген кезде келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.» деген сөздер «берген кезде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) осы Заңның 76-бабы 1-тармағының 13-1) тармақшасында көзделген мәліметтерді беруден бас тартқан не анық емес мәліметтер берген кезде;
4) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген қаржылық міндеттемелер қатарынан екі жыл бойы отыз пайыздан кем орындалған кезде келісімшарттың қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Құзыретті орган барлауға арналған үлгілік келісімшарттың қолданылуын мынадай:
1) жыл сайын өсіп отыратын төлемдер түрінде ұсынылған, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған сомалардың уақтылы төленбеуі;
2) үлгілік келісімшарт қолданылатын бүкіл кезеңде бір блок шегінде орындалуы қажет, жылдар бойынша шығындар мен жұмыс түрлерінің ең төмен мөлшері туралы талаптарды бұзу;
3) берілген жер қойнауы учаскесін үлгілік келісімшартта көзделмеген мақсаттарға пайдалану жағдайларында біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.»;
6-тармақтың бірінші бөлігіндегі «не жобалау құжаттарында» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
«7-1. Егер осы Заңның 71-бабы 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген міндеттеменің толық немесе ішінара орындалмауы жер қойнауын пайдаланушыға байланысты емес мән-жайлардан туындаса және ол өндірілетін пайдалы қазбаны қайта өңдеуге беру бойынша өзіне байланысты барлық шараларды қолданса, онда мұндай орындалмау осы міндеттемені бұзу және келісімшарттың қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болып табылмайды.»;
«11. Үлгілік келісімшарт, егер тараптар оны ұзарту туралы келісімге қол жеткізбесе, оның қолданылу мерзімі өткеннен кейін тоқтатылады.
Үлгілік келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатуға тараптардың келісімімен жол беріледі.»;
54) мынадай мазмұндағы 72-1-баппен толықтырылсын:
«72-1-бап. Келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару
1. Келісімшарттық аумақта үздіксіз технологиялық процесті ұстап тұру және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бұрынғы жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарт тоқтатылған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде құзыретті орган ұлттық компаниямен келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартын жасасады.
2. Құзыретті орган бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыны келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартын жасасқаны туралы мұндай шарт жасалған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
3. Келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес әзірленеді және жасалады.
Келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шарты сенімгерлік басқарушыға:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге келісімшарт жасамай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны жүзеге асыру;
2) келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жер пайдалану құқығында жер учаскесін алу құқығын береді.
4. Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартын жасасқаны туралы хабарламасын алған күннен бастап бір ай ішінде технологиялық процестің үздіксіз болуын және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылыстарды, жабдықтарды және өзге де мүлікті жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлік берілгенге дейінгі мерзімге сенімгерлік басқарушының уақытша иеленуі мен пайдалануына беруге тиіс.
Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол сенімгерлік басқарушыға мүлікті беруден жалтарған жағдайда, құзыретті орган мұндай мүлікке қатысты оның сенім білдірілген өкілі ретінде әрекет етеді және берілетін мүліктің жай-күйі туралы нұсқауды көздейтін тізбе қамтылған акт бойынша оны сенімгерлік басқарушыға береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікті пайдаланумен байланысты шығыстар осы баптың 5-тармағына сәйкес өтеледі.
54) тармақшаның он екінші - он бесінші абзацтары 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. Сенімгерлік басқарушының келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқаруы кезінде жүргізген және белгіленген тәртіппен расталған шығыстарды жүргізілген шығыстардың қажеттігін растайтын құжаттарды ұсынған кезде оны пайдаланудан түскен кірістер есебінен өтеттіруге құқығы бар.
Шығыстар осылайша өтелген жағдайда, жаңа жер қойнауын пайдаланушы осы бапқа сәйкес бұрын өтелген, сенімгерлік басқарушы шығындарының орнын толтырмайды.
Кіріс болмаған не ол жеткіліксіз болған жағдайда, шығыстарды өтеу құрылтайшының (пайда табушының) есебінен жүзеге асырылады.
Сенімгерлік басқарушының шығыстарын өтеуге және сенімгерлік басқару шартын орындаумен байланысты салықтарды төлеуге жіберілген сомаларды қоспағанда, сенімгерлік басқарудан түскен кірістер сенімгерлік басқару шартының қолданылуын тоқтату нәтижелері бойынша құрылтайшыға (пайда табушыға) жіберіледі.
6. Келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шарты шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу осы Заңның нормалары қолданылмай жүзеге асырылады.
7. Сенімгерлік басқарушы келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартымен өзіне берілген өкілеттіктерді асыра пайдалана отырып немесе белгіленген шектеулерді бұза отырып жасаған мәмілелерден туындайтын міндеттемелер бойынша өз мүлкімен жауап береді.
8. Жер учаскесі сенімгерлік басқарушыға келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзіміне, бірақ ол жасалған күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге қайта ресімделеді.»;
55) 76-баптың 1-тармағында:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыруды келісімшартқа сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармақшада көрсетілген міндетті орындау жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыру бойынша, оның ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ұсынған және құзыретті органмен келісілген тізбе бойынша тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жер қойнауын пайдалану саласымен тікелей байланысты мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажет тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алуға нақты жұмсаған шығыстары, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлға жанындағы өзінің оқу (оқыту) орталықтарында кадрларды кәсіптік даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыру жөніндегі шығыстар болып табылады;»;
12-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды өткен жылдың қорытындылары бойынша келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жүзеге асыруға міндетті.
Ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің көлемі асыра орындалған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы асыра орындалған міндеттемелердің көлемдерін келесі есепті кезеңдерге түзетуді (есепке жатқызуды) жүзеге асырады.
Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың қазақстандық өндірушілері болмаған жағдайда, шетелдік өндірушілер көрсететін осы жұмыстарды қаржыландыру құзыретті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберіндегі қызметпен байланысты емес, қосылған құны жоғары өнімді (қайта жасалуы жоғары) алуға бағытталған жұмыстарға, экология, еңбекті қорғау, жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету, өндірістік қызмет шеңберінде (технологиялық цикл) энергия үнемдеуге жұмсаған нақты шығыстары және (немесе) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстары оның ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындауы болып табылады.
Осы тармақшаның ережелері келісімшарттардың мынадай:
кеңінен таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған;
жерасты суларын барлауға және (немесе) өндіруге арналған;
емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған;
барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған түрлеріне қолданылмайды;»;
17), 18), 19), 20) және 21-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«17) жыл сайын сатып алуды жүргізу жоспарланып отырған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей құзыретті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алдағы жылға сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсынуға;
18) жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей құзыретті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алдағы кезеңдерге сатып алудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларын ұсынуға;
19) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ұсынуға;
20) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған жұмыскерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтарын құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша оқытуға жіберілетін шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептер ұсынуға;»;
«21-1) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей құзыретті органға ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ол бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен ұсынуға;»;
22) тармақша алып тасталсын;
24) тармақшадағы «сақтауға» деген сөз «бүлдірмеуге» деген сөзбен ауыстырылсын;
32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«32) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде бес жұмыс күні ішінде құзыретті органға осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат беруге;»;
34) тармақшадағы «жазуға міндетті.» деген сөздер «жазуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 35) тармақшамен толықтырылсын:
«35) Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою үшін тарату қорын қалыптастыруға, сондай-ақ оған тиісті аударымдар жүргізуге міндетті.»;
56) 77-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы «пайдаланушының құзыретті орган бекіткен тәртіппен,», «жүйелері пайдаланылып» деген сөздер тиісінше «пайдаланушы», «жүйелерін пайдаланып» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен сатып алу кезінде сатып алуды жүргізу туралы хабарландыру, конкурстық өтінімдерді ашу, конкурсқа қатысуға жіберу, қорытындыларды шығару хаттамалары жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімінде міндетті түрде орналастырылуға тиіс.
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен сатып алу кезінде сатып алуды жүргізу туралы және олардың қорытындылары туралы хабарландырулар мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде міндетті түрде жариялануға тиіс.»;
6-тармақтағы «құзыретті орган белгілеген» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтарды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға;»;
57) 80-баптың 2-тармағындағы «ақысыз» деген сөз «өтеусіз» деген сөзбен ауыстырылсын;
58) 84-баптың 1-тармағындағы «іске асырудың» деген сөз «пайдаланудың» деген сөзбен ауыстырылсын;
59) 85-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «және өнеркәсiптік қауiпсiздiк жөнiндегi уәкiлеттi органдармен» деген сөздер «жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды жағу жабдықтарды пайдалану кезінде газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағудың көлемінен аспайтын, реттелетін көлемде жүзеге асырылады.»;
60) 86-баптың 5-тармағындағы «арттыру мақсатымен қатқа айдау, сондай-ақ сақтау мақсатымен қатқа кері айдау» деген сөздер «сақтау, арттыру мақсатында қатқа айдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
61) 89-баптың 2-тармағындағы «құқықтық құзыретінде», «жаңғыртуға», «үзген» деген сөздер тиісінше «юрисдикциясында», «қайта бастауға», «тоқтата тұрған» деген сөздермен ауыстырылсын;
62) мынадай мазмұндағы 91-1-баппен толықтырылсын:
«91-1-бап. Мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесі
1. Мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесі мұнайды өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеу, оның ысырабы, оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету көлемдері туралы ақпаратты автоматты түрде жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға арналған.
2. Мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің операторы мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібіне сәйкес мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесіне енгізу үшін ақпарат жинауды, ақпаратты өңдеуді, сақтауды, пайдалануды, оның ішінде беру мен таратуды жүзеге асырады.
5-тармақтың 62) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3. Мұнайды өндіру және оның айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер тізбесін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін өздерінің өндірістік объектілерін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыруға және есепке алудың бақылау аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.
4. Мұнайды өндіру және оның айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілердің тізбесін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітетін өндірістік объектілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырмай, мұнайды өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеу, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету жөніндегі операцияларды жүргізуіне тыйым салынады.»;
63) 93-бапта:
4-тармақтағы «және жеке немесе» деген сөздер «, жеке және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бірінші сөйлемі «жағдайда» деген сөзден кейін «жағалаудан» деген сөзбен толықтырылсын;
64) 95-бапта:
2-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «табылатын қысымды шығаруға арналған» деген сөздер «табылғанда,» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Құзыретті органның рұқсаты болмаса, қат ішіндегі қысымды ұстап тұру үшін ілеспе және табиғи газды айдауға тыйым салынады. Қат ішіндегі қысымды ұстаудың өзге де әдістері тиімсіз болған және мұндай айдау қоршаған орта мен адам өмірі үшін қауіпсіздіктің жеткілікті деңгейінде болған жағдайда, құзыретті орган мұндай рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мұндай айдауды сипаттайтын жоба бойынша берген мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болған кезде беруге құқылы.»;
65) мынадай мазмұндағы 95-1-баппен толықтырылсын:
«95-1-бап. Мұнайдың теңізге төгілуі