31-баптың 1-тармағында:
1-4) тармақша алып тасталсын;
1-8) тармақшадағы «әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеп, мақұлдайды және» деген сөздер алып тасталып, «бағдарламасын» деген сөзден кейін «әзірлейді және» деген сөздермен толықтырылсын.
10. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
5-2-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:»;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Концессия шарты негізінде салынған (реконструкцияланған) және пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген автокөлік құралдары босатылмайды.».
11. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 5-2-баппен толықтырылсын:
«5-2-бап. Ұлттық теміржол компаниясы мен магистральдық теміржол желісін басқару ерекшеліктері
1. Ұлттық инфрақұрылым операторына берілген магистральдық теміржол желісін, сондай-ақ Ұлттық инфрақұрылым операторының акцияларын жеке және (немесе) заңды тұлғаларға иеліктен шығаруға, оған үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға тыйым салынады.
2. Ұлттық басқарушы холдингке нәтижесінде Ұлттық теміржол компаниясының тоқсан пайыздан кем плюс бір дауыс беретін акциясы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болатын осы Ұлттық теміржол компаниясының акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады.»;
2) 43-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кедендік декларация электрондық құжат түрінде ресімделген жағдайда, кеден органы тасымалдаушыға кеден органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, тауарларды шығару туралы электрондық хабарламаны жібереді.».
12. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
«3-1-бап. Ұлттық электр желісін мемлекеттік реттеу ерекшеліктері
1. Ұлттық компанияға ұлттық электр желісін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға иеліктен шығаруға, сондай-ақ оған үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға тыйым салынады.
2. Ұлттық басқарушы холдингке нәтижесінде ұлттық компанияның тоқсан пайыздан кем плюс бір дауыс беретін акциясы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болатын осы ұлттық компанияның акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады.».
13. «Халықаралық төрелік туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 24, 152-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; 2013 ж., № 15, 76-құжат):
6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер тараптардың ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын, жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасындағы даулар, сондай-ақ «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда концессия шартын орындаумен және тоқтатумен байланысты даулар тараптардың келісімі бойынша төрелікке берілуі мүмкін.».
14. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 жылғы 13 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
4), 8) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) концедент - Қазақстан Республикасы, оның атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ олар концессия шартын және осы заңда көзделген жағдайларда концессионердің кредиторларымен тікелей келісімді жасасуға уәкілеттік берген мемлекеттік органдар әрекет етеді;»;
«8) концессиялық жоба - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және осы Заңға сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы. Концессиялық жобалар тізбесі мен критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызылуы мүмкін;»;
«24) тiзбе - орта мерзiмдi кезеңге концессияға ұсынылатын объектiлердiң: объектілер республикалық меншікке жататын болса - мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе объектілер коммуналдық меншікке жататын болса - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары бекiтетiн тiзбесi;»;
мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
«25) тікелей келісім - осы Заңның 26-2-бабының ережелеріне сәйкес ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру үшін концедент, концессионер және концессионердің кредиторлары арасында жасалатын жазбаша келісім.»;
2) 9-бапта:
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мыналарды:»;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) республикалық меншікке жататын, орта мерзімді кезеңге концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
3) осы Заңның 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттаманы және концессия шарттарын, оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде келiседi;»;
3) 10-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) республикалық меншікке жататын, орта мерзiмдi кезеңге концессияға ұсынылатын объектiлердiң тізбесін келіседі;»;
4) 13-бапта:
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша, сондай-ақ осы баптың 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларда сараптама жүргізу үшін заңды тұлғаларды айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-2) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар арқылы мыналар:
концессиялық ұсыныстар бойынша;
конкурстық құжаттама бойынша, оның iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде;
концессионердi таңдау жөнiндегi конкурсты өткiзу кезiнде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтiнiмдер бойынша;
концессия шарттары жобалары бойынша, оның iшiнде концессия шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде қорытындылар әзірлейді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, қажет болған жағдайда, осы тармақшада көзделген құжаттарға сараптама жүргізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларды тартуы мүмкін;
3-3) егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда, конкурстық құжаттаманы және концессия шарттарын, оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган арқылы коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша келiседi;»;
5) 15-1-баптың 5 және 5-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық ұсыныстарға сараптама жүргiзу үшiн концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымды тартады.
5-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 5-тармағында көрсетiлген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса - тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органына, сондай-ақ егер жоба жергiлiктi болса - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына жiбередi.»;
6) 15-2-баптың 5, 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Концессиялық жобаның әзiрленген немесе түзетiлген конкурстық құжаттамасына қажеттi сараптамалар жүргiзiлгеннен кейiн тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға сараптама жүргiзу үшiн жiбередi.
6. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық жобаның әзiрленген немесе түзетiлген конкурстық құжаттамасына сараптама жүргiзу үшiн концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымды тартады.
7. Концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйым және осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалар концессиялық жобаны iске асыру бойынша ұсынылатын шешiмдерге сараптаманың сапасы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
7) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тiзбенi республикалық меншікке жататын объектілер бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкілетті органдары концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларына сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде және Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, республикалық және (немесе) жергiлiктi бюджеттердiң инвестициялық мүмкiндiктерiне сәйкес жылжымалы негiзде жыл сайын үш жыл мерзiмге қалыптастырады.»;
8) 20-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазымен комиссияның шешімі негізінде концессия шартын жасасады.
Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру үшін конкурсты ұйымдастырушы - комиссияның шешімі негізінде, конкурс жеңімпазы конкурстық өтінімде құруды мәлімдеген, концессиялық жобаны іске асыру мақсатында конкурс жеңімпазы құрған заңды тұлғамен (концедентке концессия шартында айқындалған көлемде және шарттарда осындай заңды тұлғаның міндеттемелерін орындаудың банк кепілдіктерін ұсынған жағдайда) концессия шартын жасасады.»;
9) 21-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшаларман толықтырылсын:
«4-1) ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру шеңберінде концессионердің кредиторларымен тараптардың тікелей келісім жасасуының тәртібі мен талаптары;
4-2) ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру кезінде валюталық тәуекелдерді реттеу тетігі;»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Ерекше маңызы бар концессиялық жобалар бойынша концессия шартында мынадай жағдайларда:
1) концессия шартында айқындалған, концессия шартының елеулі талаптарын концессионер бұзған кезде;
2) концессия шартында айқындалған, концесия шартының елеулі талаптарын концедент бұзған кезде;
3) еңсерілмейтін күш жағдаяттарының басталуы салдарынан концессия шартын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзу талаптары көзделуі мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген оқиғалар туындаған кезде концессия шартын мерзімінен бұрын бұзу нәтижесінде туындаған шығыстарды және (немесе) шығындарды және (немесе) залалдарды концессионерге өтеу тәртібі, мерзімдері және талаптары концессия шартында айқындалады.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Концессионер кредиторларының талабы бойынша концессионер ауыстырылған жағдайда, концессия шарты бойынша концессионердің талаптарын басқаға беру және (немесе) борышын ауыстыру тікелей келісімде айқындалатын тәртіппен конкурс өткізбей жүзеге асырылады.»;
10) 23-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Концессия шарты, орындалу мерзімі қосымша келісім жасалған күні басталған, тараптардың мiндеттемелерi орындалған жағдайда, қосымша келісім жасасу арқылы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім шегінде тараптардың келiсiмiмен айқындалатын қосымша кезеңге ұзартылуы мүмкiн.».
11) 4-тарау мынадай мазмұндағы 26-2-баппен толықтырылсын:
«26-2-бап. Концессионер кредиторларымен жасалатын тікелей келісім
1. Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру үшін концедент, концессионер және концессионердің кредиторлары концессиялық жобаны іске асыру мерзімі барысында тараптардың өзара іс-қимыл жасасу шарттарын айқындайтын тікелей келісім жасауға құқылы.
2. Тікелей келісімде мынадай талаптар:
1) концессия шартын бұзуға әкеп соғуы мүмкін, концессия шарты бойынша міндеттемелерді елеулі бұзу жағдайлары туралы концессионердің кредиторларын концеденттің хабардар ету міндеттемесі;
2) концеденттің келісімімен концессионердің концессия шарты бойынша өз құқықтарын кепілге беруі және (немесе) талаптарын басқаға беруі немесе борышты аударуы;
3) концессионер концессия шарты бойынша өз міндеттемелерін концессия шартының талаптары бойынша оны бұзуға әкеп соғатындай етіп елеулі түрде бұзған жағдайда және (немесе) концессионер кредиторлармен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін осындай шарттардың талаптары бойынша концессионердің осындай шарттар бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауы туралы талап қоюға әкеп соғатындай етіп елеулі түрде бұзған жағдайда, концессионер кредиторларының концессионерді ауыстыруды талап ету, сондай-ақ жаңа концессионердің кандидатурасын ұсыну құқығы;
4) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайларда концессионерді ауыстыру тәртібі;
5) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайларда концессионер кредиторларының уақытша басқарушыны тағайындау, сондай-ақ уақытша басқарушыны тағайындау тәртібін, оның өкілеттігінің көлемі мен мерзімін айқындау құқығы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге жағдайлар көзделеді.»;
12) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулардың осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiлуі мүмкін болмаса, онда тараптар дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртiбiмен, сондай-ақ «Халықаралық төрелiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықаралық төрелiкке жүгiну арқылы шешуге құқылы. Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларға қатысты концессионердің акционерлерінің (қатысушылардың) ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, халықаралық төрелiк тараптардың келісімі бойынша айқындалады.».
15. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат):
1) 11-бап мынадай мазмұндағы 15-2) тармақшамен толықтырылсын:
«15-2) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда), ұлттық холдингтердің әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттерін және оларға мониторинг жүргізу тетігін айқындайды.
Ұлттық әл-ауқат қорының, сондай-ақ Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компаниялардың әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттері «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі;»;
2) 74-бапта:
6-тармақ алып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жалдаушы (жалға алушы) жалдауға берушiнiң (жалға берушiнiң) келiсiмiмен жүргiзген мемлекеттiк мүлiктi ажыратуға болмайтын жақсартудың құны Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тиiстi бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.»;
3) 134-баптың 2-тармағы 24) тармақшасындағы «орындау саласында жүзеге асырады.» деген сөздер «орындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
«25) метрополитенді пайдалану (күтіп-ұстау, дамыту), сондай-ақ метрополитенмен жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыру саласында жүзеге асырады.».
16. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 29-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
8-баптың 3-тармағының 27) тармақшасындағы «Қордың» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасының Үкіметі енгізетін ұсыныстар бойынша» деген сөздермен толықтырылсын.
17-тармақ 2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
17. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне автожол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 13, 63-құжат):
1-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жүріп өту үшін ақы алудан түскен ақша, концессия шарты негізінде алынатын ақшаны қоспағанда, Ұлттық оператордың жеке шотында есепке алынады және мынадай кезектілікпен:
1) ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерді) жөндеуге және күтіп-ұстауға, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауға;
2) автомобиль жолдарында (учаскелерде) ақылы қозғалысты ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыруға жіберіледі.».
18-тармақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңының 33-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде қолданысқа енгізілі
18. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат):
14-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеуді, куәландыруды және беруді жүзеге асырады;».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 6) тармақшасын;
2) 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 1), 9), 10) тармақшаларын, 17-тармағын;
3) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 1-баптың 4-тармағының 3) - 5), 7), 8) тармақшаларын, 8-тармағын;
4) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 3-тармағы 5) тармақшасының оныншы - он екінші абзацтарын, 6) тармақшасын, 8) тармақшасының екінші - оныншы, он үшінші, он төртінші абзацтарын, 9), 23) тармақшаларын және 9-тармағын;
5) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 31), 32) тармақшаларын, 34) тармақшасының жетінші, сегізінші абзацтарын және 35) тармақшасын;
6) «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде қолданысқа енгізілетін 1-баптың 18-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 48) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2015 жылғы 1 маусымға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы шілденің 2-і.
№ 225-V