15-2) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тiркеу қағидаларын бекіту;
15-3) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу қағидаларын бекіту;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 15-4) тармақшамен толықтырылды
15-4) тракторларды және олардың базасында дайындалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын бекiту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 15-5) тармақшамен толықтырылды
15-5) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидаларын бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 15-6) тармақшамен толықтырылды
15-6) топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу қағидаларын бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 15-7) тармақшамен толықтырылды
15-7) ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 15-8) тармақшамен толықтырылды
15-8) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 15-9) тармақшамен толықтырылды
15-9) ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін бекіту;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
16) өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді атқару кіреді.
6-бап. Уәкiлетті органдардың агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) мемлекеттің агроөнеркәсiптiк кешен мәселелерi жөніндегі саясатын iске асыру;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ауыл шаруашылығы өнiмiнің нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы жерлерiн оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылатын схемасын әзiрлеу және бекіту;
4) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзiрлеу, өз құзыретi шегiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы халықаралық жобаларды iске асыру;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринария, өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi жөніндегi мемлекеттік iс-шараларды ұйымдастыру;
5-1) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру;
7) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) мыналардың:
агроөнеркәсiптiк кешендi дамытудың;
азық-түлік тауарларының бағалары мен нарықтарының;
азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингін жүргізу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысандарын және есептілікті ұсыну тәртібін бекіту;
9) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) агроөнеркәсіптiк кешен субъектiлеріне өтеусiз негізде берілуге жататын ақпарат пен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн әзiрлеу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды
10-2) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімінің тізбесін әзірлеу;
2007.26.07. № 313-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертіліді (бұр.ред.қара)
11) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, баға, техника, кеден, салық, кредит, сақтандыру қызметi мәселелерi бойынша, сондай-ақ агроөнеркәсіптiк кешен саласындағы техникалық реттеу және мемлекеттік саясат саласында ұсыныстар енгізу;
12) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн техникалық жарақтандыру және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу;
14) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды
14-2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын әзірлеу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 14-3) тармақшамен толықтырылды
14-3) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлеу;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тiркеу қағидаларын әзірлеу;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 15-1), 15-2) және 15-3) тармақшалармен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
15-1) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлеу;
15-2) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу қағидаларын әзірлеу;
15-3) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жүргiзу құқығына емтихан қабылдау және куәлiк беру қағидаларын әзірлеу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 15-4) тармақшамен толықтырылды
15-4) топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу қағидаларын әзірлеу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 15-5) тармақшамен толықтырылды
15-5) ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын әзірлеу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 15-6) тармақшамен толықтырылды
15-6) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлеу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 15-7) тармақшамен толықтырылды
15-7) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 15-8) тармақшамен толықтырылды
15-8) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру мен жүргізу қағидаларын бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 15-9) тармақшамен толықтырылды
15-9) ауылшаруашылық өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормаларын әзірлеу;
16) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17) агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
18) агроөнеркәсiптiк кешендi ғылыми қамтамасыз елу мен кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясаты iске асыру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды
18-1) ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін әзірлеу;
19) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіру және оларға әдiстемелiк басшылық жасау;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 22)-25)-тармақшалармен толықтырылды
22) нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы және мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығаруға қатысушы ұйымдардың тізбесі, шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемі мен бағалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
23) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастыру кіреді;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) салалық көтермелеу жүйесін бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды
24-1) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидаларын әзірлеу;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 24-2) тармақшамен толықтырылды
24-2) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің республикалық көрмелерін, жәрмеңкелерін ұйымдастыру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25) субсидияларды алушы міндеттемесінің нысанын бекіту;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды
25-1) мамандандырылған мемлекеттiк мекемелердiң суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнің мониторингi мен оны бағалауды жүргiзуiн ұйымдастыру;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 25-2) тармақшамен толықтырылды
25-2) 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
26) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін әзірлеу;
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
26-1) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу;
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 26-2) тармақшамен толықтырылды
26-2) ауылдық жерлерде микрокредит беру жүйесін дамыту мониторингін жүзеге асыру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 26-3) тармақшамен толықтырылды
26-3) мыналарды:
өсімдіктердің жоғары бағалы сұрыптары мен ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың жоғары бағалы тұқымдарының гендік қорын сақтау мен дамытуды;
тұқым шаруашылығын дамыту бойынша;
мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша;
акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;
басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын;
тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда);
өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын;
ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерге суды беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын;
жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын;
ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын;
отандық ауылшаруашылық өнiмiн қайта өңдеу үлесiн ұлғайтуды;
кредиттер және технологиялық жабдықтың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін;
шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын;
ауылшаруашылық өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды;
ауылшаруашылық техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу;
27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2. Ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкiлетті органның құзыретiне:
1) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) орталық және жергілiктi атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру;
4) 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) жергiлiктi атқарушы органдардың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кiредi.
7-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) және жергiлiктi атқарушы органдардың (әкiмдiктердiң) агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілiктi өкiлдi органдарының (мәслихаттарының) құзыретiне:
1) агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын бекіту;
2) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi, онда агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласындағы iс-шараларды қаржыландырудың қажеттi көлемдерiн көздей отырып бекіту;
3) жергiлікті атқарушы органдар басшыларының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөніндегі есептерiн тыңдау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Облыстардың, республикалық маңызды бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкiмдiктерiнiң) құзыретiне:
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
3) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру, агроөнеркәсiптік кешен кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың бiліктілігін арттыру;
6) шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;
7) агроөнеркәсiптiк кешен өнiмiнің саудасы бойынша көтерме базарлар ұйымдастыру;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізу;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) азық-түлік тауарларын сатып алу бағдарламаларына қатысушыларды анықтау жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
10-1) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз ету;
12) жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебінен өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;
2007 жылғы 27 наурыздағы № 242-III ҚР Заңымен 12-1-тармақшамен толықтырылды
12-1) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өткізілген бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды
12-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12-3) тармақшамен толықтырылды
12-3) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсыну;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12-4) тармақшамен толықтырылды
12-4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12-5) тармақшамен толықтырылды
12-5) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12-6) тармақшамен толықтырылды
12-6) кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту;
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 12-7) тармақшамен толықтырылды
12-7) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
13) мыналар:
агроөнеркәсіптiк кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердің кредиттерiн тарту;
бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау;
тоған, тауарлы көл, балық өсiретiн су шаруашылықтарын және балықты қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту;
мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасау бойынша iс-шаралар әзiрлеу;
2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытудың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісілген жергілікті бюджеттік басым инвестициялық жобаларының және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың тізбесін жасау;
15) агроөнеркәсiптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiнiң жұмыс iстеуi мен дамуы үшін жағдай жасау;
16) ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) агроөнеркәсіптік кешеннің және ауылдық аумақтардың жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттік органдарға беру;
2012.10.07. № 33-V ҚР Заңымен 17-1), 17-2), 17-3) және 17-4) тармақшалармен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
17-1) әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;
17-2) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде сатып алу және тауар интервенцияларын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорының жаңартылуын жүргізу туралы шешім қабылдау;
17-3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алуды жүзеге асыру;
17-4) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияны құру;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
18) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi өкiлдi органдарының (мәслихаттарының) құзыретiне:
1) агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын бекіту;
2) тиiстi қаржы жылына арналған жергілiктi бюджетті, онда агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласындағы ic-шараларды қаржыландырудың қажеттi көлемдерiн көздей отырып бекіту;
2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жергiлiктi атқарушы органдар (әкiмдіктер) басшыларының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі есептерiн тыңдау;
2008.24.12. № 111-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын, сондай-ақ осы санаттардағы қызметкерлерге әлеуметтік көмектің өзге де шараларын айқындау;