09.12.98 ж. № 307-I ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді
36-бап. Ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз ету
Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерінің және олардың отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ оларды медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен ; 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 37-бап өзгертілді
37-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау мәселелерi жөніндегі заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Қылмыстық-атқару жүйесінің туберкулезге қарсы мекемелерінде қызмет атқаратын әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында медицина қызметкерлерінің осы санаты үшін белгіленген жеңілдіктер қолданылады.
8 бөлiм. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн
қаржымен және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 22.12.98 ж. № 327-I; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 38-бап өзгертілді
38-бап. Iшкi әскердi қаржыландыру
Iшкi әскердi қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. № 307-I; 05.04.99 ж. № 360-I; 24.12.01 ж. № 274-II; 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2004.29.12 № 26-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен ; 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 39-бап өзгертілді
39-бап. Iшкi әскерлердi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Iшкi әскерлердi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудiң тәртібі мен нормасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Iшкi әскерлер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін белгiленген тәртiппен және нормалар бойынша қару-жарақпен, авиация, автомобиль бронетанк және басқа әскери техникамен және материалдық құралдармен қамтамасыз етiледi.
Режимдiк объектiлердi, коммуникациялардағы объектiлердi, сондай-ақ түзеу мекемелерi объектiлерiн, әскери қалашықтарды, жеке құрамды, қару-жарақ, техника мен әскери-техникалық мүлiк, сондай-ақ басқару органдары орналастырылатын үйлер мен ғимараттарды күзетiп, қорғау жөніндегі мiндеттерiн орындайтын әскери бөлiмдерге (бөлiмшелерге) iшкi әскерлер күзететiн объектiлердi - министрлiктер, ведомстволар (мекемелер), ал iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн олар орналасқан аумақтағы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары бөледi немесе салады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, iшкi әскерлердiң бөлiмдерiне (бөлiмшелерiне) әскери қалашықтар, үйлер мен атыс орындарына жабдықталған ғимараттар, оқу орталықтары, қосалқы шаруашылықтар және басқа да объектiлер үшiн жер учаскелерiн бөлiп, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер пайдалану құқығын бекiтедi.
Әскери бөлiмдердiң (бөлiмшелердiң) орналасуы үшiн пайдаланылатын әскери қалашықтарды, үйлер мен ғимараттарды жөндеу және оларға коммуналдық қызмет көрсету бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Құрылыс, күрделi жөндеу, инженерлiк-техникалық құралдарды қайта құру және олардың пайдаланылуын материалдық қамтамасыз ету объектiлерiн iшкi әскерлер күзететiн министрлiктердiң (ведомстволардың), кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың есебiнен жүзеге асырылады.
Облыстардың аумақтарында уақытша тұрған iшкi әскерлер төтенше жағдай режимi енгiзiлген кезде бұқаралық қоғамдық-саяси шараларды жүргізу кезінде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етудегi мiндеттерiн орындау үшiн орналасатын тұрғын жайлармен, коммуналдық қызметпен, байланыс желiлерiмен және арналарымен, автокөлiкпен және жанар-жағар май материалдарымен, қосымша тамақпен бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi.
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 39-1-баппен толықтырылды
39-1-бап. Ішкі әскерлерді мұнай өнімдерімен жабдықтау ерекшеліктері
Ішкі әскерлер мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 22.12.98 ж. № 327-I ҚР Заңдарымен 40-бап өзгертілді
40-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының