Қазақстан Республикасының
Заңы
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы
(2013.21.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 17 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының жұмыс істеуінің ерекше құқықтық режимін айқындайтын құқықтық негіздерді белгілейді.
2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы және оның мәртебесі
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы (бұдан әрі - қаржы орталығы) қаржы орталығының қатысушылары мен мүдделі тұлғалардың өзара қатынасын реттейтін, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын дамытуға бағытталған ерекше құқықтық режимді білдіреді.
Құрылтай және басқа да құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру, бизнес-сәйкестендіру нөмірі беріле отырып, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беру және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтер беру рәсімі қаржы орталығына қатысушыларды мемлекеттік тіркеу деп түсініледі.
2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы орталығы туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қаржы орталығы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
3-бап. Қаржы орталығын құру мақсаттары және оның жұмыс істеу принциптері
Қаржы орталығын құрудың мақсаттары бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның капиталдың халықаралық нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету, бағалы қағаздар нарығы арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту және қаржы орталығының арнайы сауда алаңына шетелдік эмитенттердің қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржы орталығы:
2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен 1 тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) барлық қатысушылардың теңдігі;
2) капиталдың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес қозғалуы принциптерімен жұмыс істейді.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4-бап. Қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - уәкілетті орган) қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
5-бап. Уәкілетті органның міндеттері мен функциялары
1. Уәкілетті органның негізгі міндеттері:
1) осы Заңда айқындалған мемлекеттік өкілеттіктерді жүзеге асыру;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) қаржы орталығын одан әрі дамыту;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) халықтың инвестициялық мәдениет және қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру болып табылады.
2. Уәкілетті органның функциялары:
1) заңды тұлғаларды - қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу);
2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен визалар беру туралы өтініш жасау;
3) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) қаржы орталығының қатысушыларына олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5) қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау;
6) қаржы орталығының атынан мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда өкілдік ету;
7) қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
8) қаржы орталығында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу және шетелдік жұмыс күшін тарту туралы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіретін орталық атқарушы орган белгілеген нысан бойынша Алматы қаласының жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын ақпарат ұсыну;
9) 2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен тармақ 10) тармақшамен толықтырылды
10) қаржы орталығын дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен тармақ 11) тармақшамен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11) бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жақсартуға жәрдемдесу;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер болып табылады.
2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен ; 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 6-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Өз міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында уәкілетті органның мынадай:
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы беру;
2) қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын бекіту;
3) бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізу болжанған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу;
4) рейтингтік бағаларын уәкілетті орган танитын рейтингтік агенттіктерге қойылатын талаптарды белгілеу және олардың тізбесін бекіту;
5) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына қойылатын талаптарды белгілеу;
6) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілік аудитіне шығындарды өтеу тәртібін белгілеу;
7) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілік аудитіне арналған шығындарды өтеу;
8) қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық қызмет саласындағы реттеу және аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметін бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
9) уәкілетті орган танитын қор биржаларына қойылатын талаптарды белгілеу және олардың тізбесін бекіту;
10) қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауы нысанасына тексеру жүргізу;
11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктері болады.
2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен 7- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7-бап. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8-бап. Қаржы орталығын дамыту жөніндегі кеңес
1. Қаржы орталығын дамыту жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады және уәкілетті органның жанынан құрылады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері қаржы орталығының қызметіне қатысты мәселелерде жәрдемдесу және қаржы орталығын дамыту бағыттарын айқындау болып табылады.
3. Кеңестің функциялары:
1) қаржы орталығын және бағалы қағаздар нарығын дамыту үшін қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау жөнінде ұсынымдарды тұжырымдау;
2) қаржы орталығын дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеу;
3) қаржы орталығының қызметін ұйымдастыру және жұмыс істеу мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау.
4. Кеңес туралы ереже және оның құрамы уәкілетті органның құқықтық актісімен бекітіледі.
2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап жаңа редакцияда
9-бап. Мамандандырылған қаржылық сот
Мамандандырылған қаржылық сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы орталығына қатысушылардың дауларын шешеді және қаржы ұйымдарын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді қарайды.
10-бап. Уәкілетті органның мемлекеттік органдармен өзара қатынасы
1. Қаржы орталығының қатысушыларына қатысты функциялары осы Заңмен уәкілетті органға берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бірлескен бұйрықтар негізінде уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган өз функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан қажетті ақпарат сұратуға құқылы.
3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қаржы орталығының қызметі туралы ақпарат береді.
4. Мемлекеттік органдардың уәкілетті органмен қатынастардағы өзге де өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 11-бап жаңа редакцияда
11-бап. Қаржы орталығының қатысушылары
1. Қаржы орталығының қатысушылары:
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) уәкiлеттi орган берген, қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға;
2) уәкілетті орган берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясына ие болған бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылады.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Банктер қаржы орталығының қатысушылары болып табылмайды.
3. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқарудың шарттары мен тәртібін ескере отырып, қаржы орталығының қатысушылары қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
4. Қаржы орталығының қатысушылары:
1) қаржы орталығының арнайы сауда алаңында;
2) қор биржаларында, оның ішінде шетелдік қор биржаларында;
3) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға құқылы.
5. Қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаның атқарушы органының Алматы қаласының аумағында орналасуы оны уәкілетті органның мемлекеттік тіркеуінің міндетті шарты болып табылады.
2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
12-бап. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңы
1. Алматы қаласының аумағында жұмыс істейтін және уәкілетті орган айқындайтын, онда қаржы орталығының қатысушылары қаржы құралдарымен сауда-саттықты жүзеге асыратын қор биржасының сауда алаңы қаржы орталығының арнайы сауда алаңы болып табылады.
Осы Заңның 11-бабының 2-тармағында аталған, уәкілетті орган берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясына ие болған тұлғалар қаржы орталығының арнайы сауда алаңында қаржы құралдарымен сауда-саттықты жүзеге асыра алады.
2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қатысты қабылданатын қағидалары уәкілетті органмен келісуге жатады.
13-бап. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың визалық режимі
1. Қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Алматы қаласының халықаралық әуежайына келген кезде кіру визасын алады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға визалардың қолданылу мерзімін ұзарту, сондай-ақ визалардың санатын өзгерту уәкілетті органның өтініш жасауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен шықпай жүзеге асырылуы мүмкін.
14-бап. Қаржы орталығының қатысушыларын салықтық бақылау
Қаржы орталығының қатысушыларын салықтық бақылау Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
15-бап. Құжаттама мен мәмілелерді жүргізу тілдері
Қаржы орталығының қатысушылары құжаттама жүргізуді және мәмілелер жасауды мемлекеттік тілде және (немесе) орыс және (немесе) ағылшын тілдерінде жүзеге асыруға құқылы.
Қаржы орталығының қатысушылары құжаттаманы мемлекеттік органдарға беруі қажет болған кезде ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне аударуды уәкілетті орган жүзеге асырады.
16-бап. Қаржы орталығы қатысушыларының ақшалай міндеттемелері
Қаржы орталығы қатысушыларының ақшалай міндеттемелері теңгемен және шетелдік валютамен көрсетілуі мүмкін.
17-бап. Қаржы орталығы туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қаржы орталығы туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
18-бап. Қолданысқа енгізу
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы маусымның 5-і.
№ 145-III ҚРЗ